- •2.2 Ақша қаражаттардың бухгалтерлік есебі
- •1010, 1020 Шоттарындағы операцияларды жазу үшін кассалық есептер негіз болып табылады.
- •Кесте 2 - «спецмеханизация» абк жшс-тің кассаға ақшаның түсуі бойынша шоттар корреспонденциясы1
- •Кесте 3 - «спецмеханизация» абк жшс-тің кассадан ақшаның жұмсалуы бойынша шоттар корреспонденциясы*
- •2.3 Дебиторлық берешек және қорлар есебі
- •1* «Спецмеханизация» абк жшс –нің №1 – журнал ордері
2.2 Ақша қаражаттардың бухгалтерлік есебі
Ақшалай қаражатты басқару қаржы нарығындағы өте күрделі қиындықтарға байланысты үлкен мәнге ие. Бәсекеге қабілеттілік технологиялық процесстерді заманға сай жаңғырту мен одан әрі даму үшін фирмадан ақша қаражатын талап етеді. Сондықтан ақшалай қаражатпен олардың баламаларын дұрыс ашып көрсету мен сыныптау компанияның өтемпаздығын дәл бағалау үшін қажет.
«СПЕЦМЕХАНИЗАЦИЯ» АБК ЖШС-де ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір субъектінің кассасы бар.
Кассир- материалдық жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық толық жеке дара жауапкешілігі туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа да төлемдерді беру үшін субъекті басшының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар татылатын бола, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.
«СПЕЦМЕХАНИЗАЦИЯ» АБК ЖШС-ның кассадағы операциялар есебі 1010 «Кассадағы қолма-қол ақша» активті жинақтаушы шоттарында жүргізіледі.
«СПЕЦМЕХАНИЗАЦИЯ» АБК ЖШС-де «Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақшаның» есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес жүргізіледі.
Кассаға ақша қабылдау кассаның кіріс ордерлері бойынша жүзеге асырылады,оған бас бухгалтер мен кассир қол қояды. Кассаға ақша салған жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы түбіртек беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде кассир «Төлем таңбаларын анықтау тәртібін» басшылыққа алуға міндетті. Кассаға қабылдаған теңге сомасы жазумен жазылып, тиын сандарымен жазылады.
Кассадан ақша беру кассаның шығыс ордерлерімен немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша беруге жазылған өтініш пен, шоттармен және басқа де құжаттармен рәсімделінеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысыныңрұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес.
Ақшалай қаражат қозғалысы – олардың операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметінің нәтижесіндегі түсімімен жұмсалуы.
Касса – бұл ақша сақталуын қамтамасыз ететін арнайы жабдықталған бөлме. Кәсіпорындар өз есеп шоттарынан қолма қол ақша алады, бұл мақсаттар үшін оларға банк чектік кітапша береді. Субъект чек жаза отырып, онда талап етілетін соманың тағайындалуын көрсетуге міндетті. Қолма –қол ақша алу үшін субъект банкке алдын ала талап теілген сомаға тапсырыс жолдайды.
Кассалық операциялар есеп регисторларының қолданған жағдайда, оларды шоттың дебетіндегі және кредитіндегі жазумен салыстырып, көз жеткізу керек. Олар міндетті түрде бірі –бірлеріне сәйкес келуі міндетті. Соммаларында ауытқулар кездесекен жағдайда кассалық кіріс, шығыс ордерлері, банк көшірмелері бойынша, ал қажет болған жағдайда банк мекемелерінің сұрау салып алынған мәліметтерімен салыстырып тексереді.
Ақша қаржаттар операциялары, әсіресе олардың өте сусымалы бөлігі нақты ақшалармен жасалған операциялар міндетті түрде жаппай тексеруге талап етеді. Сондықтан кассалық құжаттар тұтасынан жаппай тексеруге ұшырайды.
Кассалық құжаттарды жаппай тексеруге кіріспей тұрып, тексерудің жоспарын жасайды. Өйткені «жаппай тексеру» бүкіл кассалық құжаттарды бірінен кейін бірін қарап шығу деген ұғымды білдірмейді.
Бір құжаттың өзін бірнеше рет қарап шығуға келеді. Жасаған бағдарламасында мынандай сұрақтар қаралады:
кассадағы нақты ақша қаражаттарға және басқа да құндылықтарға түгендеу жүргізу және олардың сақталуын тексеру;
кассалық операциялардың дұрыс құжатталып, толтырығандығын тексеру;
кассаға ақшаның уақтылы және толық дұрыс кіріске алынғандығын тексереді;
жұмсалған ақшалардың дұрыс шығыс жасалғандығын тексеру;
бухгалтерлік есеп шоттарында операциялардың дұрыс
көрсетілгендігін тексеру;
- кассалық операциялардың есебінің аудитінің нәтижесі бойынша қорытынды және ұсыныстар жасау;
Бұл бағдараламаны табысты жүзеге асыру үшін кассадағы ақша құжаттарының ішкі қозғалысының жағдайын бақылауды және шаруашылықта кассалық тәртібін сақталуын бағалау үшін әрбір іс -әрекеттер бойынша тесттің сауалнамасын жасау қажет.
Шаруашылықтың кассасындағы ақша қаражаттарының ішкі қозғалысын бақылудың мүлдем жоқ немесе жеткіліксіз екендігін белгілері: кассадағы бүкіл нақты ақшаның және басқа да құндылықтарды біртіндеп санаудың және кассаның тосынан тексеру жүйесінің жолға қойылмағандығы; шаруашылықта баж тексеруді белгілеген әкімшілікті бұйрығының жоқтығы, кассаның тексеруге қалай болса солай бұйрық жасалғандығын тексеру комиссиясына тұрақты тұлғаларды тағайындау, банкноттарды біртіндеп санағандығы туралы куәлік ететін тексреу комиссиясын тексеру актісіне тіркелетін жұмыс құжаттарының тіркелмегендігі; кассаға тексеру жүргізілетіндігін кассирдің алдын-ала біліп оған дайындық жүргізілдуі; шаруашылықтың төрағасының бұйрығында көрсетімеген кіріс және шығыс құжаттарына бас бухгалтерден және шаруашылықтың төрағасынан басқа тұлғаларға қол қоюға құқық берігендігі; кассирды алмастырған кезде кассаға үстіртін тексеру жүргізілгендігі; шартта кассирлык қызмет қаралмай, шаруашлықтың төрағасының жазба өкімімен бұл қызметті атқару есеп қызметкерлеріне жіктелуі; кассирдың толық материалды жауапкершілігі туралы шарттың болмауы; кассирдің кассаны тексеруге дайындауға дағдыланбағандығын дәлелдейтін күнделікті орындалуға тиісті операциялардың жүзеге асырылмауы.
Кассалық операцияларды тексерген кезде, құжаттарын оқу, тесеру зерттеу және жазуларын қарама-қарсы салыстырып тексеру, аналитикалық мәліметтерін санап тексеру сияқты бақылу әдістерін қолдануға болады;
Кассалық құжаттарды жаппай үздіксіз элементтері бойынша, қандай да бір сәйкессіздік табу үмітінде қарап шығу.
Кассаны және кассалық операцияларды тексеру, негізінен, үш бағыт бойынша жүргізіледі. Нақты ақша қаражаттары түгендеу; кассаға келіп түскен ақша қаражаттарының толық , уақтылы кіріске алынуын тексеру; жұмсалған ақшалардың дұрыс шығысқа шығарылғандығын тексеру. Кассаны түгендеу тексеру орнына келген күннен бастап жүргізіледі. Түгендеу жүргізердің алдында мыналарды анықтауға міндетті шаруашылықтың кассасындағы нақты ақша қаражаттарын тосынан жүйелі тексеру жүргізу үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссияның тағайындалғандығы туралы шарушылықтың төрағасының бұйрығының бар екендігін; бұйрықтың орындалуын, кассаны тосына тексеру актілері бар ма, олардың мазмұны қалай; тексерудегі шаруашылыққа бір немесе бірнеше кассир қызмет етеді ме; кассир тек қана сол шаруашлықта немесе өзінің міндетін басқа шаруашылықпен қосып атқаратындығын ; кассирді тағайындау туралы бұйрықты және кәсіпорынның әкімшілігімен кассирдің жеке материалды жауапкершілігі туралы жазылған шарттың бар екендігін; кассирдің кассалық есеп операцияларын жүргізу тәртібімен танысқандығын.
Кассаны тексеруді жүзеге асырғанды мына талаптарды сақтауға міндетті: кассаға түгендеу жүргізу құрамында міндетті түрде шаруашылықтың бас бухгалтер және кассирі еніге тиісті; шаруашылықтың төрағасы тағайындаған тұрақты жұмыс істейтін комиссияның мүшелерінің қатысумен жүргізіледі; кассаны тексеру кезінде кассаға басқа тұлғаны кіруіне рұқсат етілмейді; тексеру кезінде бүкіл кассалық операциялар тоқтатылады; Кассаға түгендеу жүргізгенде мынандай талаптардың сақталуын қаматамасыз етуге тиісті: Кассаны тексеру мүмкін болғанда немесе бірнеше касса болса, олардың барлығын жауып бекітіп, мөр басып, кілтін кассирге береді де, мөрді өзінде қалдырады. Бұл бір кассадағы жетіспейтін ақша қаражаттарының екіншсінің есебіне жабуды болдырмау мақсатында жасалады.
Кассир түгендеу комиссиясының мүшелерінің қатысу мен соңғы күннің кассалық операциялар туралы кассалық кітапқа ақшаның қалдығын шығарып, кассирдің жасаған есебіне бүкіл кіріс, шығыс құжаттарын тегіс енгізіп, кассаға кіріске алынбаған және шығыс жасалынбаған ақша қаражаттар соммасының жоқтығы туралы қолхат береді. Бұл қолхат кассаны түгендеу актісінің бастапқы бөлігіне енеді. Кассирдің жасаған есебіне шарушылықтың бас бухгалтері қол қояды.
Орамы бұзылған бос ақшаларды және банктің белгісі соғалған орамы бұзылмай ақшаның орамымен сақталуына қарамастан, оларға біртіндеп санау арқылы қайта санақ жүргізіледі. Бұндай міндетті іс -әрекеттер кассада сақаталатын басқа да құндылықтар мен ақша қаражаттарына да жүргізіледі. Ақшаны және құндылықтарды екі рет санайды- бірінші рет кассир санаса, екініші рет- комиссия мүшесінің бірі санайды. Бұндай жағдайда тәртіп бойынша, бұл әрекеттің дұрыс жүргізілгендігіне бақылау жасауды жүзеге асыруға міндетті. Ақша қаражаттарына санақ номиналды құны бойынша жүргізіледі. Ақшалық құжаттарға тексеру жүргізгенде нақты ақшалық құжаттрдың бар екенін, кімге арналғандығын қандай қаржылардың есебінен билеттердің және жолдамалардың төленгендігін, олардың есебі ақшалық құжаттардың қозғалысы бойынша кітабында жүргізілгендігін анықтау қажет. Ақша құжаттарынынң кіріс, шығыс операциялары кассалық кіріс және шығыс құжаттарын толтыру арқылы жүзеге асырылуға тиіс. Кассир ақша құжаттарының қозғалысы бойынша есеп жасап, оны бас бухгалтерге тапсырады. Түгендеу жүргізу кезінде, кассада жарым жартылай төленген төлем ведомостьі болуы мүмкін. Бас бухгалтерге және кассирге ведомостьтарды бекітілген тәртіпке сай жауып, кассалық шығыс ордерін толтырып, оны кассирдің есебіне енгізуді ұсынуға міндетті. Егер кассаның тексеру еңбек ақы тарату кезеңімен сәйкес келген жағдайда, әлі де ведомость бойынша түгел таратылмаған сомаларды ведомостьтар бойынша кассирдің берген есебіне қоспай актіде ішінара төленген шығыс құжаты ретінде жазады. Бұндай жағдайда әрбір төлем ведомостында еңбек ақы қандай реттік нөмір бойынша төленгені және оның жалпы сомасы көрсетіледі. Көрсетілген жазулар бас бухгалтердің , кассирдің қолдары қойылып расталады. Кассадағы нақты ақша қаражаттарының қалдығын есебіне растаушы құжаттары ретінде дұрыс толтырылмаған кассалық шығыс ордерлері және ведомостьтар, сондай –ақ жоғарыда көрсетілген әр –түрлі тұлғалардың қол хаттары ендірілмейі. Бұндай құжаттарды анықтаған кезде тәртіп бұзушылықты кассаны тексеру актісінде кімге, кімнің өнімі бойынша, қашан, қандай мақсатқа, ақшаның қандай сомада берілгендігін көрсетеді. Шарушылықтың кассасында сақталатын бүкіл нақты ақшаны және басқа да құндылықтарды сол шаруашылыққа тиісті деп санайды, өйткені кассада басқа шаруашылықтың ақшасын және басқа да құндылықтарын сақтауға қатаң тиым салынған.
Ақшаны және құндылықтарды санап болғаннан кейін алынған соманы бухгалтерлік есепте көрсетіген олардың қалдықтарының мәліметтерімен салыстырады.
Ақша қаражаттарын тексеруді жүзеге асыра отырып, олардың сақталу орнының жағдайына касса бөлмесінің ақша қаражаттарын сақтауды қамтамасыз ету бойынша техникалық беріктігі өрт қауіпсіздігін сақтау қауіп төнген жағдайларда ыдыс беретін құралдармен жабдықталуының ережеге сәйкестігіне баса назар аударады. Анықталған кемшіліктер түгендеу актісінде көрсетіледі.
Кассалық операциялардыңсинтетикалық есебін 1010 «Кассадағы қолма-қол ақша, 1020 «Кассадағы қолма-қол шетелдік валюта» шоттары кіретін 1010 «Кассадағы қолма-қол ақша» бөлігінде жүргізіледі.
