Пән: Микробиология және вирусология негізі
1 Рейтинг тестері
Тьютор: доцент м.ғ.к Р.Изимова
Курс:3
1. Микроскопты алғаш ашқан зертеуші:
А) А.Левенгук;
В) В.Д. Тимаков;
С) Л. Б. Борисов;
Д) Л. Пастер;
Е) Р. Кох;
2.Бактерия клеткасының құрылымдық элементі болып саналмайды?
А) клетка қабырғасы;
В) нуклеоид;
С) ядро,ядрошықтарымен;
Д) рибасома;
Е) цитоплазма;
3.Жүзім шоғырына ұқсап орналаскан шар тәрізді микробты көрсет:
А) стрептакокк;
В) стафилококк;
С) микрококк;
Д) бацилла;
Е) сарцина:
4.Бактерия клеткасындағы тұқым қуалаушылық ақпарат орнын көрсетіңіз:
А) Цитоплазма;
В) Нуклеоид;
С) ЦПМ;
Д) Капсула;
Е) Мезосома;
5. Бактерия клеткасының көбею әдісі:
А) спора түзу;
В) бинарлық бөліну;
С) бүршіктену;
Д) репродукция;
Е) жыныстық жол;
6. Микроорганизмдерді өсіру үшін қолданатын құрал:
А) Автоклав;
В) Термостат;
С) Центрифуга;
Д) Кептіру пеші;
Е) Фильтрлер;
7.Бактерияның морфологиялық, тинкториалдық қасиеттерін зерттейтін негізгі әдіс:
А) бактериологиялық;
В) серологиялық;
С) аллергиялық;
Д) микроскопиялық;
Е) цитологиялық;
8. Спора түзу бактерия клеткасына не үшін қажет?
А) өсіп-көбеюі;
В) түрдің сақталып қалуына;
С) қоректік заттар қоры;
Д) қозғалу үшін;
Е) тыныс алу үшін;
9.Клетка қабырғасы түгел болмайтын микроорганизм:
А) микоплазма;
В) стафилакокк;
С) стрептококк;
Д) ішек таяқшасы;
Е) туберкулез таяқшасы;
10. Клетка ішілік қосымша денешіктер қызметі:
А) қорғаныштық;
В) қоректік заттар қоры ;
С) генетикалық мәліметі бар;
Д) бөлінуге қатысады;
Е) белок синтездейді;
11. Микроорганизмдер көп кездесетін (өмір сүретін) топырақ қабаты:
А) беткей қабат;
В) 5-10см теренде;
С) 10-20см теренде;
Д) 2-3м теренде;
Е) 3-4м теренде;
12. Топырақтың сапалы құрамына қатты әсер бермейтін шара:
А) милиорация;
В) улы химикаттар себу;
С) тыңайту (көң);
Д) жырту;
Е) жаңбыр;
13.Микроорганизмдердің қазіргі қолданылып жүрген жіктелуінің авторы:
А) Д.Берги ;
В) А. Левенгук;
С) Д.Ивановский;
Д) И. Мечников;
Е) Р.Кох;
14.Термостатты не үшін пайдаланады:
А) микроорганизмдерді өсіру үшін;
В) зертхана ыдыстарын, қоректі орталарды зарарсыздандыру үшін;
С) бактериаларды сүзу үшін ;
Д) микроорганизмдерді сақтау үшін;
Е) микроптарды зарарсыздандыру үшін;
15. Пішіні иректелген бактериялар:
А) бацилла;
В) стрептококк;
С) спирохета;
Д) ішек таяқшасы;
Е) сарцина;
16.Бактериялардың культуральдық қасиетін зерттеу әдісі:
А) микроскопиялық;
В) вирусологиялық;
С) биологиялық;
Д) серологиялық;
Е) бактериологиялық;
17.Анаэробиозды жағдай туғызудың физикалық тәсілі:
А) анаэростатты қолдану;
В) фортнер әдісі ;
С) эксикаторда өсіру;
Д) Китт-Тароцци ортасына себу;
Е) Қант агарына себу;
18.Вирустардың көбею жолы:
А) бүршіктену;
В) бинарлық жол (2-ге бөліну);
С) жыныстық жол;
Д) репродукция ;
Е) спора түзу;
19. Саңырауқұлақтардың көбею жолы:
А) бүршіктену;
В) спора түзу арқылы;
С) жыныстық жол;
Д) репродукция;
Е) фрагментация;
20. Қоректік ортада субстраттың болуына тәуелді бөлінетін ферментті ата:
А) конститутивті;
В) индуцибельді;
С) эндогенді;
Д) экзогенді;
Е) иммобильденген;
21.Микробтардың гемолитикалық қасиетін зерттеуге арналған қоректік орта:
А) ЕПА;
В) қан агары;
С) ЕПС;
Д) № 199 орта;
Е) сарыуызды агар;
22. Бактерия таза өсімін бөліп алу үшін тығыз қоректік ортаны ұынған ғалым:
А) И.Мечников;
В) Р.Кох ;
С) В.Ивановский;
Д) Левенгук;
Е) Л.Пастер;
