- •Мазмұны
- •1 Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы қызметін ұйымдастыру
- •1.1 Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы: қызметі, құрамы, құрылымы
- •Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы құрылымы
- •1.2 Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы қызметін ұйымдастыру
- •2 Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы бақылау қызметін талдау
- •2.1 Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы салық бақылауын жүргізудегі қызметіне экономикалық талдау
- •1 Сурет. 2016 жылы Алматы қаласы бойынша мк басқармасында жүзеге асырылғaн салық тексерулерінің түрлері бойынша сандық үлесі
- •2 Сурет. 2015 жылдың 1 қаңтарына Алматы қаласы бойынша салық берешектерінің динамикасы
- •Қорытынды:
Мазмұны
|
Кіріспе
|
|
1 |
Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы қызметін ұйымдастыру
|
|
1.1 |
Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы: қызметі, құрамы, құрылымы |
|
1.2 |
Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы қызметін ұйымдастыру
|
|
2 |
Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы бақылау қызметін талдау |
|
|
|
|
2.1
2.2 |
Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы салық бақылауын жүргізудегі қызметіне экономикалық талдау Қазақстан Республикасы салық қызметінің даму стратегиясы
|
|
|
Қорытынды
|
|
|
Қосымша |
|
Кіріспе
Мен диплом алдындағы тәжірибиені Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасында өттім.
Қаржы саласында студенттерді дайындаудың оқу процесіндегі маңызды элементтерінің бірі оқу кезеңінде алынған студенттердің теориялық білімін бекітіп және тереңдетуге, міндеттерді қою біліктілігіне, алынған нәтижелерді талдап, қорытынды шығаруға, өз бетінше ғылыми зерттеу жұмыстары дағдысын алуға және дамытуға ықпал ететін дипломалды өндірістік тәжірибесі болып табылады. Дипломалды өндірістік тәжірибесі диплом жұмысын орындауда және болашақта магистрант ретінде ғылыми жұмысты жалғастыруда үлкен мәнге ие.
Дипломалды өндірістік тәжірибесін өтудің басты мақсаты кәсіби білімді жүйелеу, кеңейту және бекіту, студенттің өз бетінше ғылыми жұмысты, зерттеулер мен сараптама (эксперимент) жүргізу дағдыларын қалыптастыру болып табылады.
Дипломалды өндірістік тәжірибесінің негізгі міндеті өзекті ғылыми мәселерді зерттеу тәжірибесін алу, сонымен қатар бағдарламаны бітіруге байланысты біліктілік жұмысы – дипломдық жұмысты орындау үшін қажетті материалдарды жинақтау болып табылады.
Дипломалды өндірістік тәжірибесінің базасы Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік Кірістер Басқармасы болып табылады. Басқарманың негізгі қызмет бағыты өз құзыреті шегінде кеден ісі саласындағы реттеуші, іске асыру және бақылау функцияларын, салықтардың кеден және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық және уақтылы түсуін, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналарын есептеуді, ұстауды, аударуды, әлеуметтік аударымдарды есептеуді және төлеуді қамтамасыз ету, этил спирті мен алкоголь өнімдерінің, темекі өнімдерінің өндірісін, айналымын, мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерінің және биоотынның айналымын мемлекеттік реттеу, оңалту және банкроттық саласындағы мемлекеттік реттеу және бақылау, салық саясатын және кеден ісі саласындағы саясатты іске асыруға қатысу, Қазақстан Республикасында Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізумен, оларды Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағында кедендік бақылауда тасымалдаумен, уақытша сақтаумен, кедендік декларациялаумен, кедендік рәсімдерге сәйкес шығарумен және пайдаланумен, кедендік бақылау жүргізумен, кедендік төлемдерді және салықтарды төлеумен байланысты қатынастарды, сондай-ақ кеден органдары мен көрсетілген тауарларды иелену, пайдалану және мемлекеттік кірістер органдары мен билік ету құқығын іске асыратын тұлғалар арасындағы билік қатынастарын кедендік реттеуді әзірлеуге және іске асыруға қатысу, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде экономикалық және қаржылық қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу, оларды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу функцияларын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер Комитетінің Алматы қаласындағы ведомствосы болып табылады.
Дипломалды өндірістік тәжірибесін өту барысында атқарылған жұмыстар:
Дипломдық жұмыс тақырыбын негіздеу;
зерттеуді жүргізу жоспары мен кестесін құрып бекіту;
зерттеуді жүргізу; (нақты міндеттер мен мақсатты қою, жұмысшы гипотезаны қалыптастыру, зерттеу тақырыбы бойынша отандық және шетелдік мамандардың еңбектерін жинақтау және сынап талдау)
ғылыми зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша библиография құру;
зерттеу объектісі мен пәнін сипаттау;
зерттеу пәні туралы ақпаратты жинау және талдау;
қарастырылып отырған мәселенің жекелеген аспектілерін оқу;
зерттеу объектісіндегі салықтық әкімшілендіру қызметінің соңғы үш жылдағы атқарылуына байланысты мәселелерді зерттеу;
алынған ақпараттарды статистикалық және математикалық талдау;
Мемлекеттік кірістер Басқармаінің салықтық әкімшілендіруді жүзеге асырудағы қызметін ұйымдастырудағы мәселерін, Басқарманың бақылау қызметін оңтайландырудың негізгі бағыттарын қарастыру;
жергілікті кітапхана, интернет ресурстарын пайдалану арқылы ғылыми әдебиеттерді талдау;
жүргізілген зерттеу қорытындыларын безендіру және оны дипломдық жұмысты орындау бойынша ғылыми жетекшімен келісу.
