- •Мазмұны
- •1 Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы қызметін ұйымдастыру
- •1.1 Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы: қызметі, құрамы, құрылымы
- •Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы құрылымы
- •1.2 Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы қызметін ұйымдастыру
- •2 Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы бақылау қызметін талдау
- •2.1 Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы салық бақылауын жүргізудегі қызметіне экономикалық талдау
- •1 Сурет. 2016 жылы Алматы қаласы бойынша мк басқармасында жүзеге асырылғaн салық тексерулерінің түрлері бойынша сандық үлесі
- •2 Сурет. 2015 жылдың 1 қаңтарына Алматы қаласы бойынша салық берешектерінің динамикасы
- •Қорытынды:
1 Сурет. 2016 жылы Алматы қаласы бойынша мк басқармасында жүзеге асырылғaн салық тексерулерінің түрлері бойынша сандық үлесі
Ескерту – Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кіріс басқармасы мәліметтерінен
2016 жылы салықтық тексеру нәтижесінде қала бюджетіне қосымша – 70270131 мың теңге есептелінді, оның ішінде салықтар мен төлемдер бойынша – 50057210 мың теңге, айыппұлдар бойынша – 15460 мың теңге, ал өсімпұлдар бойынша – 20197461 мың теңге түсті немесе оны 2-суреттен көруге болады.
Ескерту - Алматы қаласы бойынша МКБ мәліметтерінен
2 Сурет. 2015 жылдың 1 қаңтарына Алматы қаласы бойынша салық берешектерінің динамикасы
2015 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша есептік кезеңге қосымша есептелген салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, төлемақылар, ЖЗҚ аударымдар, өсімпұлдар, барлығы 65782126 мың теңге сомасында салықтық берешегі жинақталған, оның 46815268 мың теңгесі салықтар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, төлемақылар, ЖЗҚ аударымдар болса, 18966859 мың теңгесі өсімақы сомасы, 2966385 мың теңге мөлшеріндегі сома бүгінде өтелген немесе барлық берешек мөлшерінің 28,8 пайызы ғана бюджетке түскен.
МКБ қызметi органдарының қызметкерлерiнiң заңды және жеке тұлғаларға жүргiзiлген салық тексерулерінің қорытындысын зерттей келе, осы жылғы тексерiс нәтижесiн зерттеуге баға беруiмiзге болады, сонымен қатар, тұлғалардың өз мiндеттерiн атқаруына бақылау жасауда салық тексерулерінің маңызы зор немесе Алматы қаласы бойынша МКБ қызметкерлерінің атқарған қызметтерінің нәтижесінде бюджетке түсетін салық мөлшері біршама артқан немесе оны келесі 6-кесте мәліметтерінен көруге болады.
6 кесте
Алматы қаласы бойынша 2014-2016 жылдардағы салық тексерулері нәтижесiнде қосымша есептелген сомалар көрсеткiшi
(мың теңге)
Төлем түрлері |
2014 жыл |
2015 жыл |
2016 жыл |
Ауытқу, нақты 2016-2016жж. |
|
(+;-) |
% |
||||
Заңды тұлғалардан алынатын салықтар |
51415714 |
64538669 |
132756245 |
81340531 |
258,2 |
Жеке тұлғалардан алынатын салықтар |
519439 |
1236087 |
12606618 |
12087179 |
242,7 |
Басқа да салықтар мен міндетті төлемдер |
2049291 |
7370 |
2932 |
-2046359 |
0,14 |
Барлығы: |
53984444 |
65782126 |
135365795 |
81381351 |
250,7 |
Ескерту - Алматы қаласы бойынша МКБ есебі. Ф-2Н. 2014-2016ж. |
|||||
Жоғарыдағы кестеден, соңғы үш жылдағы Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасымен жүргізілген салық тесеруілері нәтижесінде қосымша есептелген салық сомаларының заңды және жеке тұлғалар бойынша айтарлықтай өскенін байқауға болады. әсіресе, заңды тұлғалар бойынша қосымша есептелген салық сомалары 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 81340531 мың теңгеге артқан, немесе 258,2 пайызға өскен, ал жеке тұлғалар бойынша 2016 жылы 2015 жылға қарағанда 12087179 мың теңге қосымша салықтар мен басқа да міндетті төлемдер бойынша төлем есептелген, немесе 242,7 пайызға артқан. Ал басқа да салықтар мен міндетті төлемдер бойынша қосымша есептелеген сомалар мөлшері айтарлықтай азайған немесе 2046359 мың теңгеге кеміген, немесе 0,14 пайызға ғана орындалған.
Сонымен, қала бойынша соңғы үш жылда заңды тұлғалар болсын, жеке тұлғалар болсын, өкінішке орай, заң бұзушылықтардың артқанын байқауға болады. Бұл әлі де болса, салық төлеушілердің слық мәдениетінің өспегенін білдіреді.
Ал төменде берiлген 7-кестеден заңды тұлғалардың әр салық бойынша салық тексерулерiнiң қорытындысы жарияланған. Корпорациялық табыс салығы бойынша тiзiмде 25359 салық төлеушiлер тiркелген. Өткен 2016 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткiш 794 салық төлеушiге өсiп отыр.
7 кесте
Алматы қаласы бойынша МКБ қызметi органдарының 2014-2016 жылдардағы заңды тұлғаларға жүргiзiлген салық тексерiсi нәтижесi
(мың теңге)
Салықтар
|
2016 жыл |
2015 жыл |
2016 жыл |
Ауытқу, 2016-2016 жж |
|
(+;-) |
% |
||||
Корпорациялық табыс салығы |
38353203 |
45903618 |
93810045 |
55456842 |
2445,9 |
Қосылған құн салығы |
11945434 |
17222875 |
36608277 |
24662843 |
306,5 |
Акциздер |
961 |
2376 |
475 |
-486 |
49,4 |
Әлеуметтік салық |
249340 |
279711 |
781153 |
531813 |
313,3 |
Жер салығы |
5884 |
12424 |
4499 |
-1386 |
76,5 |
Мүлік салығы |
200892 |
252765 |
495121 |
294229 |
246,5 |
Көлік құралдарына салынатын салық |
7012 |
4256 |
78243 |
71231 |
1115,8 |
Жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу |
41942 |
275789 |
438706 |
396764 |
1045,9 |
Барлығы: |
53984444 |
65782126 |
135365795 |
81381351 |
250,7 |
Ескерту - Алматы қаласы бойынша МКБ есебі. Ф-2Н. 2014-2016ж. |
|||||
Қала бойынша өндiрiстен түсетiн салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да төлемдердiң 69,3 пайызы осы корпорациялық табыс салығының үлесiне тиесiлi, әйтсе де бұл салықтың республикалық бюджеттің кірісі екендігін ұмытпаған жөн, өкінішке орай, бұл салықтан түскен салықтық түсімдерден қала бюджетіне қаржы қалмайды.
Корпорациялық табыс салығы бойынша 598 заңды тұлғаға тексеру жүргiзiлiп, оның iшiнде 458-де салық заңдылығын бұзушылық табылды.
Корпорациялық табыс салығы бойынша есептелген сома осы жылы 93810045 мың теңгеге тең болып, заңды тұлғалар бойынша жиналған салықтар бойынша түсiмнiң 69,3 пайызын құрап отыр. Бюджетке өндiрiлiп алынғаны 1078292 мың теңге немесе 15,0 пайызға тең.
Бюджеттің кіріс бөлігін орындау, салықтық міндеттемелерді толық және уақытында орындау, корпорациялық табыс салығы түсімін ұлғайту резервтерін анықтау бойынша жұмысты белсендіру, аталған салық бойынша аванстық төлемдердің бір қалыпты келіп түсуін қамтамасыз ету және төмендеуді болдырмау мақсатында МКБ органдары қызметкерлерімен келесідей шаралар жүргізілді:
- 2016 жылға декларацияны тапсыруға дейінгі камералдық бақылау нәтижесі бойынша 227,7 млн.теңге аванстық төлемдер сомаларының қайта есеп айырысуларын, 11 кәсіпорынға есеп айырысулар берілді;
- ҚҚС бойынша айналымдары бар, КТС бойынша түсімдері болмаған салық төлеушілермен сұхбат және түсіндірме жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде 9,3 млн.теңге сомасына қайта есеп-айырысулар берілді;
- Ағымдағы жылда аванстық төлемдерді бір қалыпты ұлғайту бойынша 36 салық төлеушілер мен бухгалтерлер және жетекшілерге сұхбат жүргізді;
- 13,3 млн.теңге сомасында аванстық төлемдерге жылдық декларация бойынша КТС сомасын жоғарлатқаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 209-бабының 4 тармағына сәйкес айыппұлдар өндіріп алынды және келіп түсті;
- Кешенді бақылау нәтижесінде 62 кәсіпорын бойынша 153,8 млн.теңге сомасына залалдар қысқартылды, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексінің 209-бабының 2 тармағына сәйкес 14,4 млн.теңге сомасында айыппұл салынды.
Қосылған құн салығы бойынша МКБ 27258 заңды тұлға тiзiмде тұр. Бұл көрсеткiш өткен жылмен салыстырғанда 1829 заңды тұлғаға артты. Қала бойынша тексеру нәтижесінде қосымша түскен ҚҚС сомасы 36608277 мың теңгені құрады, 2014 жылмен салыстырғанда қосылған құн салығы сомасы 34885402 мың теңгеге, немесе 212,6 пайызға өсiп отыр.
2016 жылы қосылған құн салығы бойынша құжаттық тексеруге 643 заңды тұлғалар тартылған болатын, оның 421 бірлігінде салық заңдылығын бұзушылық айқындалды. Құжаттық тексерiс нәтижесiнде бюджетке айыппұлды қоса есептегенде 5697423 мың теңге қаражат аударылды.
2016 жылы әлеуметтiк салық бойынша 105021 заңды тұлға есепке алынған. 2015 жылмен салыстырғанда жаңадан ашылған немесе қайта құрылған шаруашылық субъектiлерi есебiнен 10104 тұлғаға артқан. Есептi кезең iшiнде құжаттық тексерумен 579 салық төлеушi қамтылып, соның iшiнде 90 тұлғада салық заңын бұзушылық фактiлерi анықталған. Тексеру нәтижелерi бойынша бюджетке 781153 мың теңге қосымша есептелiп, 13678 мың теңге немесе 17,5 пайызы өндiрiлiп алынған болатын. Кәсiпорындардан түсетiн барлық салықтар мен бюджетке төленетiн басқа да төлемдердiң 8,3 пайызын немесе 340997 млн.теңгенi осы әлеуметтiк салықтар құрап отыр.
Осы аталған есептеулер негiзiнде биылғы салық түсiмдерi кейбiр салықтардың өткен жылмен салыстырғандағы бiршама айырмашылығына қарамастан, салық түсiмдерiнiң артқанын көрсетiп отыр. Себебi салық органдарының атқарған жұмыстарының бiтiмдiлiгi салық бақылауының ақпараттандырылып, аудит жүйесiнiң жаңарғандығында, салық заңдылықтарының халыққа жеткiзiлiмдiлiгiнде.
Енді жеке тұлғаларға жүргізілген салық тексерулерінің нәтижелеріне тоқтала кетейік.
Жеке тұлғаларға жүргiзiлген салық тексерулерiнiң қорытындысын келесi 8-кестеден көруiмiзге болады.
8 кесте
Алматы қаласы бойынша МКБ қызметi органдарының 2014-2016 жылдардағы жеке тұлғаларға жүргiзiлген салық тексерулерінің нәтижесi
(мың теңге )
Салықтар
|
2014 жыл |
2015 жыл |
2016 жыл |
Ауытқу, нақты 2016-2016жж. |
|
(+;-) |
% |
||||
Жеке табыс салығы |
316926 |
26931 |
19771 |
-297155 |
6,2 |
Қосылған құн салығы |
3170 |
63 |
4214 |
1044 |
132,9 |
Әлеуметтік салық |
1494 |
818 |
2927 |
1433 |
195,9 |
Жер салығы |
86 |
23 |
6 |
-80 |
7,0 |
Мүлік салығы |
5 |
443 |
945 |
940 |
18900 |
Көлік құралдарына салынатын салық |
2778 |
133 |
404 |
-2374 |
14,5 |
Барлығы: |
325264 |
28502 |
33259 |
-292005 |
10,2 |
Ескерту - Алматы қаласы бойынша МКБ есебі. Ф-2Н. 2014-2016ж. |
|||||
8-кестеден байқағанымыздай, 2016 жылы салық басқармасында жеке табыс салығын төлейтiн 64800 салық төлеушi есепке алынған. 2013 жылмен салыстырғанда жеке табыс салығын төлеушiлер саны 2522 жеке тұлғаға артқан. Салық тексерулерiмен 182 шаруашылық субъектiсi қамтылып, 42 салық заңын бұзушылық әрекеттерi анықталған. Құжаттық тексерулер нәтижесi бойынша 2016 жылы қосымша есептелген салықтар 19771 мың теңгенi, бюджетке өндiрiп алынғаны 15345 мың теңгенi немесе 77,6 пайызды құраған. Ал 2013 жылы қосымша есептелген салықтар сомасы 26931 мың теңгенi, бюджетке өндiрiлiп алынғаны 12444 мың теңгенi немесе 46,2 пайызды құраған. Екi жылды салыстырғанда сонғы жылда тексерiс жақсы нәтиженi көрсетiп отыр.
Төлем көзiнен салық салынбайтын табыстары бойынша жеке табыс салығын төлеушiлер 2016 жылы 21894 жеке тұлғаны (шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi –21456, кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерi бойынша арнайы салық режимiн қолданатын жеке кәсiпкерлер – 22) құраған. Тексеру барысында 46 құжаттық тексеру жүргiзiлiп, оның iшiнде 16 салық төлеушi бойынша 8476,0 мың теңге қосымша есептелiнiп, бюджетке 8100,0 мың теңге немесе 95,6 пайызы өндiрiлiп алынды.
Жеке тұлғаларға салынатын қосылған құн салығы бойынша 2016 жылы 385 жеке тұлға есепте тұр. Бұл көрсеткiш 2013 жылмен салыстырғанда 24 жеке тұлғаға өсiп отыр. Құжаттық тексерумен 21 салық төлеушi қамтылып, оның 6 салық заңын бұзушылық айқындалып, нәтижесiнде 4214,0 мың теңге қосымша есептелiп, бюджетке өндiрiлiп алынғаны 3972,0 мың теңге немесе 94,3 пайызды құрады.
Жеке тұлғаларға салынатын әлеуметтiк салық бойынша 2016 жылы 21843 тұлға есепке алынған. Өткен жылмен салыстырғанда салық төлеушiлер саны 1016 тұлғаға өсiп отыр. Құжаттық тексерiс саны 48, оның 18 салық заңын бұзу фактiлерi табылды. Барлығы 2927,0 мың теңге есептелiнiп, оның 2691,0 мың теңгесi өндiрiлiп алынған.
Жеке тұлғалардың төлейтiн жер салығы бойынша 2016 жылы 85872 есепке алынған. Өткен жылмен салыстырғанда бұл көрсеткiш 418 тұлғаға артып отыр. Құжаттық тексерiс 2 тұлға бойынша жүргiзiлiп, оның 1 салық заңын бұзушылық фактiлерi анықталды. Тексерiс барысында 6,0 мың теңге есептелiнiп, бюджетке 6,0 мың теңге өндiрiлiп алынды.
Мүлiк салығы бойынша есепте 85872 жеке тұлға тұр. Бұл 2013 жылмен салыстырғанда 1016 жеке тұлғаға артып отыр. Құжаттық тексерiс 3 тұлға бойынша жүргiзiлiп, оның 1 салық заңын бұзушылық фактiлерi анықталды. Тексерiс барысында 945,0 мың теңге есептелiнiп, оның 945,0 мың теңгесi бюджетке өндiрiлiп алынды.
Көлiк құралдары салығы бойынша 2016 жылы 42341 салық төлеушi есепте тұр. Бұл көрсеткiш 2013 жылмен салыстырғанда 22991 жеке тұлғаға кеміп отыр. Құжаттық тексеруге тек 3 тұлға ғана тартылып, салық заңын бұзу фактiлерi анықталмаған.
«Әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар туралы» Қазақстан Республикасының Кодексiне сәйкес салық заңының талаптарын бұзғаны үшiн 650 заңды тұлға 370217,2 мың теңге әкiмшiлiк айыппұлға тартылып, бюджетке 42832,6 мың теңге өндiрiлiп алынған және 481 жеке тұлға 8705,3 мың теңге әкiмшiлiк айыппұлға тартылған, бюджетке 5150,1 мың теңге өндiрiлiп алынған.
Мемлекеттік кірістер Басқармаінің 2016 жылы жүргiзген бақылау қызметiнiң нәтижелерiн талдау, 2015 жыл көрсеткiштерiмен салыстыру Алматы қаласы бойынша МКБ бақылау-экономикалық қызметiнiң жүргiзiлу деңгейiнiң бiршама қиыншылықтарға қарамастан, әлдеқайда алда екендiгiн көрсетiп отыр. Бұл ең алдымен МКБ қызметi органдары қызметкерлерiнің салық бақылауында жаңа жетiстiктердi пайдалану, жылдан-жылға жетiлдiрiлген әдiс-тәсiлдердi қолдану арқылы, салық тексерiс санын қысқартып, сапасын арттыру мақсатындағы жүргiзiлген жұмыстар қорытындысы.
Бұдан бiз елiмiзде салық заңдарының әлi де толық орындалмай, заң бұзушылық фактiлерiнiң әлі де кездесетінін көрiп отырмыз. Сол сияқты салық төлеушілердің салық мәдениетін әлі де болса дамыту жұмыстары жүргізіледі деген сөз. Ол үшін МКБ қызметі органдары тарапынан салықтардың, сол сияқты басқа да міндетті төлемдердің уақытылы, әрі дер кезінде толық бюджетке түсуі үшін талай жұмыстар жүргізуі қажет.
