Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Невропатология._1+2 Сатуов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299.52 Кб
Скачать

Жұлын жарақаттары.

Омыртқа жарақат алғанда жұлынның мойын, кеуде, бел бөлімдері қоса зақымданады. Жоғарыдағы ми жарақаттары сияқты бұл жарақаттарда да, ашық, жабық, ішке кіретін, кірмейтін болып бөлінеді. Омыртқа сүйектері зақымдануы да, зақымданбауы да мүмкін. Шайқалу, соғылу (ушиб), қысылу болып үшке бөлінеді.

Жарақаттың асқынуы: гематорахис – жұлын қабығының астына қан кету, Гематомиелия - жұлынға қан кету болып екіге бөлінеді. Жұлынның жарақат ауруы: жіті (2-3 күнге созылатын жұлын шогі).

  • Алдыңғы (2-3 жетіге созылатын қан, лимфа, ликвор ағымының бұзылуы, жұлынның ісініп, ұлғаюы);

  • Орталық (2-3 айға созылатын симптомдардың тұрақтануы);

  • Соңғы (3-4 айдан басталатын аурудың беті қайтуы);

Жұлынның жарақаты кезінде ішкі ағзалардың да жұмысы бұзылады: өкпенің ісінуі, пнвмония, шектің парезі (құсу, іш кебу, үлкен дәреттің тоқталуы).

Алған жарақаттың ауырлығына байланысты:

  • Жұлынның шайқалуы, жарақаттың ең жеңіл түрі. Жарақаттанған жер ауырып, жансызданып, кіші дәреті уақытша тоқталады.

  • Жұлынның соғылуы (ушиб) – жарақаттанған жерде шеткі парез бен параличтер; төменіректе – спастикалық парез бен параличтер.Жұлынның толық немесе жартылай үзілуі белгілері байқалуы мүмкін.

  • Жұлынның қысылуы (сдавление) – омыртқа сынып, орнынан қозғалғанда, қатты жарақат алған кезде паралич пен сезімталдықтың жоғалуымен білінеді.

Алғашқы көмек: Мойын омыртқа сынғанда ауруды шалқасынан ал бел және кеуде омыртқасын сынғанда – екпетінен жатқызып ауруханаға жеткізеді.

V тарау

Жүйке жүйесінің және жүйке бұлшық ет жүйесінің

Тұқым қуалаушылық – дегенеративтік аурулары

Тұқым қуалаушылық деп – қандайда болмасын бір белгінің бірнеше ұрпақта қайталануын айтады. Бірақ та қоршаған орта, немесе кәсіби зиянды жағдайларда бір жанұядағы бір адамда осындай белгіні көрсетуі мүмкін.

Егерде белгі тұқым қуалайтын болса, оның тұқым қуалау типін анықтау қажет. Доминантық па, рецессивтік пе?

Тұқым қуалайтын аурулар, дәрігерлік мамандықтың барлық түрінде де кездеседі: терапияда, хирургияда, невропатологияда, акушерлік және гинекологияда, педиатрияда, эндокринологияда, стоматологияда және т.б. Көптеген ауытқулар тіршілік қабілеті төмен, психикалық дамымау, ұрпақ тарата аламайтын немесе тіршілік мүмкіншілігі жоқ организмнің пайда болуына соқтырады.

Генетикалық және клиникалық оқулықтарда, тұқым қуалайтын, туғаннан байқалатын және жанұялық деген ұғымдар бар. Оларды дұрыс түсініп, орынды пайдалана білген жөн. Мысалы, тұқым қуалайтын аурулардың бірқатары туғаннан байқалғанымен, олардың пайда болу мүмкіндігі әртүрлі. Іштен туған аурулардың тұқым қуалайтыны бар, тұқым қуаламайтыны да бар.

Бір жанұяда бірнеше адамдардың бір түрлі аурумен ауруы мүмкін. Сондықтан оны да жанұялық тұқым қуалайтын ауру дейді. Жанұялық аурулардың бірқатары қоршаған орта жағдайына байланысты тұқым қуаламайды..

Гендік аурулар өмірдің әр кезеңінде байқалатынын ескеру керек; біреулері жаңа туған кезде, немесе өмірінің бірінші жартысында, ересек және қартайған шағында да аурулары мүмкін. Ондай аурулардың бірі Коновалов-Вильсон ауруы.

Гендік аурулар аминқышқылының, көміртегінің, майдың, минералдық және нуклейн қышқылының алмасуымен байланысты. Фенилаланин аминқышқылын ыдырататын ферменттің жетіспеушілігі байқалады. Сөйтіп, феналаланин аминқышқылы организмде жетіспегендіктен, фенилаланин басқа – фенилпировиноград қышқылына айналып, қанда жиналады да, кіші дәретпен сыртқа шығады. Қанда олардың мөлшері көбейіп, ми клеткаларына улы әсерін тигізіп, жоғары нерв жүйесінің қызметін бұзады. Көміртегінің алмасуына да әртүрлі әсерін тигізеді.

Белгілі бір ферменттердің зақымдалуынан сүт қантын қорытпау (галактоземия), фруктозаны қорытпау (фруктоземия) тәрізді өзгерістер байқалады. Олардың ішінде жиі кездесетін ауру – қант диабеті. Май алмасуының бұзылуы, қанның сары суында майлардың мөлшерін көбейтуге соқтырады. Ол атеросклероздың дамуына тікелей әсер етеді. Пурин алмасуына қатысты ферменттердің жетіспеуінен, қанда несіп қышқылы көбейіп, денеде несіп қышқылы тұздары шөгуінен, подагра ауруы пайда болады.

Тұқым қуалайтын ауруларға бейімділік, қоршаған ортаның қолайлы жағынан байқалмай, жеңіл түрде өтуі де мүмкін.