Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
__орша__ан орта мен экология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
125.91 Кб
Скачать

3. Сұрақтарға толық жауап бере алуы.

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлім: «Қоршаған орта»

Тақырыбы: Табиғатқа саяхат

Мақсаты: Табиғат пен денсаулықтың үйлесімділігін түсіндіру.«табиғат», «дансаулық» ұғымы туралы түсініктерін кеңейту;Табиғатпен үндестікті сезіну қабілетін дамыту;Салауатты өмір сүру салтын сатауға тәрбиелеу;

Әрекеті:сұрақ жауап,түсіндіру, көрсету, ойын.

Көрнекіліктер: Суреттер

Әрекет түрі

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

жағымды

жағымсыз

Мотивация

Ізденіс ұйымдастыру

Сергіту сәті

Релаксация

Шаттық шеңбері

Тәрбиеші балалармен бірге төмендегі өлең жолдарын қайталайды.

Қуан,шаттан,алақай,

Қуанатын келді күн.

Қайырлы таң,қайырлы күн!

Күліп шыты бүгін күн!

Әңгімелеу

Тәрбиеші балаларға Н.Ақышевтың «Табиғаттың бөлшегі» әңгімесін әңгімелеп береді,әңгіме желісі бойынша сұрақтар қояды.

Тәрбиеші балаларға «саулық қайда болса,сұлусық сонда» деген халық мақалын бгінгі сабақтың дәйексөзі ретінде түсіндіреді.

  • Табиғатты аялап, қорғасаң, оның сыйларын .немі пайдалансаң,күн тәртібін, тазалықты дұрыс сақтасаң,салауатты өмір сүрсең денің сау болады екен.

-Қане,балалар,бір сәт тыныштық сақтап,өзімізді табиғат аясында тұрмыз деп елестетейік.Мейірімді күн шуағы,көгілдір көлге шағылысып жалт – жұлт етеді.Енді сендер суға шомылып,ыстықтағандарыңды бастыңдар.Қандай рақат,көңіліміз жайланып,көтеріліп қалды.Енді осы елестеткен,ойлаған ойларыңмен бөлісейік.

Күн,ауа және су

Күн мен ауа және су (қолдарымызды жоғары көтереміз)

Бәрімізге керек пе?(алға қарай иілеміз)

Иә,иә,иә!(қол соғамыз)

Күн жылыну үшін бе?(Бір орында жүреміз)

Иә,иә,иә!(қол соғамыз)

Күн жарық үшін керек пе?(бір орында жүреміз)

Иә,иә,иә!(қол соғамыз)

Ауа тыныс алу үшін бе?(отырамыз)

Иә,иә,иә!(қол соғамыз)

Ауа таза болу керек пе?(отырамыз)

Иә,иә,иә!(қол соғамыз)

Су ішуге керек пе?

Иә,иә,иә!(қол соғамыз)

Су шынығу үшін керек пе?

Иә,иә,иә!(қол соғамыз)

Денеңде күш артты ма?(қолдарымызды жан – жаққа сермейміз)

Иә,иә,иә!(қол соғамыз)

Табиғаттың тазалығын сақтасақ,қорғасақ өз ден – саулығымыз екенін білдік.Табиғатпен үндестікте өмір сүру керек екенін үйрендік.

Тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталайды.

Әңгімені мұқият тыңдап,сұрақтарға жауап береді

Мақалдарды есте сақтайды

Балалардың жауаптары тыңдалады.

Жаттығуды орындайды

Күтілетін нәтиже:

1 . «табиғат», «денсаулық» ұғымы туралы түсініктерді айта алады

2 . Табиғатпен үндестікті сезіну қабілетін түсінуі

3 . Сұрақтарға жауап бере алуы

Күні:

Білім беру саласы: «Әлеуметтік»

Бөлімі: Экология

Тақырыбы: «Ақылды заттар»

Мақсаты: Балаларға ақылды заттар туралы түсініктерін кеңейту.Компьютер, ұялы телефон, теледидар туралы айтып әңгімелеп беру.Есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілік: суреттері.Компьютер,ұялы телефон, теледидар суреттері

Әрекет түрі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойын.

Сөздік жұмыс: теледидар, ұялы телефон, компьютер

Ұйымдастыру: Топпен

Әрекет түрі

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

1.Мотивация

2.Ізденіс ұйымдастыру

Сергіту сәті

3.Релаксация

– Сәлеметсіңдер ме, қыздар мен ұлдар! Таңертеңнен бері мен қуаныш сезіміне бөленіп жүрмін, өйткені сендермен кездесуді асыға күттім. Ал сендер балабақшаға келе жатқанда қуандыңдар ма?

Жарқырап күнде ашылды,

Айналаға гүл шашылды

Қайырлы күн!

Біз нәзік қыздармыз!

Қайырлы күн!

Біз ержүрек ұлдармыз!

-Жарайсыңдар!

Д/О: «Ақылды заттар»

Мақсаты: Балаларды копьютер және т.б түрлерімен таныстыру.

Суреттер көрсету.Әңгімелеу.Сұрақтар қою арқылы жауап алу

Д/О: « Заттарды ата»

Мақсаты: Балаларға суретте қандай заттар орналасқандары жайлы айту

Бүгін біз не білдік?

Тәрбиеші шеңбердің ішімен жүреді, бірде ұлға, бірде қызға кезек-кезек қарап айтады.

Қолдарын бір-біріне ұстатады.

Балалар бір-бірінің көздеріне қарайды да, күлімдейді

Д/О орындайды

Д/О орындайды

Сергіту сәті өтеді

Күтілетін нәтиже: 1. Балаларға компьютер теледидар,ұялы телефон туралы түсініктің болуы.

2. Д/О ды дұрыс орындай білуі