Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
0;8-10520 - .docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.03 Mб
Скачать

1.2 «Каспийаймақтық сертификаттау орталығы» жшс-нің ұйымдастырушылық құрылымы

«Каспийаймақтық сертификаттау орталығы» ЖШС-нің ұйымдастырушылық құрылымы 1-суретте көрсетілген.

1.3 Қызмет көрсету саласының бағдарламасы

Қызмет көрсету саласы. «Каспий аймақтық сертификаттау орталығы» ЖШС-нің сәйкестікті растау жөніндегі ұйым келесі қызметтер көрсетеді:

1) өнімнің сәйкестігін растау:

  • автотранспорт құралдары;

  • кабель;

  • жеңіл өнеркәсіп;

  • машинажасау;

  • металлургия;

  • мұнай;

  • радиотехника;

  • байланысу құралдары;

  • телекоммуникация құралдары;

  • құрылыс материалдары мен конструкциялары;

  • ағаш өңдеу тауарлары;

  • химия;

  • электротехника;

  • косметика.

2) стандарттау:

  • НҚ актуализациясы;

  • стандарттау, сертификаттау және метрология сұрақтары бойынша ақыл-кеңес беру;

  • ӨҚ ҚР Мемреестріне өлшеу құралдарын енгізу жөніндегі анықтамалық берілгендерді іздеу және беру;

  • НҚ қызмет ету мерзімі, қайта қаралуы, өзгерістердің бар болуының, жойылуы жөніндегі анықтамалық берілгендерді беру және іздеу;

  • міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің тізіміне енгізілетін тауарлар жөнінде анықтамалық берілгендер жинау.

3) қызметті сертификаттау (АЗС, СТО, қонақ үйлер);

4) сериялық өндірісті сертификаттау;

5) сапа менеджмент жүйесінің сәйкестігін растау;

6) экологиялық менеджменттің сәйкестігін растау.

Сынау Орталығының қызмет саласы

  1. өнімді сертификациялық сынау (автотранспортты құралдарды, электротехникалық, радиотехникалық құралдарды).

  2. әлеуетті қауіпті өндірісті сынау:

  • ҚР территориясында қолдануға рұқсат алу үшін, өнеркәсіптің қауіпсіздік талаптарына сай материалдардың, техникалық қондырғылардың, технологиялардың сәйкестігі жөнінде эксперттік қорытындыны беру;

  • ЧС бойынша Министрлікте техникалық қондырғыларды және технологияларды қолдануға рұқсат алуда көмек көрсету;

  • өнеркәсіптік қауіпсіздік аймағында сараптама жүргізу;

  • қауіпті өндірістік объекттердің өнеркәсіптік қауіпсіздік Декларациясын әзірлеу және құру;

  • техникалық диагностикалау және ыстық су мен бу құбырларының, пештің қысымының астында жұмыс істейтін жолдарының қызмет көрсету мерзімін ұзарту;

  • бұрғылау және мұнай қондырғылары мен құралдарына диагностика жүргізу;

  • бақылауды бүлдірмейтін әдістермен өнімді бақылау;

  • өнеркәсіптік қауіпсіздік аймағында эксперттік қорытындыны беру бағытында өндірісте аттестация жүргізу;

  • машина жасау өнімдеріне экспертті тексеру;

  • энергетикалық қондырғыларға диагностика жүргізу;

  • қысым астында жұмыс істейтін жүккөтергіш механизмдерді тексеру және сертификаттау сынауларын өткізу.

Жұмыс орындарын аттестациялау:

- жұмыс орнындағы шуды және дірілді өлшеу;

- жұмыс зонасындағы ауаның ылғалдылығын анықтау;

- жұмыс орнының радиометрикалық өлшеулері;

- жұмыс орнындағы жасанды және табиғи жарықтандырудың деңгейін анықтау;

- жұмыс орнындағы ауаның ластануы мен газдалуын өлшеу;

- жұмыс орнындағы тоқтың кернеуін, магнит өрісінің кернеуін, электрлік өрістердің деңгейін анықтау.

3) ӨҚ тексеруі (сызғыштар, ағаш метрлер, метрштоктар, микрометрлер, нутрометрлер, өлшегіш рулеткалар, бұрыш өлшегіштер, бұрыштағыштар, штангенциркульдер, автосистерналар).

4) радиациялық жағдайларды бақылау және радиологиялық зерттеулер:

- жаяу, гамма-жинап алу;

  • сәйкестік сертификатын беруде, қоршаған орта объектілері мен құрылыс материалдарының сынамасында К-40, Тh-232, Ra-226, Cs- 137 радионуклидтердің үлесті және көлемді активтілігін анықтау;

  • кеден тәртібінде орналасатын, көлік құралдарының, тауарларларының, металл сынықтарының, өнеркәсіптік мекемелердегі жұмыс орындарының, қоғам және тұрғын үйлерінің, елді мекендер мен құрылыс учаскелерінің территорияларын радиометрикалық өлшеу;

- мұнай және газ кен орындарында радиациялық мониторинг.

5) өлшеу, сынау және аналитикалық зертханаларын аттестациялау;

6)1000В жоғары немесе төмен электр қондырғыларды және электр қондырмаларды сынау және өлшеу.

Сынау орталығының техникалық жабдықталуы. «Каспий аймақтық сертификаттау орталығы» ЖШС сынау орталығының құрамында 2 зертхана қызмет етеді:

- электротехникалық сынау зертханасы;

- автокөлік құралдарының сынау зертханасы.

Сынау орталығы тапсырыс берушіге нормативтік құжат талаптарына сертификациялық сынаудың толық сәйкестігінің сапасының жоғары деңгейіне кепіл береді.

Қазіргі заманғы құралдармен және арнайы жабдықтармен жабдықталған электротехникалық сынау зертханасы радиоэлектрондық, электронды, электротехникалық және тұрмыстық техника бұйымдарына сертификациялық сынауды жүргізеді.

2- сурет. Электротехникалық және кабельді өнімдерге сертификациялық сынауды жүргізу үшін арнайыланған сынау жабдығы.

3 – cурет. «КСО» ЖШС сынау орталығы

Автокөліктік құралдардың сынау зертханасында автокөліктік құралдарын сертификациялық сынауды сапалы және жылдам жүргізуді қамтамасыз ететін техникалық бақылаудың компьютерленген қазіргі заманғы жолы орнатылған, сонымен қатар бұл жолды мемлекеттік техникалық тексеру және жөндегіш-реттегіш жұмыстарды жүзеге асыру кезінде қолдануға болады.

Сертификациялық сынауды Қазақстан мен Ресейдің оқу орталығында дайындықтан өткен, жоғары мамандандырылған мамандар жүргізеді. Олар өнімді және қызметті сынаумен байланысты барлық сұрақтар бойынша кеңес береді.