Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКС СДЭИБ 3БД 2015 каз.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.7 Mб
Скачать

Жұқпалы аурулар диагностикасының принциптері мен әдістері

Жұқпалы ауру диагнозын анықтау үшін аурудың даму анамнезі, эпидемиологиялық анамнез, мүшелер мен жүйелердің клиникалық зерттеуі, лабораторлық зерттеулер қолданылады. Клиникалық зерттеу барысында науқас жағдайы бағаланады. Тері жабындыларын қарап тексергенде терінің түсіне, ылғалдығына, дермографизмге, бөртпеге назар аударылады. Одан басқа, көрінетін шырышты қабаттардың да түсі өзгеріп, энантемалардың болуы маңызды. Лимфа түйіндердің, бауырдың, көк бауырдың үлғаюына назар аудару керек. Ішкі мүшелер белгілі ретпен тексеріледі.

Лабораторлық зерттеулерге әртүрлі материалдар алынады: қан, нәжіс, зәр, асқазанның жуынды сулары, анқаның жағындысы, жаралардың бөлінділері, жұлын сұйықтығы, қақырық т.б.

Арнайы әдістерге бактериологиялық, вирусологиялық, микроскопиялық, серологиялық, биологиялық әдістер және терілік-аллергиялық сынамалар жатады.

Е.Н. Павловскийдің табиғи-ошақтық аурулар жайлы ілімі. Е.Н. Павловский табиғи ошақтылықпен сипатталатын аурулардың ерекше тобын бөлген. Мұндай ошақтардың болуын организмдердің үш тобы қамтамасыз етеді: а) ауру қоздырғышы; б) ие ағзасы (ауру қоздырғышының табиғи резервуары); в) егер ауру трансмиссивті жолмен берілсе - тасымалдаушылар. Табиғи - ошақтық аурулардың таралуын тоқтату үшін, қоздырғыштың айналым тізбегінің бір буынын алып тастау қажет. Табиғи-ошақтық аурулардың басым көп түрі трансмиссивті жолмен беріледі, бірақ берілудің басқа жолдарымен тарайтын аурулар да бар (описторхоз, дифиллоботриоз, трихинеллез).Облигатты-трансмиссивті жолмен берілетін табиғи ошақтық аурулар оларды тасымалдаушылар ареалының ішінде кездесуі мүмкін. Табиғи-ошақтық аурулардың таралуының шектелуі басқа да жағдайларға (мысалы, климаттық жағдайларға) да тәуелді. Трансмиссивті және табиғи-ошақтық аурулардың ерекшеліктерін диагноз қою және алдын алу шараларын жүргізу кезінде ескеру қажет.Тек қана адамды зақымдайтын ауруларды антропоноз деп атайды. Бұл аурулардың биологиялық иесі мен ауру көзі тек адам саналады.Қоздырғыштары жануарлардан жұғатын және адамды зақымдайтын ауруларды зооноздар деп атайды.

Жұқпалы науқастарды емдеу принциптері, әдістері және оны ұйымдастыру

Жұқпалы науқастарды емдеу – күрделі процесс болып табылады, себебі емді тағайындау барысында нозологиялық түрге, жұқпалы процесстің сатысына, негізгі синдромның ауырлық дәрежесіне, организмнің преморбидтік жағдайына назар бөліну қажет.

Жұқпалы науқастардың емінің негізгі принциптері: қоздырғышқа оның патогенді әсерін жойып және организмнен шығару мақсатымен әсері етуге, жұқпалы процесс барысында дамыған зат алмасу және қызметтік бұзылыстарды қалыптастыруға, макроорганимзге оның спецификалық емес резистенттілігін және толық иммундық жауапқа қажеттілігін жоғарылату мақсатымен әсер етуге, асқынуларды алдын-алуға және емдеуге, сонымен қатар реабилитациялық шараларға бағытталған.

Жұқпалы науқастардың емдік тамақтандыруы (диетасы)

Жұқпалы аурулар кезінде энергия жоғалту процесстері жоғарылайды, асқорыту және қоректі заттардың, витаминдердің, микроэлементтердің сорылуы нашарлайды, олардың әр түрлі секреттермен, экскреттермен жоғалуы күшейеді.

Құнды және реттелген тамақтандыру жұқпалы науқастардың емінің өте маңызды бөлігі болып табылады. Тағам жеңіл қорытылуы қажет, сонымен қатар механикалық, химиялық және термикалық қолайлы болуы керек. Өңдеу барысында тек қана суда және бумен пісіру әдістері қоданылады. Диетаны витаминдермен толықтыру үшін табиғи жеміс-жидекті шырындар ұсынылады.Диетаны тағайындаған кезде аурудың ауырлығына және кезеңіне асқазан-ішек жолдарының жағдайына, қосымша патологияларға назар бөлінеді.Қазіргі кезде жұқпалы ауруханаларда көбінесе № 4, 5, 13, 15 диеталар қолданылады. Іш өтумен көрінетін жедел ішек аурулары кезінде №4 диета тағайындаған дұрыс.

Бауыр зақымдалған кезде (вирусты гепатит, лептоспироз, инфекциялық мононуклеоз т.б.) №5 диета ұсынылады. Оның құрамына тығыз еритін майлар, холестерінге бай өнімдер кірмеуі қажет.

Қызбамен өтетін аурулардың жедел кезеңінде (грипп, ЖРВИ, баспа, пневмония т.б.) №13 (2) диета ұсынылады. Диета физиологиялық қалыпқа сай, құрамына керекті мөлшерде белоктар, майлар, көмірсулар, витаминдер (әсіресе, аскорбин қышқылы) кіреді. Барлық тағамдар үгітілген және ұсақталған түрде дайындалады. Көп мөлшерде сұйықтықтар тағайындалады. 15 диета арнайы тамақтануды талап етпейтін науқастарға, көбінесе жұқпалы аурулардың реконвалесценттеріне ұсынылады. Қант диабетімен ауырған науқастарға №9 диета тағайындалады.

Тағамды қабылдау тәртібіне аса назар бөлу керек. Тәулігіне 5-6 рет, аз мөлшерде тамақтанған дұрыс. Жағдайы ауыр науқастарға тағам тәулігіне 6-8 рет беріледі. Көп жағдайларда жұқпалы науқастар көп мөлшерде сұйықтық ішуді қажет етеді. Мысалы, диарея, құсу, терлеу, ентігу кезінде. Сонымен қатар, тәтті сұйықтық, энергия көзі болып табылады. Науқастарға морс, кисель, компот, шай әртүрлі шырындар, минералды су (газсыз), дайын глюкозо-электролиттік ерітінділер (регидрон, цитроглюкосалам) ұсынылады.

Зонд арқылы тамақтандыру есін жоғалтқан немесе шайнау және жұту қызметтері бұзылған науқастарға көрсетілген. Жұмсақ резинадан немесе пластмассадан жасалған назогастралді зонд қолданылады. Зонд 5-7 және одан көп күнге еңгізіледі. Зондты дәрігер еңгізеді. Одан басқа зонд арқылы дәрі еңгізуге болады.

Организмнің қажеттіліктерін қамтамасыз ететін басқа әдіс- парентералді тамақтандыру. Бұл әдіс жағдайы ауыр науқастарда немесе ауыз арқылы тағам қабылдау көрсетілмеген жағдайларда (ішектің ауыр қабыну процесі; зондпен тамақтандыру асқынуларға әкеп соғатын жағдайда т.б.) қолданылады.

Сонымен қатар, минералді заттар, витаминдер, анаболикалық гормондар тағайындалады.