- •Мазмұны
- •1 Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы қызметін ұйымдастыру
- •1.1 Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы: қызметі, құрамы, құрылымы
- •Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы құрылымы
- •1.2 Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы қызметін ұйымдастыру
- •2 Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы бақылау қызметін талдау
- •2.1 Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы салық бақылауын жүргізудегі қызметіне экономикалық талдау
- •1 Сурет. 2016 жылы Алматы қаласы бойынша мк басқармасында жүзеге асырылғaн салық тексерулерінің түрлері бойынша сандық үлесі
- •2 Сурет. 2015 жылдың 1 қаңтарына Алматы қаласы бойынша салық берешектерінің динамикасы
- •Қорытынды:
2 Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы бақылау қызметін талдау
2.1 Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы салық бақылауын жүргізудегі қызметіне экономикалық талдау
Салық бақылауының мәнiн салық төлеушi мен салық органдары арасында тiкелей немесе керi байланыстың болуы негiзiнде қарастыруға болады.
Тiкелей байланыс салық төлеушiлердiң салық заңдарын орындауын, салық төлемдерiнiң бюджетке толық көлемде және уақытылы төленуiн қамтамасыз етедi, сондай-ақ салық заңдарын бұзуды жою және болдырмау мақсатындағы ақпарат алу көзi болып табылады.
Керi байланыс салық төлеушiлерге әсер ету нәтижесiн бағалауға, анықталған бересiлердi жою жөнiнде бiлуге мүмкiндiк бередi. Керi байланыстың болуы салық бақылауын ұйымдастыруды жетiлдiру және жүргiзiлген тексерулердiң сапасын бағалауға мүмкiндiк бередi.
Мемлекет бюджетінің табыстарының ұлғаюына мынадай факторлар әсер етті:
- салық заңының жетілдірілуі;
- салықтардың әкімшілік етуінің жақсартылуы, оған өткен жылдардағы салық бересі сомасының азаюы дәлел бола алады;
- салық органдарының экономикалық бақылау қызметінің жақсаруы. Өндіріп алу коэффициенті (тексеру нәтижелері бойынша есеіттелінген сомалардың ішіндегі өндіріп алынған сомалардың үлес салмағы) өткен жылдарға қарағанда біршама көтерілді;
- кәсіпорындардың қаржылық жағдайының жақсаруы және т.б.факторлар.
Міндетті төлемдерді өтеу жолындағы жұмыстарды барынша жетілдірмейінше, бүгінгі күні орын алып отырған қаржы тапшылығын және бюджетті толықтыру мәселесін шешу мүмкін емес.
Мерзімінде төленбеген төлемдерді азайту мәселесі - бұрынғысынша негізгі және бірінші кезектегі міндет болып саналады.
Келесі ретте, Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы соңғы үш жылдағы салықтық бақылау қызметінің қаншалықты жетілгендігін және қызмет ету ерекшеліктерін жергілікті Салық басқармасының жұмыстарын қарастыру арқылы талдайтын болсақ, мысалға Алматы қаласы Алмалы аудандық салық басқармасын қарастыруға болады.
Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы бақылау-экономикалық жұмысының нәтижесі бойынша бюджетке салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер түседі. Сол сияқты салық Мемлекеттік кірістер Басқармаінің бақылау қызметінің арқасында салық төлеуші – заңды және жеке тұлғаларды тексеру нәтижесінде, түрлі салық заңын бұзушылыққа жол берулер анықталған жағдайда қосымша өндіріп алулар жүзеге асырылады. Енді Алматы қаласы бойынша бойынша бюджетке түскен салықтар мен басқа да міндетті төлемдерден басқа, салық органдарының жүргізген салықтық тексерулерінің нәтижесінде қосымша түскен сомаларға, оларды өндіріп алу тәртібіне тоқталайық.
Салық салу мен салықтық әкімшілендіруді оңтайландыру мақсатында салық заңнамасына салық есептілігін, салықтық тексеру нәтижелеріне шағым жасауға өтініштер беру мерзімін ұзарту, сондай-ақ есепті салық кезеңі үшін акциздер бойынша ақы төлеу мерзімін белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізілді.
Уәкілетті органдардың өзара іс-қимылы кезінде ақпараттық технологияларды және салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін электрондық бақылауды кеңінен пайдалану жолымен салықтың жинақталуын арттыруға қол жеткізілді. Жалпыға бірдей декларациялауға көшу мүмкіндігі де қолға алынды.
Жоғарыда атап өткеніміздей, жалпы, салық бақылауы салық төлеушілер мен салық объектілерін және соған байланысты объектілерді есепке алудан басталады немесе салық төлеушілердің мемлекеттік кірістер органдарына тіркелуімен тұрады.
Енді қала бойынша мемлекеттік кірістер органдарында тіркеуде тұрған тұлғалардың өсу қарқынына көңіл аударалық, немесе оны келесі 1-кестеден көруге болады.
1 кесте
2014 – 2016 жылдары тіркелген салық төлеушілердің жағдайын талдау
|
Есепте тұрған салық төлеуші саны |
Ауытқу, 2016-2015 жж. |
|||
2016 ж |
2015 ж |
2016 ж |
+,- |
% |
|
Заңды тұлғалар |
94924 |
97779 |
102423 |
7499 |
107,9 |
- оның ішінде ШКС |
25449 |
28719 |
11472 |
-13977 |
45,1 |
- есепті тұрған филиал, өкілдіктер саны |
2216 |
1336 |
1423 |
-793 |
64,2 |
Жеке кәсіпкерлер |
123752 |
132727 |
135681 |
11929 |
109,6 |
Адвокат |
891 |
914 |
915 |
24 |
102,7 |
Нотариус |
810 |
852 |
879 |
69 |
108,5 |
Барлығы: |
1298540 |
1316710 |
1399989 |
101449 |
107,8 |
Ескерту - Алматы қаласы бойынша МКБ есебі. Ф-2Н. 2014-2016ж. |
|||||
Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасынде 2015 жылдың 1 қаңтарына 102423 заңды тұлға және 1297566 жеке тұлға-салық төлеушiлер тiркеуде тұр, соның iшiнде жұмыс iстеп тұрған заңды тұлғалар саны 580 тұлға, 757 бірлігі жеке тұлғалар болып табылады. Өткен 2015 жылмен салыстырғанда тiркеуде тұрғандар саны 2016 жылы 7,9 пайызға артқан, алайда есепте тұрғандар мен жұмыс істеп тұрғандар арасындағы айырмашылық үлкен, мысалы, тіркеуде тұрған заңды тұлғалар саны өскенмен, жұмыс істеп тұрғандар саны мардымсыз аз.
Ал, келесі кезекте салық төлеуші ретінде тіркеліп, бірақ әрекет етпейтін салық төлеушілерге келетін болсақ, онда оны төменгі кестеден көруге болады.
2 кесте
2016 жылғы Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы салық төлеушілердің жағдайы
|
Есепте тұрған салық төлеуші саны |
Оның ішінде |
|||
Әрекет етуші |
Болмағандар |
Әрекет етпейтіндер |
|||
6 айдан асқан |
1 жылдан асқан |
||||
Заңды тұлғалар |
102423 |
62880 |
1535 |
7882 |
18963 |
- оның ішінде ШКС |
11472 |
10352 |
724 |
2564 |
5191 |
- есепті тұрған филиал, өкілдіктер саны |
1423 |
1041 |
29 |
172 |
317 |
Жеке кәсіпкерлер |
135681 |
104036 |
2 |
5025 |
4145 |
Адвокат |
915 |
380 |
2 |
0 |
7 |
Нотариус |
879 |
410 |
0 |
20 |
14 |
Барлығы: |
1399989 |
267532 |
1542 |
15668 |
25141 |
Ескерту - Алматы қаласы бойынша МКБ есебі. Ф-2Н. 2014-2016ж. |
|||||
Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасынде 2015 жылдың 1 қаңтарына 102423 заңды тұлға және 135681 жеке тұлға-салық төлеушiлер тiркеуде тұр, соның iшiнде жұмыс iстеп тұрған заңды тұлғалар саны 10352 тұлға, 104036 бірлігі жеке тұлғалар болып табылады. Мемлекеттік кірістер Басқармаімен 1 жылдам астам байланыс үзгендер саны жыл ішінде айтарлықтау өскен, сол сияқты әрекетсіз деп табылғандар саны да соңғы жылы артқан.
Сонымен, берiлген кестеден қала бойынша 2016 жылы МКБ-нде 102423 заңды тұлға есепке алынып, оның iшiнде жұмыс iстеп тұрғаны 62880, ал жұмыс жасамай iстен шығып қалғандары барлығы 18963 заңды тұлғаны құраса, оның iшiнде банкрот болып танылғаны 774 заңды тұлға екендiгiн көрiп отырмыз. Сонымен қатар МК Басқармаімен байланыс үзгендер саны 7882 заңды тұлға болса, оның iшiнде құқық қорғау органдарына жiберiлгенi 12 заңды тұлға болып отыр. Ал жеке тұлғалар бойынша 2016 жылы салық органдарында барлығы 1297566 жеке тұлға есепте тұр. Оның iшiнде жұмыс жасайтындары 104826, жұмыс жасамайтындары 4166 жеке тұлғаны құрап отыр.
2016 жыл бойы Мемлекеттік кірістер Басқармаінің бюджеттік түсімдерді ұлғайту бойынша жүргізілетін жұмыстарының сапасын жоғарлату және әкімшілік жағдайын жақсарту мақсатында көптеген әрекеттер жасаған.
Алматы қаласы бойынша МК Басқармаінің 2016 жылға арналған салық тексерулерiнiң қорытындысын келесi 3-кестеден көруге болады.
3 кесте
Алматы қаласы бойынша 2014-2016 жылдардағы Мемлекеттік кірістер Басқармаінің тексеру нәтижелері мың теңге
Кезеңдер |
Көрсеткіштер аталуы |
||||
Тексеру нәтижесінде есептелген салық сомасы, өсімімен бірге |
Оның ішінде, тек негізгі салық сомасы |
Төленген салық сомасы |
Есептелген өсім сомасы |
Оның ішінде төленгені |
|
2015 жыл |
83052745 |
66038725 |
1361115 |
1147391 |
517483 |
2013 жыл |
50861267 |
36596009 |
5912789 |
14260736 |
2077373 |
2016 жыл |
70270131 |
50057210 |
5516010 |
20197461 |
319860 |
Ескерту - Алматы қаласы бойынша МКБ есебі. Ф-2Н. 2016-2016ж. |
|||||
Барлық салықтық реформалар бақылаушы органдар сыбайлас жемқорлық деңгейін едәуір төмендеткен жағдайда ғана табысқа жететін болады, бұл басты міндеттердің бірі болып табылады. Осы мақсатта мемлекеттік кірістер органдары салық төлеушілерге ұсынатын электрондық қызметтердің тізбесін кеңейту жолымен кәсіпкерлік субъектілері мен бақылаушы органдардың жеке байланысын барынша азайтуды ұсынылып отыр.
Ауданның
экономикалық бақылау жұмыстарын
орындаудың негізгі міндеттері жаңа
технологияларды пайдалана отырып, яғни
ҚР ҚМ МКК базасында жасалған барлық
ақпараттарды енгізу арқылы салықтық
әкімшілік ету сапасын жақсарту мен
салық салу базасын кеңейту жолымен
мемлекеттік бюджеттің кіріс бөлігін
кеңейту және болжамды орындау болып
табылады.
Ал
2015 жылы бюджетке төленген тек тексеру
нәтижесінде есептелген салық сомасы
83052745,0
мың теңге болса, түсім сомасы 1361115,0
мың теңге немесе небәрі есептелген
салық сомасының 1,6 пайызы, бұл 2016 жылғы
көрсеткішпен салыстырғанда 7,8%-ға артық
немесе оны төмендегі 4-кестеден көруге
болады.
4 кесте
Алматы қаласы бойынша 2014-2016 жылдардағы әкімшілік құқық бұзушылық нәтижесінде түскен түсімдер кестесі
Аталуы |
Әкімшілік құқық бұзушылық анықталған салық төлеушілер саны |
Қосымша есептелген сомасы |
Өндірілгені |
||||||
2014 |
2014 |
2015 |
2016 |
2015 |
2015 |
2016 |
2016 |
2015 |
|
Заңды тұлғалар |
18426 |
17134 |
18436 |
17017597 |
10632207 |
5807797 |
796019 |
180571 |
243222 |
Жеке тұлғалар |
16574 |
15324 |
18441 |
257213 |
131498 |
101872 |
371703 |
54927 |
123770 |
Барлығы |
1392 |
32458 |
36877 |
17274810 |
10763705 |
5909669 |
1167722 |
235498 |
366992 |
Ескерту - Алматы қаласы бойынша МКБ есебі. Ф-2Н. 2016-2016ж. |
|||||||||
Кестеге талдау жасай отырып, 2016 жылғы салық төлеушілерге қосымша есептелген соманың 2015, 2016 жылдарға қарағанда айтарлықтай көп екендігін көруге болады. Өйткені, тексерумен қамтылып, құқықбұзушылық анықталған салық төлеушілер саны 2015 жылға қарағанда әлдеқайда азайған, бұл қала бойынша соңғы жылдары құқық бұзушылықтың азайғандығын, сол сияқты салық төлеушілердің салық мәдениетінің өскендігімен түсіндіріледі. Мемлекеттік кірістер Басқармаінің тарапынан жүргізілген тексерулердің саны өскен, нәтижесінде тексеру нәтижесінде заң бұзушылық анықталған салық төлеушілер саны да өскен, 2016 жылы 2015 жылмен салыстырғанда 264,9 пайызға артқан. Бұл қала бойынша салық төлеушілер санының жыл сайын өскеніне қарай, заң бұзу фактілерінің арту тенденциясы байқалады. Бұл көрініс жыл сайын салық төлеушілер санының өсуі мен орта және шағын бизнесті қорғауға арналған мораторидің аяқталуымен де байланысты. Әрине, өндірілмеген қарыздар сомасы да өсіп отыр. Оларға төмендегідей себептер бар: Салықтық бақылаудағы әкімшілік құқық бұзушылық бойынша есептелген сомалардың өндірілу жұмыстары жеткілікті орындалмады немесе дұрыс ұйымдастырылмауында. МКБ-нің салық түсімдерін арттыру мақсатында ірі көлемді кәсіпорындарды кешендік тексеруге жұмылуымен түсіндіруге болады. Сол сияқты заң бұзушылықтарға жол бергендердің басым көпшілігі жеке тұлғалар екендігі байқалады.
МКБ қызметкерлерінің көпшілігінің салық төлеуден және салықтық есепке тұрудан жалтарушы салық төлеушілерге жедел шара қолдану нәтижесінде қол жеткізілді. Салықтардың алынуы мен дұрыс төленуін бақылау мәселелерімен арнайы аппарат – салық қызметі айналысады. Салық қызметі құрылымдық ұйымдастырылуы мен әкімшілік жауапкершілігі жағынан айтарлықтай ерекшеленсе де Қаржы министрлігінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Қ
азақстан
Республикасы МКБ тұрақты түрде салық
органына салық және бюджетке міндетті
төлемдерді төлеуден жалтарушы салық
төлеушілерді анықтайтын шаралар жүргізіп
отырады. Бұл бағыт бюджетке түсетін
түсімдерді бақылаудың әрі қарай
тиімділігін анықтауда маңызды рөл
атқарады. Қазіргі қолданыстағы Салық
кодексі бойынша бюджетке түсетін
түсімдерді есепке алу төмендегідей
тәртіппен жүреді:
Бюджетке түсімдерді есепке алуды МКБ органдары салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдардың есептелген және түскен сомалары бойынша салық міндеттемелерінің орындалуын салық төлеушінің жеке шотында көрсету жолымен жүзеге асырады.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің түсуін есептеу бірыңғай бюджет сыныптамасына сәйкес жүргізіледі.
Жеке шоттарды жүргізу тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган белгілейді.
Соңғы жылдардағы қала бойынша салық төлеушілер тарапынан салықтық құқық бұзушылыққа қарсы МКБ органдары жүргізген салық тексерулерiнiң қорытындысын келесi 5-кестеден көруге болады.
5 кесте
Алматы қаласы бойынша МК Басқармаінің заңды тұлғаларға жүргiзген 2013-2016 жылдардағы салық тексерулерi
Тексеру түрлері |
2014 жыл |
2016 жыл |
Ауытқу, (-;+) |
Орындалу % |
Құжаттық тексеру, о.і. |
18559 |
9400 |
-9159 |
50,6 |
Кешенді |
551 |
584 |
33 |
106,0 |
Қарама-қарсы |
17313 |
8473 |
-8840 |
48,9 |
Тақырыптық |
695 |
343 |
-352 |
49,4 |
хронометражды |
115 |
47 |
-68 |
40,9 |
Ескерту - Алматы қаласы бойынша МКБ есебі. Ф-2Н. 2014-2016ж. |
||||
Берiлген кесте бойынша 2016 жылы 9400 заңды тұлға тексерумен қамтылған, өткен жылмен салыстырғанда көрсеткіш небәрі 50,6 % орындалған, оның iшiнде 584 - кешендi тексеру, өткен жылмен салыстығанда 33 тексеруге артқан немесе 106,0% артық орындалған, 8473 қарсы тексерулер, сонымен қатар 343 тақырыптық тексеру мен 47 хронометраждық тексерулер жүргiзiлген. Өткен жылмен салыстырғанда құжаттық тексеру саны 9159 тексеруге немесе 50,6 пайызға, яғни екі есеге қысқарып отыр.
Былтырғы жылдың МКБ жүзеге асырған қызметтерінің негізінде бірнеше әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталып, жеке тұлғаларға, лауазымды тұлғаларға, кәсіпорын басшыларына әкімшілік айыппұлдар салынған.
Алматы қаласы бойынша МКБ-мен экономикалық-бакылау жұмысын қарастырсақ, 2016 жылы жалпы 9400 салықтық тексерулер жүргізілген және ұйымдастырылған, оның ішінде 584 кешенді, 343 тақырыптық, 8473 қарама-қарсы. 2016 жылмен салыстырғанда тексерулер саны 9153-ға кеміген және аталған мәселелерді нақтырақ төмендегі 1-суреттен байқауға да болады.
2015 жылы жалпы қала бойынша берешектерді қамтамасыз ету бойынша келесі қамтамасыз ету әдістері қабылданды:
7984салық төлеушілердің банктік шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатылды. Өткен жылмен салыстырғанда осы операцияның 15% өсу байқалады.
101,3 млн.теңге жалпы сомасында мүліктің 256 тізімі жүргізілді. 2013 жылдың ұқсас кезеңдерінің көрсеткіштерімен салыстырғанда жүргізілген тізімнің көлемі 90% кеміді. Тіркелген мәліметтердегі телефондармен меке-жайлардың қате және толық еместігінен қарызгерлерді іздеуде туындайтын проблемаларды ескеру қажет.
