- •Студенттің оқу-әдістемелік жиынтығы «Эпидемилогия және жұқпалы аурулардағы мейірбике ісі»
- •Силлабус
- •Мейірбике ісі кафедрасының оқытушылары туралы жалпы мәлімет:
- •Пәннің пререквизитері мен постреквизитері:
- •Пәннің мазмұны
- •Дәрістік сабақтардың тақырыптық жоспары
- •Тәжірибе сабақтардың тақырыптық жоспары
- •Соөж тақырыптық жоспары
- •Ұсынылған әдебиеттің тізімі.
- •Оқыту және пәнді жүргізу әдістері:
- •Білім бағалау критериялары және ережелері
- •Рейтииг балдарын бақылау түрлері бойынша талдау
- •Сөж тапсырма бағалары
- •Студенттердің білімін бағалау критериі
- •Студент білімін бағалау
- •Дәрістік кешен
- •Жұқпалы ауруы бар науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру
- •Инфекциялық қызмет құрылымы
- •Инфекционды бақылаудың
- •Жұқпалы науқастарға медициналық көмекті ұйымдастыру
- •Жұқпалы аурулар диагностикасының принциптері мен әдістері
- •Жұқпалы науқастардың емдік тамақтандыруы (диетасы)
- •Спецификалық ем
- •Этиотропты ем
- •Патогенетикалық ем
- •Жұқпалы науқастарға жүргізілетін дәрілік емнің асқынулары
- •Жұқпалы аурулардың профилактикасы (алдын -алуы)
- •А және в паратифтер
- •Вирусты с гепатит- Оны «мейірімді өлтіргіш» деп атаған.
- •Парагрипп
- •Аденовирустық инфекция
- •Респираторлы-синцитиалды вирустық инфекция
- •Риновирусты инфекция
- •Реовирусты инфекция
- •А. Манифестік түрлері:
- •Обаның жіктелуі (а.М. Дмитровский бойынша, 1995)
- •1.Біріншілік-ошақтық түрлері
- •2. Біріншілік- жайлмалы түрі
- •3. Екіншілік-ошақтық түрлері
- •1. Жұқтыру сатысы
- •2. Лимфогенді таралу сатысы
- •Этиотропнты ем
- •Патогенетикалық ем
- •Аив/житс- инфекциясы
- •Тәжірибе сабақтарына арналған әдістемелік
- •Кредит№2
- •Соөж-ге арналған әдістемелік нұсқа
- •Аралық бақылау
- •Аралық бақылау
- •Бақылау әдістері
- •Пән бойынша тест тапсырмалары
- •Бір дұрыс жасапты таңдаңыз:
- •Толықтырыңыз:
- •Кредит №2 Бір дұрыс жауапты таңдаңыз:
- •«Эпидемилогия және жұқпалы аурулардағы мейірбике ісі» Пәннің оқу-әдістемелік қамту картасы
Патогенетикалық ем
Патогенетикалық ем жұқпалы ауру барысында пайда болған функционалді және метаболикалық бұзылыстарды қалыптастыруға және жоюға организмнің иммунобиологиялық тұрақтылығын және қоздырғыштың жойылу эффективтілігіне жоғарылатуға бағытталған. Патогенетикалық емнің негізгі түрі – дезинтоксикациялық терапия. Ол улану синдромының ауырлық дәрежесіне байланысты тағайындылады. Бұл ем инфузия түрінде немесе энтералді жолмен, эфферентті әдістерімен жүргізіледі. Инфузиялық әдіспен (көк тамырға, кейде артерия ішіне) кристаллоидты (глюкоза, полиионды, Рингер, физиологиялық,т.б.) және коллоидты (альбумин, аминоқышқылдар, гемодез, деистрондар - реополиглюкин және полиглюкин, желатиноль, мафузол,т.б.) ерітінділер еңгізіледі. Гемадилюция әдісі бойынша ерітінділерді еңгізумен қатар диуретиктер қолданылады. Энтралді әдіс - кристаллоидты ерітінділерді, энтеросорбенттерді (активтелген көмір, лигносорб, полифепам, полисорб, энтеродез,т.б.) пероралді жолмен (кейде назогастралді зонд арқылы ) еңгізу.
Эфференттік әдістер - аурудың ауыр түрлерінде экстракорпоралді емдеу әдістерімен жүзеге асырылады (гемодиализ, гемосорбция, плазмаферез, т.б.)
Иммунобиологиялық резистенттілікті жоғарылату үшін бірнеше шаралар комплексі жүргізіледі: физикалық тәртіп және диета сақтау, витаминдер және микроэлементтер тағайындау, физикалық ем әдістерін қолдану (мысалы, қанды лазермен немесе ультракүлгін сәулелендіру, гипербариялық оксигенация, т.б.).
Бактериялық препараттар (эубиотиктер) кең қолданылады. Олар адамның қалыпты микрофлорасын қалыптастыруға көмек етеді: бифидум-, коли-, лактобактерин, бактисубтил, энтерол, нарине, т.б.
Жұқпалы науқастарға жүргізілетін дәрілік емнің асқынулары
Жұқпалы науқастардың емі дәрілердің жанама әсерімен және дәрілік ауыруымен асқынуы мүмкін. Асқынуларға дисбактериоз, иммуно-аллергиялық бұзылыстар (анафилактикалық шок, сарысулық ауру, Квинке ісінуі, токсико-аллергиялық дерматит, васкулит, т.б.), токсикалық зақымдалулар (гепатит, нефрит, агранулоцитоз, энцефалопатия, т.б.) және аралас генезді бұзылыстар жатады. Көбінесе спецификалық және химиотерапиялық препараттармен этиотропты ем нәтижесінде дамиды. Дәрілік ауру дың ең қауіпті түрі – анафилактикалық шок.
Полиневрит, синовиит, тері және тері асты майлы клетчаткасының некрозы, гепатит сияқты сарысулық асқынулары сирек кездеседі.
Дисбактериоз – антибактериалді препараттар (көбінесе кең спектірлі антибиотиктер) қолданудың нәтижесінде дамиды. Дисбактериоз жергілікті, жайылған және жүйелік (генерализацияланған, немесе септикалық) түрде өтуі мүмкін. Көбінесе ішек дисбактериозы дамиды.Ішек микрофлорасының зақымдалуы ас қорыту процестерінің бұзылыстарына, эндогенді интоксикацияға әкеп соғады; көріністеріне жиі сұйық немесе жартылай сұйық нәжіспен, іштің ауыру немесе қолайсыз сезімі, метеоризм жатады. Орофарингеалді дисбактериоз кезінде ауыз-жұтқыншақтағы қолайсыз сезім және күйдіру сезімі, жұтынудың бұзылуы мазалайды. Қарап тексергенде шырышты қабаттың гиперемиясы және құрғауы, глоссит, хейлит анықталады.
