Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Невропатология._1+2 Сатуов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299.52 Кб
Скачать

Жұлын мен мидың қалып сақтау бейнелістері:

Лабиринтті тонус бейнелесі: бала шалқасынан жатқанда мойын, арқа, қол-аяғының бүгу бұлшық еттерінің тонусы артады.

Ассиметриялық мойындық тонус бейнелесі (Магнус-Клейн бейнелесі): Басын бір жағына бұрғанда (жағын иықтың бойында ұстау керек), беті бұрылған жағындағы аяқ-қолдары жазылып, қарсы жақтағылары бүгіледі. Жаңа туылған балаларда бұл бейнелес ұдайы анықтала бермейді. Көбіне қолдарының қатынасы байқалады.

Симметриялық мойын тонус бейнелесі – Жаңа туылған баланың басын игенде аяқ-қолының бүгу, әсіресе қолдарының, ал басын кейін жазғанда аяқ-қолдарының жазғыш бұлшық еттерінің тонусы артады.

Жұлын мен мидың қалып сақтау бейнелестері дені сау балаларда 2 айға дейін сақталады.

2 айдан бастап баланың басын ұстау, кейіннен отыру, жүру мүмкіндігін анықтайтын орталық мидан келетін дененің қалпын ұстау бейнелестері пайда бола бастайды.

Бастан мойынға қалыптастыратын бейнелестер 2 айдан, екі бетінен жатқанда басын ұстап тұра алатын күннен бастап, пайда бола бастайды.

Осы кезеңнен бастап мойындық тізбекті симмитриялық мойын қалыптастыру бейнелесі дами бастайды. Бұл бейнелестің әсерінен мойын, тұлға, 5 айдан бастап аяқ жазғыштарының тонусының қалыптасуы отырғанда, тұрғанда және жүргенде баланың тұлғасын ұстап тұруға мүмкіндік жасайды.

Ландаудың жоғарғы бейнелесі – екі бетінен жатқызған бала, екі қолымен тіреп басын, кеудесін жоғары көтереді. Бұл бейнеліс 3-ші айдың аяғында, 4 айдың басында пайда бола бастайды.

Ландаудың төменгі бейнелесі – екі бетінен жатқан бала аяғын жазып жоғары көтереді. Бұл бейнелес 5-6 айдан бастап қалыптасады.

Мойындық және тұлғалық жәй қалыптастыру бейнелестері – басын бұрған жаққа тұлғасы да бұрылады. Бірақ бірден емес, әуелі кеуде, содан соң бел бөлігі бұрылады.

Тұлғадан тұлғаға ауысатын тізбекті қалыптастыру бейнелесі: Баланың иығы бұрылған жаққа тұлғасы және аяқтары бұрылады. Жанбас бөлігінің бұрылуы тұлғасының және иығының сол жаққа бұрылуына мәжбүр етеді. Мойындық және тұлғалық тізбектік қалыптастыру бейнелестері 6-7 айда қалыптасады.

Олигофренияда – ақыл-есі жетіспейтін ауруларда оқып үйрену қабілеті азаяды, баланың ой өрісінің дамуы жылжып, дами бергенмен құрдастарын қуып жетуге жағдайы жетпейді.

Іштегі туа болған ақыл есінің жетіспеуімен (олигофрения) қатар жүре пайда болған түрі – деменция деп аталады. Деменция пайда болған балаларда икемділіктер мен ми қыртысының жоғарғы әрекетінің жоғалуы үдей түседі.

Ақыл-есі жетіспеушілікті 3 дәрежеде бөледі.

І-дәрежесі - дебельдік, бұл дәрежедегі балалардың ақыл-есі біріндеп шартты қалыпты жағдайда келеді. Дебельдікте науқастардың практикалық өмір сүру мәселерінде бірқалыпты икемділіктер болады. Дегенмен сана-сезімнің деңгейін сипаттайтын икемділіктер зақымдалады. Оларға абстакты ойлау, логикалық талдау жатады. Дебильдік ақыл-есі жетіспеушіліктің анықтауға ең қиын түрі.

ІІ-дәрежесі - Имбицильдік – науқастар анайы сөйлеу мүмкіндіктерімен өзін және еңбек операцияларының қарапайым түрлерін меңгереді. «Ақыл-естік» жасы 3-5 жасар баланың деңгейінде тоқтап қалады.

ІІІ-дәрежесі – ең ауыр дәрежесі – идиоттық (есуас) деп аталады да, толық немесе толыққа жақын әлеуметтік қалыптасу мүмкіндігінің және сөйлеу қабілетінің жойылуымен сипатталады. Бұндай науқастар күтімді етеді, өйткені олар өзін қамти алмайды.