Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
моншақ 2222.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
110.99 Кб
Скачать

Кинестетикалық тәсіл

Оқушылардың арқасына таяқшамен (саусақпен, қарындаштың теріс жағымен және т.б.) аралығы 1 секунд болатын 15 таңбадан тұратын кезекті қатарды жазады.

Нұсқау: сыналатын адамға оңтайлы салмақ күші мен символдар өлшемін іріктеп алып, түсінудің тиімділігін арттыру үшін алдын ала ықтиярлы таңбалармен жаттыққан жөн. Есте сақтауда арқа түсындағы сезімдерге (салмақ тереңдігі, ауданы, дәрежесі және т.б.) назар аудару маңызды. Қайта жаңғырту кезінде қарындаштың арқа тұсындағы қозғалысынан алған әсерді есте түсіру қажет.

Тексеру: параққа кез келген дәйектілікте барлық есте қалған таңбаларды жазып шығу (көзді жұмып, қозғалыссыз).

Символдық дәйектіліктерді құру кезінде З, О, Ч сияқты таңбаларды пайдалануға болмайды, өйткені олардың әріптік-сандық баламалары бар, сондай-ақ көпшілікпен қабылданған сөздерді қолданбаған жөн (ЖОО, БҰҰ).

Төменгі сыныптарда келтірілген тесттер жеке-дара жүргізіледі. Тәжірибені жүргізбес бұрын оқушыларға неғұрлым объективті нәтижелердің алынуын қамтамасыз ететін, яғни тест жадының жалпы көлеміндегі, ақыл-ойдағы, интеллектідегі және т.с.с дамуды анықтауға бағытталмай, тек ақпаратпен жұмыс жүргізудегі жеке-дара қабілеттерді зерттеуге бағытталғаны түсіндірелген нұсқау беріледі.

Әрбір қатысушыға тест жүргізу үшін қажетті құралдар: қима қағаз, парақ, қаламсап және т.б. беріледі.

7 - Кесте

Облыс

Мектептің атауы

Оқушылар саны

Оқушылардың ақпаратты қабылдау ерекшеліктері

визуалды

аудиалды

кинестетті

Жиынтығы

%

2 Сынып

1. Интеллектуалды даму деңгейін анықтау («Төртіншісі артық» әдістемесіне балама)

Әдістеме жинақтау негізінде заттар топтарын туыстық ұғымға біріктіру білігін диагностикалауға арналған (талдау мен жинақтауды меңгеру, заттарды жіктей алу білігі). Сонымен қатар оқушының логикалық негіздеуінің қабілеті де айқындалады. Әдістеме оқушының ақыл-ойдағы артта қалушылықты жақсы анықтайды.

Тәжірибе жеке дара жүргізіледі. Қажетті материал – заттардың аттары жазылған қима қағаздар жиынтығы. Осы әр қатардағы заттардың үшеуі әрқайсысына тән негізгі белгілері бойынша бір топқа біріктіріледі де, ал төртіншісін осы топқа кірмейтін зат есебінде алып тасталуы қажет. Тәжірибе кезінде жинақтаудың қиындығын есепке ала отырып, қима қағаздар төменде келтірілген ретпен ұсынылады:

1. Кебіс, аяқ, етік, туфли.

2. Қайшы, ұстара, перо, пышақ.

3. Шатыр, фуражка, панама, қалпақ.

4. Керосин шамы, электр шамы, күн, балауыз.

5. Конверт, радио қабылдағаш, телефон, гитара.

6. Сағат, көзілдірік, таразы, термометр.

7. Глобус, кітап, жазу үстелі, портфель.

8. Термометр, стакан, шаңғы, рюмка.

Эксперимент алдында мынадай нұсқау беріледі: «Мына қима қағазда төрт заттың суреті бейнеленген. Оларды атап шық (осылайша, оқушының келтірілген заттармен таныстығы тексеріледі). Осылардың үшеуі өзара ұқсас, оларға бір ғана атау беруге болады, ал төртінші зат оларға лайық келмейді. Сен лайық емес затты (немесе алынып тастауыл тиіс біреуін) атап, қалғандарын қалайша атау керектігін айтуың керек. Бұдан әрі бұл қима қағаз педагог-психологпен бірге талданады, жинақталған үш затқа атау беріледі (аяқ киім) және неліктен төртінші заттың алынып тасталғаны түсіндіріледі (аяқ).

Келесі тапсырманы оқушы қима қағазда көрсетілген заттарды атаудан бастап соңына дейін өз бетімен орындайды. Оқушының түсіндірулері хаттамаға түсіріледі.

Хаттама нысаны:

Қима-қағаздың атауы (жинақтаушы сөз), сондай-ақ мұғалімнің сұрақтары мен келіспеулері

Алынып тасталатын зат

Оқушының түсіндірулері

Оқушының мектепте оқуға дайындығы оқу іс-әрекеті негіздері мен негізгі алғышарттарының қалыптасуын, қарым-қатынас жасаудың белгілі деңгейі және барабар өзіндік бағасының дамуын да қамтиды. Оларды анықтау үшін мынадай механизмдерді сипаттауға мүмкіндік беретін әдістемелер кешені ұсынылады:

  1. оқу іс-әрекеті алғышарттарының даму деңгейі: ересектің дәйекті нұсқауларын мұқият және дәл орындау білігі; оның тапсырмасы бойынша өз бетімен іс-әрекет ету, әдістеменің қосалқы факторларының көңіл бөлуші әсерін жеңе отырып, мәселе шарттарының жүйесіне бағдарлану білігі.

1 - Кесте

Облыс

Мектептің атауы

Оқушылар саны

Жоғарғы деңгей

(1-2 қате)

Орташа деңгей

(3-4 қате)

Төменгі деңгей

(5-тен көп қате)

1

2

Жиынтығы

%