Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
угол право для студентов.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
40.96 Кб
Скачать

ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ

1.1.Қылмыстық құқықтың пәні және түсінігі, міндеттері

Қылмыстық құқық – жеке құқық саласы болып саналады.

Қылмыстық құқық – жеке адамның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамды, мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді.

Қылмыс құқығы 2 бөлімнен тұрады: жалпы және ерекше

Жалпы бөлімде: қылмыс ұғымы, оның белгілері, қылмыс құрамы, қылмыс санаттары, қылмыс істеу сатылары, қылмыс жауаптылық негіздері, жаза туралы ұғым, жаза тағайындау және одан босату негіздері қарастырыладыы.

Ерекше бөлімде: нақты қылмыс құрамдары (түрлері) және оларды істегені үшін қандай жаза түрлері белгіленгені туралы көрсетіледі.

Жалпы және ерекше бөлімдер өзара тығыз байланыста, осы 2 бөлімнің жиынтығы қылмыстық құқықты құрайды.

Жалпы бөлімдегі барлық нормалар Ерекше бөлімнің нақты нормаларын қолданғанда, яғни қылмыс түрін анықтағанда оған басшылық етеді.

Қылмыстық құқықтың ең басты міндеттері:

  1. Адамның, қоғамның, мемлекеттің мүддесін қорғау;

- жеке адамға қарсы, отбасына және кәмелетке толмағандарға қарсы қылмыстық құқық бұзушылықтар

- меншікті қорғау

- қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті қорғау

- қоршаған ортаны қорғау,

- ҚР конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын қорғау

- бейбітшілік пен азаматтың қауіпсіздігін қорғау т.б.

  1. Қылмыстан алдын-алу және сақтандыру;

  2. Қылмыс жасаған адамды тәрбиелеу.

1.2. Қылмыс санаттары мен қылмыс құрамы

Қылмыс санаттары - классификация (11-бап.) – қылмыстың қоғамға қауіптілік сипатына және оның қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай, сондай-ақ кінәнің түріне, келтірілген зиянның мөлшеріне қарай 4-ке бөледі:

1

Онша ауыр емес қылмыстар

-жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру екi жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-әрекеттер,

-сондай-ақ жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру бес жылдан аспайтын абайсызда жасалған іс-әрекеттер деп танылады

2

Ауырлығы орташа қылмыстар

-жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру бес жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-әрекеттер

-сондай-ақ жасалғаны үшiн бес жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру түрiндегi жаза көзделген абайсызда жасалған іс-әрекеттер

3

Ауыр қылмыстар

Жасалғаны үшiн осы Кодексте көзделген ең ауыр жаза бас бостандығынан айыру 12 жылдан аспайтын қасақана жасалған іс-әрекеттер ауыр қылмыстар

4

Аса ауыр қылмыстар

Жасалғаны үшiн осы Кодексте 12 жылдан астам мерзiмге бас бостандығынан айыру, өмір бойына бас бостандығынан айыру немесе өлiм жазасы түрiндегi жаза көзделген қасақана жасалған іс-әрекеттер

,

Қылмыс құрамы (состав преступлений) 4 элементтен тұрады:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]