- •Аурулары
- •І тарау Жүйке жүйесі аурулары.
- •Неврология ғылымының дамуы.
- •Жүйке жүйкесінің анатомиясы.
- •Ми нервтерінің функционалдық қызметі және оның бұзылуы.
- •Жүйке жүйесі ауруларын тексеру әдістері
- •Қозғалыс функцияларын тексеру.
- •Тепе-теңдікті зерттеу.
- •Сезімталдықты зерттеу.
- •Вегатативтік нерв жүйесін тексеру.
- •Неврологиялық ауруды тексеру. (схема)
- •V. Неврологиялық статусты тексеру. Бұлшықет күшін тексеру.
- •2. Жоғарғы тершеңдік.
- •3. Трофикалық бұзылулар:
- •Іі тарау Шеткі жүйке жүйесінің аурулары.
- •Невриттер
- •Полиневриттер мен полиневропатиялар.
- •Плекситтер – (плексопатия).
- •Омыртқа остехондроздары.
- •Жүйке жүйесінің жұқпалы аурулары.
- •Менингит.
- •Эпидемиялық менингококк менингиті.
- •Туберкулез менингиті
- •Энцефалиттер.
- •Полиомиелит.
- •Шашыраңқы склероз (рассеянный склероз)
- •Ми қан айналымының бұзылулары.
- •Геморрагиялық инсульт.
- •Ишемиялық инсульт.
- •Ми қан айналысының жедел бұзылуындағы мейіркештік көмек
- •Ми қан айналымының жедел бұзылулары
- •Мқажб кезіндегі мейіркештердің негізгі жұмыстары:
- •Ауруды тамақтандыру.
- •Қызу алмасуды (терморегуляция) тексеру үшін:
- •Кіші дәретті шығару
- •Көз алмасының жағдайын бақылау
- •Психикасы өзгерген ауруларға көмек
- •Психомоторлық қозу:
- •Амнезия
- •Салданған мүшелердің ауруы мен ісінуі
- •Диплопия
- •Тырысу синдромы
- •Қозғалмаудан болатын өкпе қабынуының (пневмония) алдын алу.
- •Үлкен дәреттің жүрмеуі
- •Тромбоздың алдын алу шаралары
- •Жалпыгигиеналық шаралар
- •Ойықтардың алдын алу
- •Жарақаттардың алдын алу
- •Аурудың қозғалысын, жүруін қалпына келтру
- •Б а р т е л шкаласы
- •Салмақ индексін (си) анықтау
- •Орталық жүйке жүйесінің ісіктері.
- •Ми ісіктері
- •Жұлын ісіктері
- •Орталық жүйке жүйесінің жарақаттары.
- •Жұлын жарақаттары.
- •V тарау
- •Тұқым қуалаушылық – дегенеративтік аурулары
- •Резус – фактордың тұқым қуалануы.
- •Тұқым қуалайтын аурулардың алдын-алу және медико-генетикалық кеңес беру.
- •Жаңа туған нәресте аурулары
- •Хромосом аурулары
- •Гендік аурулар.
- •Жүйке – іс-әрекеттерінің дамуын бағалау.
- •Жұлын автоматикалық қимылдарынның бейнелестері:
- •Жұлын мен мидың қалып сақтау бейнелістері:
- •Әр жастағы балалардың денсаулық жағдайын, дене, жүйке іс-әрекеті және жыныстық дамуын (комплекс-кешенді) бағалау
- •Вегетативтік жүйке жүйесінің аурулары.
- •Мигрень.
- •Вегето-тамыр дистониясы.
- •Аллергиялық реакциялар.
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Мазмұны:
Ми нервтерінің функционалдық қызметі және оның бұзылуы.
Ми нервтерінің меншікті аттары атқаратын қызметіне, мүшелердің түрлеріне, жүретін жолдарына байланысты. Мысалы:
Бірінші жұп – иіс сезу нерві. Оның қызметі бұзылғанда аносмия (иіс сезбеу) белгісі білінеді. Бұл мұрынның кілгей қабықшасында орналасқан рецепторлардың қабынуына байланысты болатын жағдай.
Екінші жұп – көру нерві. Бұл нервтің зақымдануында немесе қабынуында көздің мүлдем немесе жартылай көрмей қалуы мүмкін. Амавроз – соқыр, гемианопсия – жартылай көрмеу, галлюционация, дальтонизм, байқалады.
Үшінші жұп – көз-қимыл нерві. Бұл нерв зақымданған кезде:
а) Птоз – көздің жоғарғы қабығын көтеретін бұлшық еттің сал болуы.
б) Көз алмасының медиалдық түзу бұлшық етінің салдануы әсерінен көз алмасының сыртқа қарай ауытқуы.
в) Көз алмасының көлденең жолақты бұлшық еттерінің салдануынан бұлшық еттердің жиырылуы нашарлап, көз алмасы шарасынан шыға бақырайып тұрады.
Төртінші жұп – шығыр нерві. Нерв қызметі бұзылғанда науқас төмен қараса көзі бұлдырап, көзіне қос көрінеді. Егер нерв бір жақты қабынса көз алмасы ішке қарай ауытқып, қисаяды.
Бесінші нерв - үшкіл нерв. Өте күрделі нерв, қозғалтқыш ядросы қызметінің бұзылуынан шайнау бұлшық еттері әлсірейді., сал болып қалады. Ауызды ашқан кезде төменгі жақ сау жағына қарай ауытқиды. Дерт қозған кезде ауру бүрісіп, ауырған жерін қолымен басуға тура келеді.
Алтыншы жұп – әкеткіш нерв бұзылғанда көз алмасының латералдың бұлшық еті салданып, көз алмасы ішке қарай ауытқиды.
Жетінші жұп – бет нерві бұзылғанда, нервтің зақымданған жағындағы аурудың беті сау жағына қарай қисайып, көздің қабағы жабылмай, маңдай, мұрын және ауыз маңындағы ымдау бұлшық еттері қозған кезде жиырылмай, ауыздың езуі төмен тартып, сілекей безінің сөлі артып, ауыз қуысына толып кетеді.
Сегізінші жұп кіреберіс – ұлу нерві (есту нерві) зақымданған кезде ауру естуінің нашарлағанына немесе мүлде естімей қалғанына шағымданады. Ауру үйлесімді қимыл мен дененің тепе-теңдік қалпын сақтау мүмкіндігінен айырылады. Тіпті басы, жүрегі ауырып, қанның қысымы артып, лоқсып, аяқ-қолының мұздауы мүмкін.
Тоғысыншы – тіл-жұтқыншақ нерв жұбы ауырғанда жұмсақ таңдайдың, жұтқыншақтың алуан түрлі сезімдерді сезіну қабілеті нашарлайды, ащыны сезу қабілеті бұзылады. Қозғалғыш нерв бұзылғанда аурудың жұтыну қабілеті нашарлайды. Жұтқыншақ безінің сөлі азайып, ауыз құрғайды.
Оныншы жұп – кезбе нерві, аралас күрделі нерв. Бұл нерв зақымданғанда адамның дауысы қырылдап қалады, жұтынуы бұзылады. Өкпе мен жүректің жұмысы нашарлап, науқастың өліп кетуі де мүмкін.
Он бірінші жұп – қосымша нерв қозғалтқыш нерв болғандықтан ол бұзылғанда мойынды қимылдату, ал екі жақты зақымданса аурудың жауырыны төмен тартып, иығы салбырап қалады.
Он екінші жұп – тіл асты нерві бұзылғанда аурудың сөзі бұзылып, тілін шығарғанда, тілінің ұшы дірілдеп, зақымданған жағына қарай ауытқиды.
Он үшінші жұп – аралық нерв. Бұл нервтің ауруы бет нерв ауыруына ұқсас, тәттіні, ащыны айыру қиындап, ауыздың, мұрынның және көз жасы бездерінің қызметі әлсірейді. Ауыз, көз, мұрын, іші құрғайды.
