- •Дипломдық жұмыс
- •5В073200 - Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығы
- •Дипломдық жұмыс
- •5В073200-Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығы
- •5B073200-Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығы
- •Дипломдық жұмыс орындауға тапсырма
- •Кестесі
- •Қолтаңбалары
- •Мазмұны
- •Мазмұны
- •Андатпа
- •Аннотация
- •1 «Каспий аймақтық сертификаттау орталығы» қызметінің сапалық саясаты
- •1.1 «Каспий аймақтық сертификаттау орталығы» туралы мәлімет
- •1.2 «Каспийаймақтық сертификаттау орталығы» жшс-нің ұйымдастырушылық құрылымы
- •1.3 Қызмет көрсету саласының бағдарламасы
- •1.4 «Каспий аймақтық сертификаттау орталығы» қызметін аккредиттеу
- •2 «Каспий аймақтық сертификаттау орталығы» қызмет сапасын жетілдіру
- •2.1 Сапа менеджмент жүйесін енгізу
- •2.1.1 Смж ішкі аудитын ұйымдастыру
- •2.1.2 Смж ішкі құжаттарын басқару
- •2.2 Қызмет сапасының халықаралық деңгейі
- •2.3 Экологиялық менеджмент
- •3 «Каспийаймақтық сертификаттау орталығы» жшс-нің сынақ жүргізу орталығының сапа бойынша басшылығын талдау
- •3.1 Қолдану саласы
- •3.2 Басқаруға қойылатын талаптар
- •3.3 Техникалық талаптар
- •4 Нормативтік құжаттаманы құру
- •4.1 Cынақ жүргізу орталығы басшысының лауазымдық нұсқауы
- •4.2 Жобаны әзірлеудің нормативтік базасы
- •4.3 Нұсқаулық жобаның құрылымын қалыптастыру
- •5 Өнімдер сапасына бақылауды ұйымдастыру
- •5.1 Өнімдер сапасын бақылау қызметінің міндеттері мен функциялары
- •5.2 Өнімдер сапасын бағалау
- •5.3 Өнімдер сапасын өлшеу құралдарының метрологиялық аттестациясы
- •5.4 Статистикалық бақылау әдістерін қолдану
- •5.5 Сапаның бағалануын бақылау
- •6 Аккредиттеуді жүргізу мақсаттары мен принциптері
- •6.1 Аккредиттеуге дайындау және жүргізу тәртібі
- •6.2 Аккредиттеу аттестатының әрекеттерін тоқтату және уақытша тоқтату
- •6.3 Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру тәртібі
- •6.3.1 Тексерісті жүргізу тәртібі
- •6.3.2 Тексеріс нәтижесін рәсімдеу тәртібі
- •7 Техникалық-экономикалық негіздемесі
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- •Ішкі аудитті өткізудің бағдарламасының пішіні
- •Г Қосымшасы Ішкі аудиттің қорытындысы бойынша келісу пішіні.
- •Аудит қорытындысы бойынша
- •1. Сапа жүйесін тексеру және бағалау комиссиямен жүргізілді
- •2. Комиссияның құрамы:
- •3. Тексеру мен бағалауды өткізуге негіздеме
- •5. Тексерудің нәтижелерінің қысқаша мазмұны,сәйкессіздіктерді көрсетумен
- •Г Қосымшасы
- •7. Аудит бойынша топ басшысының ұсыныстары:
- •Д Қосымшасы Сапа менеджмент жүйесінің халықаралық сертификаты
5.2 Өнімдер сапасын бағалау
Өнім сапасын бағалау бүгін көптеген көрсеткіштермен өлшенетін күрделі технологиялық процесс. Соңғы тұтынушыға жеткенше, кәсіпорындардың өндірісінің барлық сатыларында мұқият тексеруден өту керек. Сынау зертханасында күрделі құрылғылардың барлығын қадағалайды. Өндірістік процесті автоматтандыру шикізаттың адаммен және ауамен араласуын болдырмайды. Құраушыларды дайындауға ерекше көңіл бөлінеді.
Өнім сапасын бағалау бойынша жүйелі шараларды қолдану өнім сапасын басқару жүйесінің басты элементтерінің бірі болып келеді. Сапа дәрежесі сапа өлшемі болып келеді.
Өнім сапасының дәрежесі деп өнімнің базалық көрсеткіштер жиынтығының оның сапа көрсеткіштер жиынтығымен салыстыруға негізделген саласының салыстырмалы сипаттамасын айтады.
Сапа дәрежесін салыстырмалы бағалауды жүргізу үшін сапа көрсеткіштері базалық болып есептелетін эталонды үлгілерді қабылдайды. Көбінесе эталон ретінде одақтық және шетелдік ең жақсы үлгілерді таңдайды, ал базалық көрсеткіштер бірлікті, комплексті және интегралды бола алады.
Эталондар берілуі үшін:
- нақты бұйыммен;
- стандартпен;
- жоспарланған бұйыммен.
Өнім сапасының дәрежесін бағалау бойынша шаралар бірізділігі келесідей:
- өнім сапасының дәрежесін бағалау мақсаттарын анықтау;
- сапа көрсеткіштерін талдау және оларды анықтау;
- сапа көрсеткіштерін анықтау;
- базалық көрсеткіштерді таңдау;
- сапа дәрежесін бағалау әдісін таңдау;
- сапа дәрежесін бағалау.
Сапа дәрежесін бағалау бір текті өнім бойынша да (бір класс және тағайындалуы бойынша бұйымдар), кәсіпорындардың белгілі бір тобымен немесе жеке кәсіпорынмен, немесе саламен шығарылатын әртүрлі өнім бойынша да жүргізіледі.
Біртекті өнім сапасының дәрежесін бағалау үшін дифференциалды, кешенді немесе аралас әдістер қолданылады.
5.3 Өнімдер сапасын өлшеу құралдарының метрологиялық аттестациясы
Метрологиялық аттестаттаудың негізгі мақсаттары мыналар:
өлшеу құралдардың төлқұжатта көрсетілген құжаттарға метрологиялық сипатының сәйкестігін анықтау;
өлшеу құралдардың салыстырып тексеруге керекті метрологиялық сипатының тізімін жасау;
салыстырып тексеру тәсілін жасап көру.
Өлшеу құралдарының метрологиялық аттестаттау жұмысын және оны жүргізген үшін төлем ақысын шаруашылық келісім-шарт арқылы жүргізеді. Бұл келісім-шарт ішінде жұмыстың біту мерзімі және басқа талаптар кіреді.
Ведомствалық метрологиялық қызметтермен метрологиялық аттестацияға жататын өлшеу құралдарының метрологиялық аттестация бойынша жұмыстардың жобалануы ұйымның тағайындалған тәртібіне сәйкес іске асады.
Метрологиялық аттестациядан өткен өлшеу құралдарды пайдалану, сақтау және жөндеу процесі кезінде метрологиялық аттестация жөніндегі төлқұжатында көрсетілген әдістерге сәйкес салыстырып тексеруден өтеді. Құрылымына немесе қолдану жағдайына өзгерістер енгізілген өлшеу құралдары, үлгілі өлшеу құралдары, разрядын өзгерту қажеттігі туындаған салыстырып тексеру қондырғылары және нормалық метрологиялық сипаттамаларын өзгертуі талап етіп отырған өлшеу құралдары қайта метрологиялық аттестациядан өтуі керек.
Өндірілген өлшеу құралдарының жарамдылығы жөнінде шешімді метрологиялық аттестацияның оң нәтижесі негізінде қабылдау керек:
мемлекеттік метрологиялық қызметінде ұйым басшысымен жүргізген метрогогиялық аттестациядан өткен өлшеу құралдары;
өлшеу құралдарының метрологиялық аттестациясын жүргізеді:
мемлекеттік метрологиялық қызмет;
ведомствалық метрологиялық қызметтер және өлшеу құралдарын мемлекеттік сынау бойынша басты ұйымдар.
Мемлекеттік мтрологиялық қызметте метрологиялық аттестациядан ҚР СТ 2.30 «ҚР-ның өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесі. Өлшеу құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу тәртібі» сәйкес міндетті мемлекеттік салыстырып тексеруге жататын өлшеу құралдары өтеді.
Жоғарыда айтылмаған өлшеу құралдары ведомствалық метрологиялық қызметінің метрологиялық аттестацисынан өтеді.
Өндірістің метрологиялық қызметінде үлгілі өлшеу құралдары және/немесе қажетті жағдайлар болмаған жағдайда, өлшеу құралдарына метрологиялық аттестацияны ведомствалық метрологиялық қызметтің басты ұйымдары, басқа ведомстваның метрологиялық қызметтері немесе мемлекеттік метрологиялық қызметтер жүргізуге құқылы.
Жоғарыда көрсетілмеген, басқа кәсіпорындармен келісім-шарт бойынша өндірілген өлшеу құралдарының метрологиялық аттестациясын техникалық тапсырмада (немесе келісім-шартта) айтылған жағдайда, міндетті түрде кәсіпорын өндіруші, метрологиялық қызметті ұсынатын ұсыныс берушінің қатысымен жүргізу керек.
Өлшеу құралдарының метрологиялық аттестациясы ведомствалық қабылдау және қабылдау-өткізу сынақтарымен бірге жүргізу жіберіледі.
Өлшеу каналдарының жүйесіне және сынау құрылғыларының құрамына кіретін өлшеу құралдарының метрологиялық аттестациясын, өлшеу каналдарын метрологиялық аттестаттау және сынау құрылғыларының аттестациясымен бірге жүргізу жіберіледі. Бұл жағдайда өлшеу құралдарының метрологиялық аттестациясының әдісі мен бағдарламасы, өлшеу каналдарының метрологиялық аттестаттау бағдарламасына және сынау құрылғыларын аттестаттау бағдарламасына біріктіріліп жіберіледі.
Жоғарыда айтылған жағдайларда, өлшеу құралдарына метрологиялық аттестаттау жүргізу кезінде метрологиялық қызметтің өкілі қатысуы керек.
Ведомствалық метрологиялық қызмет үшін қолданылатын бірінші реттік үлгіге оның, яғни үлгінің арнайлылығына сәйкес метрологиялық аттестацияны басты эталондар орталығы жүргізеді.
Келесі үлгілерге метрологиялық аттестацияны мемлекеттік немесе ведомствалық метрологиялық қызметтер орталығы жүргізеді. Отандық өндірістің өлшеу құралдарын метрологиялық аттестацияға техникалық құжаттармен бірге және төменде келтірілген құжаттар жиынымен бірге жібереді:
өңдеуге техникалық нұсқаулықтар немесе оның орнын ауыстыратын, өлшеу құралдарына техникалық жағдайы мен талаптарын құрайтын құжат;
МСТ 2.601 бойынша пайдалану құжаттамасы;
метрологиялық аттестация жобасы;
салыстырып тексеру әдісіне құжаттар жобасы;
өндірушімен жүргізілген алдын-ала сынау протоколы, егер бұл сынаулар техникалық нұсқаулықта қарастырылған болса.
Автоматты басқару жүйесіне және басқа жүйелерге кіретін өлшеу каналдарына метрологиялық аттестацияны жүргізу үшін, қосымша келесі құжаттар көрсетіледі:
жүйеге техникалық құжаттар;
метрологялық аттестацияға жататын өлшеу каналдарының жүйесі, өлшеу каналдарының құрылымды элементі болып табылатын, өлшеу құралдарының салыстырып тексеруін растайтын құжаттар немесе метрологиялық аттестация жөнінде куәлік.
Егер жүйенің техникалық құжатында метрологиялық сипаттамаларға, сонымен қатар өлшеу каналдарының метрологиялық сипаттамаларына талаптар тағайындалмаса, онда бұл талаптар тапсырыс берушінің метрологиялық қызметімен немесе жүйені өңдеуші қызметкерімен, метрологиялық аттестация бойынша жұмысы басталғанға дейін өңделуі керек.
Салыстырып тексеру қондырғысының техникалық құжаттамаларының құрамына қосымша үлгілі өлшеу құралдарының салыстырып тексеру жөніндегі куәлігін көрсетеді. Аз партиялы немесе бір экземплярлы импорт бойынша иемденген өлшеу құралдарына аттестация жүргізу үшін, тұтынушы келесі құжаттарды ұсынады:
әкелінетін өлшеу құралдарына, өндіруші-ұйыммен ұсынылатын құжаттар жиынын;
нормативті-құжаттардың талаптарын ескерумен, өндіруші-ұйымның құжаттары негізінде өңделетін,пайдалану құжаттарын;
метрологиялық аттестация жобасын;
салыстырып тексеру әдісіне құжаттар жобасын.
Метрологиялық аттестация жобасы және өлшеу құралдарын салыстырып тексеру әдісі метрологиялық аттестация жүргізетін ұйыммен өңделуі мүмкін, егер бұл жұмыстар келісім-шартта көрсетілсе.
Қажет жағдайда, метрологиялық аттестация жүргізетін ұйыммен келісім бойынша, өңдеуші-ұйым аттестатталатын өлшеу құралдарының нормальды қызмет атқаруы үшін және экспериментальды сынау жүргізуі үшін қажетті үлгілі өлшеу құралдарын және басқа да қондырғыларын ұсынады.
