Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЛАБ РАБОТА 1 эр.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
3.28 Mб
Скачать

4. Презентация дегеніміз не?

  1. Слайд деп аталатын жеке кадрлардың жиынтығынан тұратын айрықша текті электрондық құжат

  2. Белгілі бір ретпен орналасқан мәліметтер жиыны

  3. Суреттер жиыны

  4. Жеке парақ

  5. Баяндама жасау

5. Мультимедиалық технологиялар дегенді қалай түсінесіз?

  1. оқытуды көрнекі етуге мүмкіндік беретін технология

  2. бұл белгілі тақырып бойынша кейбір сөздері ерекшеленген мәтіндік үзінділердің жиынтығы

  3. табиғаты әртүрлі ақпаратты (мәтін, дыбыс, графика, анимация, бейне) құру және тиімді пайдалану әдістерінің жиынтығы

  4. компьютерде оқу материалын парақтап беру үшін қолданылады

  5. қандай да бір пәндік салаларда міндеттерді тиімді түрде шешу үшін эксперт-мамандардың қолданатын программалар жүйесі

Бақылау сұрақтары:

  1. Презентация дегеніміз не?

  2. Презентация не үшін қолданылады?

  3. Ispring Suite-тің мүмкіндіктері.

  4. Презентацияны html форматқа қалай алмастырамыз?

  5. Презентация құруға арналған қандай орталарды білесің?

Глоссарий

  1. АКТ - Ақпараттық Коммуникациялық Технология

  2. Презентация- слайдтар жиынтығы

  3. Ispring Presenter – тест, сауалнама, аудио, видеофайлдармен толықтырыла отырылып интерактивті оқу курстарын даярлауға арналған бағдарлама.

Әдебиеттер:

  1. Государственная программа развития образования РК на 2011-2020 годы утвержденная Указом Президентом РК Назарбаева Н.А., №1118 от 07.12.2010г.

  2. Бидайбеков Е.Ы., Гриншкун В.В., Григорьев. Создание и использование образовательных электронных изданий и ресурсов. Алматы, «Білім», 2006.-134 с.

  3. Башмаков А.И., Старых В.А. Систематизация информационных ресурсов для сферы образования: классификация и метаданные. – М.: 2003.

Лабораторная жұмыс №3

Каталог, глосарий (сөздік) құру.

Мақсаты: Каталог, глосарий (сөздік) құруға үйрету және дағдыларын қалыптастыру, өзіндік тапсырмаларды орындау.

Материалдар мен жабдықтар: ispring Suite өнімі, ДК

Жұмысты орындау тәртібі мен мазмұны:

  1. Қысқаша теориялық мағлұмат қайталау

  2. Үлгі-мысалды қарастыру

  3. Жеке тапсырманы орындау

  4. Бақылау сұрақтарына жауап беру

Лабораториялық жұмыстың есебі:

-Жоба алгоритмі;

-Жобаны орындау;

-Жобаны қорғау.

Қысқаша теориялық мағлұмат

Internet ортасының басты сипаттамасы оның интерактивтілігі болып табылады. Ispring Suite ортасында сөздік, жиі қойылатын сұрақтар, электронды оқулықтар оңай дайындалынады.

Мысалы: Ispring Suite ортасында сөздік жасауға болады. Ол үшін Ispring Suite бағдарламасын жүктеп (1-сурет), Interactions бөліміне басып экранның оң жағында сілтемесін басыңыз.

1- сурет. Ispring Suite мүмкіндіктері

Осы кезде экранға (2 - сурет) төмендегідей сөздік жасауға арналған орта ашылады.

2-сурет. Ispring Suite: directory бағдарламалау ортасы

Әрі қарай cөздік жасау үшін ортаның әр-түрлі мүмкіндіктерін пайдалануға болады. Ол үшін Add Item батырмасын бассаңыз төмендегідей терезе ашылады. Сол терезеде Question title жолына кез-келген әріпті жазып, астына сол әріптен басталатын сөздерді түсіндірмесімен бірге жазасыз (3-сурет).

3-сурет. Ispring Suite: сөздік құру

Ispring Suite (directory) бағдарламалау ортасының сурет қою және текст жазу, аудио және видео қою мүмкіндіктері бар.

Каталог – бұл мәліметтерді алфавит бойынша реттелген тізім түрінде жинақтап көрсетуге арналған. Мысалы: терминдер сөздігі, өнімнің каталогы, тұлғалар тізімі және т.б. (4-сурет)..

4-сурет. Каталог құру