- •Аурулары
- •І тарау Жүйке жүйесі аурулары.
- •Неврология ғылымының дамуы.
- •Жүйке жүйкесінің анатомиясы.
- •Ми нервтерінің функционалдық қызметі және оның бұзылуы.
- •Жүйке жүйесі ауруларын тексеру әдістері
- •Қозғалыс функцияларын тексеру.
- •Тепе-теңдікті зерттеу.
- •Сезімталдықты зерттеу.
- •Вегатативтік нерв жүйесін тексеру.
- •Неврологиялық ауруды тексеру. (схема)
- •V. Неврологиялық статусты тексеру. Бұлшықет күшін тексеру.
- •2. Жоғарғы тершеңдік.
- •3. Трофикалық бұзылулар:
- •Іі тарау Шеткі жүйке жүйесінің аурулары.
- •Невриттер
- •Полиневриттер мен полиневропатиялар.
- •Плекситтер – (плексопатия).
- •Омыртқа остехондроздары.
- •Жүйке жүйесінің жұқпалы аурулары.
- •Менингит.
- •Эпидемиялық менингококк менингиті.
- •Туберкулез менингиті
- •Энцефалиттер.
- •Полиомиелит.
- •Шашыраңқы склероз (рассеянный склероз)
- •Ми қан айналымының бұзылулары.
- •Геморрагиялық инсульт.
- •Ишемиялық инсульт.
- •Ми қан айналысының жедел бұзылуындағы мейіркештік көмек
- •Ми қан айналымының жедел бұзылулары
- •Мқажб кезіндегі мейіркештердің негізгі жұмыстары:
- •Ауруды тамақтандыру.
- •Қызу алмасуды (терморегуляция) тексеру үшін:
- •Кіші дәретті шығару
- •Көз алмасының жағдайын бақылау
- •Психикасы өзгерген ауруларға көмек
- •Психомоторлық қозу:
- •Амнезия
- •Салданған мүшелердің ауруы мен ісінуі
- •Диплопия
- •Тырысу синдромы
- •Қозғалмаудан болатын өкпе қабынуының (пневмония) алдын алу.
- •Үлкен дәреттің жүрмеуі
- •Тромбоздың алдын алу шаралары
- •Жалпыгигиеналық шаралар
- •Ойықтардың алдын алу
- •Жарақаттардың алдын алу
- •Аурудың қозғалысын, жүруін қалпына келтру
- •Б а р т е л шкаласы
- •Салмақ индексін (си) анықтау
- •Орталық жүйке жүйесінің ісіктері.
- •Ми ісіктері
- •Жұлын ісіктері
- •Орталық жүйке жүйесінің жарақаттары.
- •Жұлын жарақаттары.
- •V тарау
- •Тұқым қуалаушылық – дегенеративтік аурулары
- •Резус – фактордың тұқым қуалануы.
- •Тұқым қуалайтын аурулардың алдын-алу және медико-генетикалық кеңес беру.
- •Жаңа туған нәресте аурулары
- •Хромосом аурулары
- •Гендік аурулар.
- •Жүйке – іс-әрекеттерінің дамуын бағалау.
- •Жұлын автоматикалық қимылдарынның бейнелестері:
- •Жұлын мен мидың қалып сақтау бейнелістері:
- •Әр жастағы балалардың денсаулық жағдайын, дене, жүйке іс-әрекеті және жыныстық дамуын (комплекс-кешенді) бағалау
- •Вегетативтік жүйке жүйесінің аурулары.
- •Мигрень.
- •Вегето-тамыр дистониясы.
- •Аллергиялық реакциялар.
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Мазмұны:
Ми қан айналымының бұзылулары.
Адамның миы қанды ішкі ұйқы артериясы мен екі омыртқа артериясы арқылы алады. Біріншісі мидың жартышарының көпшілік бөлігін қанмен қамтамасыз етсе, омыртқа артериясы сопақша ми, жұлынның мойын бөлігін және мишықты қанмен қоректендіреді.
Дүниежүлік денсаулық сақтау ұйымының көрсетуі бойынша әр өлімнің 12,5 пайызы қан айналымы бұзылуынан болады. Ишемиялық инсульт геморрагиялық инсультқа қарағанда 1,5 есе көп кездеседі.
1984 жылы қабылданған аурудың халықаралық классификациясы (АХК) бойынша ми қан айналымының бұзылуларын 4 жікке бөледі:
1. Ми қан айналымы бұзылуының алғашқы белгілері.
2. Өткінші МҚАБ (ми қан айналымы бұзылуы)
3. Инсульт.
а) Геморрагиялық инсульт (қан кету)
б) Ишемиялық инсульт (қан жетпеу)
4. МҚАБ-ның асқынған түрлері. (Гематома, эцефалопатия).
МҚАБ-ның ең көп кездесетін себептері: атеросклероз, қан қысымының көтерілуі, аневризмалар, ревматизм және қан аурулары.
Бірнеше минуттан 24 сағатқа дейін созылатын орта жас пен қарт адамдарда көбірек кездесетін өткінші МҚАБ көбіне ми қан тамырларының эмболиясында, тромбоздарда лоқсу, бас айналу, естен тану сияқты белгілер арқылы білінеді. Кейде кенеттен көрмей қалу, өткінші гемипарез болуы да мүмкін.
МҚАБ-ы кезінде мидың қабығының қай жерінде өзгеріс болғанына байланысты:
Моноплегия – бір аяқ немесе бір қолдың салдануы.
Параплегия – бір аяқ бір қол немесе 2 аяқтың немесе 2 қолдың салдануы (паралич).
Триплегия – 2 аяқ пен бір қол немесе 2 қол мен бір аяқтың салдануы.
Тетраплегия – аяқ-қолдың тегіс салдануы белгілері кездеседі.
Гемиплегия деп оң жақ немесе сол жақ қол-аяқтың салдануын айтамыз. Бұл өзгерістер көбіне ми қабығына, мидың өзіне және жұлынға қан кеткен кездерде естен тану, сөйлей алмай қалу (дизартия), тамақты жұта алмау (дисфагия) сияқты белгілермен (сиптомдар) қатар кездесуі мүмкін.
Геморрагиялық инсульт.
Бұл инсульт көбіне қан қысымы жоғарлаған кездерде, сиптомдық гипертензияда, ісіктер мен аневризмаларда кездеседі. Миға қан кету күтпеген жерден жұмыста, көшеде немесе қонақтықта отырғанда басталуы мүмкін. Адамның кенеттен басы ауырып, құсып, есінен танады. Кеткен қанның көлеміне қарай салданудың жеңіл немесе ауыр түрлері қосылады. Миына қан кеткен аурулардың тең жартысы бірінші күні қайтып, 75 тен 95 пайызға дейінгісі 1-2 жетінің ішінде шетінейді. Беті мен мойын терісі алқызданып, бара-бара көкшілденеді. Демалысы нашарлап, қорылдауы мүмкін. Тамыр соғысы қатайып әрі сиректенеді. Кіші дәреті мен үлкен дәреті тоқтамай аяқ-қолы мен бетінің бұлшық еттері тырысуы да кездеседі. Аурудың барлық рефлекстері жоғалады. Ауру неғұрлым ұзақ өзіне-өзі келмей ессіз жатса, сол құрлым жағдайы ауырлай түседі.
Егер коммадан шыға бастап, көзін ашып, сұрақтарға жауап беруге талпынса, дем алуы мен тамыр соғысы жылдамдай бастап аурудың аяқ-қолының бұлшық еттерінің тонусы күшейеді. Беті қисайып қалып, Бабинский мен Оппенгейм белгілері айқындалып, терісінің сезімталдығының өзгерісі байқалады. Миға қан кету көбіне ішкі капсула аймағында кездеседі. Пирамидалық жолдың сопақша мида қиылысуы себептері оң жақ жартышарға болған өзгеріс сол жақ аяқ-қолды сал қылып, ал егер сол жақ жартышарға қан кетсе онда оң жақ аяқ-қолдың салдануымен бірге сөйлеу қабілетіде бұзылады. Себебі сол жақ жартышардың қабығында сөйлеу жүйесі орналасқан. Афазияның моторлық түрінде ауру сөйлей алмаса да өзіне айтқан сөздерге түсініп жауап қайтаруға тырысады. Сенсорлық афазияда – ауру сөйлейді, бірақ өзіне айтылған сөздерге түсінбейді. Айналдырасындағы заттардың атын білмеу, амнестикалық афзия деп аталады. Сондай-ақ толық сал болуды – плегия-паралич деп, ал әлсізденіп, жартылай қозғалысты жоғалтуды – парез деп атайды.
