Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лд серт каз.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
125.42 Кб
Скачать

13 Жастағы балаға ертеңгісін егу бөлмесіне қанды биохимиялық зерттеулер алуға ашқарын келуі тағайындалған. Қан алынып жатқанда бала бозарып, ақырындап жерге құлай бастаған. Балаға не болды

а)анафилактикалық шок

б)гипогликемиялық ес-түссіз күй

в)коллапс

г)гипергликемиялық ес-түссіз күй

д)естен тану

50 жастағы науқас шұғыл жәрдем дәрігеріне мына шағымдарымен келді: басы қатты ауырып, жүрегі айнып, қан қысымы с.б. 200/115 мм болғаны анықталды. Анамнезінде 7 жыл артериалдық гипертензиямен ауырады. Уақытында емделмеген. Науқасқа қандай препараттар тағайындайсыз

а)бұлшық етке дибазол

б)көктамырға фуросемид

в)көк тамырға магний сульфаты ерітіндісі

г)бұлшық етке паповерин

д)тіл астына нифедипин

Өзін сау деп есептеген 47 жастағы ер кісі эпигастрий аймағының қатты ауырып, бір рет құсқанына, басының айналатынына шағымданды. Анамнезінде - ащы тағамнан кейін ауыратынын айтады. Дәрігерге қаралмаған. Алғашында қандай зерттеуден өту керек

а)зәрдің клиникалық анализінен

б)фиброгастроскопиядан

в)асқазан рентгенінен

г)ЭКГдан

д)УЗИден

63 Жаста, пенсионер. Науқас келесі шағымдармен емханаға жеткізілді: жүрек тұсының ұстамалы ауыруы, сол қолға, иыққа таралуы. Қандай қосымша клиникалық белгілер миокардтың өлі еттенуін" дәлелдейді

а)бозару, тершеңдік, акроцианоз, қан қысымының төмендеуі, жіп тәрізді әлсіз пульс

б)бозару, тершеңдік, тырысу, шулы демалыс

в)бозару, тершеңдік, қан қысымының жоғарылауы

г)тері жабынының құрғауы, әлсіздік, ауыз қуысынан ацетон иісі

д)терісінің қызаруы, қызба, жөтел

Бронх демікпесімен ауыратын 22 жас. науқас жедел жәрдем көмегімен жеткізілді. Түскен кезде мазасыз, t С 36,9, жүрек соғу жиілігі минутына 120, дем алысы минутына 32 рет. Тәулік бойы беротек ингаляциясын 10 рет алған. Төмендегі көрсетілген шаралардың ішінен осы жағдайда қайсысы болмайды

а)эуфиллин парентеральды

б)көк тамырлы регидратация

в)кортикостероидтар

г)симпатомиметиктердің дозасын ұлғайту

д)оттегі ингаляциясы

Аяқ көк тамырларының кеңеюімен ауыратын 46 жастағы науқастың аяқ астынан төс арты ауырып, аралас сипаттағы ентігу, шулы сырыл, қан қысымы төмендеген. Аурулардың қайсысы аталған шағымдарды тудырады

а)артериалдық гипотония

б)пневматоракс

в)бронх демікпесі

г)өкпе артериясының тромбоэмболиясы

д)ошақты пневмония

Гастродуоденоскопиямен дәлелденген ұлтабардың ойық жарасы бар науқастың екі жыл уақытша тәуір болғаннан кейін ауруы қайталанған. Ауруының асқынуына байланысты Диета, режиммен қатар Сіз қандай дәріні тағайындар едіңіз

а)алмагель

б)промедол

в)фестал

г)анальгин

д)плантаглюцид

Артериалдық гипертонияның I сатысы аурумен ауыратын науқастың кенеттен жағдайы нашарлаған, қатты басы ауырып, басы айналып, көз алды торланып, жүрек тұсы ауырады, Қарап көргенде: науқас мазасыз, тітіркенгіш. Денесі ыстық, бетінде қызыл дақтар, қан қысымы с .б. бойынша 210/110 мм.. Науқасқа не болған

а)миокардтың өлі еттенуі

б)стенокардия

в)гипертониялық криз

г)гипоглекимиялық ес-түссіз күй

д)есекжем

Қант диабетімен ауыратын 30 жасар науқастың ФАП-қа келгендегі шағымдары: әлсіздік, шөл, эпигастрий аймағы ауырып, есінен танған. Жағдайы тұмаудан кейін нашарлаған. Қарап көргенде: ессіз, ауызынан ацетон иісі шығып тұр, терісі құрғақ, тілінің бетін ақ өңез басқан. Пульс минутына -100 ҚҚ. Сынап бағанасы бойынша 100/60 мм. Науқастың жағдайы қандай

а)гипоглекимиялық ес-түссіз күй

б)өкпенің қабынуы

в)созылмалы гастриттің асқынуы

г)гипергликимиялық ес-түссіз күй

д)артериальды гипотония

Жедел жәрдем шақырылған. 32 жастағы науқас 6 жыл бойы ұлтабардыңң ойық жарасымен ауырады. Соңғы аптада ашқарынға және түнде ауырады. Аяқ астынан әлсіздік пайда болып, суық тер басып, ауыру сезімі басылған. Қолмен зерттегенде: эпигастрий аймағы ауырады, қан қысымы сынап бағанасы бойынша 90/60 мм. Науқастың қай ауруы асқынған

а)асқорыту жолынан қан кету

б)миокардтың өлі еттенуі

в)артериалдық гипотония

г)жедел аппендицит

д)жедел панкреатит

Екі жастағы бала ФАП қабылдауына келді. Анасының шағымы: баланың жөтелгеніне 3 тәулік болды. Фельдшер баланың көк жөтел екеніне күмәндәнді. Осы диагнозды дәлелдейтін белгіні атаңыз

а)ауыз - мұрын үшбұрышының көгеруі

б)денеде эксудатты диатездің дамуы

в)39 С дене қызуы

г)папуллезді бөртпе

д)көз склерасына қан құйылу және тіл астының жарасы

ЖРВЖ (ОРВИ) мен ауырған балада түнде ит үрген тәрізді жөтел, дауысы қырылдап, инсператорлы ентігу пайда болған. Сіздің диагнозыңыз

а)жедел пневмония

б)жедел бронхит

в)бронх демікпесі

г)жедел стенозды ларинготрахеит

д)жедел тонзиллит

10 жастағы бала жәншаумен ауырғаннан кейін беті мен балтыры ісінген. Қан қысымы с.б 130/100 мм., зәрдің түсі ет шайындысындай, протеинурия, эритроцитурия. Бұл өзгерістер қандай ауру белгілеріне сәйкес келеді

а)жедел гломерулонефрит

б)жедел пиелонефрит

в)созылмалы гломерулонефрит

г)жедел цистит

д)бүйректік тас ауруы

11 айлық бала ана сүті көптігінен осы уақытқа дейін негізінен ана сүтімен қоректенеді, сирек шырын беріледі. Диспансерлеу кезінде балада темір тапшылықты қан аздық анықталған. Аурудың пайда болу себебі

а)ана сүтінің сапасыздығы

б)бала күтімінің кемшілігі

в)жиі ауыруы

г)қосымша тағамның болмауы

д)баланың тамақтануы жеткіліксіз

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]