Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Инабат экономика.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
380.63 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Өскемен политехникалық колледжі

Күндізгі оқу бөлімі

0901000 «Электр станциялардың және желілердіңэлектржабдықтары» мамандығы

Курстық жұмыс курсовая работа

Тақырыбы: «Электр станциялардың және қосалқы станциялардың электржабдықтарыпәні бойынша, ГЭС (5х64)МВт тақырыбына курстық жобаның техника-экономикалық негіздемесі»

На тему: «Технико-экономическое обоснование курсового проекта по предмету электрооборудование электрических станций и подстанций на тему: ГЭС (5х64)МВт

Пәні бойынша:Энергетика экономикасы

Орындаған: Ержанова И.Е.

Выполнил:

Жетекші: Сыдыкаева Д.М.

Руководитель:

Қорғауға рұқсат беру_____________________________

Бағаға қорғады___________________________________

Өскемен қаласы, 2017ж.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Өскемен политехникалық колледжі

Электрэнергетикалық бөлім

«Энергетика экономикасы» пәні бойынша курстық жұмысқа арналған

ТАПСЫРМА

4 Курс студенті 14-эс-2 тобы

(Тегі, аты, әкесінің аты) Ержанова Инабат Ержанқызы

Тапсырма тақырыбы және берілген мәліметтер:

Нұсқаның №

Тегі, аты, әкесінің аты

Кәсіпорын бойынша 1 разряд еңбек ақысының деңгейі (Кәсіпорын бойынша Еаmin), теңге

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК)

Мин.е/а бюджет, теңге

Станция (қ/с) бойынша ӘБҚ саны, (Nауп), адам

Кезекші қызметкерлер санының нормативі (Нс)

Жабдықты (түрі, маркасы) монтаджауға (жөндеуге) арналған желілік график

9

Ержанова И.Е.

49000

2269

24459

55

3

Гидрогенератордың монтажы

Графикалық бөлім: Өткізілген өнім үшін кәсіпорынның табысы

Негізгі қорларды өткізуден алынған пайда

Курстық жұмыста көрсетілген тақырыпты орындау кезде ұсынылуы қажет:

Есептік-түсіндірме жазба:

1. Кіріспе

2. «Өндірістік шығындарды классификациялау» тақырыбына теориялық сұрақ

3. Кәсіпорынның сипаттамасы

3.1 Кәсіпорынды басқару құрылымының сұлбасы

3.2 Қызмет пен бөлімшелердің негізгі мақсаттары мен атқаратын қызметтері

3.3 Өндірістік учаске шебері туралы ереже

3.4 Басқару құрылымы бойынша ӘБҚ штаттық кестесін есептеу

3.5 Штаттық кесте бойынша ӘБҚ ЕАҚ салықты есептеу

4. 2017 жылға жұмыс уақытының жоспарлы балансы

5. Станцияға жабдықтарының жоспарлы жөндеулері мен техникалық қызмет көрсету жүйесі. ЖАЖ графигі.

6. Станцияның жөндеу және кезекші қызметкерлері санын есептеу.

6.1 Жөндеу қызметкерлерінің санын есептеу

6.2 Кезекші қызметкерлердіңсанын есептеу

7. Жөндеу және кезекші қызметкерлердіңеңбекақы қорын есептеу

7.1 Жөндеу қызметкерлерініңЕАҚ есептеу

7.2 Кезекші қызметкерлердіңЕАҚ есептеу

8. Жеке тұлғаға табыс салығын және қолға беретін еңбекақыны есептеу

9. ЕАҚ жиынтық кестесі

10. Жобаланған жабдыққа күрделі шығындар сметасы

11. Негізгі жабдықты пайдалануға кеткен шығындарды есептеу

12. Станцияның техника-экономикалық көрсеткіштері

13. Монтаждауға кеткен оқиғалардың кітапханасы

14. Монтаждауға арналған желілік график

15. Желілік модель негізінде жұмысшыларды ЕҚК-ден қосымша табысқа мерзімді еңбекақыдан кесімді-ұжымдық еңбекақыға ауыстыру тиімділігін талдау

16. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Тапсырма берілген күн 09.01.2017

Аяқтау мерзімі _______________________________________

Оқытушы –курстық жобаның жетекшісі: Сыдыкаева Д.М.

Курстық жұмыстың мазмұны

Бет

1. Кіріспе.........................................................................................................................................................

2. «Өндірістік шығындарды классификациялау» тақырыбына теориялық сұрақ...................................

3. Кәсіпорынның сипаттамасы.....................................................................................................................

3.1 Кәсіпорынды басқару құрылымының сұлбасы..............................................................................

3.2 Қызмет пен бөлімшелердің негізгі мақсаттары мен атқаратын қызметтері...............................

3.3 Өндірістік учаске шебері туралы ереже........................................................................................

3.4 Басқару құрылымы бойынша ӘБҚ штаттық кестесін есептеу....................................................

3.5 Штаттық кесте бойынша ӘБҚ ЕАҚ салықты есептеу.................................................................

4. 2017 жылға жұмыс уақытының жоспарлы балансы.............................................................................

5. Станцияға жабдықтарының жоспарлы жөндеулері мен техникалық қызмет көрсету жүйесі. ЖАЖ графигі..................................................................................................................................................

6. Станцияның жөндеу және кезекші қызметкерлері санын есептеу.......................................................

6.1 Жөндеу қызметкерлерінің санын есептеу......................................................................................

6.2 Кезекші қызметкерлердің санын есептеу.......................................................................................

7. Жөндеу және кезекші қызметкерлердің еңбекақы қорын есептеу........................................................

7.1 Жөндеу қызметкерлерінің ЕАҚ есептеу.........................................................................................

7.2 Кезекші қызметкерлердің ЕАҚ есептеу..........................................................................................

8. Жеке тұлғаға табыс салығын және қолға беретін еңбекақыны есептеу...............................................

9.ЕАҚ жиынтық кестесі.................................................................................................................................

10. Жобаланған жабдыққа күрделі шығындар сметасы.............................................................................

11. Негізгі жабдықты пайдалануға кеткен шығындарды есептеу.............................................................

12. Станцияның техника-экономикалық көрсеткіштері............................................................................

13. Монтаждауға кеткен оқиғалардың кітапханасы...................................................................................

14. Монтаждауға арналған желілік графигі.................................................................................................

15. Желілік модель негізінде жұмысшыларды ЕҚК-ден қосымша табысқа мерзімді еңбекақыдан кесімді-ұжымдық еңбекақыға ауыстыру тиімділігін талдау.....................................................................

16. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі...........................................................................................................

1.Кіріспе.

Экономика (гр. Οικονομία — үй шаруашылығын жүргізу өнері) —материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.

Экономикалық қатынастар өзге қоғамдық қатыныстарды айқындайды , олардың негізі болып табылады. Тауар өндірушілердің қызметтерін үйлестіру әдістерінің жиынтығы экономикалық жүйені құрайды. Экономикалық жүйе қарастырылып отырған қоғамда қалыптасқан шаруашылық тетіктерін, заңдарды, экономикалық институттурды, меншіктік қатынастарды біріктіреді.Экономикалық жүйе өзінің басты мақсаты ретінде – қандай тауар өндіріп, қызметтің қай көрсету керектігін; қандай технологияны пайдаланып, қалай өндіруді, кім үшін өндіріп, кімге қызмет көрсету керек деген мәселелерді шешеді. Бұл мәселелерді шешу әдістеріне байланысты экономикалық жүйелер: дәстүрлі, командалық және нарықтық болып жіктеледі.

  • Дәстүрлі экономикалық жүйеде өндіру, бөлу және тұтыну қалыптасқан дәстүрлер мен ғұрыптарға негізделеді.

  • Әміршіл-әкімшілік экономикалық жүйе бұл мәселелерді директивалық әдістермен, яғни жоғарыдан түсіріліп жататын бұйрықтармен шешеді.

  • Ал нарықтық экономикалық жүйеде шаруашылықтың бағдары тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілер арасындағы бәсекеге құрылады.

Ғасырлардың ауысуы эконмиканың қарқынды дамуына алып келді.Бұл өзгерістер энергетика саласында қамтыды,соның іщінде мұнай,газ,электрэнергетика салаларын қамтыды.Электроэнергетика саласы-халық шаруашылғы үщін ең маңызды сала.Электро станцияларды жобалау кезінде орнатылатын аспаптар,жадықтарды,трансформаторлар сатып алудан басталады.Станцияға салынатын қаржы бекітіледі.

Қазақстан экономикасы – Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.

Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуықөсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн.тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м боды.

1998-2005 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемі 1,8 есе артты, ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 9,1% болды. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2006 жылы 76млрд.долларға жетті, ол жан басына шаққанда 5,1 мың АҚШ долларын құрайды.

Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп танылды. Банк секторы өз дамуында Достастықтың басқа елдерінен айтарықтай алдыңғы қатарда келеді. Қазақстан банктерінің жиынтық активтері (50 млрд.АҚШ долларынан астам) Украина банктерінің жиынтық активтеріне теңеседі. Қазақстан Шығыс Еуропа елдерінің бірқатарынан алдыңғы қатарда.

2. Экономика саласы бойынша теориялық сұрақ.

Өндіріс шығындарының классификациясы

Шығындар- нарықта құн формасынан алынған ресурстар шығындара. Яғни өнім өндіріп өткізілітін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.

Шығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:

1.Айқынсыз шығындар – кәсіпорын иесінің өз меншігіндегі сатып алынбайтын өндіріс факторларын пайдалағандағы шығындар. Айқынсыз шығындарға экономикалық шығындар жатады;

2.Айқын шығындар – шикізат, материалдарға, жалдамашы еңбеккерлердің жалақысына және тағы басқаға кеткен ақшалай шығындар. Айқын шығындарғабухгалтерлік шығындар жатады.

Жоғарыда айтылып өткендерден мынадай тұжырым жасауға болады. Бухгалтерлік шығындар - өнімнің белгілі бір мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Онда факторлар сатып алынған бағамен көрсетіледі. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өз құны түрін алады.

Экономикалық шығындар ресурстардың сиректігіне және оларды балама пайдалану мүмкіндіктеріне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын және айқын емес шығындар болып бөлінеді.

Айқын шығындар - өндіріс факторларымен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрінде жұмсалатын шығындар. Оларға ресурстарды сатып алу шығындар; жұмысшылар; қызметкерлерге жалақы төлеу, көлік шығындары т.б.

Айқын емес шығындар - өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі ресурстардың құнын айтады; ғимараттардың жалға берілмеу шығындары т.б.

Өндірілген өнім көлемінің өзгеруіне байланысты:

1.Өзгермелі шығындар(ҮС)- олар өндірілген өнім көлемі өзгерген сайын өзгеріп отырады.

2.Тұрақты шығындар(ҒС)- бұл шығындар өндірілген қнім көлемінің өзгеруінен тәуелсіз өзгермейтін шығындар.

Кәсіпорынның жалпы шығыны (ТС) деп тұрақты және өзгермелі шығындарының қосындысынан тұрады.

Өнім өндірудің ең жоғары деңгейін анықтау үшін шекті шығындарМС есептеледі.

Шекті шығындар – бұл қосымша өнімге шыққан қосымша шығындар. Өндіріс көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген кезде жалпы шығындардың өсуі немесе азаюы. Шекті шығындардың көмегімен өндірістегі алынатын пайданың ең жоғары деңгейі анықталады. Ол үшін шекті шығындар орташа шығындар және тауар бағасымен салыстырылады.

Өндірістің қысқа мерзім кезеңінде кейбір факторлар өзгермейді. Сондықтан, өндірілген өнім көлеміне байланысты шығындар тұрақты және өзгермелі түрде болады.

Тұрақты (ҒС) шығындар - фирма өнім өндірмеген жағдайда да төленетін шығындар. Өзгермелі (VС) өнім көлемі өзгерген сайын өзгеріп отыратын шығындар (шикізатқа, жұмысшылардың жалақысына т.б. кететін шығындар.)

3. Кәсіпорынның сипаттамасы

3.1 Кәсіпорынды басқару құрылымының сұлбасы

3.2 Өндіріс учаске шебері туралы ереже. Учаске шеберінің лауазымдық нұсқаулығы

Шебер лауазымына жоғары кәсіптік (техникалық) білімі және мамандығы бойынша 2 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар немесе орта арнаулы білімі және өндірісті жедел басқарц бойынша 3 жылдан кем емес жұмыс өтілі бар, сонымен қатар еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау саласы сұрақтары бойынша білімдерін тексеруден өткен, бекітілген бағдарламаға сәйкес қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша қосымша дайындықтан өткен тұлға тағайындалады.

Шебер:

1.Қосалқы станцияның электржабдығы құрылғыларын техникалық сауатты және сапалы пайдалануды қйымдастырады, тұтынушыларды электр энергиясымен сенімді де үздіксіз жабдықтауды, жабдықтың авариясыз жұмысын қамтамасыз етеді.

2.Күн сайын жедел қызметкердің оперативті журналындағы жазбаларымен, жабдықтардың жұмыс режимімен танысады.

3.Қосалқы станциялардағы және аусымдағы жедел қызметкерлердің орнында орналасуын қамтамасыз етеді.

4.Уақытында аусымдарда және нұсқаулықтарға өзгерістер енгізеді, оларды зерделеуді ұйымдастырады;

5.Қосалқы станцияға келген кезде жұмыс орынарының қауіпсіздік техникасы ережесіне сәйкестігіне тексеру жүргізеді.

6.Қосалқы станция жабдықтарына, құрал саймандарына, қорғаныс құралдарына және техникалық құжаттамаларына тексеру жүргізеді.

7.Қосалқы станцияларда электрожабдықтардың дұрыс пайдалануын қадағалайдй, ақаулардын алдын алу және оларды жою бойынша шараларды уақытында қабылдайды;

8.Жұмыстардың сапалы орындалуын, жабдықтардың жұмыс параметрлерінің белгіленген жұмыс талаптарына сәйкестігін тексереді.

9.Қызметкерлермен жүйелі түрде нұсқау және аварияға қарсы жаттығулар жүргізеді;

10.Жұмыс уақытын есепке алу жөніндегі бастапқы құжаттардың дұрыс және уақытында рәсімделуін қамтамасыз етеді.

11.Жедел қызметкерлерден емтихан қабылдауға және электр қауіпсіздігі бойынша біліктілік разряды мен рұқсат ету тобын беруге қатысады.

12.Озық тәжірибелерді таратуға, өнертапқыштық ұсыныстарды енгізу бастамасын дамытуға көмектеседі.

13.Қолайлы еңбек жағдайын жасау, өндіріс мәдениетін арттыру, жұмыс уақытын және өндірісті жабдықтарды тиімді пайдалану бойынша іс-шараларды әзірлеуге қатысады.

14.Жедел қызметкермен еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғаныс, өндірістік және еңбек тәртібі ережелерін, ішкі еңбек тәртібі ережелерін сақталуын қадағалайды, ұжымды өзара көмек көрсету және талғампаздық жағдайын құруға, жұмысшыларда өндірістік тапсыомаларды уақытында және сапалы орындауға жауапкершілік пен қызығушылықты дамытуға жағдай жасайды.

15.Жұмысшыларды мадақтау немесе материалдық ықпал шараларын қолдану, өндірістік және еңбек тәртібін бұзушыларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар әзірлейді.

16. жедел қызметкерлердің біліктілігін арттыру және кәсіптік шеберліктерін жоғарлату бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, ұжымды тәрбие жұмыстарын өткізеді.

Шебер құқылы:

1.Бөлім басшысының шешім жобаларымен танысуға.

2.Өзінің тікелей басшысына бөлім бөлім қызметін жақсарту жөнінде ұсыныстарды қарауға енгізуге.

3.Бағынышты жедел қызметкерге өндірістік қызмет мәселелері жөнінде орындауға нұсқау беруге және олардын орындалуына бақылауды жүзеге асыруға.

4.Жедел қызметкерлерді жұмыс орындары бойынша бөлуге.

5.Разрядты белгілеу кезінде біліктілікі анықтау үшін жұмысшылардың тексеріліп практикалық жұмыстарын бағалауға.

6.Ақауы бар жабдықтарда ақаусыз аспаптармен, құрал-саймандармен, құрылғылармен жұмыс жасауға рұқсат бермеуге.

7.Белгіленген тәртіпте жұмыстарды сапасыз орындағандары, өндірістік және еңбек тәртіптерін бұзғаны үшін жұмысшыларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар беруге.

8. Көзге түскен жұмысшыларды мадақтауға ұсынуға.

9. Аварияларды жою, қызметкөрсетілген жабдықтардың ақауын жою кезінде өздігінен шешім қабылдауға.

10. Бөлім басшысынан өзінің лауазымдық міндеттері мен құқықтарын орындауға көмек көрсетуді талап етуге.

Шебер жауап береді:

1.Осы нұсқаулықта көрсетілген өзінің лауазымдық міндеттерін тиісті орындағаны және орындамағаны үшін қолданыстағы Қазақстан республикасының заңдарында белгіленген шегінде.

2.Өзінің жүзеге асыру барысында жасалған құқық бұзушылығы үшін қолданыстағы Қазақстан Республикасының әкімшілік, қылмыстық және азаматтық заңдарында белгіленген шегінде.

3. Кінәсінен немесе оған бағынышты қызметкердің ағаттық қызметі нәтижесінде болған авариялар, істен шығулар немесе бүлінулер үшін.

4. Келтірілген материалдық шығыны үшін қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шегінде.

5. Коммерциялық құпияны жариялағаны үшін қолданыстағы Қазақстан Республикасының зағдарында белгіленген шегінде.

3.4 Басқару құрылымы бойынша ӘБҚ штаттық кестесін есептеу. Еңбекақыға салықты есептеу

Штаттық кесте -  кәсіпорынның мүлкін меншіктенуші‚ басшы немесе жоғары тұрған орган бекітетін тұрақты қызметкерлер лауазымы атауларының тізбесі‚ онда атаулас лауазымдардың (қызмет орындарының) саны‚ лауазымдық қызметақының‚ кәсіптік үстеме ақылар мен көтермелеу ақыларының мөлшері көрсетіледі. 

Еңбекақы – инженерлі-техникалық жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы нысаны.

49000 теңге

1 кесте – Әкімшілік-басқару қызметкерлерінің штаттық кестесі

Штат бойынша лауазымы

Жұмысшылар саныNжұм, адам

Разряд

Тарифтік коэффициент, Кт

Лауазымдық еңбекақы, ЕАо, тг

Еңбекақыға үстемеақы, тг

Жалпы еңбекақы

Жылдық еңбекақы қоры, ЕАҚӘБҚ,тг

р/р

1

Директор

1

19

3,67

179830

89915

269745

269745

2

Д.орынбасары

3

15

2,74

134260

67130

201390

604170

3

МТС бөлім.бас

1

14

2,55

124950

62475

187425

187425

4

ТБ ж/е ООС қыз.басқару.

1

13

2,37

116130

58065

174195

174195

5

Инженер-програмист

1

14

2,55

124950

62475

187425

187425

6

Диаг. ж/е тепловизионды бақылау қызметі

2

13

2,37

116130

58065

174195

348390

7

Әкімшілік бөлім маманы

1

10

1,91

93590

46795

140385

140385

8

Қыз.б/ша менеджер

1

9

1,78

87220

43610

130830

130830

9

Офис-менеджер

2

6

1,43

70070

35035

105105

210210

10

Менеджер

2

6

1,43

70070

35035

105105

210210

11

Цех бастығы

4

14

2,55

124950

62475

187425

749700

12

Механик

13

9

1,78

87220

43610

130830

1700790

13

Инженер

2

13

2,37

116130

58065

174195

348390

14

Мастер

10

9

1,78

87220

43610

130830

1308300

15

Диспетчер

5

10

1,91

93590

46795

140385

701925

16

Бухгалтер

2

7

1,54

75460

37730

113190

226380

17

Экономист

1

7

1,54

75460

37730

113190

113190

18

Кассир

1

6

1,43

70070

35035

105105

105105

19

Қоймашы

1

7

1,54

75460

37730

113190

113190

20

Эскизер

1

5

1,33

65170

32585

97755

97755

Барлығы:

 

55

 

 

 

 

 

7927710

3.3 Штаттық кесте бойынша ӘБҚ ЕАҚ салықты есептеу

а) Әлеуметтік салықпен ЕАҚӘБҚесептеу (теңге)

7927710+784843,23=8712553,29 теңге

=

мұнда %ӘС=11% - заңды тұлғалардың ЕАҚ әлеуметтік салық төлемі

МЗЕжалп – барлық есептелген еңбекақыдан 10% мөлшерінде міндетті зейнетақы жинақтау қорына аударымдар

б) ӘБҚ бір жұмысшысына әлеуметтік салықпен еңбекақысы бойынша жылдық шығындар (теңге)

в) ӘБҚ бір жұмысшысына орташа айлық еңбекақы (теңге)

г) ӘБҚ 1 адамына орташа жеке табыс салығын есептеу (теңге) (жеке тұлға)

Жеке салық (ЖС) төлем көзінен салық салынатың табыстан ғана алынады.

–міндетті зейнетақы есептеулер есептелген төлемнен 10%мөлшерлеме бойынша

мұнда: %С = 10% - жеке тұлғаға салынған жеке табыс салығының төлемі

д)ӘБҚ бір адамының қолына берілетін орташа еңбекақы

=144140,18-14414,02-10526,72=119199,44 теңге

№ 2 кесте - 2014 жылға жоспарлы жұмыс уақытының балансы

Баланс баптарының атауы

Жөндеу пенрсоналы

Үзіліс өндіріс

Кезекші персонал.

Үзіліссіз өндіріс

1

Уақыттың тізбелік қоры Тк

365

365

2

Демалыс күндері

104

109

3

2015 жылғы мейрам күндері

16

-

4

Номиналды қор Тном=(1)-(2)-(3)

245

256

Жұмысқа шықпаған күндер, оның ішінде:

а) кезекті демалыс Кдем

30

24

б) экологиялық демалыс Кэкол

10

10

в) сырқаттану бойынша күндер Кн

2

2

г) мемл.міндеттер күні Км.м.

-

2

д) оқушылық күндер Ко.к.

2

3

е) әкімшіліктің рұқсатымен демалыс ӘД

-

-

5

Шықпаған күндердің барлығы: (а+б+в+г+д+е)

44

41

6

Жұмыс уақытының тиімді қоры Ттиімді=(4)-(5)

201

215

7

Номиналды қорды пайдалану коэффициенті, %

82,04%

83,98%

8

Штат санынан тізімдік санға ауысу коэффициенті, бөлшек

121,89%

119,06%

9

Ауысым ұзақтығы (Аұ), сағ

8

8

10

Уақыттың тиімді қоры, сағ

Фу.т. = (6)*(9)

1608

1720