Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
0;8-10520 - .docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.03 Mб
Скачать

2.2 Қызмет сапасының халықаралық деңгейі

«Каспий аймақтық сертификаттау орталығы» ЖШС қызмет сапасының даму көрсеткіштері қызметтер ерекшелігіне байланысты халықаралық деңгейдегі талаптарды қанағаттандыруы тиіс:

- қызмет көрсету түрін ұйымдастыру және

қызмет сапасын басқару;

- жеткізуші мен тұтынушы өзара алмасу және тұтынушы талаптарын қанағаттандыру;

  • адамның өмірі мен денсаулығына қызмет қауіпсіздігі;

  • қызмет көрсетілетін халық(кәсіпорындар) мүлігі сақталуы;

  • қоршаған ортаны қорғау;

  • көрсетілетін қызметтердің мақсатты қолданылуына сәйкестігі;

  • орындалудың дәлдігі, уақтылығы және жылдамдылығы;

  • қызметтер жиынтықтылығы;

  • қызметтердің эргономикалылығы және жабдықталуы;

  • қызметтердің эстетикалылығы;

  • қызмет көрсететін қызметкерге қызмет көрсету мәдениеті;

  • әлеуметтік мекенжайы;

  • кәсіпорындарға қызмет көрсету үшін және оның материалдық-техникалық жабдықталуы;

  • көрсетілетін қызметтердің хабардарлығы;

  • қызметтердің үйлестірілген құжаттамасы;

  • қызметтердің әлеуметтік зерттеулеріне(зертханаларға)беріледі.

КСО 2007 жылы 14 қыркүйегінде «Каспий аймақтық сертификаттау орталығы» ЖШС қызметінің сапа деңгейінің халықаралық ISO 9001:2001 талаптар сәйкестігін растайтын сапа менеджмент жүйесінің сертификаты берілді. Сертификат Moody International Certification Ltd сертификаттау и Халықаралық оргамен 2007 жылы 14 қыркүйегінің № 40121сапа жүйесіне сәйкестік сертификаты берілді (Д Қосымшасы).

2.3 Экологиялық менеджмент

Соңғы кезде қоршаған ортаны, табиғатты, флораны, фаунаны, адамның барлық өмір сүру ортасын сақтауға бағытталған экологиялық талаптар қазіргі заманғы адамдарға арналған қажетті өміс сапасының деңгейін орнату сипатына ие болып келеді. Бұл адами өндірістік қызметтің жүктемесімен сипатталады, баршы планеталық көлемген ие болып келеді және климаттың өзгеруіне, мұхиттардың ластануына, жануар мен құстар әлемінің жоғалуына, жаңа аурулардың пайда болуына және т.б. әсер етеді. Экология және сапа ұғымдары жақындасып келеді. Қазіргі кезде экология жөніндегі барлық шараларды тұтынушы-адам өмірінің сапа деңгейін жоғарылатуға бағытталған шаралар деп қарастыруға болады.

Тұтынушыға ұсынатын табиғи ортаның экологиялық жағдайының деңгейін бағалауды экологиялық сертификаттау жүргізеді. Экологиялық талаптарға сәйкестікке сертификаттау – белсенді дамып келе жатқан бағыттардың бірі. Сәйкестікке бағалауға тұтынушыға арналған дайын өнім ғана емес, сонымен қатар мекеменің экологиялық басқару жүйесі де жатады.

Соған байланысты «Каспий аймақтық сертификаттау орталығы» экологиялық өндірістік бақылау бағдарламасы құрылған. Бұл бағдарлама өндірістік мониторинг жүргізу, ретін анықтайды және қоршаған ортаға мекеменің зиянды әсерін қысқарту жөніндегі шараларды уақытылы орындау мақсатында қоршаған орта жағдайына әсерлерді талдау және бағалау жүргізуге бағытталған.

Өндірістік экологиялық бақылау жүйесінің негізгі мақсаты өндірістік объекттің экологиялық жағдайы туралы нақты ақпарат алу болып табылады.

Өндірістік экологиялық бақылау жүйесінің негізгі тапсырмалары:

- ластау көзі және объект әсері аумағында табиғи орта компоненттерінің жағдайы туралы ақпаратты алу және жинау;

- табиғи ортаның түрлі компоненттерінің ағымдық экологиялық жағдайынкешенда бағалау және талдау және объектті кәдеге жарату кезінде оның динамикасын болжамдау;

- жоспарлық және жедел басқару шешімдерін қабылдауға арналған объект басшылығын ақпаратты қамтамасыздандыру;

- экологиялық мониторинг нәтижесі бойынша есеп беру құжаттамасын дайындау, жүргізу және рәсімдеу;

- табиғатты қорғау шараларының тиімділігітуралы мәліметтер алу, теріс экологиялық жағдайды болдырмау және жою бойынша ұсыныстарды жасау.

Экологиялық мониторинг негізгі ластау көзінен атмосфералық ауаның ластануын бақылауды, өндірістік ағын судың, топырақ қабатының құрамын бақылауды және радиологиялық бақылауды қамтиды.

Компания жұмысы нәтижесінде қоршаған ортаға кері әсер ететін негізгі фактор атмосфераны ластаушы заттар, өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық қалдықтар болып табылады.

Мекемедегі зиянды заттарды шығару көзі кенорнындағы қазба жұмыстарын жасаумен, картон материялдары тасымалдау және өңдеумен байланысты технологиялық процесстер болып табылады.