- •Дипломдық жұмыс
- •5В073200 - Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығы
- •Дипломдық жұмыс
- •5В073200-Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығы
- •5B073200-Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) мамандығы
- •Дипломдық жұмыс орындауға тапсырма
- •Кестесі
- •Қолтаңбалары
- •Мазмұны
- •Мазмұны
- •Андатпа
- •Аннотация
- •1 «Каспий аймақтық сертификаттау орталығы» қызметінің сапалық саясаты
- •1.1 «Каспий аймақтық сертификаттау орталығы» туралы мәлімет
- •1.2 «Каспийаймақтық сертификаттау орталығы» жшс-нің ұйымдастырушылық құрылымы
- •1.3 Қызмет көрсету саласының бағдарламасы
- •1.4 «Каспий аймақтық сертификаттау орталығы» қызметін аккредиттеу
- •2 «Каспий аймақтық сертификаттау орталығы» қызмет сапасын жетілдіру
- •2.1 Сапа менеджмент жүйесін енгізу
- •2.1.1 Смж ішкі аудитын ұйымдастыру
- •2.1.2 Смж ішкі құжаттарын басқару
- •2.2 Қызмет сапасының халықаралық деңгейі
- •2.3 Экологиялық менеджмент
- •3 «Каспийаймақтық сертификаттау орталығы» жшс-нің сынақ жүргізу орталығының сапа бойынша басшылығын талдау
- •3.1 Қолдану саласы
- •3.2 Басқаруға қойылатын талаптар
- •3.3 Техникалық талаптар
- •4 Нормативтік құжаттаманы құру
- •4.1 Cынақ жүргізу орталығы басшысының лауазымдық нұсқауы
- •4.2 Жобаны әзірлеудің нормативтік базасы
- •4.3 Нұсқаулық жобаның құрылымын қалыптастыру
- •5 Өнімдер сапасына бақылауды ұйымдастыру
- •5.1 Өнімдер сапасын бақылау қызметінің міндеттері мен функциялары
- •5.2 Өнімдер сапасын бағалау
- •5.3 Өнімдер сапасын өлшеу құралдарының метрологиялық аттестациясы
- •5.4 Статистикалық бақылау әдістерін қолдану
- •5.5 Сапаның бағалануын бақылау
- •6 Аккредиттеуді жүргізу мақсаттары мен принциптері
- •6.1 Аккредиттеуге дайындау және жүргізу тәртібі
- •6.2 Аккредиттеу аттестатының әрекеттерін тоқтату және уақытша тоқтату
- •6.3 Мемлекеттік метрологиялық қадағалауды жүзеге асыру тәртібі
- •6.3.1 Тексерісті жүргізу тәртібі
- •6.3.2 Тексеріс нәтижесін рәсімдеу тәртібі
- •7 Техникалық-экономикалық негіздемесі
- •Қорытынды
- •Пайдаланған әдебиеттер тізімі
- •Ішкі аудитті өткізудің бағдарламасының пішіні
- •Г Қосымшасы Ішкі аудиттің қорытындысы бойынша келісу пішіні.
- •Аудит қорытындысы бойынша
- •1. Сапа жүйесін тексеру және бағалау комиссиямен жүргізілді
- •2. Комиссияның құрамы:
- •3. Тексеру мен бағалауды өткізуге негіздеме
- •5. Тексерудің нәтижелерінің қысқаша мазмұны,сәйкессіздіктерді көрсетумен
- •Г Қосымшасы
- •7. Аудит бойынша топ басшысының ұсыныстары:
- •Д Қосымшасы Сапа менеджмент жүйесінің халықаралық сертификаты
4.2 Жобаны әзірлеудің нормативтік базасы
Нұсқаулықтың жобасын әзірлеу үшін келесі нормативтік база қолданылады:
- ҚР СТ 1.0-98 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесі. Негізгі жағдайлар;
- ҚР СТ 1.1-94 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесі. Терминдер мен анықтамалар;
- ҚР СТ 1.2-98 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесі. Мемлекттік стандарттарды әзірлеу тәртібі;
- ҚР СТ 1.3-93 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесі. Техникалық шарттарды әзірлеу, келістіру, бекіту және мемлекеттік тіркеу реті;
- ҚР СТ 1.4-93 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесі. Кәсіпорын стандарты. Жалпы техникалық шарттар;
- ҚР СТ 1.5-93 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесі. Стандарттардың құрылуына, баяндалуына, рәс імделуіне және мазмұнына жалпы талаптар;
- ҚР СТ 1.6-96 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттарының түпнұсқалары мен көшірмелерін есепке алу, сақтау және қалпына келтіру реті;
-ҚР СТ 1.7-98 Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау жүйесі. Стандарттау бойынша жұмыстарды жоспарлау реті;
- МЕСТ 2.601-95 ҚҚБЖ. Пайдалану құжаттары.
4.3 Нұсқаулық жобаның құрылымын қалыптастыру
Нұсқаулықты әзірлеуге бірқатар талаптарды орындау қажет:
- нұсқаулық мазмұнында болуы керек: тағайындалуы мен қолдану облысы, негізгі техникалық сипаттамалар (пайдаланушылық), бұйымның жинақтылығы, бұйымды жұмысқа дайындау, бұйымды пайдалануға енгізу реті, бұйымды жұмысқа дайындау, сақтану шаралары, басқа шаралар;
- нұсқаулықта материалдардың минимум көлемі болуы қажет, баяндалуына оңай қол жеткізілу қажет, “Өлшеу бірлігі туралы” заң талаптары сақталу қажет.
Нұсқаулық мәтіні қысқа, нақты, түрлі түсінік берулері жоқ, логикалық бірізді болу қажет, қолдану облысына байланысты қолдануға жеткілікті және қажетті болу керек.
Техникалық бөлімнің басшысы жұмыстық нұсқаулық жобасын әзірлеуді ұйымдастырады:
- жұмыс тобын анықтайды;
- жұмыстарды орындау уақытын белгілейді.
Жұмыс тобы келесілерден тұрады:
- техникалық қауіпсіздік бойынша инженер;
- техникалық бөлім бастығы;
- стандарттау бойынша инженер.
Жұмыстарды орындау мерзімі, келісімшарт пен жоспарға сәйкес бір ай болады.
5 Өнімдер сапасына бақылауды ұйымдастыру
5.1 Өнімдер сапасын бақылау қызметінің міндеттері мен функциялары
Бүгінгі күнде сынақ орталығының негізгі стратегиялық мақсаттары динамика дамушылығын сақтауға және қайраткерлік сферасын кеңейтуіне бағытталған жаңа клиенттерді жақындату, қызметтер спектрін кеңейту, Техникалық базасын жаңарту. Қолданбалы техниканы жетілдіру. Сынақ орталығының басқарылуын қолдау және жоғарылату үшін ISO 9001: 2000 сапа менеджмент жүйесінің нәтижелілігін ылғи өрістету. Клиенттердің талаптарын және күтулерін толық қанағаттандыру. Жұмыс орындау сапасының әр қызметкердің арнайы жауапкершілігі арқылы клиентпен жоғары мәдениетті қарым-қатынасты қамсыздандыру, барлық персоналдың сапа менеджмент жүйесі процесстерінің нәтижелілігін қамсыздандыруына қатынасу.
Персоналдың оқыту жүйесін ұйымдастыру, қолдау және ылғи жетілдіру арқылы компания персоналының жоғары деңгейлі компоненттілігін қамсыздандыру. Бәсекеге қабілеттігін көбейту.
Сапа, қызметкерліктің барлық жақтарының өндіру стратегиясы, өндірісті ұйымдастыру, маркетинг және т.б. тиімділігін сипаттайтын комплексті түсінік. Өнім сапасы сапа жүйесінің түгелімен басты құраушысы болып табылады. Стандарттау бойынша халықаралық ұйым сапаны өнім немесе қызметтің келістірілген және болжанған қажеттіліктерді қанағаттандыру қасиетін беретін өнім немесе қызмет қасиеттер мен сипаттамалар жиынтығы ретінде қарастырады. Бұл стандарт «сапаны қамтамасыз ету», «сапаны басқару», «сапа серіппесі» түсініктерін енгізді. Халықаралық деңгейде сапаға талаптар 9000 сериялы ИСО стандартымен анықталады.
9000 сериялы ИСО стандарттары сапа жүесін бағалау бойынша келісімді шарттардың әлеммен расталған, біртұтас ыңғайын орнатты және өндірушілер мен өнімді тұтынушылар арасында қатынастарды реттеді. Басқа сөзбен, ИСО стандарттары – тұтынушыға қатаң бағдар.
Ғылыми-техникалық прогресстің дамуымен күрделі құрылғыларды және басқа жүйелерді басқару үшін, автоматты жабдық пайда болды. «Сенімділік» түсінігі шықты. Осылай сапа түсінігі әрдайым дамып, нақтыланып отырды. Сапаны басқару қажеттілігімен сәйкес сапа туралы ақпаратты жинау, өңдеу және талдау әдістері өндірілді. Нарықтық экономика шарттарында функцияландырылған фирмалар өндіру және тұтыну үрдістіренде сапаны қадағалаужы ұйымдастыруға тырысты. Ақаулардың алдын алу үшін тірек жасалынды.
Сапа түсінігі өндірушілер мен тұтынушылар арасында өзара байланысты. Өндіруші өндірілетін өнімді пайдаланудың барлық периодты бойын қарастырып сапаны қамқорлықпен алдын алу керек. Содан басқа ол сатудан кейін қажетті қызмет етумен қамтамасыз ету керек. Бұл әсіресе пайдалану қиындығымен ерекшеленетін тауарлар үшін, өнім бағдарламасы үшін маңызды. Әдебиетте сапа түсінігі әртүрлі түсіндіріледі. Бірақ, сапа түсініктеріндегі басты ерекшелік, оның әкімшіл-әміршіл және нарықтық экономика шарттарында түсініктері арасында жатыр. Әміршіл-әкімшілдік экономикада сапа өндіруші позициядан талқыланады. Нарықтық экономикада сапа тұтынушы позициясынан қарастырылады.
Бұйым сапасы тұтыну кезінде байқалуы мүмкін. Жүз пайыз сапаны қамтамасыз ететін саясат, негізінде, сапаны қамтамасыз етумен байланысты шығындардың белгілі қатынасы бар: өндіріске, жабдықты орнатуға, ал содан кейін пайдалануға жобалаудан әрбір жылжу кезеңіне қажетті шығындар өседі. Яғни, егер жобалау сатысында қатені алдын алу және жою 2000 тг болса, онда машина өндірісінде ол 20000 тг шығындалады, монтаж және жөндеуге тапсырушыға берсең ол 200 мың тг шығындалады, ал пайдалану кезінде ол 2 миллион теңгеге шығындалады, егер мүмкін болса әрине.
Сапа бағдарламалары көрсеткіш мәндерінің орнатылуымен барлық мүмкін мемлекеттік жоспарлар және бағдарламалар жобалы – конструкторлы ұйымдар бағдарламалары, өндірістік бірлескен кәсіпорындардың жоспарлары келісім шарт міндеткерліктеріне құраушы бөлік болып кіре алады.
Сапа көрсеткіштері тауар биржаларында және тауар қозғалысының басқа фирмаларында келісім шарттарында ескеріледі.
Сапаға талаптар нормативті және нормативті-техникалық құжаттарда орнатылады және қаржыландырады: мемлекеттік, салалық, фирмалық стандарттарда, өнімге техникалық шарттарда, бұйымды жобалауға немесе жаңартуға техникалық тапсырмаларда, сызбаларда, технологиялық карталарда және технологиялық регламенттерде, сапаны бақылау карталарында және т.с.с.
Өнім сапасының тұрақсыздығы, өзгеруі тек физикалық және моральдық ескіру жалпы бағыттарында ғана байқалады. Орнатылған талаптардан жеке ауытқулар да болады. Олар әртүрлі және экономикалық, техникалық сипатта емес, ал сыртқы сипат шарттарына пайдалану шарттары мен ережелерінің бұзылуы, өндірушілер мен дайындаушылар қателері, өндіріс тәртібінің бұзылуы, өнімді дайындау және қолдану жабдықтардың акаулары.
Берілген параметрлердің жеке ауытқуларынан пайда болған сапа тұрақсыздығы кездейсоқ болады. Олардың байқалуын тек ықтималдықтың белгілі бір дәрежесімен анықтауға болады.
Сапаны бағалау тұрақсыздығына әсер ететін тағы бір фактор – қажеттіліктердің тұрақсыздығы мен өзгеруі. Өнім параметрлері нормативті және техникалық құжаттамаларға қатаң сәйкес келуі мүмкін, бірақ тұтынушылар талаптары өзгереді және сапа өзгеріссіз параметрлерде төмендейді және тіптен жоғалады.
Өнім сапасы әрдайым қозғалыста екенін айта кетуге болады. Осыдан сапа үнемі тұрақсыз объект. Бұл объективті шындық және онымен бізге жұмыс істеуге тура келеді. Адамдар жалпы қызметкерлікте сапа қасиеттерінің жойылуын іздейді және осы өзгерістерді өлшейді, бағалайды. Физикалық ескіруді баяулату үшін, техникалық қызмет көрсету және жүріп жатқан жөндеу бойынша түрлі профилактикалық шаралар қолданылады.
Егер сапа төмендеуі жіберілетін мәндер шегінен шықса, іргелі жөндеу жүргізіледі.
Сапа – бұл, тұтынушының ең жақсы адалдық кепілдемесі, шет ел өндірушілермен бәсекелестік біздің ең күшті қорғану түзуіміз және өсу тұрақтылығының және жоғары табысты ұстап тұрудың жалғыз тәсілі.
