Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
TOLKE блшегі Нарик Адилби.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
715.99 Кб
Скачать

Аннотация

т.ғ.д., профессор Кадиров Нұрдәулет жетекшілігімен ММГ-14-2кд студенті Нәрік Әділбидің «төлке бөлшегінің технологиялық процесі» тақырыбындағы курстық жұмысы.

Бұл курстық жобада мен «төлке» бөлшегінің технологиялық процесін жобаладым. Төлке – бөлшегінің технологиялық процесін жасау кезінде бөлшектің анықтамасы мен технологиялық анализі жасалды, өндіріс түрі анықталды, дайындаманы таңдап, оның қандай материалдан алынатынын қарастырып, технологиялық жабдықтарды таңдап, олармен қандай операциялар жасалынатынын анықтап, маршруттық картасын құруды, жасалынған операцияларды бөлімдерге бөліп, оны базалап, өлшемдерін өлшеп, өлшемдік анализін жасауды қарастырдым.

Курстық жоба 30 беттен және 2 кестеден тұрады. «Төлке» бөлшегінің жалпы көрінісі мен технологиялық базасы А1 форматына сыздым және бөлшекті жасау операциялары екінші А1 форматына сызып құрастырдым.

Мазмұны:

Аннотация

Нормативтік сілтемелер

Анықтамалар

Белгілеулермен қысқартулар

Кіріспе

  1. І ЖАЛПЫ БӨЛІМ

  2. 1. Қондырғыға сипаттама

4

1.1 Бөлшектің конструкциясы мен тағайындалуы

5

1.2 Өндіріс типін анықтау

7

1.3 Базалауды таңдау

8

1.4 Жабдықты таңдау

9

2. Технологиялық маршруттарды және базалау схемаларын құрастыру

11

2.2. Технологиялық бағдары

11

2.2. Дайындау операциясы

12

2.3 Кесу режимдерін есептеу. А – өтпесі. Дайындаманы орнату

14

2.4 Кесу режимдерін есептеу. Б – өтпесі. Дайындаманы орнату

23

2.5. Бақылау операциясы

26

3. Кәсіпорында тіршілік қауіпсіздігін қамтамасыз ету

27

Қорытынды

29

Пайдаланылған әдебиет

30

Кіріспе

«Машина жасау технологиясы» - машина өндірісі туралы ғылым — ма-­ шина шығару үдерістері заңдылықтарын, машиналарды машина жасау кәсіп- орындарында өндіру бағдарламасымен белгіленген көлемде жэне қажетті са- пада жасауда қолданылатын технологиялық үдерістерді зерделейді. Машина жасау технологиясына өндірістің мына салалары жатады: құю технологиясы, қысыммен өңцеу технологиясы, пісіру технологиясы, механи- калық және физикалық-химиялық өцдеу технологиясы, машина құрастыру технологиясы, яғни машина жасау технологиясы машина жасау өнімдерін шығару үдерісінің барлық кезеңдерін қамтиды.

Машина жасау технологиясы, негізінде, дайындамаларды механикалық өндеу мен машиналарды қүрастыру үдерістерін зерделейтін, дайындама­ ларды таңдап алу және оларды жасау әдістерін қамтитын ғылыми пән ретінде қарастырылады. Мұны машина жасаудагы бөлшектердің берілген өлшем- дерінің қажетті дәлдігіне жэне бөлшек беттерінің жоғары сапасына меха- никалық өңдеу арқылы қол жеткізуге болатындығымен түсіндіруге болады.

Машина жасау технологиясы ұтымды технологиялық үдерістерді жасау мен құрастыру әдістерін, дайындаманы алу тәсілін таңдауды, жабдық, аспап- тар мен икемқұралдарды таңдап алуды, кесу режимдерін белгілеу жэне тех- никалык негізделген уақыт нормаларын анықтауды қарастырады. Осыған байланысты машина жасау технологиясын техникалық универ- ситеттерде оқытьшатын басқа да пәндермен тығыз байланысқан кешенді инженерлік жэне ғылыми пән деп есептеуге болады.

Төлкелерді өңдеудің аталған сұлбасында тесікті қырнап кеңейту және ажарлау арқылы өңдеуге болады. Төлкелерді жону үшін біліктерді жонуға арналған әмбебап токарьлық, револьверлік станоктар, бір және көпшпиндельді автоматтар мен жартылай автоматтар, көпкескішті токарьлық жартылай автоматгар қолданылады. Үлкен төлкелердің тесіктерін өңдеу үшін тік кеңейткіш станоктар пайда- ланылады.

Машина жасау технологиясын дамытудың заманауи бағыттары - өңдеу үдерістері мен режимдерін оңтайландыру, сериялы өндірісті автоматтанды- ру жэне технологиялық үдерістерді басқару, жасалатын бұйымдардың пай- даланымдық қасиеттерін жақсартудың технологиялық әдістерін қолдану айтарлықтай дәрежеде математикалық ғылымдар, электрондық есептеуіш пен басқарушы техника, кибернетика, робототехника, металлография жэне оасқа да заманауи теориялық жэне техникалық ғылымдардың жетісиктеріне негізделеді. Бұйымды жасау үдерісін жалпы түрде екі кезеңге бөлуге болады: бір- бірімен тығыз байланыста болатын жобалау және жасау кезеңдері.

І ЖАЛПЫ БӨЛІМ

1. Қондырғыға сипаттама