- •2.2 Ақша қаражаттардың бухгалтерлік есебі
- •1010, 1020 Шоттарындағы операцияларды жазу үшін кассалық есептер негіз болып табылады.
- •Кесте 2 - «спецмеханизация» абк жшс-тің кассаға ақшаның түсуі бойынша шоттар корреспонденциясы1
- •Кесте 3 - «спецмеханизация» абк жшс-тің кассадан ақшаның жұмсалуы бойынша шоттар корреспонденциясы*
- •2.3 Дебиторлық берешек және қорлар есебі
- •1* «Спецмеханизация» абк жшс –нің №1 – журнал ордері
1010, 1020 Шоттарындағы операцияларды жазу үшін кассалық есептер негіз болып табылады.
«СПЕЦМЕХАНИЗАЦИЯ» АБК ЖШС-тің кассаға түскен ақшалай қаражат сомасы бойынша шоттар корреспонденциялары:
Кесте 2 - «спецмеханизация» абк жшс-тің кассаға ақшаның түсуі бойынша шоттар корреспонденциясы1
№ |
Операциялардың мазмұны |
Дебет |
Кредит |
1 |
Банктегі есепшоттан кассаға түскен ақшалай қаражат |
1010 |
1030 |
2 |
Тапсырыс берушілерден сатып алушылардан кассаға көрсеткен қызмет, өнім үшін қолма қол ақша |
1010 |
2110 |
3 |
Өнім өткізіп, қолма қол есеп айырысу |
1010 |
6010 |
4 |
Өткізілген негізгі құралдар, МЕА құнды қағаздар үшін төленген түсім |
1010 |
6210 |
5 |
Жолда деп саналатын ақшалай қаражат кассаға түсті |
1010 |
1050 |
6 |
Жұмсалмаған есеп берілетін сома кассаға қайтарылды |
1010 |
1252 |
7 |
Банктен қысқа мерзімді қарыз қолма –қол ақшамен алынды |
1010 |
3010 |
8 |
Алдағы кезеңдер табысы шотына әр түрлі төлемдер кассаға түсті |
1010 |
3520 |
9 |
Түгендеу кезінде анықталып, кіріске алынған кассадағы ақшаның артық шығуы. |
1010 |
6160 |
«СПЕЦМЕХАНИЗАЦИЯ» АБК ЖШС-тің кассадан төленген ақшалай қаражат сомасы бойынша шоттар корреспонденциясы
Кесте 3 - «спецмеханизация» абк жшс-тің кассадан ақшаның жұмсалуы бойынша шоттар корреспонденциясы*
№ |
Операциялардың мазмұны |
Дебет |
Кредит |
1 |
Қолма қол ақша төленген НҚ, МЕА сатып алынды және кіріске алынды |
2410 2730 |
1010 |
2 |
Кассадан есеп айырысу шотқа ақшалай қаражат тапсырылды |
1030 |
1010 |
3 |
Кассадан еңбек ақы, зейнет ақы, жәрдемақы берілді |
3350 |
1010 |
4 |
Қолма қол ақша төленген, өнімді тиеу мен өткізу шығындары |
7110 |
1010 |
5 |
Қолма қол есеп айырысу мен алынған акциялар, облигациялар |
2040 |
1010 |
6 |
Жабдықтаушылардың шотына кассадан қолма-қол ақша төлеу |
3310 |
1010 |
7 |
Кассадан есеп берілетін ақша берілді |
1251 |
1010 |
8 |
Қарыздарды жеке және заңды тұлғаларға кассадан қолма қол ақшамен қайтару |
4150 |
1010 |
9 |
Алынған аванстың қайтарылуы |
4410 |
1010 |
10 |
Анықталған кем шығу кінәліге қойылды |
1251 |
1010 |
11 |
Түсім банкке инкассатор арқылы тапсырылды |
1050 |
1010 |
«СПЕЦМЕХАНИЗАЦИЯ» АБК ЖШС –нің №1 – ведомостьі
Кассадағы ақшаның кіріс мен шығысы бойынша топтастырылған кассалық есептің корреспонденттелген шоттар тұрғысынан күн сайын немесе 3-5 күнде бір рет кассир есептерінің негізінде №1 журнал ордерде және №1 тізімдемеде жазылады.
Кассалық операцияларды құжаттақ рәсімдеу мен есептеу. Кассалық операциялар қолма-қол ақшы қабылданған соң бас бухгалтер немесе өкілетті тұлға қол қойған кірістік кассалық ордермен рәсімдейді.
Ұйым кассасына қолма –қол ақшаның түсуін рәсімдеу үшін қолмен өңдеген де де, ақпаратты компютерде өңдегенде де қолданады. Кірістік кассалық ордерді бухгалтерия қызметкері бір данамен жазады, оған бас бухгалтер немесе уәкілетті тұлға және кассир қол қояды, кассирдің мөрімен куәландырылады, кірістік және шығыстық кассалық құжаттарды тіркеу журналында тіркеледі және ақша тапсырушысының қолына беріледі, ал ордер кассады қалады.
Түсу мен жұмсау бойынша барлық операцияларды кассир 1 жылға ашылатын кассалық кітапқа жазады. Оны ашқан кезде кітаптің барлық парақтары номерленіп, тиіс және парақтардың жалпы саныкассалық кітаптың соңғы бетінде көрсетілуі тиіс. Кітап мөрмен мөрленіп, бас бухгалтер мен басшының қолдарымен бекітіледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасынан нақты ақша кассалық шығыс ету ордері немесе тиісті үлгілі түрде дайындалған басқа да ақша төлеу тізімдемелері, сондай-ақ кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысы мен бас бухгалтерінің қорлары қойылған ақша алу үшін жазылған өтініштер, шоттар және тағы басқа да құжаттар бойынша беріледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлерге жәрдемақы, сыйақы, еңбекақы төлеу үшін төлеу тізімдемелері қолданылады. Бұл тізімдемелер тіркеу журналына еңбекақы, жәрдемақы және сыйақыларды төлеп, үлестіріп болғаннан кейін ғана тіркеледі. Кассалық кірісету немесе кассалық шығыс ету ордерлері, сондай-ақ олардың орнына жүретін құжаттар бойынша кассаға ақша қабылдауға және кассадан ақша төлеугетек қана осы құжаттар толтырылған күні ғана рұқсат етіледі. Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасына нақты ақшаны қабылдау немесе кассадан ақша төлеу барысында касса қызметкері кассалық кіріс және кассалық шығыс ордерлерінің дұрыс толтырылғандығынбұл құжаттарда ұйымның басшысы мен бас бухгалтерінің қолдарының болуын, және ордерлерге көрсетілген қосымша құн түгелдігіне тексеру жүргізуге, қадағалауға міндетті. Бұл операциялар орындалғаннан кейін құжаттардың тиісті жеріне касса қызметкері өз қолын қоюы керек. Касса операцияларының есебі кассалық кітапқа тіркеліп отрыуы тиіс. Бұл кітапты касса қызметкері жүргізеді.кәсіпорорын кассасына келіп түскен, кірістелген немесе кәсіпорынның кассаынан төленген, яғни шығыс етілген ақшалардың кімнен келіп түскендігін немесе кімге не үшін төленгендігін білу үшін операцияларға толтырылған құжаттардың нөмірі және бухгалтерлік жазулар, сонымен қатар кіріске алынған, шығыс етілген сомалар кассалық кітапқа жазады.
Өзінің балансы бар және меншікті айналымдық қаражатқа ие, заңды тұлға болып табылатын әрбір субъект Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының 2000 ж. 2 маусымдағы №266 «Клиенттердің Қазақстан Республикасының банктерінде банктік шот ашу, жүргізу және жабу тәртібі туралы нұсқаулық» Қаулысына сәйкес бос ақшалай қаражатты сақтау мен есеп жүргізу үшін банктерде ағымдағы, корреспонденттік немесе жинақ шоттары ашылады.
Ағымдық және жинақ шоттары – жеке және заңды тұлғалардың жекелеген бөлімшелерінің банктік шоттары.
Корреспонденттік шоттары – банктік операцияларының жекелеген түрлерін атқаратын банктер мен ұымдардың банктік шоттары. Аударымдылық операцияларды жүзеге асыратын субъектілерге корреспонденттік шоттар Ұлттық банктің операцияларға лицензиясы бар болса ғана ашылады.
Банктік шоттар банк шоты шарты бойынша ашылады.
Ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарды ашқан кезде банк клиенттің пайдасына түскен ақшаны қабылдауға, клиенттің клиентке немесе үшінші тұлғаларға тиісті ақша сомасын аудару туралы ұйғарымын орындауға және банктік шот шартында қарастырылған басқа да қызметтерді көрсетуге міндеттеледі.
Банктегі ақшаны пайдаланғаны үшін банк шартпен белгіленетінг мөлшерде және тәртіппен сыйақы төлейді. Мұндайда мынандай бухгалтерлік жазба жасалады:
6110 «Ағымды шоттағы ақша» шот кредиті
Клиент банктік қызмет ету шарты бойынша көрсеткен қызметі үшін шартта қарастырылған жағдайлармен, тәртіппен төлейді. Мұндайда мынандай жазба жасалады:
7440 «Жалпы және әкімшілік шығыстар» шот дебеті
1030 «Ағымдық шоттағы ақша» шот кредиті.
1998 ж. 29 маусымдағы № 237-1 «Төлемдер мен ақша аударымдары туралы» Заңына Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының 2000 ж. 25 сәуірдегі №179 «Қазақстан Республикасы территориясында төлемдік құжаттарды қолдану мен қолма-қол ақшасыз төлемдер мен аударымдарды атқару ережелері» атты қаулысына және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы территориясындағы банктік шот ашпай, қолма-қол ақшасыз төлем мен ақша аударымдарын атқару ережелерін бекіту туралы» қаулысына, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Басқармасының 2000ж. 25 қарашадағы №433 «Клиенттер мен оған қызмет ететін банк арасында қолма-қол ақшасыз төлем жүргізу Ережерін бекіту туралы» атты қаулысына сәйкес жүзеге асады. Осы заңнамалық және нормативтік құжаттармен қолма –қол ақшасыз есеп айырысудың мынандый негізгі формалары ұсынылады: 1) Төлем тапсырмасы; 2) Чек; 3) Вексель; 4) Төлемдік талап тапсырма; 5) Аккредетив; 6) Инкассолық өкім, салық қызметі органдары мен кеден органдарының инкассолық үкімі.
Төлеуші мен алушы арасындағы қаражат есептеу формалары шартпен немесе келісіммен белгіленеді.
Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу дегеніміз - ақша жіберушінің тапсырмада көрсетілген сомада бенефициар (ақашалай қаражатты алушы) пайдасына ақша аудару туралы қызмет көрсететін алушы – банкке тапсырмалары.
Ақша жіберуші қызмет көрсететін алушы – банкке формадаға бланкпен төлем тапсырманы ұсынады.
Ақша жіберуші «төлем белгілеуі» жолында атауды, негізінде ақша аудару атқарылатын құжаттың номері мен ай-күні, жылын, сондай-ақ «Төлем белгілеуінің коды» жолында Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының 2000ж. 16 мамырында №195 қаулысына сай – төлемнің кодтық белгілерін көрсетуге міндетті.
Сонымен қатар төлем тапсырмаларына деректемелерді толтырғанда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының 1999 ж. 15 қарашадағы № 388 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыныптауышын – төлем белгілеудегі бірыңғай сыныптауышты қолдану ережелері» атты қаулысын басшалыққа алған жөн.
Төлемдік талап тапсырмаларымен есеп айырысуда бенефициар банкке тиелген өнім, орындалған жұмыс, көрсетілген қызмет үшін төлеу туралы ақша жіберушіге талабы бар, көрсетілген талапты растайтын құжаттар негізінде ұсынылатын есептік құжат береді. Бенефициар бенефициардың банкісіне төлеи тапсырмаларын және төлем талап тапсырмалары тізімін ұсынды, ол бенефициардың барлық деректерімен толық толтырылуын тексеріп, оны ақша жіберушінің банкісіне жөнелтеді.
Аккредитив дегеніміз – шарт бойынша конртагенттің пайдасына клиенттің тапсырмасымен берілетін банктің шартты ақшалай міндеттемесі, ол бойынша аккредитив ашқан банк көрсетілген бенефициармен төлем жасайды немесе аккредитивке көзделген құжаттарды ұсынғанжағдайда немесе аккредитивтің басқа шарттарын орындағанда басқа банкке мұндай төлемдерді атқаруға өкілеттік беру.
Банк заңды тұлғалармен келісім бойынша белгіленген мерзімде немесе күнделікті оған үзінді көшірме жазылған жазбалардың көшірмесын береді. Үзінді көшірмелерде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінің 22.07.04 №102 « Клиентті жеке шотынан алынатын үзінді көшірменің оның банктік шоты бойынша ақша қозғалоысы жайлы үзінді-көшірме мазмұнында болуға тиісті мәліметтерді белгілеу туралы» қаулысымен белгіленген деректемелер болуы керек. Мұнда негізінде сүйеніп, ақшалай қаражаттың есепке алынғаны немесе есептен шығарылған құжат нөмерлері көрсетіледі. Бұл ақшалай –есеп құжаттарын өзі жүргізген банк шоттары операцияларын дәлелдеу үшін үзінді көшірмеде көрсетілетін сомалардың дұрыстығын тексереді және қате табылса бұл жайында бірден банкке хабарлайды. Даулы сомаға заңдар мен және банктік қызмет туралы шартпен белгіленген мерзімде наразылық білдіруге болады.
Банктік шоттағы ақшалай қаражатты есептеу үшін, ағымдық шоттағы операцияны көрсету үшін 1030 « Ағымдық, корреспонденттік шоттардағы ұлттық валюта ақша» шоты қолданылады. Бұл шоттың дебеті бойынша ақшалай қаражаттың түсуі, ал кредит бойынша – азаюы көрсетіледі. Банктің ақтаушы құжаттармен тіркелген үзінді көшірмелері есеп шот бойынша негіз болады. Үзінді көшірмелердің 1030 шот кредиті бойынша №2 журнал-ордерге 1030 шот дебеті бойынша әр түрлі журнал ордерлерде көрсетіледі. Алайда есептің дәл болу маңызын және бақылау қажеттілігін ескере отырып, №2 журнал-ордерге қосымша №2 тізімдеме жүргізіледі, онда 1030 дебетінде жатқызылатын барлық сома есептелінеді. Банктің үзінді көшірмелері тексеріледі және өңделеді, яғни сомалармен қатар шот корреспонденциялары жасалады.
Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютасымен де ашылуы мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезде, шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға тиесілі ақша сомаларын аудару жөніндегі ұйғарымын орындауды және басқа да қызмет түрлерін көрсетудіөз міндетіне алды. Банк шоттары бойынша жасалған келісім-шарты келесі мәліметтерден тұрады:реквизиттері; келісім мәні немесе келісім-шарттың жасалаған нәрсесі; салық қызметі органдары берген салық төлеуші – шот иесінің тіркеме нөмірі; банктің көрсететін қызметінің шарты және оларды төлеу тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан келісілген басқа да жағдайлар қарастырылуы мүмкін.
Банк пен Қазақстан Республикасының резиденті – заңды тұлға мен оның жекелеген құрылымдық бөлімшесі арасында келісім жасау үшін: қойылған қол үлгілері және мөр таңбасы бар құжаты; клиенттің салық есебіне қойылғанын растайтын, салық қызметі органдары берген, белгіленген үлгідегі құжаты; аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық жүргізуші субъектінің Қазақстан Зейнеткерлік қорына жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі жөніндегі фактісін растайтын, өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі құжатың көшірмесі немесе оған теңестірілген құжаттың көшірмесі; Қазақстан Республикасы заң тәртібімен бекітіліп, куәландырған құрылтайшылық құжаттың көшірмесі тапсырылды.
Банкте жинақ шоттарын ашқан кезде, банктер салымдарды салушылардан қабылдауға келсімі- шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау төлеуге және әрекет етіп тұрған заң актілері мен келісім- шартта қарастырылған тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетіне алады.
Егер де банкте шот иесінің пайдасына жаңылыс аударылып кеткен ақша қаражатының фактісі анықталса, онда ол сол қаражаттарды шот иесіне хабарламай-ақ қатесін жөндеуге ұқылы. Бірақ бұл келісім-шартта қарастырылғаны жөн.
Банктегі шоттардың көшірмесін беру келісім- шартқа сәйкес банктер арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының көшірмелерін беру қызметін электрондық тәсілмен, егегр бұл келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы атқаруға құқылы. Банктегі есепшотары бойынша операцияларды тоқтату Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, шот иесінің ақша қаражаттарының жұмсалбауына немесе алуға тыйым салу құқығы бар өкілетті органдардың тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге асырылады.
Жаңадан ашылатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жарлық капиталын төлегенін қуаттайтын құжаттарды ұсынуы тиіс, ол үшін банк келісім – шарттың негізінде оларға уақытша жинақ шоттарын ашады. Ал мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды тұлғаға ағымдағы шоттар ашады.
Есеп айырысу және басқа да шоттарды рәсімдеу үшін банкте келесі құжаттар пайдаланады.
Қолма-қол ақша жарнасына берілетін хабарлама. Шот иесінің банктегі шотына қосып есептеу үшін түсім қаражаттарын және қолма-қол ақшамен салынатын басқа да сомаларды банкке қабылдау жөніндегі бұйрығы. Хабарлама сиямен бір дана етіп жазылады; қабылдаған ақшаға банк түбіртек береді және ол кассаның шығыс ордеріне қоса тіркеледі.
Есеп айырысу шоты бойынша операциялардың есебі 1030 «Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша» шотында жүргізіледі. субъектілер шоттары бойынша банк екі дана етіп бет есебін ашады. Бірінші дана бет есептің көшірмесі болып табылады және ол бастапқы құжаттармен бірге шаруашылық жүргізуші субъектіге беріледі, екіншісі – бет есебі болып қалады.
Көшірме атқарушының қойған қолымен және банктің «көшірме үшін» мөрінің таңбасымен расталынады.
Көшірмелердегі әрбір түзету атқарушы мен бас бухгалтердің немесе оның орынбасарының қойған қолдарымен куәләндырылуы және банк мөрінің таңбасымен бекітілуі тиіс. Көшірмелерге қоса тіркелінген құжаттарда көшірмеге қол қойылған операцияны жүргізуші қызметкердің қолымен бірге штамп және осы құжаттардың бет есебі бойынша келтірілген жазбалардың күні көрсетілген календарлық штемпелі қойылуы тиіс. Көшірмелер бірінші немесе екінші болып қол қою ұққығы бар адамдарға субъектінің келісімі бойынша бекітілген мерзімде беріледі. Көшірмелер субъектілерге почта арқылы жіберілуін немесе банк клиенттері үшін қолайлы жерде орналастырылған абоненттік жәшік арқылы жіберілуі мүмкін. Клиент өзінің көшірмені алғаны жөнінде бет есепте немесе жеке карточкада қойған қолы болуы керек. Банк көшірмелері оған қоса тіркелген құжаттармен тексеріледі. Банктің қате аударған сомаларының мән-жайын анықтағанға дейін 1030 «Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша» шоты кредитінен «Басқа да дебиторлық қарыздар» шотының дебетіне есептен шығарылады, ал есепке алынған сомалар 1030 – шоттың дебеті және «Басқа да кредиторлық қарыздар» шотының кредиті бойынша көрініс табады.
Банк шоттары оның иесінің өтініші бойынша жабылады.
Заңды тұлға – шот иесін тарату немесе қайта ұйымдастыру кезінде, немесе заңды тұлғаның шотын бір жылдан астам, ал жеке тұлғалардың шотына үш жылдан астам кезеңде ақша келіп түспеуіне байланысты банк шотары жабылады, ал басқа жағдайда оны жабуға тыйым салынады.
Банктегі есепшот жабылғаннан кейін субъект осы жөнінде он күндік мерзім ішінде шот иесінің банктегі есепшоты жабылғандығы туралы хабарлама жасауы тиіс. Есепшоты жабылған кезде сондай-ақ иесінің аты немесе есепшоттың нөмірі өзгергенде – шот иесі қолдарындағы пайланбаған чектерді банктіге қайтаруы керек.
Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттарының қозғалысын шаруашлықтың қаржы шаруашылық қызметінің халықаралық қаржылық есебінің типтік жоспарында қаралған 1030 «Банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттары», 1050 « Карт шоттардағы ақша қаражаты» синтетикалық шоттардағы, мемлекеттің аумағындағы және шет елдердегі аккредитивтердегі, чек кітапшаларындағы, ағымдағы ,арнайы және шетелдік басқада төлем құжаттарындағы ұлттық және шетелдік валютадағы ақша қаражаттарының қозғалысы мен оқшаулап сақтауды талап ететін мақсатты бағыттағы қаржылармен түсімдердің жинақталып тіркелген мәліметтерімен салыстырып тексереді.
Аккредетивтік нысандағы есеп айырысуды қолданудың дұрыстығына, заңдылығына аудиторлық тексеру жүргізгенде мына мәселелерге назар аударуға тиісті: аккредитивтік нысанда есеп айырысуды қолдану келісім шартта қаралғандығы; аккредитивтік нысанда есеп айырысудың төлеушінің сатып алушыны аккридитив нысанда есеп айырысуға өткізгенде қолданылады; аккредитивтік есеп айырысу нысанның бір ғана жабдықтаушымен есеп айырысу үшін қолданылғандығы; аккредитивтік есеп айырысу нысанның байланыс немесе телеграф арқылы ашылғандығына; аккредитивтің қолдану мерзімінің талаптарының келісім –шартта белгіленгендігіне; күшіндегі заң актілеріндегі қаралған баптарға сәйкес аккредитивтен нақты ақша жұмсауға рұқсат етілмейтін талаптардың орындалғандығы; аккредетивті жабу бойынша құжаттарына, нақты қолда бар банк көшірмелеріне және оған тіркелген құжаттарының дұрыстығы; аккредитивтік есеп айырысу нысанының жабылатын немесе жабылмаған, кері қайтарылатын және қайтарылмайтын түрде ашылғандығы; аккредитивтегі қаржы шаруашылықтың өз қаржысының немесе оған берілген несиенің есебінен екендігі; аккредитивтегі пайдаланылмаған қаржылардың қайтарылу және қайтарылмау тәртіптерінің сақталғандығы;
Чек сатып алынған тауарлы-материалдық құндылықтар үшін, көрсетілген қызмет және «Қазақстан Республикасының чектермен есеп айырысу жөніндегі ережелерінде» көзделген басқа да жағдайларда заңды тұлғалармен есептесу үшін қолданады.
Чек кітапшалары бойынша есеп айырысуларға тексеру жүргізген кезде мына мәселелерді анықтауға тиісті: чектердің түрлерін; Қазақстан Республикасындағы банктері эмиссияланған чектердің қабылдану және төлену тәртіптерінің сақталғандығы; Шаруашылықтың чек кітапшасын алу үшін банкке берген өтініші; Клиенттің қаржы сұранысын білетін банк эмитент белгіленген чек кітапшасындағы сомасының ең төменгі және жоғарға мөлшері; Чек кітапшасында көрсетілген мерзімнен кейін толырылған чектер төлеуге қабылданғандығы; Чек арқылы тауарлармен қызметкерге алдын ала төлем жасалған және жеке тұлғалармен есеп айырысуға чек кітапшасының пайдаланылмағандығы; чек кітапшасында пайдаланылмаған қалдық сомасының нақты ақшаға алмастырылғандығы; чек кітапшаларындағы жазылған чектерді көшірмелерінің бірізділігінің сақталғандығы; чек төлем сомасы анықталмай тұрып алдын –ала жазылғандығын; толтырылмаған чек кітапшаларының бланкілерінің қаражат алушыға және басқа да тұлғалармен берілмегендігі; толтырылған чектердің реквизвттерінің толықтылығы; чектегі және чектің түбіртектеріндегі чек ұстаушының атауы және оның есеп айырысу шотының нөмірі көрсетілген жеріне таңба қойылғандығы; чектерге жазылған қалдық кітапша иесінің мөр таңбасы басылып, расталғандығы; чектерді жазып толтырған кезде ешқандай түзету және өшіруге жол берілмегендігі; қате толтырылып бүлінген чекке және оның түбіртегіне қиғашынан «бүлінген» деп жазып, мерзімі көрсетіліп, кітапша иесінің қол қойылғандығы; чектің күшінде болу мерзімінің сақталғандығы; чек ұстаушының төлемді жүзеге асыру үшін жеке –жеке жасалған регисторларымен бірге қызмет көрсететін банкке ұсынылғандығы; талапқа сай толтырылмаған реквизиттерінде қате жіберілген чектерді банк жарамсыз деп танып, төлеуге қабылдамай жабдықтаушыға қайтарылғандығы; чек кітапшаларындағы соманы толықтыру чек кітапшасының күшіндегі мерзімінің ішінде жүзеге асырылғандығын және чек кітапшасының иесінің есеп айырысу шотындағы қаражаттың сомасынан асып кетпегендігі; чек кітапшасының пайдалану мерзімі аяқталған сәтінде немесе шаруашылықта әрі қарай чекпен есеп айырысуды тоқтатқан жағдайда чек кітапшысының банкке уақтылы өткізілгендігі; чек кітапшасында пайдаланылмаған соманың алынған шотына аударылып, чек кітапшысының жабылғандығы, чек кітапшасындағы чектер түгелдей пайдаланылып, бірақ кітапшада көрсетілген сома толық жұмсалмай, қалдық сомасына клиенттің өтініші бойынша жаңа чек кітапшасы берілгендігі; жоғалған чек кітапшаларының пайдаланылмаған нөмірлері көрсетіліп, оны берген мекемелеріне кітапшаның иесінің дер кезінде арнайы үлгідегі өтініш тапсырып, хабарландырылғандығы; депоненттелген сомадан артық сомаға чек беріліп, есеп айырысу ережелерін бұзғандығы немесе төлеуге шамасы келмегендігі үшін чек кітапшаларын пайдалану құқығынан айырылған жағдайлары; жоғалған чек кітапшалары туралы, қолдан жасалған чектерді пайдаланғаны, оны дер кезінде тергеу органдарына хабарламағаны үшін қылмыстық іс қозғалғандығы; банк мекемелеріне жаңылысып кері қайтарылған чектер үшін, жіберген қателіктер үшін қолданылған шаралары.
Банктегі арнайы шоттардағы нақты ақша қаражаттарға ақша қаражаттарды жүргізгенде 1050 «Карт шоттардағы нақты қаражат» шотында сақталатын ақша қаражаттарының көздерін анықтауға тиісті: үкіметтің жәрдемі ретінде бөлінген қаражаты; жергілікті бюжеттен мектепке дейінгі балалар мекемелеріне бөлінген мақсатты қаражаттары; мәдени ағарту мекемелеріне, демалыс үйлеріне, санаторияларға, лагерьлерге бөлінген кәсіподақ ұйымдардың және басқа көздерден бөлінген қаржылары; ата –аналарының бала –бақша мекемелеріне балалары үшін аударған қаржылары; шаруащылықтың өтініші бойынша жеке шоғырландыруды талап ететін күрделі қаржыландыруға бөлінген қаржылары.
Шаруашылықтың құрамына кіретін филиалдарға, құрылымдық бөлімшелерге және жеке балансқа бөлінбеген бөлімшелердің орналасқан жерінде қызмет көрсететін банктен ағымдағы шот ашуына рұқсат берілген. Бұл шоттарда жасалған операциялар 1060 «Өзге де ақша қаражаттары» шот арқылы қозғалысы тіркеліп, таратылып отырады. Ағымдағы шоттардағы қаражаттарға аудиторлық тексеру жүргізгенде мына мәселелерді анықтауға тиісті:
өз алдына жеке балансқа бөлінбеген құрылымдық бөлімшелердің тұрған орнында қызмет көрсететін банк мекемелерінен ашқан ағымдағы шоттарының заңдылығын. Ағымдағы шотты есеп айырысу шотын ашуға мүмкіндігі жоқ филиалдар, өндірістік бөлімшелер және ғылыми өнідірістік бірлестіктер, шаруашылықтың орналасқан жерінен басқа жеріне орналасқан басқа да шарушылық есептегі бөлімшелер ашады;
Шаруашылықтың құрамына кіретін жеке өз алдына баланстағы құрылымдық бөлімшелерінің баланстарын және басқа да қажетті құжаттарын уақтылы тапсырғандығы;
өз алдына жеке балансқа бөлінбеген құрылымдық бөлімшелердің шығындарының негізгі өндіріс және айналым шығындарының құрамына ендірудің негізділігі;
орын алған операциялар бойынша банктен сатып алған депозиттік сертификаттар;
жасалған бухгалтерлік корреспонденцияларының дұрыс берілгендігі;
баланстың көрсеткіштерінің Бас кітаптағы және есеп регисторларындағы мәліметтерімен сәйкестігі.
