Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
0;8-10520 - .docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.03 Mб
Скачать

6.2 Аккредиттеу аттестатының әрекеттерін тоқтату және уақытша тоқтату

Заңды тұлғаның метрологиялық қызметінің аккредиттеу аттестаты өз іс-әрекеті мерзімін уәкілетті мемлекетік органның шешімі бойынша алты ай мерзімге мынадай жағдайларда тоқтатады:

  • оның әрекеттерінде аккредиттелген метрологиялық қызметтің өлшемді орындау әдістемесіне метрологиялық аттестаттау құқығының талаптарына сәйкес келмеуі анықталады;

  • мемлекеттік метрологиялық қадағалаудың теріс нәтижелерінде;

  • заңнамамен қарастырылған жағдайлар.

Аккредиттеу аттестатының әрекеті уақытша тоқталуына себепкер болған, себептерін жойғаннан соң, аккредиттеу аттестатының әрекеті қайта жалғастырылады. Аккредиттеу аттестаты өз мерзімін, аккредиттеу аттестатының мерзімі аяқталғаннан кейін тоқтатады, және де уәкілетті мемлекеттік органның ұсынуымен, аккредиттеу аттестатының әрекеттерін тоқтатуға себеп болған жағдайларды жоймаған жағдайларда, сотпен тоқтатылады.

6.3 Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру тәртібі

Сынақ орталығында ҚР СТ 2.15 сәйкес және қолданыстағы нормативті құжаттарға сәйкес метрологиялық талаптар мен нормалардың сақталуын қадағалаудың мақсаты - өлшеу құралдарының шығарылуына, жағдайына және қолданылуына, өлшеуді орындау әдісінің қолданылуына, өлшем бірліктерінің эталондарына жјне метрологиялық талаптармен нормалардың сақталуына мемлекеттік метрологиялық қадағалау жүргізу.

Жүргізілетін қадағалаудың тексерістің негізгі мақсаты төмендегілер:

  • ҚР СТ 2.21 және ҚР СТ 2.30 талаптарына сәйкес өлшеу құралдарының импортталуы және шығарылуының сәйкестігі;

  • ҚР СТ 2.3, ҚР СТ 2.4 және өлшеу құралдарымен қондырғылардың нормативті құжаттарындағы талаптарға сәйкес өлшеу құралдарының және қондырғылардың қолданылуының және жағдайының сәйкестігі;

Тексерісті жүргізетін мемлекеттік қадағалау бойынша бөлімше ҚР СТ 2.15 сәйкес тексеріс жүргізуге мақсаттар дайындайды. Тексеріске қосымша мамандарды тарту қажеттілігі туса, онда бір топ комиссия құрылады. Комиссия құрамына сәйкес қызмет саласында қызмет атқаратын қызметкерлер кіруі мүмкін. Комиссия мемлекеттік инспекторымен басқарылады. Комиссия тексеріліп жатқан заңды немесе құқылы тұлғаның қызметінде қолданылатын, метрологиялық талаптар мен нормаларды құрайтын стандарттар, техникалық шарттар және т.б нормативті құжаттармен танысады.

6.3.1 Тексерісті жүргізу тәртібі

Тексеріс жүргізу комиссияның басшысы сынақ орталығының зертхана басшысына тексеріс мақсатын ұсынады. Егер зертхана басшысы болмаған жағдайда, онда келіссөздер зертхана басшысының орынбасарымен жүргізіледі. Тексеріс жүргізу комиссиясына тексеріс жүргізуге қажетті жағдай жасалынады.

Тексеріс жүргізу кезінде комиссия сынақ орталығы зертхана басшысының қатысуымен келесілерді тексереді:

  • өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз ету бойынша нормативті құжаттарды, сонымен қатар олардың өзектендірілуінің қамтамасыздандырылуын;

  • өлшеу шамаларын, олардың атауларымен белгіленулерінің дұрыстығын;

  • өндірілетін және кіргізілетін ӨҚ-ның өлшеу бірыңғайлығын қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесінің реестрінде тіркелуін және сериялық өндіріске арналған немесе партиямен кіргізілетін өлшеу құралдарының түрін бекіту туралы сертификаттың болуын;

  • ӨҚ мемлекеттік метрологиялық бақылау мен салыстырып тексеруге жататын өлшеу құралдарына қатыстығын анықтаудың дұрыстығын;

  • салыстырып тексеру туралы жұмысшы сертификаттың және қолданылатын ӨҚ-да таңбаның болуын;

  • инспекциялық салыстырып тексеру жүргізу жолымен ӨҚ-ның шынайы жағдайын;

  • метрологиялық қызметтің жағдайы мен өлшеу құралдарының жағдайын қадағалау бұйрығын, өлшеу құралдарының тіркеу пішімін және графиктік болуын салыстырып тексеру;

  • өлшеу құралдарының техникалық қызмет көрсету жұмысын қамтамасыз етуі;

  • бастапқы немесе бағынышты сапасына байланысты қойылған тәртіп бойынша эталонның бірлік көлемін дәлелдеу;

  • өлшеу құралдарының эталондарын салыстырып тексеру үшін нормативті құжаттарға сәйкес эталонның қолдану мен сақтау шарты;

  • өлшеу методикасының орындалу талабын қадағалау;

  • технолгиялық процесті қамтамасыз етуін өлшеу және сынау құрамдарының бақылау операциясың жүргізілуін;

  • кәсіпорынға құқылы лицензияның болуын, салыстырып тексеру және жөндеу шараларының қадағалануы;

  • сынау орталығының аккредитациялық аттестатының болуының өлшеу құралдарына байланысты сынау жүргізу құқығына ие болуын;