Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
УМКС СДЭИБ 3БД 2015 каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.7 Mб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МІНІСТРЛІГІ

КАСПИЙ УНИВЕРСИТЕТІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ (ФАКУЛЬТЕТ)

«МЕЙІРБИКЕ ІСІ» КАФЕДРАСЫ

Бекітемін

ОӘК отырысында

Төрайымы

______________ О.В.Киричок

«____»______________20__ж., № ___

Студенттің оқу-әдістемелік жиынтығы «Эпидемилогия және жұқпалы аурулардағы мейірбике ісі»

Пән коды: SDEIB 3345

Мамандық: 5В 110100 Мейірбике ісі

Оқу сағат көлемі (кредиттер): 90(2)

Соның ішінде : аудиторлық сағаттар - 30

СОӨЖ - 30

СӨЖ - 30

Курс: 3

Семестрі: 6

2015ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МІНІСТРЛІГІ

КАСПИЙ УНИВЕРСИТЕТІ

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ (ФАКУЛЬТЕТ)

«МЕЙІРБИКЕ ІСІ» КАФЕДРАСЫ

Бекітемін

ОӘК отырысында

Төрайымы

______________ О.В.Киричок

«____»______________20__ж., № ___

Білім беруге арналған бағдарлама - (5В110100 Мейірбике ісі)

Оқыту түрі – күндізгі

Силлабус

Пән: «Эпидемилогия және жұқпалы аурулардағы

мейірбике ісі»

Пән коды: SDEIB 3345

Оқу сағат көлемі (кредиттер): 90(2)

Соның ішінде : аудиторлық сағаттар - 30

СОӨЖ - 30

СӨЖ - 30

Курс: 3

Семестрі: 6

2015ж.

Құрастырушылар: Курбанова Д.М. _________________

қолы

Омарова М.С. _________________

қолы

Силлабус 5В110100 «Мейірбике ісі» мамандығы бойынша «Эпидемиология және жұқпалы аурулардағы мейірбике ісі» пәнінің жұмыс бағдарламасы негізінде құрастырылған.

Қаралды

«Мейірбике ісі» кафедрасының мәжілісінде.

Кафедра меңгерушісі м.ғ.к. __________________ А.Д.Бейсенов

қолы

Жоғары мектеп (Факультет) гуманитарлы ғылым деканы

т.ғ.к., ассоциириялық профессор __________________ С.А.Жуман

қолы

«___»________________2015ж., №____

Мейірбике ісі кафедрасының оқытушылары туралы жалпы мәлімет:

Кафедра меңгерушісі: Бейсенов Ануарбек Дамирович

Клиникалық пәндер секциясының меңгерушісі: Курбанова Дилбирим Манаповна

Офис: КУ, корпус «Д», 5 этаж, № 514 бөлме

Тел.: 277-55-76 р., 265-20-15 д.

Оқытушы: Дербисалина Аманжан Ануаровна

Офис: кафедра

Тел.: 277-55-76 р., 264-22-78 д.

«Эпидемиология және жұқпалы аурулардағы мейірбике ісі» пәннен сабақтар жүргізіледі:

  • КУ, «Д»корпусы, Абая көшесі, 115, 5 этаж

  • кафедраның клиникалық базасы ҚКЖАА, Байзаков көшесімен Жандосов қөшесінің қиылысы

Пәннің саясаты:

«Мейірбике ісі» кафедрасының клиникалық базаларында оқу процессы студенттердің білімін тереңдетуге, науқастарды тексеру және емдеуде кәсіптік біліктілігін көтеруге бағытталған. Студенттердің осы кафедрада оқытылатын әр- түрлі аурулар бойынша дәрістік білімдерін және науқастарға курация жүргізуді, медициналық көмек көрсетуде мейірбикелік үрдісті құрастыруға бейімделген.

Оқытушылардың студенттерге қоятын талаптары жоғарғы білім беретін мектептердің талабына сәйкес. Студенттердің клиникаларда тәртіп сақтауына, этика және деонтология ережелерін сақтауға көп көңіл бөлінеді.

Сабақта студенттер ұқыпты болу керек (шашы, тырнағы, макияж), ақ халат, колпак, ауспалы аяқ-киім, кітаптар, заттары дайын болу керек:

  • «Эпидемиология және жұқпалы аурулардағы мейірбике ісі» оқу құралы;

  • Студенттің оқу-әдістемелік жиынтығы;

  • Дәрістік және тәжірибелік жеке дәптері;

  • СӨЖ тапсырмаларына арнайы папка;

Барлық сабақтардан қалмау керек. Сабақтан қалса – (минус) 100 балл; сотовый телефонмен,

шпаргалкаларме қолдану - (минус) 20 балл.

Кіріспе

Студенттерді даярлау кезіндегі эпидемиология мен жұқпалы аурулардың ролі мен маңызы жұқпалы аурулардың кең таралуымен (соның ішінде микст-инфекция) , қоздырғыштардың эволюциясына байланысты жұқпалы аурулардың жаңа нозологиялық түрлерінің пайда болуымен, қоздырғыштардың вирулентті және антигенді қасиеттерінің күшейуімен, сондай-ақ иесінің резистенттілігі мен иммундық жауабының әртүрлі болуымен сипатталады. Пәннің маңыздылығы, қоғамдық-экономикалық жағдайдың эпидемиялық процесстің дамуына әсер етуі, сондай-ақ белгілі жағдайларға байланысты жұқпалы аурулармен күресуге арналған іс-шараларды қалыптастыру қажеттілігімен байланысты болады.

Қазіргі кезде эпидемиология, жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың эпидемиологиялық процесстерінің даму заңдылықтарына негізделген, сонымен қатар жұқпалы аурулармен ауруды төмендету және аурулардың кейбір түрлерін толық жоюға арналған іс-шараларды жетілдіру бағытында дамып келе жатқан дисциплина.

Пәннің мақсаты: студенттерге эпидемиология және жұқпалы аурулар бойынша негізгі теориялық білім беру,эпидемиологиялық зерттеу әдістерін, емдеу мен науқасты бақылау принциптерін және жұқпалы аурулардың алдын-алу шараларын үйрету.

Пәннің міндеттері:

- студенттерде эпидемиялық процесс, оның шығуы, дамуы, әсер етуші жағдайлары туралы ілімнің негізін

қалыптастыру.

- жұқпалы аурулардың негізгі топтарының эпидемиологиялық сипаттамасын және жіктелу принциптерін

үйрету.

- эпидемиологиялық бақылаудың негіздерін және оның жұқпалы аурулардың алдын-алудағы ролін үйрету.

- жұқпалы аурулармен ауырған науқастарға жоғары деңгейде күтім көрсету

негіздерін үйрету.

Оқытудың соңғы нәтижелері:

Студенттер:

Білуі қажет:

  • эпидемиологияның жалпы заңдары мен категориясын;

  • жұқпалы аурулар кезіндегі эпидемиялық процесстің пайда болу және даму механизмін,себебін;

  • жұқпалы аурулардың жіктелуін;

  • кең таралған жұқпалы аурулардың эпидемиологиялық сипаттамасын;

  • қазіргі кездегі жұқпалы аурулардың алдын-алу принциптерін;

  • жұқпалы аурулардың негізгі клиникалық симптомдары мен синдромдарын;

  • жұқпалы аурулардың лабораториялық және құралдық зерттеу принциптерін;

  • жұқпалы аурулар мен экстримальды жағдайлардағы қажетті эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру принциптерін;

  • пациент пен мед.қызметкердің қауіпсіздігіне негізделген іс-шаралар принципін.

Жасай білуі қажет:

  • жұқпалы аурулармен ауырған науқастрды анықтау;

  • жұқпалы ауруларды тіркеу және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мекемелеріне хабарлау;

  • жұқпалы аурулар кезінде барлық құжаттарды толтыру(шұғыл хабарлама,мейірбикелік ауру тарихы,бақылау картасы,анықтамалар).

Орындай алуы қажет:

  • жұқпалы аурулар кезіндегі мейірбикелік процесстің барлық кезеңдерін орындау;

  • дезинфекция;

  • стерилизация сапасын бақылау;

  • лабораториялық зерттеуге науқастардан материал алу техникасын.

Компетентті болу:

  • этика және деонтология сұрақтары;

  • жұқпалы ауруларында мейірбикелік үрдіс құру;

  • науқасты зерттеу кезінде кәсіби дағдылар;

  • студенттердің клиникалық ойлауды дамыту жөнінде