Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
__орша__ан орта мен экология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
125.91 Кб
Скачать

Күні:

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Қоршаған орта

Тақырыбы: «Балабақша»

Мақсаты:Балаларға балабақша туралы түсінік беру. Есте сақтау қабілеттері мен сөздік қорларын дамыту.

Көрнекілік: Суреттер,тірек-сызбалар,ойын.

Әрекет түрі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойын.

Сөздік жұмыс: Қуыршақ,балабақша.

Ұйымдастыру: Топпен

Әрекет түрі

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

1.Мотивация

2.Ізденіс ұйымдастыру

Сергіту сәті

3.Релаксация

Жылулық шеңберін ұйымдастыру.

Біздің топта балалар,

Тату тәтті ойнаймыз.

Дос дегенің әрқашан,

Тек жақсылық тілейміз!

-Балалар Балабақша деген не?

-Балабақша ұнайды ма?

-Балабақшада кімдер бар екен?

Жарайсыңдар!

Балалар бүгін біздерге қонаққа Білімпаз келді!

Ол сендерге балабақша туралы айтып бергісі келеді

Олай болса Балабақшаға саяхатқа шығайық.

Қатар-қатар тұрайық,

Пойызды біз құрайық.

Піш,піш,піш,піш біз келдік,

Жүрісті біз үдеттік!

Д/О: «Қуыршақтарды киіндір»

Мақсаты: Балаларды қуыршақтармен таныстыру.Қол моторикаларын дамыту.

Бүгін сендермен не жайлы айттық?

Білімпазбен саяхатқа шықтық па?

Балабақша бізге не үшін керек?

-Балалар шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталап айтады.

-Сұраққа жауап береді

Білімпазбен сәлемдеседі.

Сергіту сәті өтеді

Д/О ойнайды

Не білгендері жайлы айтады.

Күтілетін нәтиже: 1.Балабақша туралы түсініктің болуы.

2. Ойындарды дұрыс орындай білуі.

3. сұрақтарға толық жауап бере алуы.

Күні:

Білім беру саласы: «Әлеуметтік»

Бөлімі: Экология

Тақырыбы: «Отбасы»

Мақсаты:Балаларға отбасы туралы түсінік беру. Есте сақтау қабілеттері мен сөздік қорларын дамыту.

Көрнекілік: Суреттер,ойын.

Әрекет түрі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойын.

Сөздік жұмыс: Отбасы.Ата, әже, аға, сіңлі, іні, қарындас.

Ұйымдастыру: Топпен

Әрекет түрі

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

1.Мотивация

2.Ізденіс ұйымдастыру

Сергіту сәті

3.Релаксация

шеңберін ұйымдастыру. «Біздің шаңырақ»Атамнан басталар, Әжеммен қосталар. Отбасым мыналар, Ең жақын адамдар Әкем мен анам бар, Бір туған ағам бар, Бір туған апам бар… Бәрін жақсы көремін Еркелеймін, еремін! Ән салуға барамыз, Досымызды табамыз. Сәлемет пе! Міне, мен! Доспын енді сенімен. Д/О «Отбасы мүшелерін ата»Мақсаты: Балаларға отбасы туралы түсінік беру.

-Бүгін біздерге қонаққа Тоғжан кішкене бауырымен келді.

Сәлемдесейікші!

-Балалар қалай ойлайсыңдар отбасы деген не?

-отбасыларыңда кімдер бар?

Балалар отбасы деген ол- атам, әжем, әкем, анам, ағам, қарындас, бауырым т.б

Отбасы бізге ең ыстық ұя.Онда бізді әрдайым күтіп, жақсы көретін адамдар тұрады.

-Балалар біз отбасымызбен серуенге барамыз ба?

-Иә

Мысалы: Күзгі баққа серуендейміз.

Неліктен серуенге шығамыз?

Өйткені күзгі ауа райы адамдарға өте пайдасы бар.Біз отбасымыздың денсаулығын ойлауымыз керек жіне олармен бағалауымыз керек.

Олай болса бір сергіп алайық

«Отбасы»

Бір үйде біз нешеуміз,

Кел санайық екеуміз.

Бас бармағым ол-әкем,

Балаң үйрек ол- анам,

Ортан қолым ол- ағам,

Шылдыр шүмек – мен.

Титтей бөбек – сен,

Бір үйде біз нешеуміз,

Бір үйде біз бесеуміз!

Бүгін сендермен не жайлы айттық?

Отбасы туралы не білдіңдер?

-Балалар шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталап айтады.

қолдарын екі жаққа

сермейді

Д/О ойнайды

Сұрақтарға жауап береді

Түсінік алады

Жауап береді

Не білгендері жайлы

айтады.

Күтілетін нәтиже: 1.Отбасы туралы және оның ішіндегі мүшелері туралы түсініктің болуы.

2. Отбасының қаншалықты жақын , ыстық екендігін білуі.

3. Сұрақтарға толық жауап бере алуы.

Күні:

Білім беру саласы: « Таным»

Бөлімі: Қоршаған орта

Тақырыбы: « Туған жер»

Мақсаты:Балаларға туған жер туралы түсінік беру. Есте сақтау,ойлау қабілеттері мен сөздік қорларын дамыту.

Көрнекілік: Туған жердің суреттері,ойын.

Әрекет түрі: Сұрақ-жауап, түсіндіру, көрсету, ойын.

Сөздік жұмыс: Туған жер, өлке

Ұйымдастыру: Топпен

Әрекет түрі

Тәрбиешінің әрекеті

Баланың әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

1.Мотивация

2.Ізденіс ұйымдастыру

Сергіту сәті

3.Релаксация

Шаттық шеңбері

– Балалар, бүгін біз шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сендерге шаттық шеңбері өте ұнағанын мен байқап қалдым, біздің әр саяхатымыз осылай басталады. Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік!

-Жарайсыңдар!Ендеше өзіміздің туған жерімізге саяхатқа барайық!Мынау біздің Қазақстан Республикасының картасы.Қараңдаршы қандай үлкен,кең байтақ.мұнда көптеген қалалар орналасқан.ішінде біздің ту,ан қаламыз Павлодар да бар. Туған жер деген қандай тамаша.

Сурет арқылы түсінік беру.Әңгімелеу.

«Отан» М.Мақатаев балаларға оқу

Сан алуан гүл өскен,

Далаңды сүйем сұлаған,

Балаңды сүйем жылаған.

Сйемін өскен отаным,

Сүйемін, сүйемін,сүйемін...

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды соғайық.

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымызды табайық. Д/О «Суретті құрастыр »

Мақсаты: Балаларға туған жер туралы түсінік беру.Пазл ретіндегі берілген суретті жинақтау.Қол моторикасын дамыту.

Бүгін сендермен не жайлы айттық?

Туған қалаларың туралы не білдіңдер?

-Балалар шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталап айтады.

Шеңберге тұрып бір-біріне қолдарымен ұстасып күлімсірейді.

Түсінік алады

Тыңдайды.

Өлеңді тыңдайды.

Сергіту сәті өтеді

Не білгендері жайлы

айтады.

Күтілетін нәтиже: 1.Туған жер туралы түсініктің болуы.

2. Шеңбер туралы білуі.