- •Тәжірибелік сабаққа арналған
- •Әдістемелік нұсқаулар
- •Тақырып № 5: «Диспепсиялық синдроммен, бауыр ауруларымен науқас
- •Балаларды жүргізу ерекшеліктері»
- •1.Тақырып: «Диспепсиялық синдроммен, бауыр ауруларымен науқас балаларды жүргізу ерекшеліктері»
- •2.Мақсаты:
- •3. Оқыту талаптары:
- •4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- •Оқытудың жиынтықты әдістері
- •6. Әдебиет:
- •7. Бақылау: Меңгерген компетенцияларды бағалау әдістері:
- •Тәжірибелік сабақтың жоспары және ұйымдастыру құрылымы
- •Тестік тапсырмалар ( I -нұсқа )
- •В с. Пинаверия бромид (дицетел)
- •Жауап эталондары
- •Тест ( II-нұсқа)
- •Д.Бауырды портокавальды шунтирлеу
- •Жауап эталондары
- •Ситуациялық есептер : Есеп №1
- •Есеп №2
- •Есеп №3
- •Есеп №4
- •Есеп №5
- •Есеп №6
- •Есеп №7
- •Есеп №8
- •Есеп №9
- •Есеп №10
|
|
|
С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ |
|
КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА |
№1 ЖАЛПЫ ТӘЖІРИБЕЛІК ДӘРІГЕР Кафедрасы ГЕРОНТОЛОГИЯ ЖӘНЕ ГЕРИАТРИЯ КУРСЫМЕН ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУЛАР |
||
Тәжірибелік сабаққа арналған
Әдістемелік нұсқаулар
Тақырып № 5: «Диспепсиялық синдроммен, бауыр ауруларымен науқас
Балаларды жүргізу ерекшеліктері»
Құрастырушы:доц. Мамбетова И.З.
2016 ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланды және бекітілді
Хаттама №____, «_____»____________2016ж.
«Бекітемін»
Каф.меңгерушісі, профессор Исаева Б.Г.
1.Тақырып: «Диспепсиялық синдроммен, бауыр ауруларымен науқас балаларды жүргізу ерекшеліктері»
2.Мақсаты:
Амбулаторлық жағдайда диспепсиялық синдроммен, бауыр ауруларымен науқастарды жүргізу туралы студенттердің білім жүйесін қалыптастыру.
Диспепсиялық синдром, бауыр ауруларымен науқас балаларды ауруханаға жатқызу көрсеткіштерін анықтау дағдыларын, амбулаторлық ем көрсеткіштерін және қатер тобын анықтай білу дағдыларын қалыптастыру.
Диспепсиялық синдроммен, бауыр ауруларымен науқастарды жүргізу жөніндегі алған білімдерін қолдану тәжірибесін қалыптастыру.
Клиникалық белгілері ұқсас аурулармен дифференциялық диагноз қою дағдылары мен алынған клинико-зертханалық мәліметтерді сыни түрде талдай білу дағдыларын игеру.
Клиникалық ойлау, науқаспен, оның туыстарымен қарым-қатынас дағдылары, әріптестерімен медициналық этика және деонтология ережелерін сақтау негіздерін, кәсіптік білім алу қажеттілігін және пәнді оқып үйренуге қызығушылығын қалыптастыру.
3. Оқыту талаптары:
- диспепсиялық синдром, бауыр ауруларымен науқас балаларды жүргізу тактикасын студенттерге үйрету;
- диспепсиялық синдром, бауыр ауруларына диагноз қоюда дұрыс негіздеп, зерттеу әдістерін тағайындау, зерттеу нәтижелерін интерпретациялау дағдыларын қалыптастыру;
- диспепсиялық синдроммен, бауыр ауруларымен ауыратын балаларды емдеу және диетотерапия принциптерін оқыту;
- диспепсиялық синдром, бауыр ауруларымен балаларды диспансерлік бақылау жоспарын құру принциптерін үйрету;
- балалардағы бауыр аурулары мен диспепсиялық синдромның дамуының алдын алу жүргізілетін әдістермен таныстыру;
- халық арасында санитарлық-ағарту жұмыстарын жүргізу;
- педиатр-дәрігер қызметінің құқықтық және құлықтық нормаларына тәрбиелеу;
- нақты және толық клинико-эпидемиялық анамнез жинау үшін науқас және оның туыстарымен сенімді қарым-қатынас жасау қабілеттерін дамыту;
- әріптестерінің пікірін ескере отырып шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыру.
4.Тақырыптың негізгі сұрақтары:
- Балалар емханасындағы гастроэнтерологиялық бөлменің жұмыс принципі.
- Гастроэнтеролог-дәрігердің функционалды міндеттері.
- Емшек жасындағы балаларда диспепсиялық синдромның даму себептері.
- Ересек жастағы балаларда диспепсиялық синдром дамуының этиологиялық фокторлары.
- Балалардағы асқазанның жара аурулары, 12 елі ішектің ойық жара ауруларына диагноз қою критерийлері, зерттеу принциптері, емі, реабилитациясы, диспансерлік бақылау;
- Балалардағы созылмалы гастрит, гастродуоденит диагноз қою критерийлері, зерттеу принциптері, емі, реабилитациясы, диспансерлік бақылау;
- Жедел және созылмалы колит, энтероколитке диагноз қою критерийлері, зерттеу принциптері, емі, реабилитациясы, диспансерлік бақылау;
- Балалардағы жедел және созылмалы панкреатит диагнозын қою критерийлері, зерттеу принциптері, емі, реабилитациясы, диспансерлік бақылау;
- Балалардағы жедел және созылмалы холецистит, холецистохолангит диагноз қою критерийлері, зерттеу принциптері, емі, реабилитациясы, диспансерлік бақылау;
-Балалардағы гастроинтестинальды жүйенің функционалды бұзылыстарына (функционалды диспепсия, өт қабының дискенезиясы, тітіркенген ішек синдромы) диагноз қою критерийлері, зерттеу принциптері, емі, реабилитациясы, диспансерлік бақылау;
- Балаларда бауыр ауруларының даму себептері (Вильсон ауруы, кистозды фиброз, гепатиялық порфириялар, аутоиммунды гепатиттер,созылмалы гепатиттер, бауыр циррозы);
- Бауыр аурулары бар балаларды кешенді зерттеу принциптері,емі, реабилитациясы, диспансерлік бақылау.
5. Сабақ беру және оқыту әдістері:
