Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ОЭиИТ АЗАМАТ Реферат.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
172.54 Кб
Скачать

Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі

Қ. И. Сәтбаев атындағы

Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті

­­­

­­­­­­_______ЭЭТ__________кафедрасы

Реферат

Тақырыбы: ­­­­­­__Стабилитрондар___________________­­­­­­______________________­­­­­­______________________­­­______________

Жұмысты орындау сапасы

Баға диапазоны

Орындалған

%

1

Орындалған жоқ

0%

2

Орындалды

0-50%

3

Материалдық өзіндік жүйелендіру

0-10%

4

Талап етілген көлемде және көрсетілген мерзімде орындау

0-5%

5

Қосымша ғылыми әдебиеттерді пайдалану

0-5%

6

Орындаған тапсырманың ерекшілігі

0-10%

7

Реферат қорғау

0-20%

Қорытынды:

0-100%

Оқытушы: ­­­­­­Сейдалиева Ұлжалғас

Студент: Жұбанов Азамат______

Мамандығы: РЭТб-15-1k______

Тобы: ­­­­­______1________________

Алматы 2017 ж

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Стабилитронның жалпы сипаттамасы

2.1 Түрлері

2.2 Жұмыс істеу принципі

2.3 Вольт - амперлік сипаттамасы

2.4 Негізігі параметрлері

3. Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Стабилитрон (лат. stabilis - орнықты, тұрақты) — өзі арқылы өтетін электр тогы өзгергенде (белгілі шектерде) оған түсетін кернеу іс жүзінде тұрақты болып қалатын екі электродты газоразрядты немесе шалаөткізгіш аспап. Газоразрядты стабилитронның іс-әрекеті қалыпты солғын немесе тәжді разрядты пайдалануға негізделген. Газдық разрядтың осы түрлерінің ерекшелігі олардың вольт-амперлік сипаттамаларында разрядтар арасындағы кернеудің тіптен өзгермейтін бөлігінің болуында. Қарапайым  диодтарда  р-п ауысуы керексіз болып табылады, яғни ол диодқа қосуға болатын кері кернеудің  көлемін шектейді. Кернеу көлемінің тесілуін  жоғарлату үшін  аса жоғарыомды материал  қолдануға тура келеді. Дегенмен р-п ауысуының  тесілуі  әрқашанда кері құбылыс болып келмейді. Приборлардың арнайы түрлерінде  ол қажетті эффект ретінде қолданылады. Осындай приборларға стабилитрондар жатады. Газоразрядты стабилитрон тұрақтандыратын кернеулердің мәндері 70—160 В; токтардың жұмыс ауқымы бірнеше мА-дан ондаған мА-ға жетеді. Шалаөткізгіш стабилитрон да вольт-амперлік сипаттаманың жұмыстық ауқымы электронды-кемтіктік өткелдің электрлік ойып-тесілуіне сәйкес келетін енсіз кері кернеулер облысында жатыр. Қазіргі кезде кремнийлік стабилитрондар 3-тен 180 В-қа дейінгі номинал кернеуге арналып жасалған. Рұқсатты ыдырау қуаты 0,25—50 Вт. Стабилитрон - бұл көшкінді режим кезінде жұмыс істейтін жартылай өткізгіш диодтар. Олар бейсызықты тізбектердегі тұрақты тоқтын кернеулігінің деңгейін тұрақтандыру үшін қажет. Стабилитрон ретінде кремнилі торап диоды қолданылады (КС 168А). Жоғарылегирленген кремнийді қолданған кезде кернеуліктің тұрақтылығы төмендейді, деңгейдің төмендеуі ол легирленудің жағарылауына әкеледі. Кернеудің тұрақтануы ол 3-тен 180 В диапазон аралығына жатады.

Стабилитрондардың төменгі вольтты және жоғарғы вольтты түрлері бар. Төменгі вольтты деп аталатын стабилитрондар кремнийдің қоспасынан жасалады. Бұндай стабилитрондардың р-п ауысуының ені аз және  туннельдік тесілу болады.

Стабилитрондар – бұл тесілу кернеуі қалыпты және тесілу нүктесінде кері ток күрт өсетін кремнийден жасалған жазық диодтар. Ондағы кернеу, берілген аяда өтетін токты өлшеу кезінде, белгілі дәлдікпен сақталады. Диодтың жұмыс істеу принципі құйындық тесілуді пайдалануға негізделген.

222222222222222222222222222