Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
БЕЙОРГАНИКАЛЫҚ ЗАТТАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯСЫНДАҒЫ АДСОРБЦИЯЛЫҚ ПРОЦЕССТЕР МЕН КАТАЛИЗ».doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
339.97 Кб
Скачать

Еріткіштерді рекуперациялау.

1. Әдістін жалпы сипаттамасы.

Еріткіштерді рекуперациялау - өндіріс және вентиляциялық газдардан ерітінділерді алу және технологиялық процесске қайта қосу. Ацетон, бензин, бензол, толуол, ксилол, қарапайым спирттер мен күкірткөміртектін рекуперациясы – манызды мәселе.

Көбінесе шыққан газдардын құрамындағы еріткіштердің концентрациясы өте аз, сол себептен адсорбциялық әдісті қолдану жөн. Рекуперациялық қондырғыларда адсорбент ретінде белсенді көмірді қолданады. рекуперациялық қондырғыларда еріткіштін алу дәрежесі 95-99%, ал еріткіштін қалған концентрациясы 0,5г/м3 аспайды. Қарапайым рекуперациялық қондырғы периодтық әсері бар адсорберлерге ұқсас. Ағынын жоғары жылдамдығына тиісті, адсорбент қабатын сеткамен жабады. Кейбір кезде бастапқы газды алдын ала салқындатады, ал сосын адсорбциялық аппаратқа жібереді.

Кәзіргі кездегі рекуперациялық қондырғылар автоматтандырылған. Десорбцияны өткір бу арқылы жүргізеді. Су және еріткіш буларын салқындатады, конденсациялайды және сепараторда немесе қосымша фракцияланған колонада бөледі. Десорбция өткенен сон белсенді көмірді кептіреді және атмосферлік ауа ағынмен салқындатады.

Рекуперациялық қондырғыларды мыс. Мырышталған темірден, алюминий, титан және тағы басқа материалдардан жасайды.

2. Көмір сульфидтін рекуперациясы.

Көмірсульфидті белсенді көмір арқылы ұстайды. әр түрлі қондырғаларда көмір сульфидті сұйық сініргіш арқылы шығарады. Екі компонентен белсенді көмір арқылы тазалаған сатында негізгі реакциясымен(1) қосымша реакция жүреді (2).

H2S + ½ O2 = S+H2O + 220 кДж (1)

H2S + 2 O2 = H2SO4 + 790 кДж (2)

Белсенді көмерлердегі жүретін қосымша реакциянын мөлшері сонша үлкен, егер тазартылатын ауадакөмір сульфидтін концентрациясы улкен болса, көмірсульфидтін жану қауыптігі бар.

Бірақ адсорбциялық саты көмір сульфидтын толық жою мәселесін шеше алмайды. Адсорберден шыққан концентрациясы 20-50 мг/м3. жәнеде белсенді көмірлерде көмір сульфидтін гидролизі жүреді:

CS2+ 2 O2= H2S+ CO2 (3)

Күкірт қышқылынын пайда болуы көмірдегі металдардын мөлшеріне тәуелді. Егер металдардын концентрациясы көп болса, көмір сульфидтін 1/3 болігі күкірт қышқылына айналады.

Егер арнайы күлсіз көмірлерді қолданғанда вентиляциялық газдардан көмір сульфидтен және сутек сульфидтен тазатруға болады. Сондай қондырғылардын әр түрлі констркуциялары бар. Тазарту сатын бір адсорберде бір түрлі көмірмен, немесе бір адсорберді екі түрлі көмірлермен, немесе екі адсорбердегі әр түрлі көмірлермен өткізу болады.

Пайда болған күкірт қышқылын газд аммиак арқылы нейтралдайды. Белсенді көмір кеуектеріндегі таза күкіртін түзілуі шекті адсорбциялық көлемін, динамикалық және тепе-тендік белсендігін кемітеді.

Көміртек сульфид рекуперация қондырғылар өте қауыпты, сол себептен олар толық автоматтандырылған. Ерекше назар аударылады температуралық режимге жене технологиялық ағындардын жүрі процесіне.

Бақылау сұрақтары:

  1. Еріткіш рекуперациясынын анықтамасы.

  2. Еріткіш рекуперацияда қандай сорбенті қолданады?

  3. Адсорбциялық әдіс арқылы еріткіштердін рекуперациясы.

  4. Көмір сульфидті рекуперация сатында қандай қосымша реакциялар жүреді?

Дәріс №13.