Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
моншақ 2222.docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
110.99 Кб
Скачать

Эксперимент жүргізіліп болған соң мынадай хаттама жүргізіледі:

Кесте

Секунд уақытымен

Қосымша

1

2

3

4

5

Қосымшада балалардың санау кезіндегі тоқтауы, кідіруі, қателесуі жазылады.

Денсаулығы жақсы оқушы бір кестеге 30-дан 50 секундқа дейін, ал көбінесе, 40-42 секундқа дейін уақыт кетіреді. Зейін баланың жас ерекшелігіне байланысты болғандықтан, жаттыға отырып, сіздің сыныбыңыздағы бір кестеге кеткен уақыттың ортақ мөлшерін шығару керек. Бұл норма көрсеткішін құрайды. Егер оқушы сандарды іздеу кезінде кідіріс жасап, бір санды ұзақ уақыт таба алмаса, немесе сол санның мүлде жоқ екенін айтса, бүл зейіннің бөлінбеуі немесе оқтын – оқтын бөлінуі. Осындай бірнеше жағдай зейіннің тұрақсыздығын байқатады. 4, 5 – кестедегі сандарды іздеуге уақыттың ұзақтау кетуі зейіннің шаршауының, үдеуін байқатады. Әрбір кестеге кеткен уақыт мөлшері бірдей болуы керек. Соңғы кестеде уақыт аз кетуі де ықтимал. Бұл іске оқушы әрекетінің баяу қосылуы мен зейіннің күштілігін көрсетеді.

2 – кесте Зейіннің сапасы

Мектеп

сынып

Зейіннің тұрақтылығы мен шаршауын зерттеу

зейіннің тұрақтылығы

зейіннің істен шығуы

шаршау

Қорытынды

2. Интеллектуалды даму деңгейін анықтау

2.1. “Артық сөзді алып тастау” әдістемесіне балама

Бұл әдістеме баланың маңызды бөліктерді бөліп көрсетуін, жалпылай білу дағдысын көрсетеді. Әдістеме 4 сөзден тұратын 15 бөлімнен құрылған.

Тәжірибе жеке дара түрде өтіледі. Қажетті материал – бланктың әр қатарында заттың атын білдіретін 4 сөз берілген: осы заттардың үшеуін нақты белгілеріне қарай бірге жұптауға болады, ал төртінші сөзді бұл топқа жатпайтын болғандықтан алып тастау қажет. Тәжірибе барысында сөздер төмендегі тәртіппен беріледі:

  1. Кітап, портфель, әмиян, чемодан.

  2. Пеш, керосинка, шырақ, электр плиткасы

  3. Сағат, көзілдірік, таразы, термометр

  4. Қайық, қол арба, мотоцикл, велосипед.

  5. Ұшақ, шеге, ара, желдеткіш.

  6. Көбелек, циркуль, таразы, қайшы.

  7. Ағаш, этажерка, сыпырғыш, айыр.

  8. Ата, мұғалім, әке, ана.

  9. Қырау, шаң, жаңбыр, шық.

  10. Су, жел, көмір, шөп.

  11. Алма, кітап, тон, раушан.

  12. Сүт, қаймақ, ірімшік, нан.

  13. Қайың, қарағай, жеміс, емен.

  14. Минут, сағат, секунд, кеш.

  15. Ақерке, Айдын, Арғын, Асқаров.

Нұсқау: “Берілген 4 сөздің ішінде 3 сөз ортақ белгілеріне байланысты 1 ұғымға біріктіріледі, ал бір сөз бұларға қосылмайды, сол артық сөзді алып тастау керек. Мағынасына байланысты сай келмейтін сөзді қатардан алып таста немесе сыз. Тапсырманы тез әрі қатесіз орындау керек.” Бала жұмыс істеу принципін түсінген кезде мұғалім әрі қарай өз бетінше жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Педагог уақытты және тапсрыманы қаншалықты дұрыс орындағанын хаттамаға түсіріп отырады.

Бөлім нөмірі

Тапсырманы орындау уақыты (секунд)

Нәтиже

Тапсырма ұпайлық жүйемен бағаланады: дұрыс жауап – 2 ұпай, қате жауап – 0 ұпай.

Жауабы: 1) кітап, 2) шырақ, 3) көзілдірік, 4) қайық, 5) ара, 6) көбелек, 7) ағаш, 8) мұғалім, 9) шаң, 10) жел, 11) алма, 12) нан, 13) жеміс, 14) кеш, 15) Асқаров.