- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Күтілетін нәтиже:
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
- •Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным» 16.02.2016
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ҚМТҚ.
Тақырыбы: Үлгі бойынша санау. 1,2,3,4,5 цифрлары туралы өткенді пысықтау. «Алдымен», «кейін» ұғымдары. Шар, текше.
Мақсаты: үлгі бойынша санауды және сонша шығаруды үйрету;екі топтағы заттарды салыстырып үйрену; Кеше, бүгін, ертен ұғымдарын айыра білуге,шар, текше сынды геометриялық денелермен таныстыру. Әдіс- тәсілдер: Үлестірмелі материал: әр балаға 1-ден 5-ке дейінгі сандарды үлестіріп беру.
Оқу іс - әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотевациялық қозғаушылық |
Сандар қатарымен жұмыс істейміз. Балалардан 1-ден 5-ке дейінгі сандарды рет – ретімен қатарға қойып шығуды сұрау. |
Балалар тапсырманы орындайды.
|
Ұйымдастырушылық - ізденістік
|
1-тапсырма. Балаларға кірпілер мен саңырауқұлақтарды санап, оларды теңестіруді тапсыру.Балалар қанша саңырауқұлақ болса, сонша кірпіні қою. Балалардан сұрау: -Неше саңырауқұлақ қоюларың керек? -Неге?
-Кірпілер мен саңырауқұлақтардың саны туралы не айтуға болады? 2-тапсырма. Балардан 1-5 сандары туралы өлеңдері еске түсіріп, қайталауды өтіну. Сергіту сәті 3-тапсырма. Балаларға алдымен плакатты көрсетеді. Мұқият қарап, қайсысының «бірінші»,қайсысының «кейін» пайда болғанын айтып беру керек. Геометриялық фигуралармен жұмыс. Балаларға геометриялық фигураларды көрсетіп, атын атату.Фигураларды тақтаға қойып,олардың жазық фигура екенін түсіндіру. Бұған көз жеткізу үшін фнгураларды балалардың қолдарына беру. Содан соң балаларға көлемді фигуралар – шар мен текшені көрсету. Олардың атауымен таныстырып, оларды геометриялық жазық фигуралар мен салыстыру. Балалардан шар мен текшенің қандай заттарға ұқсайтынын сұрау. |
Балалар кірпілерді санайды жетпей тұрған саңырауқұлақты қояды. Төртеу. Өйткені, суретте бірсаңырауқұлақ тұр. Олар теңесті. Кірпі қанша болса, сонша саңырауқұлақ болды.
Балалар цифырлар туралы өлеңдер оқиды.
Алдымен жұмыртқа, содан кейін балапан пайда болды. Балалар геометриялық фигураларды атайды. Балалар фигураларды қолына алып, олардың жазық екендігіне көз жеткізеді. Балалар жаңа фигураларды қарап шығады. Шар мен текшенің дөңгелек пен шаршыға ұқсайтынын айтады. |
Рефлексиялық – түзетушілік |
-Сендер бүгін қандай геометриялық денелермен таныстыңдар? Балаларды мадақтау. |
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: 1,2,3,4,5 цифырларын; шар, текше, цилиндр сияқты көлемді фигураларды;
Игереді: цифрлары санмен сәйкестендіруді; үлгі бойынша санауды;
Меңгереді: «алдымен» «кейін» ұғымдарын ажырата білуді, сол сөздерді дұрыс қолдануды.
Толтырған тәрбиеші: Жакупбекова А.Е
Тексерген әдіскер: Секенова Г.Қ
Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Таным» 23.02.2016
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ҚМТҚ.
Тақырыбы: Реттік сандар туралы өткенді пысықтау. Заттың санымен цифры арасындағы сәйкестікті табу.Шеңбер,шаршы,үшбұрыш, сопақша,төртбұрыш туралы өткенді пысықтау.
Мақсаты: реттік санауды жалғастыру.Сандық және реттік санауды ажырата білу, «қанша?»,
«нешінші?» сұрақтарына дұрыс жауап беру, цифрды сандық карточкамен және заттың санымен сәйкестендіруді үйрету. Әдіс- тәсілдер: Үлестірмелі материал: әр балаға 1-ден 5-ке дейінгі сандарды үлестіріп беру.
Сұрақ-жауап.
Оқу іс - әрекетінің кезеңдері |
Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотевациялық қозғаушылық |
Сандар қатарымен жұмыс істейміз. Балалардан 1-ден 5-ке дейінгі сандарды рет – ретімен қатарға қойып шығуды сұрау.
|
Балалар тапсырманы орындайды.
|
Ұйымдастырушылық - ізденістік
|
1-тапсырма. Шар-Маратқа, Торсық-Қайратқа. Дамбыра-Азаматқа, Ал,қамзол-Қамашқа. -Балаларға неше сыйлық жасалды? Ал енді суретке қарайық. -Суретте домбыра нешінші тұр? -Торсық нешінші? -Шар нешінші? -Қамзол нешінші?
«Жұмбақтар мен олардың шешуі» ойыны Бұл ойынды ойнау үшін 1-5 ке дейінгі цифрлар қажет. Қарындаштың бірі Мақсатта,екіншісі Ғабитте,балалардың қолында барлығы қанша қарындаш бар?
Мысықтың аяғы су болмау үшін,оған неше етік керек?
Сергіту сәті. Санамақ.
«Дұрыстап қос» ойыны.
|
Төрт сыйлық
3 2 1 4.
Балалар жұмбақты шешеді және жауабын цифрмен көрсетеді. |
Рефлексиялық – түзетушілік |
Оқу іс –әрекетінде белсенділік танытқаны үшін балаларды мақтау мадақтау. |
|
Күтілетін нәтиже:
Біледі: сандық және реттік санауды.
Игереді: «қанша», «нешінші» сұрақтарына дұрыс жауап беруді.
Меңгереді: шеңбер,шаршы,үшбұрыш, сопақша,төртбұрышты тануды.
Толтырған тәрбиеші: Латаева А.Т
Тексерген әдіскер: Секенова Г.Қ
