Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Диас ЖШС отчет 2017.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
293.89 Кб
Скачать

МАЗМҰНЫ

Кіріспе.......................................................................................................................3

1. «Диас»ЖШС-нің қызметін сипаттау................................................................4

2. «Диас» ЖШС-те есепті және есеп саясатын ұйымдастыру

негіздері.............................................................................................................9

3. Персоналды басқару қызметі........................................................................17

4. «Диас» ЖШС- нің қаржы шаруашылық қызметін талдау...........................26

Қорытынды............................................................................................................32

Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................33

Қосымшалар

Кіріспе

Өндірістік тәжірибенің құрылымы тәжірибелік білім берудің мазмұнына байланысты және ең соңында маманның кәсіби іс-әрекетіне толығымен дайындығын қамтамасыз ету керек, яғни мамандық сипаттамаларына сәйкес негізгі кәсіби қызметтерін орындауға дайындықты қамтамасыз ету керек.

Өндірістік іс-тәжірибе барысында оқу процесінде алған білімді тереңдетіп, нығайтып бекіту және бухгалтерлік есепті, субъектің қаржы-шаруашылық қызметін талдауды және аудитті ұйымдастыру бойынша тәжірибе жинақтау.

Өндірістік іс- тәжірибе базасы жауапкершілігі шектеулі серіктестік «Диас»болды.

Өндірістік іс- тәжірибе барысында зерттелді:

  1. «Диас»ЖШС ЖШС ұйымдастыру, оның құрылымы және басқару бөлімшелерінің негізгі қызметімен танысу;

  2. «Диас»ЖШС ЖШС бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуын зерттеу: есеп саясатын, бухгалтерлік есептің нысандарын, есептің компьютерлендірілуін, бастапқы құжаттарды және құжат айналымын, аналитикалық есептің нысандарын;

  3. «Диас»ЖШС ЖШС қаржы-шаруашылық қызметі мен бухгалтерлік есепт құжаттарын ұйымдастыру сұрақтары қарастырылды;

  4. Дипломдық жұмысқа ғылыми зерттеулер және іс-тәжірибе жөнінде есеп беруге материалдар жинақтап жүйеге келтіру.

1. «Диас»жшс-нің қызметін сипаттау

«Диас»ЖШС-гі бұл жоғары деңгейлі кәсіпқой менеджерлер мен инженерлік-техникалық қызметкерлер командасы. UNEX STROY компаниясының кадрлар әлеуеті аса күрделі де асқақ техникалық және сәулетті жобаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сіздердің үміттеріңізді артығымен ақтап, жобаның толықтай жүзеге асырылатынына көздеріңізді жеткізу үшін, командамыз жұмстың, технологиялар мен материалдардың озық әдістерін қолданады.

Ұсынылатын қызметтердің сапалы болуы – біздің басты міндетіміз. Компания өз клиенттерінің қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандырып, үміттерін артығымен ақтауға күш салады.

Бұл үшін Компанияда сапа менеджментінің біріктірілген жүйесі әзірленіп, енгізілді. Ол Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына толық сәйкес түрде құрылған, әрі ISO 9001:2008; ISO 14001:2004; OHSAS 18001:2007 стандарттарының талаптарына сәйкес келеді.

  • Гидротехникалық ғимараттар құрылысы: жағадағы кеме аялдайтын құрылыстар,толқын тосқылар, су іркуіш құрылыстар, түбін тереңдету;

  • Мелиоративтік жұмыстар: аумақты құрғату, су деңгейін төмендету, су қоймаларында жаңа аумақтар салу, жасанды су қоймалары мен каналдар;

  • Магистралды мұнай-газ құбырларының құрылысы: дәнекерлеу, оқшаулау, құрастыру;

  • Жер қазу жұмыстары: батпақты және сорлы (тұзды) телімдерде, сондай-ақ қатты топырақта бұрғылау-жару жұмыстарын жүргізу;

  • Қада қағу жұмыстары және іргетастар: тығын және түтік қадаларды қағу, бұрғылау-толтыру қадаларын орнату, топырақтағы қабырға;

  • Тұтас және жиналмалы бетон құрылғыларды жасау;

  • Металл құрылғыларды құрастыру;

  • Бетон өндіру;

  • Автомобиль жолдарын салу;

Ұсынылатын қызметтердің сапалы болуы – біздің басты міндетіміз. UNEX STROY өз клиенттерінің қажеттіліктерін барынша толық қанағаттандырып, үміттерін артығымен ақтауға күш салады.

Бұл үшін 2012 жылдан бастап Компанияда сапа менеджментінің біріктірілген жүйесі әзірленіп, енгізілді.

Жүйе Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына толық сәйкес түрде құрылған, әрі ISO 9001:2008; ISO 14001:2004; OHSAS 18001:2007 стандарттарының талаптарына сәйкес келеді.

Өз қызметінде «Компания «UNEX STROY» ЖШС келесі қағидаларды басшылыққа алады:

  • жұмыстарды компания қызметкерлерінің, Тапсырысшының, бөгде тұлғалардың өмірі мен денсаулығына және қоршаған ортаға қауіпсіз тәртіпте және әдістермен жүргізу;

  • құрылыс-құрастыру жұмыстарының сапасына қойылатын бүкіл талаптарының сақталатындығына Тапсырысшының сенімін арттыру және аталған талаптарды сақтау;

  • ISO 9001:2008; ISO 14001:2004; OHSAS 18001:2007 стандарттарының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету және оны үнемі жетілдіру;

  • сапа менеджменті жүйесінің үдерістеріне тұрақты мониторинг жасау, мөлшерлеу, талдау, жақсарту; компания қызметкерлерін қызықтыру;

  • сапа саласындағы мақсаттар мен міндеттерімізді түсіндіру негізінде жеткізушілермен өзара тиімді ынтымақтасу;

  • компанияны басқарудың барлық деңгейлерінде сапа саласындағы өкілеттіктер мен жауапкершілікті нақты бөлу;

UNEX STROY басшылығы Сапа, экология, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы саласындағы саясатын мінсіз ұстану міндеттемесін өз мойнына алады:

  • ISO 9001, ISO 14001 и OHSAS 18001 халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келетін Менеджменттің біріктірілген жүйесінің тиімді қызмет етуіне, жетілдірілуіне және нәтижелілігін артыруға ұмтылу;

  • Тапсырысшының талаптары мен үміттерімен санаса отырып, құрылыс-құрастыру жұмыстарының тұрақты сапасын қамтамасыз ету, мойнына алған келісім міндеттемелерін орындау;

  • Қазақстан Республикасының құрылыс-құрастыру жұмыстары сапасымен, экологиялық мәселелермен, еңбек қауіпсіздігі саласындағы тәуекелдермен байланысты заңнамалық және нормативтік талаптарын, сондай-ақ компанияның мойнына алған басқа да талаптарды орындау;

  • сапа, экология, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы салаларындағы мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті ресурстармен қамтамасыз ету;

  • жұмыскерлердің өндірістің жағымсыз факторларынан қорғалуын қамтамасыз ету, еңбек пен демалыстың тиімді тәртіптерін енгізу, өндіріс басындағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайды жақсарту, өндірістік қызмет нәтижелерінен бұрын жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын жоғары қою қағидасын басшылыққа ала отырып, ұжымды және жеке адамды қорғаудың ұтымды әдістерін енгізу;

  • қолайсыз жағдайлар, жазатайым жағдай мен апаттық жағдайлардың алдын алу ісін қамтамасыз ету;

  • сапа, экология, қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы мәселелерді шешуде қызметкерлерді тартуға мүмкіндік беру;

  • жұмыскерлердің құзыреттілігін арттыру, компания жұмыскерлерін қауіпсіз еңбек етуге үйретудің үздіксіз жүйесін енгізу, еңбек қауіпсіздігі мен қоршаған ортаны қорғауға қатысты талаптарды орындауға тұрақты ұстанымға ие болу әдетін қалыптастыру;

  • техника мен жабдықтарды қолданған кезде, сондай-ақ технологиялық қызмет барысында қоршаған ортаға тигізетін зиянды азайту мақсатында табиғат ресурстарының қорғалуын қамтамасыз ету;

  • менеджменттің біріктірілген жүйесі үдерістерін үнемі мониторингтен өткізілуін, мөлшерлеуін және жақсартуын қамтамасыз ету;

  • қызметкерлердің сапа, экологиялық қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы өкілдіктері мен жауапкершіліктерінің нақты үлестірілуін қамтамасыз ету.

Сертификаттау саласы: жер қазу, жалпы құрылыс және құрастыру жұмыстары; жол, гидротехникалық құрылыстар, мұнай-газ құбырларын салу; теңіз қайраңындағы жұмыстар.

Серіктестік заңнамалық актілермен белгіленген тізімдегі жеке қызмет түрлерімен лицензия негізінде ғана айналыса алады.

«Диас»ЖШС - тің мүлкі Қатысушының Жарғы капиталына салған бастапқы жарна, қосымша жарна есебінен, өндірілген өнімнің негізгі және айналымдағы қаражаты, шаруашылық және кәсіпкерлік қызметтен түскен кірістерден, сонымен қатар заңнамалармен белгіленген тәртіпте Серіктестікпен алынған қарыз қаражаты және басқа мүлік есебінен құрылады.

«Диас» ЖШС-тің Жарғысына сәйкес жарғылық капиталдың 15 пайыз мөлшеріне жеткенше жылсайын таза табыстан кемінде 5 пайыз мөлшерінде шығаруларын жіберу арқылы резевртік капиталы құрылады. жарғылық капиталын толтыру оның жылдық балансы бойынша серіктестіктің операциялары бойынша анықталған зияндарын өтеуге арналады.

Кез келген әлеуметтік – экономикалық жүйе біршама дербес бірақ өзара байланыс екі бөліктен тұрады: басқарылатын және басқару.

Басқару – ұйымдасқан жүйеге нысаналы түрде ықпал жасау оның белгіленген құрылымын сақтау, қызметтің тәртібі мен мақсатын қолдау. Түрлері: заттарды басқару – технологиялық процестерді басқаруға саяды; адамдарды басқару - өндірісті (өндірістік ұжымдарды) басқаруға саянды. Органдар (ақпараттын болуы), кадрлар (басқарушылар, мамандар орындаушылар), басқару техникасы (ақпарат жинау, тарату, өңдеу құралдары) жүйесі басқарудың материалдық негізі болып табылады.

Кәсіпорынды басқару – басшының не басқару органдарының адамдарды бірлескен еңбек үшін келістіретін және біріктіретін нысаналы, реттеушілік ықпал жасауы. Ол басқару принциптерін және меншік иесінің өз мүлкін шаруашылыққа пайдалану құқықтарын ұштастыру негізінде кәсіпорынның жарғысына сәйкес жүзеге асырылады. Жалпы алғанда кәсіпорынды басқару басқарушылық шешімдердің принциптерін, функцияларын, әдістерін, теориясын, ұйымдық құрылымды, техникалық құралдар мен технологияны автоматтандырылған басқару жүйелерін қамтиды.

Басқару әдістері – басқару қызметінің тәсілдері, олардың көмегімен еңбек ұжымының, жекелеген орындаушылардың жұмысы басқару объектісінің алдында тұрған мақсаттарға жетуге бағытталады. Олар экономикалық заңдар талаптарын практикада іске асыру құралы болып табылады, оларды зерделеу және пайдалану әрбір басқарушылық шешімді практикалық негіздеу, басқарудың нақты мақсатына қолжеткізу үшін қажет. Олардың көмегімен басқару қызметкерлеріне, олар арқылы және солардың қатусуымен өндіріске немесе қызметтің басқа да саласына ықпал етеді. Жекелеген жұмыстарды немесе ережелерді орындау тәсілдерін, басқарушылық шешімдерді әзірлеу мен оңтайландыру әдістерін қамтитын басқару процесінің әдістерінен өзгеше түрде басқару әдістері басқару объектісіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығымен сипатталады. Басқару әдістері жүйесінде өзара байланысты және өзара тәуелді, жиынтығында басқару объектісінің алдында тұрған кешенді міндеттерді шешуге мүмкіндіқ береді әдістердің мынадай топтары қабылданған: экономикалық әдістер, әкімшілік (ұйымдастыру - өкім беру) әдістер және әлеуметтік – психологиялық әдістер. Бұлардың әрқайсысында басқару объектісіне ықпал жасаудың белгілі бір сипаты бар және олардың жиынтығы кешенді жүйені құрайды.

Жалғыз қатысушы «Диас»ЖШС-тің жоғарғы органы болып табылады, ал атқарушы органы – Директор саналады.

Субъектілердің шаруашылық қызметі негізгі экономикалық көрсеткіштермен сипатталады. Шаруашылық қызметті талдау шаруашылық етуші субъектілердің қаржылық жағдайын және оның қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жалпы баға береді.

Шаруашылық процесстерінің барысы объективті бағалау жекеленген факторлардың шаруашылық процесстеріне ықпалының сандық және сапалық сипаттамасын ішкі шаруашылық резервтері мүліктері және олардың шығатын негіздерін басқарылатын бөлімшедегі істің жайын жан-жақты түсіну үшін қажетті негізгі материалдарды тек жүйелі экономикалық талдау арқылы алуға болады.

Қазіргі таңда әрбір кәсіпорын міндетті түрде бекітілген қорытынды қаржылық есеп беру үлгілерін жасайды. Осы үлгілер негізінде талдау жасаймыз, ол үшін төмендегі кестені құрамыз.

Кесте 1- «Диас»ЖШС-ң 2015-2016 ж.ж. негізгі экономикалық көрсеткіштері

Көрсеткіштер

2015 жыл

2016 жыл

Ауытқуы ( +; - )

мың.

тенге

%%

1

Қызмет көрсетуден (жұмыс орындаудан) түскен табыс

31226,2

33260,9

+2034,7

106,5

2

Көрсетілген қызметтің (орындалған жұмыстың) өзіндік құны

24706,0

31720,8

+7014,8

128,4

3

Жалпы табыс

6520,2

1540,1

-4980,1

23,6

4

Басқада кірістер

120,0

-

-120,0

-

5

Өнімді (қызметті, жұмыстарды) өткізумен байланысты шығындар

3873,4

249,5

-3623,9

6,4

6

Әкімшілік шығындар

1041,7

928,1

-113,6

89,1

7

Операциялық қызметтен пайда (зиян)

1725,2

362,5

-1362,7

21,0

7

Корпорациялық табыс салығы бойынша шығындар

-

120,0

+120,0

-

8

Таза пайда

1725,2

242,5

-1482,7

14,1

Е с к е р т п е - Серіктестіктің қаржылық есептілігі негізінде құрылған [15]

2-кестеде көріп отырғандай, есеп беру жылы қызмет көрсетуден (жұмыс орындаудан) түскен табыс сомасы 33260,9 мың тенге, яғни былтырғы жылмен салыстырғанда ол +2034,7 мың теңгеге (33260,9-31226,2) өскен. Өз кезегінде көрсетілген (орындалған жұмыстың) өзіндік құныда есептік жылы өсіп отыр. Жалпы табыс 2012 жылы 6520,2 мың теңгені құраса, есеп беру жылы оның сомасы 1540,1 мың теңге болды, немесе оның -4980,1 мың теңгеге азайғаны көрініп отыр.

Серіктестікте мерзімдік шығындар сомасы орын алды. Бұл шығындарға кіретіндер:

- өнімді (қызметті, жұмыстарды) өткізумен байланысты шығындар (7110 шоты);

-әкімшілік шығындары (7210 шоты).

Өнімді (қызметті, жұмыстарды) өткізумен байланысты шығындар мыналардан тұрады:жарнамаға жұмсалған шығындар, маркетингтік зерттеулер, фирмалық дүкендерді ұстау бойынша шығындар т.с. басқалары. «Диас»ЖШС-те бұл шығындар сомасы 2012 жылы 3873,4 мың тенге, ал 2013 жылы бір шама төмендеп оның сомасы 249,5 мың тенге болып отыр.

Әкімшілік шығындар сомасы 2013 жылы 928,1 мың теңге немесе 2012 жылмен салыстырғанда -113,6 мың теңгеге кеміген.. Жалпы, «Диас» ЖШС-гі екі зерттеу жылында таза пайдамен аяқтаған. Егерде оның сомасы былтырғы жылы 1725,2 мың теңге болса, 2013 жылы -1482,7 мың теңгеге азайып 242,5 мың теңге болып отыр.

Бүгінгі нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның басқарушы тұлғалары өз қызметін дұрыс жоспарлау мен басқару үшін кәсіпорнының және нарықты зерттеу мақсатымен басқа да кәсіпорындардың қаржылық жағдайы туралы ақпаратқа ие болуы маңызды. Осындай негізделген басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін аса ақпараттандырылған нысан болып бухгалтерлік баланс табылады[16].