Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Невропатология._1+2 Сатуов.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
299.52 Кб
Скачать

Ми қан айналысының жедел бұзылуындағы мейіркештік көмек

Цереброваскулярлық аурулардың ең ауыр түрлері – ми қан айналымының жедел бұзылулары (МҚАЖБ). Қазіргі заманның ең күрделі мәселесі болып есептеледі. МҚАЖБ ересектердің еңбекке жарамдығын азайтуымен қатар мүгедектікке және өлімге әкелетін ауру. Экономикалық шығындары жағынан миокард инфарктін (инфаркт миокарда) де басып озады.

Мейіркештердің жұмыс сапасын жоғарлату МҚАЖБ кезінде көп салалы көмек көрсету арқылы жүргізілуі қажет.

Мейіркештердің көмегін мынандай салаларға бөлеміз.

Мейіркештің ауру үшін істейтін жұмыстары:

  1. Ауруға ақыл беру және үйрету көмегі.

  2. Реабилитациялық көмек.

  3. Психологиялық көмек.

  4. Мнформациялық көмек.

  5. Аурудың туыстарымен жұмыс.

Ми қан айналымының жедел бұзылулары

МҚАЖБ -на өтпелі бұзылулар және ишемиялық, геморрагиялық инсульттар жатады.

24 сағат ішінде өтіп кететін ошақтық неврологиялық белгілер (симптомдар) немесе ишемиялық ұстамалар мидың өтпелі бұзылулары деп аталады.

Инсульт деп ошақтық және жалпымилық неврологиялық белгілері кенеттен басталатын ми қан айналымының жедел бұзылуларын айтады. Олардың:

  • миға қан жетпеуінен (ишемия) болатын – ишемиялық инсульт;

  • миға қан кетпеуінен (жарақаттан кейін емес) болатын геморрагиялық түрлері кездеседі.

Ағымына байланысты:

  • белгілері асқына түсетін, прогрестік;

  • белгілері шегіне жетіп тоқталған, стабильді түрлері болады.

Кіші инсульт деген тағы бір түрінде неврологиялық белгілер үш жетінің ішінде жойылып кетеді.

МҚАЖБ -на тән кенеттен пайда болатын неврологиялық белгілер мына аурулардан кейін пайда болады:

  • ми қан тамырларының атеросклерозы;

  • қан қысымы көтерілуі;

  • симптоматикалық гипертензиялар;

  • жүрек аурулары;

  • қан тамыр аурулары;

  • қан аурулары.

Жалпымилық неврологиялық белгілерге:

  • ақыл-есті жоғалту (есінен таңу);

  • бас ауру;

  • тырысулар (судороги);

  • лоқсулар мен құсулар;

  • психомоторлық қозулар.

Ошақтық (очаговый) жергілікті белгілерге:

  • салданулар (парездер мен параличтер);

  • сөйлеудің бұзылуы (афазия);

  • тепе-теңдіктің бұзылулары (координация);

  • ми-бас сүйек нервтерінің бұзылулары;

  • сезімталдықтың бұзылулары жатады.

Инсульттің ағымына байланысты:

  • жіті – бір ай шамасы;

  • алғашқы жазылу белгілері – үш айға дейін;

  • соңғы жазылу белгілері – бір жылға дейін;

  • инсульттен кейінгі қалған белгілер периодтары болады.

Мқажб кезіндегі мейіркештердің негізгі жұмыстары:

  • Дәрігерлердің тағайындауларын уақытында орындау;

  • аурулардың жағдайын күні бойы бақылау;

  • қан айналу өзгерістерін бақылау;

  • аурулардың ақыл-есін бақылау;

  • функциональдық жағдайларды (өзгерістерді) бақылау;

  • аурулардың уақытымен тамақ ішуін қадағалау (қою, сұйық тағам);

  • қан айналым (гемодинамика) өзгерістерін реттеу;

  • дем алу өзгерістерін реттеу;

  • қызуды (терморегуляция) тексеру;

  • теріні күту;

  • аурумен сөйлесіп, көңіл-күйін бақылап, тыныштандыру;

  • контрактураға қарсы амалдар қолдану;

  • тромбоздарға қарсы амалдар қолдану;

  • өкпе қабынуды болдырмау үшін алдын алу әдістерін қолдану;

  • ойықтарды болдырмау;

  • үлкен және кіші дәрет жүруін реттеп, инфекция болдырмау;

  • құсық пен қақырық қалдықтарын алып тұру;

  • салданған аяқ-қолдың ісінуі мен ауруын басу;

  • жарақаттардан сақтау;

  • кератиттер мен конъюктивиттерден сақтандыру;

  • аурудың туыс-тумаларымен жұмыс істей білу.

Сопор немесе комадағы аурулардың демалысының қиындауы мен тоқталуы:

  • тілдің жұтқыншаққа кептелуінен;

  • тыныс жолдарының құсыққа толуы;

  • жөтелу рефлексінің жоғалуынан болады.

Бұл асқынуларды болдырмау үшін мейіркеш:

  • тіс протездерін алып;

  • тыныс жолдарын тазартып;

  • ауа өткізгіш (воздуховод) қондырып;

  • асқазанды тазарту үшін зонд қондырып, төсектің бас жағын 300 С-қа көтеріп, аурудың басын жанына бұру керек;

  • аурудың қақырығы бронхаға жиналмауы үшін төсектегі жатысын өзгертіп, жөтелуді жақсартатын жаттығулар жасау (пассивті түрде), егер жөтелу рефлексі болмаса;

  • микротрахеостомиялық катетер қою;

  • құсу кезінде ваккум сорғышын ауыз қуысын, жұтқыншақты тазалау;

  • гипоксия кезінде ылғалданған оттегіні мұрын катетері арқылы беру әдістерін қолдану қажет;

  • жасанды дем алдыру аппаратын қою үшін аурудың дем алысы минутына 36-дан көп болып, қанның құрамындағы оттегі 80% кем болуы керек;

  • МҚАЖБ кезінде қан қысымының көтерілуі қалыпты жағдай болып есептеледі. Қан қысымы 1 тәулік ішінде қалыпқа келуі керек.

Мейіркеш қызметі:

Мейіркеш дәрігермен ақылдасып, қан қысымын және пульсті алғашқы да әр

30 минут сайын, 1 күннен кейін 2 сағат сайын қалыпқа түскенше тексеріп отыруы керек. (Қан қысымы әдеттегіден 10-20% төмен болуы керек).

- Ауруға қажетті сұйықтық 2 литр шамасында ауруға энтеральді және парэнтеральді түрде берілуін;

- диурезді бақылап (ішілген және шығарылған сұйықтың мөлшері);

- инфарктің алғашқы белгілерін дәрігерге жедел хабарлауы қажет.