Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
met_rek_5_kaz_5kOM_-_I_Z.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
168.49 Кб
Скачать

Есеп №2

Ұл бала 7 жаста. Бала невропатологта«Д» тіркеуде тұрады,диагноз: Басішілік гипертензия. Астено-вегетативті синдром.Соңғы жарты жылдықта периодты түрде іші ауыруына,әсіресе сабақ кезінде,үлкен дәреттің тұрақыздығына шағымданады.Жақында туылған күні болып,кептірілген шұжық пен торт жеген.Қазіргі уақытта кіндік аймағында ауру сезіміне,құсуға шағымданады.Тексеру кезінде :бала әлсіз,тілі кір-ақ жабынмен жабылған,іші пальпация кезінде жұмсақ,кіндік маңы аймағы ауыру сезімімен,үлкен дәретке тәуілігіне 2 рет барған,нәжісі ботқа тәрізді қорытылмаған бөлшектермен,зәр шығару қалыпты.

Тапсырма: Сіздің болжамалы диагноз бен тексеру әдістері

А) Вирусты гепатит А. ЖҚА, ЖЗА, қанның биохимиялық анализі бауырлық сынамаға. Консультация- невропатологқа, инфекционистке.

B) Жедел гастрит. ЖҚА, ЖЗА,асқазанды зондтау. Консультация- невропатологқа, гастроэнтерологқа

C) Функциональды диспепсия. ЖҚА, ЖЗА, ФГДС, бауыр мен өт шығару жолдарының УЗДсы копрограмма. Консультация -невропатологқа, гастроэнтерологқа.

D) Тағамдық токсикоинфекция. ЖҚА, ЖЗА, құсық массасы мен нәжісін бак.себу. Консультация невропатологқа, инфекционистке.

E) Асқазан ойық жарасы. ЖҚА, ЖЗА, ФГДС, копрология. Консультация невропатологқа, гастроэнтерологқа.

Есеп №3

Бала 9 жаста, 2 жыл көлемінде гастроэнтерологта тамақтан соң 1-2 сағаттан кейін сол жақ кіндіктің жоғарғы бөлігінің периодты ауруына, метеоризмге шағымдану бойынша бақылаудаҚарап тексергенде: тілі ақ жабынмен қапталған,пальпация кезінде іші айтарлықтай ісінген,оң жақ кіндік аймағында ауру сезімі. ФГДС: диффузды гиперемия, ісіну,қатпарларының қалыңдауы, ригидтілігі,тамырлық суреттің күшеюі,шырышты. Копрология: бұлшықет талшықтары өзгеріссіз +++, қорытылған жасұнық+++, нейтралды май+++. Диагноз: Созылмалы гастродуоденит. Участкелік дәрігермен «Д» тіркеуге алынды.

Тапсырма: Рецидивке қарсы ем тағайындаңыз.

A) Стол №5,минеральды су ішу , ферменттер, өт айдағыш препараттар, физиотерапевттік ем: оң жақ қабырға астына парафинді аппликация.

B) Стол №1,минеральды су ішу , ферменттер, антацидтік заттар, физиотерапевттік ем: эпигастралды және арқа аймағына парафинді және озокериттік аппликация

C) Стол №7,минеральды су ішу , антацидтік заттар,спазмолитиктер,прибиотиктер, физиотерапевттік ем: эуфиллинмен электрофорез мойынөжағалық зонаға

D) Стол № 9, минеральды су ішу, ферменттер, антибиотиктер, физиотерапевттік ем: озокеритті аппликации эпигастралды және арқа аймағына .

E) Стол № 15, минеральды су ішу , ферменттер, холеретиктер, тюбажи 1 рет аптасына.

Есеп №4

Қыз бала 15 жаста участкелік дәрігерге төмендегі шағымдармен келді: эпигастри аймағында ауру сезімі,кекіру.ФГДС: ошақты гиперемия, ісіну, шырышты қабаттарының қалыңдауы ,шырыш жабынмен. Асқазанды фракциялық зондтау: признаки гиперсекреция көріністері, пепсин өнімінің өзгерістері. Копрология: бұлшықет талшықтары өзгеріссіз +++, қорытылған жасұнық+++, жасушаішілік крахмал ++. Диагноз: созылмалы гиперацидті гастрит. Стационарда ем қабылдады.

Тапсырма:Диспансерлік бақылауды анықтаныз.

А) «Д» бақылау – 1 жыл. Бақылау жиілігі: стационардан шыққан соң педиатр мен гастроэнтеролог: ай сайын, ремиссия кезінде квартал сайын, ЛОР, стоматолог – 4 рет жылына, басқа мамандар- көрсеткіш бойынша.

B) «Д» бақылау – 2 жыл. Бақылау жиілігі: стационардан шыққан соң педиатр мен гастроэнтеролог: 1 рет квартал бойынша, ремиссия кезінде 3 рет жылына, ЛОР, стоматолог – 2 рет жылына, басқа мамандар- көрсеткіш бойынша

C) «Д» бақылау – 3 жыл. Бақылау жиілігі: стационардан шыққан соң педиатр мен гастроэнтеролог: 1 рет квартал бойынша, ремиссия кезінде 1 рет жарты жыл сайын, ЛОР, стоматолог – 2 рет жылына, басқа мамандар- көрсеткіш бойынша

D) «Д» бақылау – 4 жыл. Бақылау жиілігі: стационардан шыққан соң педиатр мен гастроэнтеролог: 1 рет жарты жыл сайын, ремиссия кезінде 1 рет жылына, ЛОР, стоматолог – 1 рет жылына, басқа мамандар- көрсеткіш бойынша

E) «Д» бақылау – 5 жыл. Бақылау жиілігі: стационардан шыққан соң педиатр мен гастроэнтеролог: 1 рет жарты жыл сайын, ремиссия кезінде 1 рет жылына, ЛОР, стоматолог – 1 рет жылына, басқа мамандар- көрсеткіш бойынша.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]