- •Тәжірибелік сабаққа арналған
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Тақырып № 5: «Диспепсиялық синдроммен, бауыр ауруларымен науқас
- •Балаларды жүргізу ерекшеліктері»
- •1.Тақырып: «Диспепсиялық синдроммен, бауыр ауруларымен науқас балаларды жүргізу ерекшеліктері»
- •2.Мақсаты:
- •3. Оқыту талаптары:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау: Меңгерген компетенцияларды бағалау әдістері:
- •Оқытудың жиынтықты әдістері
- •Тәжірибелік сабақтың жоспары және ұйымдастыру құрылымы
- •Тестік тапсырмалар ( I -нұсқа )
- •В с. Пинаверия бромид (дицетел)
- •Жауап эталондары
- •Тест ( II-нұсқа)
- •Д.Бауырды портокавальды шунтирлеу
- •Жауап эталондары
- •Ситуациялық есептер : Есеп №1
- •Есеп №2
- •Есеп №3
- •Есеп №4
- •Есеп №5
- •Есеп №6
- •Есеп №7
- •Есеп №8
- •Есеп №9
- •Есеп №10
Жауап эталондары
(I -ВАРИАНТ)
1. Д.
2. Г.
3. А.
4. A.
5. А. В. Г. Д.
6. Г.
7. Б.
8. Б.
9. В.
10. А. Б. В. Г.
11. A.
12. А.
13. В.
14. Г.
15. А. Б. Д.
16. В.
17. Д.
18. В.
19. Д.
20 А. В. Д.
21. Д.
22. Г.
23 .Г.
24. А.
25. А. Б. В.
Тест ( II-нұсқа)
1. Созылмалы гастриттің өршусіз кезеңінде балаларды диспансерлік бақылаудың қандай ұзақтығы ЕҢ сәйкес?
А. 5 жылдан кем емес
Б. 4 жылдан кем емес
В 3 жылдан кем емес
Г. 1 жылдан кем емес
Д. тіркеуден шығарылмайды
2. Асқазаан мен 12-елі ішектің ойық жарасын стационардан шығарылғаннан кейін бірінші жылы қарау жиілігі ЕҢ сәйкесі қандай?
А. Жылына 1 рет
Б. Жылына 2 рет
В. Ай сайын
Г. Тоқсан сайын
Д. 2 аптада 1 рет
3. Ер бала 6 жаста, сол жақ қабырға астына,белге берілетін эпигастрий аймағындағы ауру сезіміне, жүрек айнуға, құсуға, іш кебуіне шағымданады. Бір жыл шамасында ауырады. Бала астениялық, ішін пальпациялағанда эпигастрий мен Шоффар аймағында ауру сезімі. ЖҚА- Нв-120 г/л, Эр.-3,9х1012/л, Л-11,0х109/л, ЭТЖ-15 мм/сағ. Биохимиялық қан анализінде : АЛТ 0,11 мгкат/л, АСТ 0, 12 мгкат/л, тимол сынамасы 3,1 ЕД , қан амилазасы 55 мгкат/л. Қандай диагноз ЕҢ сәйкес?
А. созылмалы гепатит
Б. созылмалы панкреатит
В. созылмалы холецистит
Г. асқазанның ойық жарасы
Д.созылмалы гастродуоденит
4. Қыз бала 9 жаста, қыжылға, тамақ ішкеннен кейін кеуде артында және эпигастрийде ауру сезімі, қышқылмен кекіруге шағымданады. Болжам диагноз қойылды: гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы. Қандай зерттеу әдісі ЕҢ ақпаратты?
А. Асқазанды зондтау
Б. Ультрадыбысты зерттеу
В. Өңешішілік рН-метрия
Г. Эндоскопиялық зерттеу
Д. рентгенологиялық зерттеу
5. Ер бала 8 жаста, қойылған диагноз: билиарлы жолдың дисфункциясы, гипокинетикалық түрі.Қандай клиникалық белгілер ЕҢ тән?
А. жүрек айну, ауызында ащы дәм
Б. Іштің кебуі, іш қату
В. Сол жақ жауырын мен арқаға берілетін ауру сезімі
Г. Оң жақ қабырға астында сыздаған және керілген ауру сезімі
Д. Оң жақ қабырға астында толғақ және шашу тәрізді ауру сезімі
6. Ер бала 2 жаста, 11 айлығынан бастап ботқаны қосқалы бері биопрепараттар мен панкреатикалық ферменттерді қолданса да, басылмайтын іш өту мазалайды. Ішінің ұлғаюы, салмағы мен бойының артта қалушылығы байқалады. Иммунологиялық зерттеу кезінде: : anti-tTG Ig A оң, жіңішке ішек биоптатын гистологиялық зерттегенде: ісіну,дуодеманың шырышты қабатының лимфоидты инфильтрациясы, энтероциттердің ісінуі. Қандай диагноз ЕҢ сәйкес?
А.муковисцидоз
Б. глютенді энтеропатия
В. экссудативті энтеропатия
Г. Лактаздық жетіспеушілік
Д.дисахаридазды жетіспеушілік
7. Ер бала 11 жаста, майлы тағам жегеннен кейін күшейетін оң жақ қабырғаастындағы тұйық ауру сезіміне шағымданады. Кезеңдік аурулар ұстама тәрізді ауру сезімді болады, ұзақтығы 30 минуттан 2 сағатқа дейін. Алдын-ала қойылған диагноз: созылмалы холецистит. Өт қабының УДЗ-не қандай белгілер ЕҢ тән?
А. өттің іркілкуі
Б. Өт қуығының деформациясы.
В. Өт қуығы қабырғасының қалыңдауы
Г. Өт қуығы өлшемінің ұлғаюы
Д. Өт қуығы өлшемінің кішіреюі
8. Қыз бала 13 жаста, НР-ассоцияланған 12-елі ішектің ойық жара ауруымен диспансерлік тіркеуде тұрады. «Үштік» антихеликобактерлі терапия курсын алды. 6 аптадан кейін жүргізілген бақылау эрадикациясы Helicobacter pylori бар екенін анықтады.Қандай емдеу тактикасы алдағы уақытта ЕҢ сәйкес?
А.ИПП+амоксициллин+метронидазол
Б. ИПП+амоксициллин+кларитромицин
В. ИПП +амоксициллин+тетрациклин +висмут тұзы
Г. ИПП +амоксициллин+ метронидазол+тетрациклин
Д. ИПП+амоксициллин+кларитромицин+ висмут тұзы
9. Бала 10 жаста, қатты эмоция, диета сақтамаған кезде күшейетін диспепсиялық көріністерге, оң жақ қабырға астындағы толғақ тәрізді ауру сезіміне шағымданады. Диагноз қойылды: билиарлы жолдың дисфункциясы, гиперкинетикалық түрі. Қандай өт айдайтын препараттар ЕҢ сәйкес?
А. фитошай
Б. холеретиктер
В. холекинетиктер
Г. холелитолитиктер
Д. холеспазмолитиктер
10. Қыз бала 15 жаста, көбіне түнгі уақытта болатын эпигастрий аймағындағы қатты толғақ тәрізді ауруларға шағымданады. Ішті пальпациялаған кезде пилородуоденальды аймақта ауру сезімі байқалады. Алдын-ала қойылған диагноз: 12-елі ішектің ойық жарасы. Қандай әдістер Н.pylori үшің ЕҢ ақпаратты?
A. биохимиялық
Б. бактериологиялық
B. браш-цитологиялық
Г. Уреазды тыныстық тест Д. полимеразды тізбекті реакция
11. Ер бала 12 жаста, тамақ ішкеннен кейін 30-40 минутқа созылатын, эпигастрий аймағында ұстама тәрізді ауру сезіміне,қыжылға, қышқылды кекіруге, жүрек айнуға шағымданады. Тәбеті сақталған. Тексеруден кейін диагноз қойылды: жоғары секрециялы созылмалы гастрит. Певзнер бойынша қандай диета ЕҢ сәйкес?
А.стол №1
Б. стол №2
В.стол № 4
Г.стол №5
Д.стол №7
12. Қыз бала 12 жаста, өт қуығының УДЗ-да жалғыз 0,5 см өлшеміндегі кальцифирленбеген конкремент анықталды. Шағымдары жоқ, ауру ауру сезімінсіз өтіп жатыр. Қандай емдеу әдісі ЕҢ сәйкес?
А. оперативті емдеу
Б. холеретиктерді тағайындау
В. спазмолитиктерді тағайындау
Г. ахолекинетиктерді тағайындау
Д. урсодезоксихоле қышқылы препараттарын тағайындау
13. Ер бала 15 жаста, антацидті препараттарға басылмайтын эпигастрий аймағындағы тұрақты қарқынды ауру сезіміне, қышқылды кекіруге, жұрек айнуға, іш өтуге шағымданады. ФГДС: асқазан мен 12-елі ішекте кқптеген ойық жаралар. Сарысулық гастриннің базальды деңгейінің 400 мЕД/мл (қалыпты 115 мЕД/мл дейін) жоғарылаған. Қандай алдын ала диагноз ЕҢ сәйкес?
А. Асқазан ойық жарасы
Б. Асқазанның эрозиясы
В. Дубин-Джонсон синдромы
Г. Золлингер-Эллисон синдромы
Д. 12-елі ішектің полипі
14. Қыз бала 10 жаста, бауыр қызметінің аздаған өзгерісімен созылмалы белсенді гепатит. Қандай физиотерапиялық ем ЕҢ сәйкес?
А. диатермия
Б. Папаверин электрофорезі
В. импульсті магнитотерапия
Г. Тері арқылы электростимуляция
Д. В тобы витаминдерінің электрофорезі
15. Ер бала 11 жаста диспансерлік тіркеуде: ремиссия сатысындағы созылмалы гастродуоденитпен тұрады. Хлорлы-натрийлік минералды сулармен санаторлы-курортты ем тағайындалған. Қандай емдеу орындары Қазақстанға ЕҢ тән?
A.Мерке Б. Бурабай
B. Манкент+
Г. Сарыағаш+ Д. Жаңақорган
16 . Қыз бала 10 жаста, жарты жылдың ішінде аптасына үлкен дәреттің 3-4 күнге дейін болмауына, іштің төменгі аймағында аздаған ауру сезіміне, нәжіс «қойдың құмалағы » тәрізді екеніне шағымданады. Қойылған диагноз: іш қатумен жүретін ішектің тітіркену синдромы. Қандай препарат терапияда ЕҢ лайықты?
А. кастор майы
Б. лактулоза (Дюфалак)
В. антрагликозид (Сенна)
Г. дифенилметан (Бисакодил)
Д. натрий пикосульфаты + сорбит (Гутталакс)
17. Науқас 13жаста, «тамақта тас тұрғандай», ащы, суық,ыстық тағамдарды қолданғаннан кейін ашыту сезімге шағымданады. Бұл симптомдар 10 күннен бері мазалаған. Диагноз қойылды: жедел эзофагит. Қандай эдоскопиялық өзгерістер ЕҢ тән?
А.өңештің шырышты қабатының гиперемиясы мен ісінуі
Б. шырышты қабатының ісінген қатпарының жоғарында эрозия
В. Диффузды- эрозирленген шырышты қабат, қанайды
Г. Фибринозды экссудат жақын жатқан тіндермен дәнекерленбеген
Д. Фибринозды экссудат жақын жатқан тіндермен мықты байланысқан
18. Ер бала 11 жас, екі жасында целиакия диагнозы қойылған. 7 жыл бойы аглютенді диетаны қатаң ұстады, бойы мен дамуы жасына сай. 9 жасынан бастап печенье мен нанды қолданады, бірақ нәжістің бұзылысы анықталмаған. Қандай емдеу тактикасы ЕҢ тән?
А. майқосылмаған печеньені жеуге рұқсат беру
Б. аптасына 1 рет бидай ботқасын жеуге рұқсат беру
В. Аптасына 2 рет макарон өнімдерін беру арқылы біртіндеп диетаны кеңейту
Г. Аптасына 3 рет ұн өнімдерін беру арқылы біртіндеп диетаны кеңейту
Д. анасы сен баласына қатаң түрде аглютенді диетаны өмірбойы сақтау керектігіне сендіру
19. Қыз бала 12 жаста, созылмалы гастритпен диспансерлік тіркеуде тұрады. ЖҚА: гиперхромды анемия, макроцитарлы, ФЭГДС-те: асқазанның фундальды бөлігінің шырышты қабатында диффузды жұқаруы, қатпарлар өлшемі азайған, шырыш, шырышасты қантамырлар көрінеді. Шырышты қабаттың биопсиясы: басты және жақтаулы жасушалар азайған, эпителийдің қалындауы. Асқазанның шырышты қабатының қандай бүзылысы ЕҢ тән?
А. эрозивті
Б. аралас
В. атрофиялық
Г. беткей
Д. гипертрофиялық
20. Ер бала 13 жаста, қант диабетімен диспансерлік тіркеуде тұрады. Жағымсыз иісті дәретінің жиілеуіне шағым айтады. Тексеру кезінде: дене салмағының төмендеуі,эпигастрий аймағында және сол жақ қабырға астында ауру сезімі анықталды.Нәжіс анализінде: нейтральды май+++,бұлшықет талшықтары ++.Көбінесе максатты тексеру тактикасы қаңдай?
А. Колоноскопия Б .Фиброгастроскопия В.Жалпы қан анализы Г. УДЗ құрсақ қуысын Д. Биохимиялық қан анализы
21. Қыз 7 жаста,созылмалы вирусты гепатит В диагнозымен диспансерлік тіркеуде тұрады.
Биохимиялық қан анализінде лабораторлық көрсеткіштердің жоғарылауы байқалады: АЛТ 50 МЕ/л дейін, АСТ 55 МЕ/л дейін, ЛДГ-5 тен 15,67 мккат/л дейін,сарысулы темір 28, 48 мкмоль/л дейін. Бауыр зақымдану синдромы көбінесе қаңдай болуы мүмкін: А. цитолитикалық Б. холестатикалық В. мезенхимальды-қабынулық
Г.бауырлық-клеткалық жетіспеушілік
