- •1 .Сүрақ Сайлау Асылай
- •2 .Сүрақ Жолдасов Асылхан
- •3.Сүрақ Жеңіс Олжас
- •4.Сүрақ Жолдасов Асылхан
- •5.Сүрақ Раушанбек Әсем
- •6.Сүрақ Ералиев Азиз
- •7.Сүрақ Раушанбек Әсем
- •8.Сүрақ Бидан Өмірбек
- •1. «Қазақ халқы бойындағы Амангелді рухы өлген жоқ. Біздің даламызда ер жүрек жігіттер мен сәйгүлік аттар қашанда бар»- деген сөздерді қандай мақсатпен айтылған
- •2. «Майданға жіберетін үйімізде ағам да, апамда жоқ, өзімді жіберіңіз»
- •3. «Россия кең байтақ, бірақ шегінуге жол жоқ, артымызда Москва»- деген кім
- •5. «Неміс окуппанттарына өлім келсін, Ленин қаласы үшін » - деп айқай салып, жауынгерлерін соңына ерткен кім
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ұлы Отан соғысы, оған қатысқан қазақстандықтардың майдан даласындағы, тыл жұмыстарындағы ерлігі, антқа беріктігі жайында түсінік бере отырып, қазақ азаматтарының ҰОС қосқан үлестері мен қажырлы еңбектерін баяндау және оқушылардың ізденушілік жұмыстары арқылы білімдерін толықтыру.
Дамытушылық: Сабақ барысында оқушылардың тарихи оқиғаларды еске сақтау, салыстыру, тарихи шындықты білу арқылы логикалық ойлау қабілетін дамытуға және қазіргі заман талабына сай көзқарас қалыптастыру.
Тәрбиелік: Қиын- қыстау кезінде Отанды қорғай білу, туған жерге деген сүйіспеншілікке, ұлттар арасында достық сезімдерін қалыптасуына, елдің бір тұтастығын сақтап қалу үшін күресе білуге тәрбиелеу.
Елжандылыққа, елін, жерін сүюге, батырлардың ерлігін мәңгі есте сақтауда, үлгі етуге тәрбиелеу. Патриоттық сезімді қалыптастыру және өз Отанын қорғауға дайын болуға тәрбиелеу, тарихты білуге, батылдыққа баулу.
Сабақтың мақсаты: • Білімділік: оқушыларға Ұлы Отан соғысы жайлы мағлұмат беру, Қазақстандағы Ұлы Отан соғысы жылдарындағы жағдай, жеңіске қосқан Қазақстандықтардың үлесі жайлы және Ұлы жеңістің тарихи маңызы туралы білім алуға көмектесу. • Дамытушылық: тақырыпты меңгерте отырып Ұлы жеңіс жайлы білімдерін дамыту, ойлау қабілеттерін арттыру, нақты мәліметтерді қабылдау дағдыларын қалыптастыру. • Тәрбиелік: жеңістің маңызын түсіндіру арқылы Отанға деген сүйішпеншілік сезіміне, патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу, өз елінің тарихына қызығушылығын арттыру.
Көрнекілік: Карта, соғыс ардагерлерінің фото суреттері, компьютермен слайд көрсету, белсендірілген тақта.
Пәнаралық байланыс: Дүниежүзі тарихы, әдебиет, география.
Сабақтың түрі:Жаңа сабақты меңгеру сабағы.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, топтық жұмыс.
Сабақтың қанатты сөзі:
Ер есімі ел есінде.
Отан үшін отқа түс, күймейсің. (Б.Момышұлы)
1 .Сүрақ Сайлау Асылай
Ұлы Отан соғысы 1941-1945 жылдар аралығында болды. Еуропада орналасқан Германияда 1933 жылы ұлтшыл-фашистік тәртіп орнады. Жетекшісі Адольф Гитлер болды. 1939 жылы фашистік Германия әлемге иелік ету мақсатында соғыс бастады. 1939 жылы 1 қыркүйекте Польша жеріне басып кірді. 1941 жылы Германия Еуропаның көптеген елдерін басып алды. Енді тек оған қарсы шығатын КСРО ғана қалды. 1940 жылы 18 желтоқсанда бекітілген «Барбаросса» жоспары бойынша Гитлер КСРО-ға қарсы «блицкриг» (қауырт соғыс) ашып, 8- 10 аптада (2-3 ай), қыс түспей басып алуды көздеді. «Барбаросса» жоспары туралы не айтасыз?
А)Жарасов Асыл
Фашистердің КСРО аумағын бірнеше рейхкоммисариатқа бөлуің көздеді(Остланд – Беларусь пен Балтық жағалауы, Украйна, Московия (Ресей) және Кавказ, елдің шығыс шет аймақтарында Үлкен Түркістан (Қазақстан, Орта Азия, Татарстан, Башқұртстан, Әзірбайжан, Солтүстік Кавказ, Қырым, Қытайдың Шыңжаң аймағы, Ауғанстанның солтүстігі) және Еділ – Орал рейх – комисариаттарын құруды көздеді. Қуыршақ мемлекет құру идеясы экономикалық мақсатта, саяси мақсат да көздеген еді.Экономикалық жағынан – бұл аймаққа ұлы герман империасы үшін қуатты шикізат және қосымша азық-түлік базисін құру міндеті қойылды
2 .Сүрақ Жолдасов Асылхан
Ышық Менекше
А)Қазақстан түкпірдегі оңтүстік-батыс тыл бола отырып, үкімет шешімдеріне сай соғыстың алғашқы күндерінен бастап өз экономикасын майдан мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге қарай бейімдеуге тиіс болды. Бұл – қорғаныс өнімдері мен стратегиялық шикізат өндірісін меңгеру мен кеңейту, өнеркәсіп құрылысын кең өрістету, еңбек және материалдық ресурстарды қайта бөлуді іске асыру, майдан шебіне жақын жерлерден әкелінген кәсіпорындарды қабылдау мен оларды жаңа жерлерде тез іске қосу деген сөз еді. Іс жүзінде материалдық және адам ресурстарын қайта бөлумен, өнеркәсіптегі майданға кеткен арнайы дайындығы бар мамандардың орнын жаңа жұмысшылармен толықтырумен қатар жүрген Қазақстан экономикасын соғыс жағдайына бейімдеп, қайта құру басталды.
3.Сүрақ Жеңіс Олжас
Қазақстан экономикасын соғыс жағдайына бейімдеу, қайта құру қалай жүргізілді?
А) Карабаева Алтынай
Немістердің КСРО-ның батыс аудандарын басып алуы Сібір мен Қазақстанның ел экономикасындағы маңыздылығын күрт өсірді. Соғыстың алғашқы айларында өкімет орындарына жаудың қолына түсуі мүмкін өнеркөсіп орындарын эвакуациялаудың сәті түсті. Қазақстан аумағына қысқа мерзім ішінде 142 ірі өнеркәсіп мекемелері қажетті құрал-жабдықтарымен, шикізатымен бірге тасып әкелініп, орналастырылды. Бұлар – ауыр және орташа машина жасау зауыттары, сондай-ақ тоқыма, мақта-мата, аяк киім фабрикалары еді. Жаңа өнеркәсіп нысандарын салу жалғастырылып, тездетілді. Соғыстың алғашқы бір жарым жылының ішінде Қазақстанда 25 кеніш, шахта, түсті және қара металлургияның 11 байыту фабрикалары, 19 жаңа көмір шахталары, 4 жаңа мұнай кәсіпшілігі, Гурьевте (қазіргі Атырау ) мұнай өңдеу зауыты іске қосылды.
Б) Базарбаев Темірхан
Актөбеде салынып жатқан ферроқорытпалар зауыты Запорожье ферроқорытпалар зауытының құрал-жабдықтарын алды, көмірлі Қарағанды өзінің техникалық кешенін донецкілік Пархоменко атындағы шахтаның жабдықтарымен толықтырды, Алматыдағы автожөндеу зауытының аяқталмаған құрылысы Луганск ауыр машина жасау зауытының цехтары орналасқан базаға айналса, республиканың оңтүстігіндегі тамақ өнеркәсібінің жаңа құрылыстары Украинаның 14 қант зауытының құрал-жабдықтарын алды. Балқаш мыс қорыту кешенінің қуаты Владимир облысындағы Кольчугин қаласының түсті прокат зауытының құрал-жабдықтарын меңгеріп, оны іске қосқан соң елеулі түрде артты. Түсті металл және отын-энергетика өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындары салына бастады. Жалпы соғыс жылдарында Қазақстанға 300-ден астам көшіріліп әкелінген зауыттар орналастырылып, жұмыс істеді. Тасып әкелінген кәсіпорындардың кейбіреулерінің құрал-жабдықтары салынып жатқан нысандарды аяқтау үшін пайдаланылды.
В) Шаймерден Сафуан
Соғыстың алғашкы жылдары Қазақстанға батыс аудандардан эвакуацияланған 532,5 мың адам баспана мен жұмыс тапты, сонымен бірге 50 мың маманданған жұмысшылар, инженер-техник қызметкерлер және негізінен ауылдар мен селоларға орналастырылған 970 мыңдай күштеп көшірілген поляктар мен немістер келді. Республика жұмысшы табының қатарына Донбастың 2 мыңдай шахта құрылысшылары келіп қосылды. Өте қысқа мерзім ішінде эвакуацияланған кәсіпорындарды тиісті өндірістік алаңдармен қамтамасыз етіп, майданға қажетті өнімдер өндіруді жолға қою, адамдарды азды-көпті тұрмыстық жағдайлармен қамтамасыз ету қажет болды. Майданға жақын аймақтардан адамдарды амалсыз эвакуациялау көптеген қиындықтар әкелді. Олардың көпшілігі ауылдар мен селоларға орналастырыдды. Қалалардағы соғысқа дейінгі тұрғын үй проблемасы одан әрі шиеленісе түсті. Ел үшін ауыр болған осы жылдардың өзінде тұрғын үй құрылысы жалғастырыла берді. 1941-1945 жылдары жалпы көлемі 3 317 мың шаршы метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді.
