Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Невропатология._1+2 Сатуов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299.52 Кб
Скачать

Жүйке жүйесі ауруларын тексеру әдістері

Иіс сезу нервін камфора, керосин, спирт, иіссу, т.с. иісті заттарды мұрынға жақындату арқылы тексереді.

Көру нервінің жұмысын көз дәрігері қарашықты, көз алмасын төмен, жоғары, жан-жаққа бұрып, ақауларын тексереді.

Үшкіл нервті беттің симметриясын, сезімталдығын, ымдағыш бұлшықеттердің қозуын және жоғарғы қабақ, коньюктивтік, қарашықтық, төменгі жақтық рефлекстердің барлығын (жоқтығын) тексеру арқылы зерттейді.

Беттік нервті аурудың көзінің жұмылып, ашылуын байқап, қабақтарын көтеріп-түсіру, тістерін көрсетіп ақситу және аузына ауа жинап үрлеу қабілеттерін бақылау арқылы тексереді.

Есту нервін 6 метр жерден сыбырлап сөйлеу немесе камертон, аудиометрия арқылы тексереді.

Вестибулярлық қызметті Барани орындығында айналдыру арқылы бақылайды.

Тіл-жұтқыншақ және кезбе нервтерді жұмсақ таңдайдың, тілшіктің қозғалғыштығын, дауыстың шығуын, дәм сезу қабілетін бақылау арқылы анықтайды. Пульс пен дем алудың бір минуттағы санын тексереді.

Қосымша нервті иығын әрлі-берлі қозғау және басын оңға-солға бұру қабілетін зерттеумен тексереді.

Тіласты нервін тілдің қозғалысын, дірілдеуін немесе семіуін табу арқылы зерттейді.

Қозғалыс функцияларын тексеру.

Бұлшық еттердің күшін диаметр немесе қарсыласу мүмкіндігі арқылы анықтайды. Барре көрсеткіші (жоғары, төменгі) арқылы тексеріп, 0-ден 5-ке дейін (0-салдану, 5 – норма) баға қойылады.

Рефлекстер: терең, жоғарғы және ауру рефлекстері болып үшке бөлінеді.

Терең рефлекстерді: екі басты бұлшықеттің сіңірін үшбасты бұлшықеттің сіңірін, тізе сіңірін және ахилл сіңірін соғу арқылы анықтайды.

Жоғарғы (поверхностный) рефлексті көз қарашығына мақта тақағанда көздің жұмылуы арқылы зерттейді.

Жұтқыншақ рефлексі жұтқыншақты тітіркендіргендегі жөтелу, лоқсу арқылы білінеді.

Қарын рефлекстерін іштің терілірін сызғанда бұлшықеттердің жиырлуы арқылы тексереді.

Табан рефлексі табанды қытықтау арқылы анықталады.

Аурулық рефлекстер бір жасқа дейінгі балаларда сау кезінде кездесетін: пілтұмсық, ұстап алу (Янишевский). Бабинский белгісі (қытықтағанда бас бармақтың көтеріліп, қалғандарының араларының ашылуы), Россолимо белгісі (2-5 саусақтардың ұшын ұрғанда олардың жұмылып қалуы).

Тепе-теңдікті зерттеу.

  • Ромберг зерттеуі: көздерін жұмып, екі аяқты қосып, қолдарын алға созып тұру;

  • Саусақ-мұрын зерттеуі: көзі жұмулы күйінде сұқ саусақпен мұрынның ұшын табу;

  • Өкше-тізе зерттеуі: шалқалап жатып өкшемен тізеден төмен қарай жүргізу;

  • Адиадохокинизді зерттеу: алға созылған қолдың саусақтарын тез-тез айналдыру дұрыс орындалмаса мишықтың бұзылғанын көреміз. Бұл бұзылуларға нистагм (шетке қараған кезде көздің тұрақтамауы), бөліп-бөліп сөйлеу де кіреді.

Сезімталдықты зерттеу.

Аурудың терісінің сезімталдығын беттен бастап аяқтарына дейін әр жеріне ине қадап немесе салқын және жылы тигізіп бақылайды.

Вегатативтік нерв жүйесін тексеру.

Тексеру кезінде аурудың дене құрылысына, арық-семіздігіне, терісінің қызуына, түсіне, ылғалдылығына, қан қысымына, тамыр соғысына, қарашығына көңіл бөлінеді. Тағы басқа:

  • Дермографизм – кеуденің терісін сызғанда қызыл (ваготонияда) ақ (симпатотонияда) жолақтар пайда болады;

  • Клиностатикалық зерттеуде ауру тез жата қалса пульс 10-12 ге азаяды;

  • Ортостатикалық зерттеуде ауру жатқан орнынан тез тұрғанда жүрек соғысы 10-12 ге артып, қан қысымы 5-10 мм сынап бағанасына көтеріледі;

  • Көз-жүрек рефлексінде сау адамдарды көз алмасын басқанда пульсі 6-12 соғысқа төмендейді, ал 16 дан көп төмендеу ол ваготония белгісі.

Жүйке жүйесінің қосымша зерттеулеріне: ми-жұлын пункциясы, көз түбін тексеру, рентгенге түсіру, электроэнцефалография (ЭЭГ), реоэнцефалограмма (РЭГ) – ми қан айналысын тексеру, эхоэцефалография (ЭхоЭГ), допплерография (УЗДГ) – қан айналымын ультра дыбыспен тексеру, электромиография (ЭМГ) – бұлшықеттің биопотенциялын өлшеу, компьютерлік томография және с.с. тексерулер кіреді.