- •Аурулары
- •І тарау Жүйке жүйесі аурулары.
- •Неврология ғылымының дамуы.
- •Жүйке жүйкесінің анатомиясы.
- •Ми нервтерінің функционалдық қызметі және оның бұзылуы.
- •Вегатативтік нерв жүйесін тексеру.
- •Жүйке жүйесі ауруларын тексеру әдістері
- •Қозғалыс функцияларын тексеру.
- •Тепе-теңдікті зерттеу.
- •Сезімталдықты зерттеу.
- •Неврологиялық ауруды тексеру. (схема)
- •V. Неврологиялық статусты тексеру. Бұлшықет күшін тексеру.
- •2. Жоғарғы тершеңдік.
- •3. Трофикалық бұзылулар:
- •Іі тарау Шеткі жүйке жүйесінің аурулары.
- •Невриттер
- •Полиневриттер мен полиневропатиялар.
- •Плекситтер – (плексопатия).
- •Омыртқа остехондроздары.
- •Жүйке жүйесінің жұқпалы аурулары.
- •Менингит.
- •Эпидемиялық менингококк менингиті.
- •Туберкулез менингиті
- •Энцефалиттер.
- •Полиомиелит.
- •Шашыраңқы склероз (рассеянный склероз)
- •Ми қан айналымының бұзылулары.
- •Геморрагиялық инсульт.
- •Ишемиялық инсульт.
- •Ми қан айналысының жедел бұзылуындағы мейіркештік көмек
- •Ми қан айналымының жедел бұзылулары
- •Мқажб кезіндегі мейіркештердің негізгі жұмыстары:
- •Ауруды тамақтандыру.
- •Қызу алмасуды (терморегуляция) тексеру үшін:
- •Кіші дәретті шығару
- •Көз алмасының жағдайын бақылау
- •Психикасы өзгерген ауруларға көмек
- •Психомоторлық қозу:
- •Амнезия
- •Салданған мүшелердің ауруы мен ісінуі
- •Диплопия
- •Тырысу синдромы
- •Қозғалмаудан болатын өкпе қабынуының (пневмония) алдын алу.
- •Үлкен дәреттің жүрмеуі
- •Тромбоздың алдын алу шаралары
- •Жалпыгигиеналық шаралар
- •Ойықтардың алдын алу
- •Жарақаттардың алдын алу
- •Аурудың қозғалысын, жүруін қалпына келтру
- •Б а р т е л шкаласы
- •Салмақ индексін (си) анықтау
- •Орталық жүйке жүйесінің ісіктері.
- •Ми ісіктері
- •Жұлын ісіктері
- •Орталық жүйке жүйесінің жарақаттары.
- •Жұлын жарақаттары.
- •V тарау
- •Тұқым қуалаушылық – дегенеративтік аурулары
- •Резус – фактордың тұқым қуалануы.
- •Тұқым қуалайтын аурулардың алдын-алу және медико-генетикалық кеңес беру.
- •Жаңа туған нәресте аурулары
- •Хромосом аурулары
- •Гендік аурулар.
- •Жүйке – іс-әрекеттерінің дамуын бағалау.
- •Жұлын автоматикалық қимылдарынның бейнелестері:
- •Жұлын мен мидың қалып сақтау бейнелістері:
- •Әр жастағы балалардың денсаулық жағдайын, дене, жүйке іс-әрекеті және жыныстық дамуын (комплекс-кешенді) бағалау
- •Вегетативтік жүйке жүйесінің аурулары.
- •Мигрень.
- •Вегето-тамыр дистониясы.
- •Аллергиялық реакциялар.
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Мазмұны:
Жұлын автоматикалық қимылдарынның бейнелестері:
Қорғану бейнелесі – баланы етпетімен жатқызғанда басын жанына бұрып алады, 2-3 айға дейін сақталады.
Еңбектеу бейнелісі (еңбектеу феномені – Бауэр бейнелесі) – баланы етпетінен жатқызады (басымен іші бір сызықтың бойында болуы керек). Табанына алақан тигізіп басқанда бала алға ұмытылып қолдарымен қимылдай бастайды, 4 айға дейін сақталады.
Ұстау бейнелісі – саусақтарды баланың алақанына салып, басқанда ұстау қимылы пайда болады. Кейде осылай баланы жерден көтеріп алуға болады. Бұл бейнелесті табанда да анықтауға (П-Ш башпайлардың түбінен басса башпайлары табанына қарай иіледі) болады. 2-4 айларда жойылып кетеді.
Галант бейнелесі – қырынан жатқан баланың, омыртқа маңы сызығы бойымен, мойнының құйрығына қарай үлкен және сұқ саусақтарымен сызып жүргізгенде осылай тітіркендіру кезінде осы қапталына қарай доға тәрізденіп майысады. 4 айлығында жойылады.
Перес бейнелесі – екі бетінен жатқан баланың сегіз көздігінен бастап мойнына қарай омыртқаның жоталы өсіндісінің бойымен саусақпен жүргізгенде денесі кейін иіліп, аяқ-қолдаы бүгіліп, басы жоғары көтеріледі. Зәрі мен нәжісі жүріп, дауысы шығады. Бұл бейнелесті анықтағанда сәби ауырсынады, сондықтан оны анықтауды ең соңына қалдыру керек.
Моро бейнелесі –әр түрлі әдістермен анықталады: аяғы мен денесінің төменгі жағын тез жоғары көтеру, бала жатқан жерді басынан 15-20 см қашықтықтан тұру, баланы қолға алып жылдам төмен түсіріп қайтадан бұрынғы орнына әкелу. Бұндай әсерлерге жауап ретінде бала әуелі екі қолын екі жаққа жайып (1-сатысы) жібереді. Содан соң тез қайтадан орнына әкеліп, құшақтау тәрізді қимыл жасайды (2-сатысы). Бұл бейнеліс 4 айға дейін сақталады.
Керниг бейнелесі – шалқасынан жатқан баланың бір аяғы ұршық және тізе буындарында бүгеді. Содан соң тізе буынынан қозғалтпай ұстап тұрып, екінші қолмен өкшесінен ұстап, жайлап балтырын тікейтіп, жазуға бағышталған қимыл жасағанда, толық жазылмайды. Бұл бейнелес 4 айға дейін сақталады.
Бабинский бейнелесі – баланың табанының сыртқы жиегімен өкшеден бармақтарға қарап сызып тітіркендіргенде үлкен башпайы жазылады да, басқа саусақтары желпуіш тәрізденіп бүгіледі. 1 жасқа дейін сақталады.
Тіреу бейнелісі – баланы 2 қолтығының астынан және сұқ саусақтарымен басын арқа жағынан ұстап көтеріп, табаның жерге тигізгенде аяқтарын бүгіп жинап алады (1 сатысы). Екінші сатысында табанымен жер басып, денесін түзеп, аяғын тікеп, жерге тірейді. 1-1,5 айға дейін физиологиялық болып есептелінеді.
Автоматты жүру бейнелісі – баланы тіреу бейнелісі пайда болатындай етіп, ұстап, жайлап алдына қарай еңкейткенде аяқтарын кезек көтеріп, жүріс қимылдарын жасайды. Жаңа туылған дені сау балаларда – 1-1,5 бойы сақталады.
Жазғыштардың (бұлшық еттердің) қиылыспа бейнелісі – бір аяғын жәйлап, тізесінен басып жазып табанына жәй ғана түйреуіш тығып алса, екінші аяғын өзінен-өзі жазылып, сәл ғана ортаға қарай тартылады (келтіреді).
Тартып қалу бейнелесі – табанының терісіне ине шаншып алса саны, балтыры және аяғының басы бір уақытта бүгіледі.
