- •1.1. “Моншақ” әдістемесі
- •Ііі деңгей - тапсырманы орындау кезінде 2 шарт қарастырылған.
- •1.2. “Үйшік” әдістемесі
- •1.3. “Өрнек” әдістемесі
- •1.4. «Графикалық диктант» әдістемесі
- •2. “Балалардың қоршаған ортадағы жалпы бағыты және тұрмыстық білімінің қоры” әдістемесі
- •1 Сынып оқушыларына арналған:
- •Оқушылардың ақпаратты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу
- •Визуалдық тәсіл
- •Аудиоалдық тәсіл
- •Кинестетикалық тәсіл
- •2 Сынып
- •1. Интеллектуалды даму деңгейін анықтау («Төртіншісі артық» әдістемесіне балама)
- •2. Жадында (есте) сақтау қабілетін зерттеу әдістемесі
- •3. Зейін бөлінісін танып білу с.Л. Рубинштейн құрастырған әдістеме
- •4. Оқушылардың ақпаратты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу
- •5. “Балалардың қоршаған ортадағы жалпы бағыты және тұрмыстық білімінің қоры” әдістемесі
- •2 Сыныпқа арналған сұрақтар
- •3 Сынып Интеллектуалды даму деңгейін анықтау («Төртіншісі артық» әдістемесіне балама)
- •1. Зейін бөлінісін танып білу
- •1.1. С.Л. Рубинштейн құрастырған әдістемесі
- •1.2. Зейін деңгейін зерттеу
- •1.3. Жадында (есте) сақтау қабілетін зерттеу әдістемесі
- •2. Оқушылардың ақпаратты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу
- •3. “Балалардың қоршаған ортадағы жалпы бағыты және тұрмыстық білімінің қоры” әдістемесі
- •3 Сыныпқа арналған сұрақтар:
- •4 Сынып
- •1.1. Логикалық ойлау элементтерін даму диагностикасы
- •1.2. Оқушылардың танымдылық іс - әрекетінің диагностикасы
- •Эксперимент жүргізіліп болған соң мынадай хаттама жүргізіледі:
- •2. Интеллектуалды даму деңгейін анықтау
- •2.1. “Артық сөзді алып тастау” әдістемесіне балама
- •“Артық сөзді алып тастау” әдістемесі бойынша берілген кесте
- •2.2. Зейін деңгейін зерттеу
- •3. Оқушылардың ақпаратты қабылдау ерекшеліктерін зерттеу
- •4. “Балалардың қоршаған ортадағы жалпы бағыты және тұрмыстық білімінің қоры” әдістемесі
- •4 Сыныпқа арналған сұрақтар:
1 сынып
Қолдың ұсақ буындарының даму деңгейін анықтау
Тест 1
Балаға үлгі бойынша диаметрі 3 –3,5 см шеңберді қолды бір бағытта айналдыра отырып салу. Егер бала қолының ұсақ буыны баяу дамыса, онда бала шеңбердің орнына доғал салады немесе мүлдем кіші мөлшердегі шеңбер салады немесе қолын қозғау арқылы т.б. әдістерді қолданып тапсырманы орындай алмайды.
Тест 2
Саусақтардың ұсақ қозғалыстарының дамуы туралы баланың суретті қалай салып немесе бояп жатқандығынан-ақ пайымдауға болады. Егер бала үнемі парақты бұрып, саусақтар мен буындардың ұсақ қозғалыстары арқылы сызықтар бағытын өзгерте алмаса, онда ол ұсақ буындардың даму деңгейі жеткіліксіз және сәйкес жаттығу қажет екендігін білдіреді. Әйтпесе жазудың графикалық дағдыларын меңгеруден айтарлықтай қалып қою мүмкін.
1 – кесте
№ |
Мектеп сынып |
1 - тест |
2 - тест |
|||
орындайды |
орындамайды |
орындайды |
орындамайды |
|||
|
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы |
|
|
|
|
|
|
% |
|
|
|
|
|
Қорытынды |
||||||
1. Оқу іс-әрекетінің қалыптасуының диагностикасы
Оқу іс-әрекетінің қалыптасуының диагностикасы баланың оқудағы жаңа әрекетіне бағытталған. Ойын әрекетіне қарағанда оқу әрекеті өзіндік бірнеше ерекшеліктерді құрайды. Ол нәтижелі, міндетті және ерікті бағытты жоспарлайды.
Балалар оқуының алғашқы жылында кездесетін оқу тапсырмаларының көп бөлігі ережелер мен үлгілірді, бір қатар шарттарды, кейбір талаптарды орындауға бағытталған. Міне осы шеберлік оқу іс-әрекетіне жатқанмен олар әлі де толық оқу әрекеті бола алмайды, бірақ шеберліктің негізін құрауға қажетті.
Осыған байланысты 6-7 жасарлар жоғарыда көрсетілген шеберліктерді саналы игереді, мектеп қойып отырған талапқа және оқуды меңгерудің алғашқы сатысында осы жетістіктер маңызды роль атқарады.
Оқу іс-әрекетінің қалыптасуының диагностикасын өткізу үшін төмендегі әдістемелер қолданылады (бұл диагностикалар шеберлікке бағытталған жүй талаптарына сай) :
үлгіге қарап бағытталу шеберлігіне арналған “Моншақ” әдістемесі
ережеге сай әрекет жасау шеберлігіне арналған “Үйшік” әдістемесі
саналы даму деңгейіне арналған “Өрнек” әдістемесі
“Графикалық диктант” әдістемесі
1.1. “Моншақ” әдістемесі
Тапсырмаларды тағайындау: Баланың оқу әрекетінде есту арқылы шарттарды қаншалықты дұрыс қабылдаған мүмкіндіктерін табу.
Тапсырманы ұйымдастыру: жіппен бейнеленген қисық сурет бөлек парақтарда орындалады.
Тапсырманы орындау үшін әр балада жоқ дегенде түрлі түсті алты фломастер немесе қарындаш болу керек. Жұмыс екі бөлімнен тұрады: І бөлім (негізгі) – тапсырманы орындау (моншақты салу), ІІ бөлім – жұмысты тексеру қажет жағдайда қайтадан моншақ салу.
І бөлімнің нұсқауы: “Балалар, әрқайсыларының парақтарында жіптің суреті салынған. Осы жіп бойына 5 дөңгелек моншақ салу керек, ол моншақтардың ортасынан жіп өту керек. Барлық моншақтар әр түрлі түсті, ал ортаңғы моншақ көк түсті болу керек. (Нұсқау екі рет қайталанады). Салуды бастаңдар.”
ІІ бөлімнің нұсқауы: Тапсырма (бұл бөлімнің тапсырмалары барлық балалар бірінші бөлімді аяқтағаннан кейін орындалады): “Балалар, мен қазір жанағы салған моншақтардың салу тәртібін қайтадан қайталаймын, ал сендер салған суреттеріңді тексеріңдер. Барлығымыз дұрыс салыппыз ба, соны тексерейік. Қате салынған сурет болса, онда қайтадан жанына саламыз. Мұқият тыңдаңыздар.” (тест шарттарын баяу темппен, әр шартты жекелеп бөліп ерекшелейді).
Тапсырманы бағалау (мұғалім тапсырманы бағалау үшін екі берілген нұсқалардан ең жақсысын таңдап алады):
І деңгей – тапсырма дұрыс орындалды, барлық бес шарт қарастырылған:
жіптегі моншақтың орналасуы, моншақтардың пішіні, олардың саны, әр түрлі яғни бес түсті қолдану, ортаңғы моншақтың түсінің белгіленуі.
ІІ деңгей – тапсырманы орындау кезінде 3 – 4 шарт қарастырылған.
Ііі деңгей - тапсырманы орындау кезінде 2 шарт қарастырылған.
ІV деңгей - тапсырманы орындау кезінде 1 ғана шарт қарастырылған.
2 – кесте
№ |
Мектеп сынып |
Тапсырманы орындау деңгейі |
|||
І деңгей |
ІІ деңгей |
ІІІ деңгей |
ІV деңгей |
||
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Қорытынды |
|||||
1.2. “Үйшік” әдістемесі
Балаға үйдің суретін барынша тура бейнелеу ұсынылады. Жұмыс аяқталғаннан кейін тапсырманың дұрыстылығын тексеру керек. Дұрыс болмаған жағдайда, түзетуге болады.
Бұл әдістеме үлгіге қарап бағытталу шеберлігін анықтауға, үйді тура, дәл көшіруге, зейін еріктілігінің даму дәрежесіне, кеңістікті қабылдауының қалыптасуына көмек жасайды.
Нақты, дұрыс қабылдауы 0 баллмен бағаланады, әр қатеге 1 балл қосылады.
Қате болып төмендегілер табылады:
а) элементтерді қате бейнелеу; шарбақтың оң және сол жақ бөлігі жеке бағаланады;
б) бір элементті басқа элементпен ауыстыру;
в) элементтің жоқтығы;
г) керекті жерде сызықтардың жалғаспауы;
д) суреттің тым қисық болды.
“Үйшік” әдістемесінен алған қорытындыны өңдеу баллдық санаумен жүргізіледі. Қатеге төмендегілер саналады:
а) элементтің қате бейнеленуі (1 балл). Егер бұл элементтердің барлық бөлшектері қате салынса, мысалы, шарбақтың оң жақ бөлігіндегі әр қате таяқшаны 1 ұпаймен бағаламайды. 1 ұпай толық шарбақтың оң жақ бөлігіне беріледі. Осы талаптар мұржадан шыққан түтіндердің бейнеленуіне, үйдің шатырындағы сызықтарға да байланысты: 1 ұпай мұржадан шыққан түтіннің әр дөңгелегіне, шатырдағы әр сызықтың қателігіне жеке қойылмайды, барлық дұрыс көшірілмеген түтінге, сызыққа қойылады. Шарбақтың әр бөлігі жеке бағаланады. Егер шарбақтың оң және сол жақ бөлігі қате салынса, онда 2 балл қойылады; бір жақ бөлігі дұрыс салынса 1 балл қойылады.(әр бөлікке 1 балл). Суретте қате көшірілген бөлшектегі элементтердің саны сәйкес келмесе қатеге саналмайды.
б) бір элементті басқа элементпен ауыстыру (1 балл)
в) элементтің жоқтығы (1 балл)
г) керекті жерде сызықтардың жалғаспауы ( 1 балл).
Қатесіз дұрыс көшірілген суретке 0 балл қойылады. Неғұрлым тапсырма қате орындалған сайын, соғұрлым баллдық бағасы жоғарылйды. Бұл эксперимент зейін еріктілігі жақсы дамыған бала 0 балл алғанын көрсетеді. Орташа дамыған бала – 1 – 2 балл. Зейін еріктілігі баяу дамыған бала 4 баллдан жоғары алады.
3 – кесте
№ |
Мектеп сынып |
Зейін, еріктілік және кеңістікті қабылдауының қалыптасу дәрежесі |
||
|
|
0 балл |
1 – 3 балл |
4 және одан жоғары |
|
|
|
|
|
|
Барлығы |
|
|
|
|
% |
|
|
|
Қорытынды |
||||
