- •1.1. “Моншақ” әдістемесі
- •Ііі деңгей - тапсырманы орындау кезінде 2 шарт қарастырылған.
- •1.2. “Үйшік” әдістемесі
- •1.3. “Өрнек” әдістемесі
- •1.4. «Графикалық диктант» әдістемесі
- •2. “Балалардың қоршаған ортадағы жалпы бағыты және тұрмыстық білімінің қоры” әдістемесі
- •1 Сынып оқушыларына арналған:
- •Оқушылардың ақпаратты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу
- •Визуалдық тәсіл
- •Аудиоалдық тәсіл
- •Кинестетикалық тәсіл
- •2 Сынып
- •1. Интеллектуалды даму деңгейін анықтау («Төртіншісі артық» әдістемесіне балама)
- •2. Жадында (есте) сақтау қабілетін зерттеу әдістемесі
- •3. Зейін бөлінісін танып білу с.Л. Рубинштейн құрастырған әдістеме
- •4. Оқушылардың ақпаратты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу
- •5. “Балалардың қоршаған ортадағы жалпы бағыты және тұрмыстық білімінің қоры” әдістемесі
- •2 Сыныпқа арналған сұрақтар
- •3 Сынып Интеллектуалды даму деңгейін анықтау («Төртіншісі артық» әдістемесіне балама)
- •1. Зейін бөлінісін танып білу
- •1.1. С.Л. Рубинштейн құрастырған әдістемесі
- •1.2. Зейін деңгейін зерттеу
- •1.3. Жадында (есте) сақтау қабілетін зерттеу әдістемесі
- •2. Оқушылардың ақпаратты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу
- •3. “Балалардың қоршаған ортадағы жалпы бағыты және тұрмыстық білімінің қоры” әдістемесі
- •3 Сыныпқа арналған сұрақтар:
- •4 Сынып
- •1.1. Логикалық ойлау элементтерін даму диагностикасы
- •1.2. Оқушылардың танымдылық іс - әрекетінің диагностикасы
- •Эксперимент жүргізіліп болған соң мынадай хаттама жүргізіледі:
- •2. Интеллектуалды даму деңгейін анықтау
- •2.1. “Артық сөзді алып тастау” әдістемесіне балама
- •“Артық сөзді алып тастау” әдістемесі бойынша берілген кесте
- •2.2. Зейін деңгейін зерттеу
- •3. Оқушылардың ақпаратты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу
- •4. “Балалардың қоршаған ортадағы жалпы бағыты және тұрмыстық білімінің қоры” әдістемесі
- •4 Сыныпқа арналған сұрақтар:
1.4. «Графикалық диктант» әдістемесі
Бұл әдістеме баланың ерік саласының даму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді. Әдістеме төрт бақылау диктантынан тұрады, оның біріншісі жаттығу диктанты. Зерттеу жүргізу үшін әр балаға төрт нүкте түсірілген төр көзді дәптер парағы беріледі.
1. Осындан кейін психолог-педагог жаттығу оюын салғызуға кіріседі: «Бірінші оюды салуға кірісейік. Қарындашты ең жоғарғы торға қойыңдар. Сызықты салыңыз (қарындашты қағаздан көтермей). Бір тор оңға қарай. Бір тор жоғары. Бір оңға қарай. Бір тор төмен. Бұдан әрі дәл сондай оюды салуды жалғастырасыңдар».
2. Қарындашты көтеріңдер де, келесі нүктеге қойыңдар. Дайындалыңдар, баяндауды бастаймын. Бір тор жоғары. Бір торға оңға. Бір тор жоғары. Бір тор оңға. Бір тор төмен. Бір тор оңға. Бір тор төмен. Бір тор оңға. Ал енді, осы оюды өздерің жалғастырыңдар».
3. « Назар салыңдар! Үш тор жоғары. Бір тор оңға. Екі тор төмен. Бір тор оңға. Екі тор жоғары. Бір тор оңға. Үш тор төмен. Бір тор оңға. Екі тор жоғары. Бір тор оңға. Екі тор төмен. Бір тор оңға. Ал енді, осы оюды өздерің жалғастырыңдар».
4. «Қарындашты ең соңғы төменгі нүктеге қойыңдар. Назар салыңдар! Үш тор оңға. Бір тор жоғары. Бір тор солға. Екі тор жоғары. Үш тор оңға. Екі тор төмен. Бір тор солға. Бір тор төмен. Үш тор оңға. Бір тор жоғары. Бір тор солға. Екі тор жоғары. Ал енді, осы оюды өздерің жалғастырыңдар».
Әр өрнекті өз бетімен істеу үшін 1,5 – 2 минут уақыт беріледі. Бұл әдістемеге берілетін жалпы уақыт 15 минут.
Нәтижелерді бағалау.
Өрнекті қатесіз салғанға 4 ұпай. 1 – 2 қате кеткенге 3 ұпай қойылады. 2 қатеден көп болса – 2 ұпай қойылады. Дұрыс салынғаннан қате салынғаны көп болса – 1 ұпай қойылады. Егер дұрыс салынбаса – 0 ұпай қойылады.
10- 12 ұпай – жоғары
6 – 9 ұпай – орташа
3 – 5 ұпай – төмен
0 – 2 ұпай - өте төмен
5 - Кесте
№ |
Мектеп сынып |
Графикалық диктант |
|||
жоғары 10- 12 ұпай |
орташа 6 – 9 ұпай |
төмен 3 – 5 ұпай |
өте төмен 0 – 2 ұпай |
||
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы |
|
|
|
|
|
% |
|
|
|
|
Бұл тексерістерді жеке дара және фронтальды түрде өткізуге болады. Балаларды столдарға жекелеп отырғызу керек. Әр баланың алдына жеке тапсырма жазылған дәптер беріледі. Экспериментатор – мұғалім барлық балаға бірдей көрінетіндей жерде тұруы қажет. Балалардың алдындағыдай дәптерді алып, №1 тапсырманы көрсетеді. Содан соң айтады: “Дәптерлеріңнің бірінші бетін ашыңдар. Қараңдар: сендерде де менің дәптерімдегідей сурет салынған.(Егер кейбір балалардың басқа бетті ашқан жағдай болса, мұғалім дұрыс бетті көрсетеді)”.
2. “Балалардың қоршаған ортадағы жалпы бағыты және тұрмыстық білімінің қоры” әдістемесі
1 Сынып оқушыларына арналған:
Сенің атың кім? (атының орнына тегін айтса қатеге саналмайды)
Жасың нешеде?
Ата – анаңның аты – жөні кім? (толық айтылмаған аттар қатеге саналмайды)
Сен тұратын қала, ауыл қалай аталады?
Сен тұратын көше қалай аталады?
Сенің үйіңнің, пәтеріңнің нөмірі қандай?
Қандай жануарларды білесің? Олардың қайсысы жабайыға, қайсысы үй жануарына жатады? (дұрыс жауапқа кем дегенде екі жабайы, екі үй жануарларын атаған жатады)
Ағаштың жапырақтары қай жыл мезгілінде түседі, қай жыл мезгілінде шығады?
Сен оянатын, түскі ас ішетін және ұйқыға дайындалатын уақыттарды қалай атайды?
Өзің қолданатын ас бөлмедегі заттарды және киетін киімдерді ата? (кем дегенде әр қайсысынан үш заттан атау дұрыс жауапқа саналады).
Әр дұрыс жауапқа бала 1 ұпай алады. Бұл әдістемеден әр баланың барлық тапсырма орындағаны үшін максималды ұпай саны – 10 ұпайды құрайды.
Балаға әр сұрақтың жауабын беруі үшін 30секунд беріледі. Осы уақыт ішінде жауаптың жоқтығы қатеге есептеліп, 0 ұпайға бағаланады.
Өз бетімен еш көмексіз жауап жазған бала қоршаған орта туралы білімі жақсы қалыптасқан болып саналады.
6 -кесте
№ |
Мектеп сынып |
Қоршаған ортада бағытының қалыптасу деңгейі |
|||
9 – 10 ұпай |
6 – 8 ұпай |
4 – 5 ұпай |
3 – 1 ұпай |
||
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы |
|
|
|
|
|
% |
|
|
|
|
Қорытынды |
|||||
