Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Невропатология._1+2 Сатуов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299.52 Кб
Скачать

Полиневриттер мен полиневропатиялар.

Полиневрит – инфекциядан болған шеткі жүйке жүйесінің көп жерден бұзылуы. Полиневропатия – ағзаның улануынан болатын нервтердің метаболикасы бұзылуы, аллергиясы. Егер нерв талшықтарымен қоса олардың түбіршегі зақымданса ондай ауруды полирадикулоневрит деп атаймыз.

Аяқ-қолдардың салдануы, «қолғап», «шұлық» түріндегі сезімталдық жоғалуы, терінің кебуі және жұқарып көгеруі, торфикалық жаралар аурудың жағдайын қиындатып дереу ем алуын талап етеді.

Емі: антибиотиктер, вирусқа қарсы дәрілер, аналгетиктер, кортикостероидтар, витаминдер, биосимуляторлар мамандардың тағайындауымен және қадағалауымен жүргізіледі.

Маскүнемдердің полиневропатиясы – табанның қатты ауруынан басталып, оның тоңуына, терлеуіне және көкшілденуіне әкеледі. Аяқ-қолдарының басында парез басталып, сезімталдығы бұзылады. Бұлшық еттер семіп, Корсаков белгісі (қазіргі болған жағдайды ұмытып, шатысуы) пайда болады.

Плекситтер – (плексопатия).

Мойын плекситі – инфекция, ісік, туберкулез және мойын омыртқаның жарақатынан кейін кездесетін мойын нерв өрімінің бұзылуы. Желке, құлақ, мойын және иық бөліктері ауырып, сезімталдығы бұзылады. Диагфрагма нерві бұзылуы себептері ықылық тиіп, демалу процесі өзгереді.

Иық плекситі – жоғарғы. (Дюшенн-Эрба), төменгі (Джерин-Клюмке) және түгел салдану болып үшке бөлінеді. Жоғарғыдағыдай себептермен пайда болып иықтың салдануы, қатты ауру және сезімталдықтың жоғалуы арқылы білінеді.

Бел-сегізкөз плекситі – инфекцядан, уланудан, жарақаттардан, әйелдерде бала көтеру (жүктілік) кездерінде және іш ағзаларының ауруларында кездесуі мүмкін. Аурудың белгісі болып белдің, жамбастың, санның және балтырдың қатты ауыруы, терісінің сезімталдығы жоғалуы, тізе және ахилл рефлексінің жоғалуы болып табылады. Жамбас пен балтыр салданып, семіп қалады.

Омыртқа остехондроздары.

Шеткі нерв жүйесінің көптеген ауруларының себебі омыртқа аурулары болып келеді.

Омыртқа аралық шеміршектердің (диск) дегенеративті бұзылуы (остеохондроз), омыртқа сүйегінің өзгеруі (спондилез) жұлынның және жұлын түбіршегінің қысылып қалуына әкеледі. Омыртқаның ақауланған аймағына байланысты: мойын остеохондрозы, кеуде остеохондрозы және бел остеохондрозы болып үшке бөлінеді.

Аурудың бірінші белгісі қозғалуды қиындататын, төсек тартып жатып қалуға алып келетін қатты ауру болады. (боль). Мойын, кеуде, бел омыртқаларынан тараған ауруға қоса бас айналу, лоқсу, құсу, құлақ шулау сияқты вегатативтік өзгерістер де кездеседі. Бұлшық еттер семіп, қолдың дірілі пайда болады.

Кардиалды синдром кезінде – жүрек тұсы ұзаққа созылып ауырған адамдар кардиолог мамандарға қаралып, жүректен ешқандай өзгеріс таппайды. Бұл жағдайда жүйке жүйесін емдейтін мамандарға қаралған дұрыс.

Люмбаго – бел ауруы – қозғалғанда, жөтелгенде, түшкіргенде қатты ауруға алып келеді. Ауру жүруден қалып, аяқтарын бүгіп, амалсыз қозғалмай жатуға мәжбір. (Ласег белгісі).

Люмбоишиалгия – бел-сегізкөз аймағындағы аяққа берілетін ауру. Ауа-райына байланысты, ренжіген кезде және түнде ауру асқына түседі.

Түбіршек синдромы(пояснично-кресцовый радикулит) – өте көп кездесетін жүйке жүйесі ауруы. Көбіне салқын тигеннен, ауыр көтергеннен, жарақаттардан кейін болады.

Төсек тартып жатқан ауру аяқтарының сезімталдығының жоғалғанына, терісінің көгергеніне, башпайларының тоңғыштығына шағымданады. Емдемеген жағдайда аяқ бұлшық еттері семіп, әлсізденіп қалады.

Ласег белгісі байқалады.

Емдеуі:

Ең бірінші ауруға тыныштық, қатты төсек және ауруды басатын, қабынуды басатын дәрілер: диклофенак 2,5% - 3 мл бұлшық етке 2 рет; Аналгин 50% - 2 мл; баралгин 5 мл беріледі; индометацин, пироксикам.

Сырқаттың ауыр түрінде – преднизолон 80-100 мг үш-бес күнге дейін. Дипроспанмен блокада. (новокаин). Витаминдер қолданылады.

Блокада үшін мейірімгер 20 мл 2-3 шприц, йод, спирт, 50 мл – 0,5% новокаин, таза мақта, салфетка даярлау керек. Нервтің ісігін кетіріп, қан айналымын жақсарту үшін – репарил, анавенол, никотин қышқылы қолданылады. Физио ем кеңінен қолданылып, биостимуляторлар – лидаза, экстракт алоэ, прозерин және ЛФК тағайындау керек.