- •Студенттің оқу-әдістемелік жиынтығы «Эпидемилогия және жұқпалы аурулардағы мейірбике ісі»
- •Силлабус
- •Мейірбике ісі кафедрасының оқытушылары туралы жалпы мәлімет:
- •Пәннің пререквизитері мен постреквизитері:
- •Пәннің мазмұны
- •Дәрістік сабақтардың тақырыптық жоспары
- •Тәжірибе сабақтардың тақырыптық жоспары
- •Соөж тақырыптық жоспары
- •Ұсынылған әдебиеттің тізімі.
- •Оқыту және пәнді жүргізу әдістері:
- •Білім бағалау критериялары және ережелері
- •Рейтииг балдарын бақылау түрлері бойынша талдау
- •Сөж тапсырма бағалары
- •Студенттердің білімін бағалау критериі
- •Студент білімін бағалау
- •Дәрістік кешен
- •Жұқпалы ауруы бар науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру
- •Инфекциялық қызмет құрылымы
- •Инфекционды бақылаудың
- •Жұқпалы науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру
- •Жұқпалы аурулар диагностикасының принциптері мен әдістері
- •Жұқпалы науқастардың емдік тамақтандыруы (диетасы)
- •Спецификалық ем
- •Этиотропты ем
- •Патогенетикалық ем
- •Жұқпалы науқастарға жүргізілетін дәрілік емнің асқынулары
- •Жұқпалы аурулардың профилактикасы (алдын -алуы)
- •А және в паратифтер
- •Вирусты с гепатит- Оны «мейірімді өлтіргіш» деп атаған.
- •Парагрипп
- •Аденовирустық инфекция
- •Респираторлы-синцитиалды вирустық инфекция
- •Риновирусты инфекция
- •Реовирусты инфекция
- •А. Манифестік түрлері:
- •Обаның жіктелуі (а.М. Дмитровский бойынша, 1995)
- •1.Біріншілік-ошақтық түрлері
- •2. Біріншілік- жайлмалы түрі
- •3. Екіншілік-ошақтық түрлері
- •1. Жұқтыру сатысы
- •2. Лимфогенді таралу сатысы
- •Этиотропнты ем
- •Патогенетикалық ем
- •Аив/житс- инфекциясы
- •Тәжірибе сабақтарына арналған әдістемелік
- •Кредит№2
- •Соөж-ге арналған әдістемелік нұсқа
- •Аралық бақылау
- •Аралық бақылау
- •Бақылау әдістері
- •Пән бойынша тест тапсырмалары
- •Бір дұрыс жасапты таңдаңыз:
- •Толықтырыңыз:
- •Кредит №2 Бір дұрыс жауапты таңдаңыз:
- •«Эпидемилогия және жұқпалы аурулардағы мейірбике ісі» Пәннің оқу-әдістемелік қамту картасы
Жұқпалы ауруы бар науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру
Инфекциялық қызмет құрылымы
Инфекционды бақылаудың
Науқастар мен медициналық қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздігі
Халыққа көмек көрсету қазір қызмет жасап отырған ҚР-ның заңдылықтарының негізінде мемлекеттің және жалпы халықтың шешімі бойынша азаматтардың денсаулығы аса жоғары бағалы құндылық ретінде қарастырылған және медициналық ғылыммен практикада басты бағыт халықтың денсаулығын алдынала қорғауға бағытталған.
Жұқпалы ауырулармен науқастардың жүйелі медициналық көмегі келесі этаптардан тұрады:
Бірінші звено жалпы практикалы дәрігермен жүзеге асады (учаскелік терапевт немесе жедел жәрдем дәрігері);
Жұқпалы-паразитарлық ауырулардың және иммунопрофилактиканың емхана бөлімшесі (кабинеті)
Арнайландырылған жұқпалы ауырулар стационары.
Жұқпалы науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру
Біздің елімізде жұқпалы науқастарға көмек көп деңгейден тұрады.
Біріншілік сатыға жалпы емдік жүйе жатады (учаскелік дәрігер, жалпы тәжірибе дәрігері, жедел жәрдем дәрігері). Келесі саты – жұқпалы аурулар кабинеті және жұқпалы аурулар ауруханасы. Ауруханадан шыққан соң науқас қайтадан учаскелік дәрігердің, жалпы тәжірибе дәрігердің немесе жұқпалы аурулар кабинетінде бақылауында болады. Көп жағдайларда жұқпалы науқастардың емі реабилитация мекемелеріндегі (соның ішінде, санаторийлер) еммен толықтырылады.
ҚР-да жұқпалы ауыруларға қарсы көмек қызметіның құрылымы: амбулаторлық-емханалық мекемеден және жұқпалы ауырулар ауыруханасынан тұрады. амбулаторлық-емханалық мекемеге жұқпалы ауырулар кабинеттері бар емханалар жатады. жұқпалы ауырулар ауыруханасына көп профильді ауырухана және жұқпалы ауырулар ауыруханасы жатады.
жұқпалы ауырулар қызметінің міндеттеріне - жұқпалы ауырулармен аурыратын науқастарды табу, жедел көмек көрсету, госпитализацияға жатпайтын науқастарғаарнайы емді қажет ететіндерге квалифицирленген ем жасау.
Инфекционды бақылау. Пациенттердің және медицина қызметкерлерінің бақылауы.
Науқас адамды күту кезінде санитарлық-эпидемияға қарсы күн тәртібін қадағалау қажет, және есте болуы керек егер қадағаламаса өзіңіз не басқа адамдарды жұқпалы ауырулармен жұқтыруыңыз мүмкін.
Инфекционды бақылаудың негізгі талаптары
Үш негізгі бағыттан тұрады:
Тазалықты сақтау
Тазалықты барлық жағынан сақтауға тырысу керек: киімді таза ұстау, төсек орын науқас жатқан бөлме тазалығы, ыдыс аяқ судносы, үйрек т.б. Біздер әрдайым науқастың төсек орнын киімін жатып қалған науқастардыңда тазалығын әркез сақтауға , олардың көңіл күйін, көтеруге, басқаауырулармен немесе күтім нашар болғандықтан ауырудың жағдайын нашарлатып алмауымыз қажет. Бірінші орында науқастың жеке бас гигиенасы жатыр, Ең үлкен орынды науқастың терісі алады, теріде ойылулар болмауы қажет, олардың тазалығын және бүтіндігін қадағалау қажет.Күтім нашар болғанда май, шаң, тер және микрооганизмдер жиналып оның ластануына және инфицирленуіне әкеледі. Тері ластанған кезде қышу, тырнаумен, сызаттардың яғни тері бүтіндігінің бұзылуына әкеледі. Бұл тері бетінде орналасқан микрооганизмдердің тереңге енуіне әкеледі. Бұл әсіресе әлсіреген иммунитеті төмен науқастарда ауырудың күделене түсуіне мүмкіндік береді. Бұл қант диабеті, ісіктерде ауыр бүйрек жеткіліксіздігі кезінде бақылаусыз антибиотиктерді қолдануда иммунитеттің төмендеуі байқалады.
Инфекцияның таралуын болдырмау
Ауыр науқастарда күтімінде инфекцияның жиналған материалдар көп болады: памперстер, қолбақтар, бірреттік щприцтер, инелер, байлайтын дәкелер, мақта шариктері т.б. Бұлардың барлығы қоқыс салғыш жолына кейін ол масақтар, иттер, бомждар, балалардың қолына түсуіне мүмкіндік болады, Бүлардың барлыығы инфекция көзі немесе тасымалдаушысы болуы мүмкін. Біздер инфекцияны таралуын болдырмауымыз керек. Осы мақсатта инфицирленген материалдар контейнерге салар алдында залалсыздандырылуы керек сонан кейін, полиэтилен пакеттеріне салынып ауызы байлануы керек.
Жеке бас қауіпсіздігін сақтау
Науқастың қанымен немесе басқа биологиялық сұйықтықтармен (сөл, зәр, өт) вирустық В гепатиті, ЖИТС тудырушы адамның иммунодефицит вирусы және тағы басқа жұқпалы ауырулар агенттері жұқтырылады. Сіз алдын ала науқастың қанын жұқтырылған қан ретінде қарауыңыз керек. Барлық жоғарыда айтылған вирустар ағзаға микротравмалар, сызаттар, жарықтар арқылы енеді. Сондықтан науқаспенжұмыс кезінде міндетті түрде сәйкес (халат, фартук, қолбақ) киіну керек. Барлық дене жарақаттары су өткізбейтін пластырьмен жабыстаралуы керек. Манипуляцияны орындағаннан кейін бүлінген тері, және кілегей қабаты жрақаттанса дезертіндімен жуу керек, ал егер жарақат жоқ болса сабынмен суып спиртпен немесе арақпен сүрту керек. Инені пайдаланғаннан кейін қолға кіріп кетпес үшін қақпағын кигізбей ақ ертіндісі бар тесілмейтін контейнерге салынуы керек. Манипуляцияны орындағанан кейін қолды тесіп алмаған жағдайда тек сабынмен жууға болады. Қолды жууға сұйық глицерині бар сабын қолдануға болады. Қол құрғап, жарылып кетпес үшін, одан инфекция кіреді.
Әдебиет:
1. А.К.Белоусова, В.Н.Дунайцева «Инфекционные болезни», Ростов, 2010 г
2. Малов В.А. «Сестринское дело в инфекционных болезнях». 2005 г.
3. Инфекционные болезни Л.Г. Рахманов, В.К. Пригожина 2001 г.
4. Рубашкина Л.А. «Инфекционные болезни с курсов ВИЧ-инфекции и эпидемиологии»
2002 г. – Ростов-на-Дону.: Феникс
Бақылау сұрақтары:
Жұқпалы ауруы бар науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру
Инфекциялық қызмет құрылымы
Инфекционды бақылаудың
Науқастар мен медициналық қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздігі
№3 Дәріс
Тақырыбы: Эпидемиолгиялық процесс туралы оқу. Эпидемиялогиялық процесстің құрылысы және формалары. Эпидемиялогиялық процесске әсер ететтін факторлар. Эпиданамнез туралы түсінік.
Мақсаты: Эпидемиологиялық процесс туралы студенттерге таныстыру.
Дәріс жоспары.
Эпидемиялық процеске анықтамасы.
Эпидемиологиялық процесстің пайда болу формалары және құрылымы
Эпид.прцесске әсер етуші факторлар
эпид анамнез жайлы түсінік
Эпидемиялық процесс бірінен соң бірі болатын бір бірімен тығыз байланысты үздіксіз тізбектелген, эпидемиялық ошақта бір немесе бірнеше науқастармен және тасымалдаушылармен жүретін инфекционды жағдай. (науқастар, тасымалдаушылар),
Эпид процестің факторлары:
1. инфекция көзі
А. жұқтырушы адам – антропоноздар
Б. жұқтырған жануар – зооноздар
В. Жұқтырған адам және жануар - антропозоонозы
2. берілу механизмі( су , тамақ, контактілі - тұрмыстық)
3. қабылдағыш тұрғындар.
Эпидемиологиялық процесс даму үшін 3 негізгі звено қажет: аурудың көзі, аурудың берілу жолдары, қабылдауыш тұрғындар. Профилактикалық шаралар осы 3 звеноға қарсы бағытталады. Аурудың көзіне әсер ету: науқасқа дер кезінде диагноз қойып, оны оқшаулап емдеу, бактериятасымалдаушыларды анықтау, ауру жануарларды емдеу т.б.
Аурудың берілу жолдарын үзу үшін дезинфекция, дезинсекция, дератизация және санитарлы- ағарту шаралар қолдану қажет.
Үшінші звеноға әсер ету: арнайы және арнайы емес профилактика. Жасанды иммунитет дамыту үшін вакциналар, иммундық сарысулар және гамма- глобулиндер қолданылады.
Инфекция қоздырғышының көзі – науқас адам (науқас, тасымалдаушы). Және кейбір ауыруларда жұқтырылған жануарлар. Адам ағзасында паразиттердің үйреніп кетуінен қоздырғаштардың агрессия аппараты дамыды, ал бір жағынан сапрофиттік қасиеті жоғалды. Сондықтан бұрынан кездесетін ауырулар ішінде адам ағзасы қоректік орта , ал жалпы адамжәне жануар ауыруы кезінде - тірі ағза болып қалды. Өлі табиғаттың барлық объектінде олар бір кесілген уақыт аралығында өмір сүреді. Бірақ сапрофиттік қасиетінің жойылу уақыты бірдей емес, адам ағзасынан тыс жерде аман болу ұзақтығыда әр түрлі. Мыс: қызылша вирусы адам ағзасынан тыс бірнеше минуттан кейін өледі.
. Брюшнотифоздық таяқша сүтте сақталумен қоса жағдайы болса( температура, қышқылдық) кейбір уақыт көбеюіде мүмкін.
Эпидемиялық процесстің түрімен құрамы:.
Эпид процестің белгісі
Эпидемиялық процесс қоздырғышпен адамды жұқтыру кейінен адамнаң ауыруы немесе жасырын тасымалдаушы , ал папуляциялық түрлік деңгейде - спородикалық ауырудың , табиғи ошақтың және эпидемиялық ошақтың инфекциясы , эпидемиямен немесе пандемиямен көрінеді.
Спорадикалық ауыру — жылдың бір мезгіліне тән ауыру, белгілібір топта, територияда(эпидемиялық бір бірімен байланысы жоқ бірлі жарым ауыру) Эпидемиялық ауыру— спородикалыққа керісінше , уақытша инфекциялық ауырулардың көбеюі(топтық эпидемиялық бір- бірімен байланысты ауырулар). Эпидемиялық ауыруларды эпидемиялық вспышкаға , эпидемияға, пандемияға бөлу- териториалдық уақытша праметрлар.
Эпидемиялық вспышка — бір коллектив деңгейінде қысқа уақытқа ауырудың жоғарылауы 1-2 инкубациялық кезеңінде өтетін
Эпидемия— жылдың бір мезгілінде бір аймақта «облыста) ауыру деңгейінің көтерілуі.
Пандемия— ауырудың деңгейінің көтерілуі бірнеше жылдан бірнеше он жылдықты алатын және контингентті қмтитын ауыруды айтамыз. .
Эпидемиялық процесске әсер етуші факторлар.
Эпидемиялық процесс уақытпен кеңістікте еркін үздіксіз ағымда жүретін процесс.
Биологиялық факторлар
Әлеуметтік факторы .оған жатады:
әлеуметтік даму;
тұрғындардың әлеуметтік белсенділігі
тұрмыстық пункттің санитарлық жағдайы
Табиғи факторлар:
Биотикалық және абиотикалық элементтер жатады.
Эпиданамнез туралы түсінік.
Эпидемиялық анамнез — жұқпалы ауырулармен ауыратын науқастың ауыру тарихының міндетті бөлігі, ауырудың қоздырғышын жұғу жолын жұғу факторларын анықтауға мүмкіндік береді. Анмнезді жинаған кезде инфекция көзін жұқтыру уақытын анықтауға тырысу керек, Мысалы ауалы тамшлы ауыру кезінде гриппен, қызамықпен,қазалшамен желшешекпен бүрге шаққан күнін – клещ энцефалит кезінде, құтыру кезінде иттіңтістеуі т.б.
Әдебиет:
1. А.К.Белоусова, В.Н.Дунайцева «Инфекционные болезни», Ростов, 2010 г
2. Малов В.А. «Сестринское дело в инфекционных болезнях». 2005 г.
3. Инфекционные болезни Л.Г. Рахманов, В.К. Пригожина 2001 г.
4. Рубашкина Л.А. «Инфекционные болезни с курсов ВИЧ-инфекции и эпидемиологии»
2002 г. – Ростов-на-Дону.: Феникс
Бақылау сұрақтары:
Эпидемиялық процеске анықтамасы.
Эпидемиологиялық процесстің пайда болу формалары және құрылымы
Эпид.прцесске әсер етуші факторлар
эпид анамнез жайлы түсінік
№4 Дәріс
Тақырыбы: Жұқпалы ауыруларға шалдыққан науқастардың емінің, диагностикасының және алдын алуының принциптері.
Цель: Жұқпалы ауыруларға шалдыққан науқастардың емінің, диагностикасының және алдын алуының принциптері жайлы студенттерге таныстыру.
Дәріс жоспары.
Жұқпалы аурулардың диагностикасының принциптері
Жұқпалы науқастарды емі
Жұқпалы аурулардың профилактикасы (алдын -алуы)
