Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Невропатология._1+2 Сатуов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299.52 Кб
Скачать

Ауруды тамақтандыру.

Инсульттің бірінші күндерінде:

  • жалпы қуаттылық 2-3 мың кал-дан кем болмауы;

  • шлактардан таза (балалар тамағы, Н-Пит);

  • ойықтардан сақтау үшін белогі көп болуы керек.

Ауруды тамақтандыру жұтқыншақ рефлексінің және ақыл-есінің сақталма-

уына байланысты кома кезінде:

  • парентеральді;

  • мұрын-асқазан зонды арқылы жүргізіледі.

  • ауыз арқылы тамақтану кезінде тамақтың сұйық әрі «запор» болмау үшін клетчаткалы болуы қадағалануы керек.

Қызу алмасуды (терморегуляция) тексеру үшін:

  • бөлме температурасын 18-200С шамасында ұстау;

  • ауруды қымтап, бөлмені үнемі желдендіріп отыру;

  • құс жүнді және қалың көрпелерді қолданбай күніне 2 рет аурудың қызуын тексеру;

  • қызу көтерілгенде су қосылған спиртпен сүртіп, қолтыққа және шапқа мұз басу;

  • дәрі беру (дәрігер кеңесінен кейін) керек.

Кіші дәретті шығару

Ақыл-есі дұрыс ауруларға және кіші дәреті тоқтамаған кезде ауруларға катетер қойылмайды. Дәрет жүруін жақсарту үшін ауруды жиі-жиі қозғалтып (әр 2 сағат сайын) төсектің жоғарғы жағын көтеріп, көп сұйық ішкізу керек. Органикалық қышқылдар қосылған соктың көлемі 3-4 литрдей болғаны дұрыс.

Кома жағдайындағы ауруларға асептикалық ережелерді сақтай отырып тұрақты катетер қойылады:

  • қуықтан қан кетпес үшін зәрді жайлап жіберу керек;

  • ер адамдарға тік катетер қолданылып, жыныс мүшесіне лейкопластыр арқылы бекітіледі;

  • әйелдерге фолей катетері пайдаланылады. Тұрақты катетер аурудың жағдайының тәуірленуіне байланысты бара-бара алынып тасталады.

Кіші дәрет тоқтамағанда памперстер қолданылып, жиі ауыстырылып отырылады.

Көз алмасының жағдайын бақылау

Кератиттер мен конъюктивиттердің пайда болуына:

  • комадағы кірпік рефлексінің азаюы немесе жоғалуы;

  • өзін-өзі күте алмау себеп болады.

Алдын алу үшін:

  • таңертең және кешке көздер тазаланып;

  • көз дәрігері тағайындаған емдерді қолданылады.

Психикасы өзгерген ауруларға көмек

Сол жақ жартышарда қан айналымы бұзылғанда – депрессия, ал оң жақ жартышардағы бұзылуда – эйфория байқалуымен қатар МҚАЖБ кезінде ес, зейін, сезім және психика бұзылуы байқалады.

Мейіркеш:

  • болған жағдайды аурудың туыстарына түсіндіре біліп;

  • сезімі (эмоция) бұзылған ауруларға оңаша бөлме беріп;

  • керек жағдайларда ауруларға бірнеше рет жағдайдытүсіндіріп;

  • аурудың көңілін көтеруге;

  • асықтырмауға;

  • ауруды жазылуға ынталандыруға;

  • аурудың туыстарын күту әдістерін үйретуге тиіс.

Психомоторлық қозу:

  • сөз қозуы;

  • қозғалу қозуы;

  • сандырақтау;

  • галлюцинация;

  • қорқу, шатысу сияқты белгілермен білінеді. Ауру қашуға тырысуы, қорғануы, ұстауға тырысқан адамдарға зақым келтіруі де мүмкін.

Мейіркеш:

  • кезекші дәрігерге тез хабарлап;

  • аурудан көз жазбай;

  • өзі де абыржымауы керек. Ауруды жарық бөлмеге кіргізіп, жәй және алдай сөйлеп, дәрігерді күтеді.

Қолына қалың көрпе немесе көпшік ұстап, аурудың алдына шықпауға тырысады. Бөлмедегі кескіш, тескіш т.с.с. ұруға, кесуге ыңғайлы заттарды алдырып тастаған дұрыс. Көмекке келген санитарлардың екеуі ауруды шалқасынан төсекке жатқызып, екі қолын. Ал екеуі екі аяғын ұстап қозғалтпай ұстауға тырысады. Бір адам басын қозғалтпауы керек.

Кеудеден басып қабырғаларына, қарнынан басып ішкі ағзаларына бетіне, қол-аяқтарын зақым келтірмеуге тырысу керек.

Дәрігер келіп психотроптық дәрілер қолданғанша ауру бір жанына аударып ұстанылады.

Ұзаққа созылған қозу кезінде ауруды төсекке жұмсақ маталармен байлап ұстауға тура келуі мүмкін. Қатты байлап қан айналымын тоқтатып, буындарын көпке дейін қозғалтпай тастауға болмайды.