- •Аурулары
- •І тарау Жүйке жүйесі аурулары.
- •Неврология ғылымының дамуы.
- •Жүйке жүйкесінің анатомиясы.
- •Ми нервтерінің функционалдық қызметі және оның бұзылуы.
- •Жүйке жүйесі ауруларын тексеру әдістері
- •Қозғалыс функцияларын тексеру.
- •Тепе-теңдікті зерттеу.
- •Сезімталдықты зерттеу.
- •Вегатативтік нерв жүйесін тексеру.
- •Неврологиялық ауруды тексеру. (схема)
- •V. Неврологиялық статусты тексеру. Бұлшықет күшін тексеру.
- •2. Жоғарғы тершеңдік.
- •3. Трофикалық бұзылулар:
- •Іі тарау Шеткі жүйке жүйесінің аурулары.
- •Невриттер
- •Полиневриттер мен полиневропатиялар.
- •Плекситтер – (плексопатия).
- •Омыртқа остехондроздары.
- •Жүйке жүйесінің жұқпалы аурулары.
- •Менингит.
- •Эпидемиялық менингококк менингиті.
- •Туберкулез менингиті
- •Энцефалиттер.
- •Полиомиелит.
- •Шашыраңқы склероз (рассеянный склероз)
- •Ми қан айналымының бұзылулары.
- •Геморрагиялық инсульт.
- •Ишемиялық инсульт.
- •Ми қан айналысының жедел бұзылуындағы мейіркештік көмек
- •Ми қан айналымының жедел бұзылулары
- •Мқажб кезіндегі мейіркештердің негізгі жұмыстары:
- •Ауруды тамақтандыру.
- •Қызу алмасуды (терморегуляция) тексеру үшін:
- •Кіші дәретті шығару
- •Көз алмасының жағдайын бақылау
- •Психикасы өзгерген ауруларға көмек
- •Психомоторлық қозу:
- •Амнезия
- •Салданған мүшелердің ауруы мен ісінуі
- •Диплопия
- •Тырысу синдромы
- •Қозғалмаудан болатын өкпе қабынуының (пневмония) алдын алу.
- •Үлкен дәреттің жүрмеуі
- •Тромбоздың алдын алу шаралары
- •Жалпыгигиеналық шаралар
- •Ойықтардың алдын алу
- •Жарақаттардың алдын алу
- •Аурудың қозғалысын, жүруін қалпына келтру
- •Б а р т е л шкаласы
- •Салмақ индексін (си) анықтау
- •Орталық жүйке жүйесінің ісіктері.
- •Ми ісіктері
- •Жұлын ісіктері
- •Орталық жүйке жүйесінің жарақаттары.
- •Жұлын жарақаттары.
- •V тарау
- •Тұқым қуалаушылық – дегенеративтік аурулары
- •Резус – фактордың тұқым қуалануы.
- •Тұқым қуалайтын аурулардың алдын-алу және медико-генетикалық кеңес беру.
- •Жаңа туған нәресте аурулары
- •Хромосом аурулары
- •Гендік аурулар.
- •Жүйке – іс-әрекеттерінің дамуын бағалау.
- •Жұлын автоматикалық қимылдарынның бейнелестері:
- •Жұлын мен мидың қалып сақтау бейнелістері:
- •Әр жастағы балалардың денсаулық жағдайын, дене, жүйке іс-әрекеті және жыныстық дамуын (комплекс-кешенді) бағалау
- •Вегетативтік жүйке жүйесінің аурулары.
- •Мигрень.
- •Вегето-тамыр дистониясы.
- •Аллергиялық реакциялар.
- •Қолданылған әдебиеттер:
- •Мазмұны:
Батыс Қазақстан медицина колледжі
О.Сатуов
ЖҮЙКЕ
ЖҮЙЕСІНІҢ
Аурулары
Орал
қаласы,
2008
ж.
ББК 56.1
Бұл оқу құралы Мемлекеттік білім беру стандарттарына сәйкестендіріліп медицина колледжінің «мейіркеш ісі», «емдеу ісі», «акушер ісі», мамандықтарын таңдаған оқушыларына арналған.
Кіріспе
Невропатология деп жүйке жүйесінің бұзылуларын зерттеу, олардың алдын алу, дұрыс диагноз қоя білу, емдеу әдістерін үйрететін ғылымды айтамыз.
Фельдшерлер мен мейірімгерлер ауруларға дер кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсетіп, оларды күтуді ұйымдастыра білуі керек. Олардың негізгі симптомдар мен синдромдарды біліп, дұрыс көмек көрсетіп және ауруды ауруханаға дер кезінде жеткізе білуі өте маңызды. Қазіргі заманның қажеттіліктеріне сәйкес болу үшін фельдшер, акушер, мейрімгерлер ойлау мәдениетін игеруі қажет.
І тарау Жүйке жүйесі аурулары.
Адамның қозғалысының, сезімталдығының, көру, есту, иіс сезу, дәм сезу мүшелерінің бұзылу құбылыстарын зерттеп, олардың алдын алу және емдеуін оқытатын ғылымды неврология деп атайды. Немесе жүйке жүйесінің құрлысын, жұмысын және ауруларын зеріттеп, емдеуді ұйымдастыратын ғылым.
Жүйке жүйесінің анатомиясын, физиологиясын білмейтін медицина қызметкерлері оның ауруларын дұрыс таба алмауы, емдеуді ұйымдастыра алмауы сөзсіз. Кез-келген соматикалық аурулар жүйке жүйесі ауруларын тудырады немесе жүйке жүйесі аурулары соматикалық ауруларға алып келеді. Әсіресе фельдшер және мейірімгер жедел жәрдем көрсете білуі керек. Мысалы өмірде көп кездесетін улану, миға қан кету (ми қан айналымының жедел бұзылуы – МҚАЖБ). Ми – бас жарақаттары, тырысулар кездерінде тез диагноз қоя білуімен қатар ауруды емдеуді, күтуді ұйымдастыра білуі керек. Қате қойылған диагноз, абайсыз айтылған сөз аурудың жағдайын ауырлата түседі. Сондықтан ежелден келе жатқан медицина заңы: «Бүлдірме» (не вреди) қатаң сақталуы қажет.
Өзін медицинаға арнаған жас маман өмір бойы аурулармен жұмыс істейтіндігін, оның күйзелісін, ауруын тіпті өмірін сақтауға ант бергенін есте сақтауы керек. Медицина қызметкерлерінің моральдік, кәсіптік қарызын зертейтін ғылымды деонтология деп атаймыз. Деон – қарыз, логос – ғылым. Ауруға тек емшара қолданумен шектелген дәрігер немесе фельдшер өзінің олармен тіл таба білмеуінен аурудың жағдайын қиындата түсуі де мүмкін. «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» деп қазақ бекер айтпаса керек. Кәсіптік құпияны сақтай білу де маңызды. Жұмысқа тек көрініп кету үшін келетіндер, жүрген жерінде айқай-шу шығарып немесе өзінің басындағы қиындықтарды ғана ойлап жүретіндер, өктем әрі дөрекі адамдар ешқашан медицинада жұмыс істей алмайды.
Неврология ғылымының дамуы.
Неврология ғылымының алға басуына орыс ғалымдары И.М. Сеченов пен И.П.Павлов көп еңбек еткен. Қоршаған ортаменен мидың ара қатынасы, рефлекстер туралы еңбектер, И.П. Павловтың орталық жүйке жүйесінің жұмысы туралы, қозу мен тоқталу процестерін зерттеуі ғылымға негіз болып қалыптасты.
Сондай-ақ Н.Е. Введенский, А.А.Ухтомский, В.Я.Данилевский, А.С.Догель және Л.А.Орбелидердің де еңбектері зор.
ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарынан бастап, яғни 1869 ж. А.Я.Кожевников Мәскеу университетінде жүйке жүйесі аурулары кафедрасын ашып дәріс оқи бастады. Жүйке жүйесі ауруларын зерттеуде, олардың патанатомиясын, патфизиологиясын айқындауда атақты невропатолог әрі психиатр В.М.Бехтерев көп еңбек етті. Гипнозбен емдеудің алғашқы бастаушысы, қазіргі Бехтерев атындағы ғылыми-зерттеушілік институтының (психоневрологиялық) ұйымдастырушысы да болып осы ғалым есептеледі. Ғылымның одан әрі Кеңес үкіметі кезінде дамуында М.И.Аствацатуров, М.Б.Кроль, М.С.Маргулис, Б.К.Хорошко т.с.с. ғалымдар әсер етті.
Қазақстан 1991 жылы тәуелсіздік алғаннан кейін бұрынғы астана Алматыда, Астанада, Шымкентте, Қарағанды, Семей,Ақтөбе сияқты қалаларда дамыған, қазіргі кезеңге сай жүйке жүйесі ауруларын зерттейтін, емдейтін, алдын алу жұмыстарын ұйымдастыратын кафедралар, орталық ауруханалар бар. Еліміздің экономикалық, әлеуметтік жағдайларының дамуы арқасында қазіргі медицина, соның ішінде жүйке жүйесі ауруларын емдейтін мекемелер де даму үстінде.
