Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
пошаговая_ОДА_МПС_ЭС.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
201.22 Кб
Скачать

Эндокринді жүйе ауруында науқасты тексеру

Емтихан қабылдаушыға ақпарат: төменде көрсетілген критерилер бойынша оқушының эндокринді жүйені тексере білуін бағалаңыз.

Керекті құрал-жабдықтар: бой өлшегіш құрал, салмақ өлшейтін таразы, сантиметрлік таспа, бұрма, калькулятор.

Дағдыларды сатылап жүзеге асыру критерилері

Бағасы (балл саны)

1

Тексерілушімен қарым қатынасқа келіп, қолданылатын шара тұралы түсіндіріп, оның келісімін алу. Тексеру жүргізетін бөлме жылы, бөгде дыбыс-шулар болмауын қадағалайды. Тексерілуші белуарынан жалаңаштанады.

0,5

0,25

0

2

Науқас адамның дене салмағының индексін (ДСИ) анықтау. Антропометриялық тексерулер жүргізу: тексерілушінің бойын, салмағын өлшеу. ДСИ Кетле формуласы бойынша анықтау: ДСИ =М/h2, мұнда М- науқастың дене салмағы (кг), h – тексерілушінің бойының квадраты.

Тексерілушінің ДСИ келесі деңгейлер бойынша бағалау:

ДСИ <18 – салмақтың жетіспеуі (салмақ дефициті),

ДСИ 18-24,9 – қалыпты дене салмағы,

ДСИ 25,0 – 29,9 – салмақтың артуы,

ДСИ 30,0-34,9 –I дәрежелі семіру,

ДСИ 35-39,9 – II дәрежелі семіру,

ДСИ > 40,0 - III дәрежелі семіру.жағдайы келгенше тұрғызып қойып, артынан сол жақ бүйіріне жатқызып, содан кейін күш түсіріп (он рет отырып тұруын өтініп) жүрегін қайталап тындайды. Тындап тексеру барысында тексерілушіден демін сыртқа шығарып барып, демін шамасы келгенше ұстап тұруын өтінеді.

2,0

1,0

0

3

Мықынның айналмалы өлшемін тексеру. Науқас адамның белінің (мықынының) айнала өлшемін кіндік тұсынан сантиметрлік таспамен өлшеу. Анықталған өлшемді бағалау: Әйел адам үшін:

80 см дейін– мықынның қалыпты айнала өлшемі

80-87 см - қауіп тобы (артық өлшем)

88 см және одан артық – абдоминалдық семіру.

Ер адам үшін:

94 см дейін— қалыпты,

94-101 см — қауіп тобы (артық өлшем)

102 см және одан артық — абдоминалдық семіру.

1,0

0,5

0

4

Қалқанша безін пальпация әдісімен тексеру.

Тексерілуші адамның алдынан тұрып, басын жоғары көтеріп тұруын өтінеді. Екі қолдың II-V саусақтарын бүгіп ұстап, төстік-бұғана-емізік бұлшық еттің артына еңгізеді. Бас саусақпен қалқанша безінің екі бөлігін екі жақтан жай қимылмен, сипап тексереді, тексерілушіден бір-екі рет жұтынуын сұрайды. Соңынан екі бөлікті жалғайтын қылтаны орта тұстан сипап тексеріп көреді. Қалқанша безінің бір бөлігін толығырақ нақтылап тексеру үшін, қалқанша безін бір жаққа қарай ығыстырып, қайталап сипап көреді, бұл кезде ол қолға анығырақ сезіледі.

Ары қарай қалқанша безін науқастың артынан тұрып тексереді. Төстік-бұғана-емізік бұлшық еттің артына бас саусақты еңгізіп барып екі қолдың II-V саусақтарын мойынның алдыңғы бетіне қарай бағыттап, қалқанша безін сипап тексереді. Алғашқы тәсілдегідей, науқастың жұтынуын сұрайды және қалқанша безін кезек-кезек солға және оңға ығыстырып көреді. Ең соңында қалқанша безінің қылтасы тексеріледі.

Пальпация кезінде қалқанша безінің топографиялық орналасуы, оның көлемі (жайылмалы немесе түйінді ұлғаюы, ұлғаю дәрежесі), консистенциясы (тығыздығы), жылжымалылығы, ауыратыны, я ауырмайтыны анықталады.

3,0

1,5

0

5

Гипертиреоидизм жағдайындағы көз белгілерін анықтау. Грефе симптомын анықтау. Науқас адамның көзінің алдында 30 см қашықтықта қаламсапты ұстап тұрып дәрігер тексерілушіден оның ұшын көзімен бақылап тұруын сұрайды. Қаламсапты жайлап төмен қарай жылжыта бастайды. Науқастың көзі төмен қарай қозғалғанда, жоғарғы қабақпен нұрлы қабықша екі арасында ақ склера жолағы көрініп қалса, симптом оң мәнді деп есептелінеді.

Кохер симптомын анықтау. Грефе сынамасы сияқты тексеріледі, науқас көзімен бақылап тұрған қаламсапты жоғары қарай жылжытады. Науқастың көзі жоғары қарай қозғалғанда, жоғарғы қабақпен нұрлы қабықша екі арасында ақ склера жолағы көрініп қалса, симптом оң мәнді деп есептелінеді.

Мебиус симптомын анықтау. Көз конвергенциясын зерттеу. Науқастың көзінің алдында, 30 см қашықтықта дәрігер қаламсапты ұстап тұрып тексерілушіні оны көзімен бақылап тұруын сұрайды. Содан кейін қаламсапты жайлап екі көздің арасына жақындатады. Сау адамның көздері ішке қарай қозғалып түйіседі. Мебиус симптомы дегеніміз, көздің конвергенциясының бұзылуы, яғни түйіспеуі.

1,0

0,5

1,0

0,5

0,25

0,5

0

0

0

6

Гипопаратиреоз жағдайындағы бұлшық еттердің қозғыштығының артуын тексеру.

Хвостек сынамасы. Сұқ саусақтың ұшымен немесе неврологиялық балғашықпен бет сүйектің бет нерв талшығы шығатын жерден ақырыдап ұрғылап көреді. Беттің соған сәйкес жағындағы бұлшық еттердің жиырылып тырысып қалуы - сынаманың оң мәнді болғаны.

Труссо сынамасы. Тексерілуші білегіне бұрма немесе тонометрдің манжетасы салынады. Білезік артериясында тамыр соғуы тоқтағанға дейін тартып 2-3 минутқа қалдырады. Қол басының бұлшық еттері жиырылып, тырысып қалса («акушер қолбасы симптомы») сынама оң мәнді деп саналады.

0,5

0,5

0,25

0,25

0

0

Барлығы

10

5

0

Максималды балл саны – 10

Тапсырманы орындау уақыты- 10 мин.