Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
__орша__ан орта мен экология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
125.91 Кб
Скачать

3. Сұрақтарға толық жауап бере алуы.

Күні:

Білім беру саласы: «Әлеуметтік»

Бөлімі: Экология

Тақырыбы: «Қысқы еңбек»

Мақсаты:Балаларға қыс мезгілі және қыс мезгіліндегі еңбек туралытүсінік беру. Әңгімелеп беру.Есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілік:Қыс мезгілінің суреттері, адамдар еңбектенудегі суреттері, ойын.

Әрекет түрі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойын.

Сөздік жұмыс: Қыс мезгілі, еңбек

Ұйымдастыру: Топпен

Әрекет түрі

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

1.Мотивация

2.Ізденіс ұйымдастыру

Сергіту сәті

3.Релаксация

«Жылулық шеңбері»

-Балалар,бүгінгі күн шуақты тамаша!

Ендеше, бүгінгі күнімізге сәттілік тілеп,

Бір-бірімізге жақсы сөздер айтайықшы.

-Балалар суреттерде ненің суреттері бар?

-Дұрыс қыс мезгілі.

-Қалай ойлайсыңдар қыс мезгілінде адамдар қандай киімдер киеді?

-Жылы.

Ендеше сендермен қыс мезгіліне саяхатқа барайық!

«Қыс мезгіліне саяхат»

Сурет арқылы әңгімелеу,түсіндіру.

Д/О: «Кім не істейді?»

Мақсаты: Балаларға қысқы еңбек туралы түсінік беру

Орнымыздан тұрайық

Алақанды соғайық

Бір отырып,бір тұрып

Орнымызды табайық

Не білдік?не үйрендік?

Балалар шеңберге тұрады. Өлең жолдарын қайталап айтады

Сұрақтарға жауап береді

Д/О орындайды

Сергіту сәті өтеді

Күтілетін нәтиже: 1.Қыс мезгілі және еңбек туралы түсініктің болуы.

2. Қысқы еңбек туралы өз ойларын жеткізе біліп айта білуі.

3. Сұрақтарға толық жауап бере алуы.

Күні:

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қоршаған орта

Тақырыбы: «Менің сүйікті әжем мен атам»

Мақсаты:Балаларға отбасы туралы және оның ішіндегі мүшелері жайлы түсінік беру.Ата,әже өздеріне кім болып келетіндері жайлы мағлұмат беру. Әңгімелеп беру.Есте сақтау,ойлау қабілеттерін дамыту.

Көрнекілік:Отбасы мүшелерінің және ата-әженің суреттері.

Әрекет түрі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойын.

Сөздік жұмыс: отбасы

Ұйымдастыру: Топпен

Әрекет түрі

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

1.Мотивация

2.Ізденіс ұйымдастыру

Сергіту сәті

3.Релаксация

«Біздің шаңырақ»

Атамнан басталар, Әжеммен қосталар. Отбасым мыналар; Ең жақын адамдар Әкем мен анам бар, Бір туған ағам бар, Бір туған апам бар… Бәрін жақсы көремін Еркелеймін, еремін! Ән салуға барамыз, Досымызды табамыз. Сәлемет пе! Міне, мен! Доспын енді сенімен.

-Жарайсыңдар!

-Балалар отбасы туралы не білесіңдер?

-Білетін болсаңдар атап беріңдерші?

-Әр қайсысында ата-әжелерің бар ма?

-Сендер оларды жақсы көресіңдер ме?

Суреттер көрсету.Әңгімелеу

Отбасы өлеңін оқу.

Бір үйде біз нешеуміз?

Кел санайық екеуміз,

Бас бармағым ол – әкем,

Балаң үйрек ол – анам,

Ортан қолым ол – ағам,

Шылдыр шүмек – мен,

Титтей бөбекм –сен,

Бір үйде біз нешеуміз?

Бір үйде біз бесеуміз!

Д/О: «Отбасы мүшелерін ата»

Мақсаты: Балалармен отбасы туралы түсінік беру.

Бүгін біз не білдік?

Балалар шеңберге тұрады. Өлең жолдарын қайталап айтады

(шеңбер бойымен жүреді)

тоқтайды

Сұрақтарға жауап береді

Д/О орындайды

Сергіту сәті өтеді

Күтілетін нәтиже: 1. Балаларға отбасы және ата-әже туралы түсініктің болуы.

2. Д/О ды дұрыс орындай білуі