Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_MT_1178__Avtosokhranenny.docx
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
114.49 Кб
Скачать

Күтілетін нәтиже:

біледі: үлкен,кіші,кішкентай деген сөздердің мәнін түсіндіріп,оларды сөз арасында қолдануда;заттардың ұқсас белгілерін (көлемі)тауып,оларды сол белгілеріне қарай біріктіруді;

игереді: 5көлеміндегі сандарды санауды,заттарды көлеміне қарай салыстыруды;

меңгереді: шаршының көлемі жағынан әртүлі болатынын.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ҚМТҚ

Тақырыбы:Үлгі бойынша санау,сандарды салыстыру (4және5)

Тәулік бөліктері.Сол жақта,ортада,оң жақта.

Мақсаты: а)заттарды дұрыс санауға үйретуді әрі қарай жалғастыруы (5 саны көлемінде);екі топтағы заттарды салыстыруға үйрету;саны жағынан бірдей,бірақ әртүрлі заттардан құралған топтар арасындағы теңдікті анықтау;тәулік бөліктері туралы білімін нығайту;заттардың орналасуын сөзбен баяндауға үйрету ( сол жақта,ортада,оң жақта).

Қолданылатын көрнекі құралдар:санау материалдары,салыстыруға арналған заттар тобы,тәулік бөліктерін бейнелейтін суреттер.

Әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап,көрнекілік.

Оқу іс - әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Баланың іс – әрекеті

Мотевациялық қозғаушылық

Тәрбиеші балаларды тақтадағы суреттермен жүмыс істеуге шақырады:

-Балалар,суреттерді мұқият қарап шығындар.Содан соң суретшінің қай суретте таңертеңгі уақытта,қайсысында күндізгі уақытта,қайсысында кешті суреттегенін табыңдар.Неліктен?

Балалар суреттермен жұмыс істейді.

Мынау-таңертең,өйткені....

Ұйымдастырушылық - ізденістік

Тәрбиеші төменгі сөреге 4аю,ал жоғарғы сөреге 5тиін қояды.Балаларға мынадай сұрақ қояды. «Аю қанша? Тиін нешеу?Қайсысы көп(аз):аю ма,әлде тиін бе?5 аз ба,әлде 4 аз ба?Олардың саны тең болуы үшін не істеу керек?»

Тәрбиеші балалардың айтқан ұсынысын орындайды.1 тиінді алып тастайды,олардың теңескенің 1аюдың астына 1 тиінді қою арқылы суреттердің теңескенін көрсетеді.Содан соң 1аю қосу арқылы теңестіру тәсілін көрсету. «Аю қанша болса,тиін сонша»деген сөзді қолдануға үйретеміз.

«Қарғалар».Сергіту минуты.

Қарға қарға қарғалар,

Қар үстінде жорғалар ,

Боран соқса долданып

Бұтаға келіп қорғанар.

Балалар ойыншықтарды санайды.

Аюлар мен тиіндерді,4пен 5сандарын салыстырады.

Содан соң екеуін теңестіру үшін жоғарғы сөреге 1-еуін алып тастау керектігін анықтайды.

Төрт

Бес

Ағаштағы құс артық,ал тордағы құс ағаштағыдан кем.

Рефлексиялық – түзетушілік

Өзін-өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

-Тақия нешеу?

-Ал етік ше?

-Тақия мен етіктің санын теңестіру үшін не істедіңдер?

-Тақия мен неше бөлік бар екен?

Тәрбиешінің балаларды мақтайды.

Балалар өздері жасаған жұмыстарың тәрбиешінің қолындағы үлгімен салыстырады.

Бес

Төрт

Тағы бір етіктің суретін салдық.

Төрт бөлігі бар:таңертең,күндіз, кеш,түн.

Күтілетін нәтиже:

біледі: тәулік бөліктерін,өзіне қатысты тұрғыда заттардың орналасуын сөзбен баяндауды (сол жақта,ортада,оң жақта);

игереді: саны жағынан аз топқа жетіспей тұрғаның затты қоса білуді;

саны бірдей,бірақ түрлі заттардан құралған топтарда теңестіруді;

меңгереді:тәулік бөліктері туралы түсінікті;заттарды сануды (5көлемінде).

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ҚМТҚ

Тақырыбы: Сол жақта,ортада,оң жақта.Шеңбер,шаршы туралы өткенді пысықтау.

Мақсаты:өзіне қатысты тұрғыда заттардың кенестікте орналасуын анықтайды білу дағдыларын бекіту (оң жақ,сол жақта,ортасында);геометриялық фигуралардың орналасу ретін түсіндіру;1 цифрынт 1санының таңбасы ретінде таныстыру;үлгіні пайдалану отырып,1санын жазып үйрету;1 цифрын өзге сандардың арасынан табу.

Қолданылатын көрнекі құралдар:

Әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап,көрнекілік.

Оқу іс - әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Баланың іс – әрекеті

Мотевациялық қозғаушылық

Суретпен жұмыс.

Дәптердегі сурет бойынша «әңгіме жүргізу.

Бір күні анасы мен қызы хайуанаттар бағына барады.Қызы торда тұрған арыстанды көріп,таңырқап,қасында тұрып қалады.Оның қалам қойғанын байқамай анасы алдыға түсіп жүріп кете береді.

-Қыз нешеу?

-Арыстан нешеу?

Біреу.

Біреу.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

Балалар сурет бойынша жұмыстан кейін,1санының таңбасы 1 цифрымен танысады.Тәрбиеші 1 цифры туралы өлең оқып беріп,оны балаларға жаттатады.

Бір дегенің бірінші,

Тұрады ғой қатарда.

Көтеріп ап танауды,

Бастайды ол сануды

Тәрбиші балаларға сандар қатарынан 1 цифрларының орнын тауып,сонша моншақты бояуды ұсынады.

«Арыстан»Сергіту минуты.

Мен мықты арыстан

Аңдарды патшасы.

Жауымның соғысқан

Күл болған қаңқасы.

Балалар өлеңді жаттайды.

Балалар бір моншақты бояйды.

Балалар 1санын қоршайды.

Жұдырығын түйіп сермейді.

Рефлексиялық – түзетушілік

Өзін-өзі бағалау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

-Біз қандай цифрмен таныстық?

-Бір саны туралы тақпақ айтып беріңдер.

Балалар өздері жасаған жұмыстарың тәрбиешінің қолындағы үлгімен салыстырады.

Біз 1 деген цифрмен танысайық.

Балалар жаттаған тақпақтарды айтады.

Күтілетін нәтиже:

біледі: 1 цифрын таниды;өзіне қатысты тұрғыда заттардың кеңістікте орналасуын анықтауды(оң жақта,сол жақта,ортасында);

игереді: 1 цифрдын көптеген цифрлардың арасынан табуды;

меңгереді: цифр туралы түсінікті; геметриялық фигулаларды ажырата білуді.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ҚМТҚ

Тақырыбы: Балалардың 1 цифры туралы білімін бекіту. Тез бояу.Үшбұрыш (өзге фигуралардың арасынан табу).

Мақсаты: 1 цифры туралы өткенді пысықтау; цифрды заттың санымен салыстыруға үйрету; жұмбақтарды көрген мәліметтер негізінде шешуге үйрету; «тез», «баяу» түсініктері туралы білімдерін пысықтау; таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен, кіші, кішкентай) салыстыружәне оларды сол белгілеріне қарай біріктіру; үшбұрыштың көлемі жағынан әртүрлі болатыны туралы түсінік қалыптастыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар: ойынға арналған суреттер, заттық суреттер, баяу, жылдам жүретін аңдар суреті.

Әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, ойын, көрнекілік.

Оқу іс - әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Баланың іс – әрекеті

Мотевациялық қозғаушылық

Балаларға жұмбақ жасыру:

Таңғажайып кірпішті,

Бір – біріне қаладым.

Ұнамаса құлатып,

Қайта – қайта қаладым.

(Текшелер)

Доп – домалақ іші қуыс пәле,

Қайта – қайта семіруде, әне.

(Доп)

Кезікті кербез сұлу, бір жануар,

Үстінде екі тауы бар.

(Түйе)

Балалар жұмбақтардың шешуін табады.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

«Неше текше, неше түйе, неше доп бар?» - деп сұрау. 1 деген цифрдың бір затты білдіретінің түсіндіру.

Сергіту сәті.

Арыстан мен таспақа: «пальмаға кім бірінші жетеді?» деп бәстеседі. Сендер қалай ойлайсыңда, не бірінші жетуі мүмкін?

- Неге арыстан бірінші жетеді деп ойлайсыңдар?

Жұмбақ жасыру:

Үш бұрышы,

Үш қабырғасы бар

Бұл қандай фигура?

Сұрақтар:

- суреттердің арасынан неше үшбұрыш таптыңдар?

- үшбұрыштардың өлшемі қандай?

- үшбұрыштардың ең үлкенін қызыл қарандашпен, одан кішілеуін көкпен, ал, ең кішкентайын жасыл түспен.

Балалар сұраққа жауап береді.

Бірінші арыстан жетеді.

Өйткені арыстан жылдам жүгіреді, таспақа баяу жүреді.

Жұмбақтардың шешуін табады.

Сұрақтарға жауап береді.

Рефлексиялық – түзетушілік

Өзін-өзі бағалау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

- Таспақа тез жүреме, арыстан ба?

Тез, баяу жүретін аңдарды атауын сұрау.

Арыстан жылдам жүгіреді, таспақа баяу жүреді.

Күтілетін нәтиже:

біледі: 1 цифрын , үшбұрыштардың көлемі жағынан әртүрлі (үлкен, кіші, кішкентай) болатының; «Тез», «баяу» ұғымдарын дұрыс пайдалануды;

игереді: цифрды заттың санымен сәкестендіруді, жұмбақтарды шеше білуді, көптеген фигуралардың ішінен үшбұрыштарды таба білуді;

меңгереді: өзіне таныс заттарды көлеміне қарай (үлкен, кіші, кішкентай) салыстыруды.

Толтырған тәрбиеші: Латаева А.Т

Тексерген әдіскер: Секенова Г.Қ

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ҚМТҚ

Тақырыбы: 2 саны және цифрымен танысу. Қысқа, ұзын. Сопақша (көптеген фигуралардың арасынан табу).

Мақсаты: 2 саны және оған сәйкес 2 цифрымен таныстыру; 2 цифрының сандар қатарындағы орның анықтау; 2 цифрын өзге цифрлар арасынан таба алу қабілетін нығайту; өзіне таныс заттарды көлеміне, ұзындығына қарай (ұзын, қысқа) салыстыра алу дағдыларын дамыту; геометриялық фигура – сопақша туралы өткенді пысықтау, оны өзге фигуралардың арасынан табу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: қысқа, ұзын заттардың суреті,сопақша пішіндегі заттар суреті.

Әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, ойын, көрнекілік.

Оқу іс - әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Баланың іс – әрекеті

Мотевациялық қозғаушылық

Балаларға жұмбақ жасыру:

Далада жүрген түйенің,

Іші пысты,жалықты.

Төлі келіп қасына,

Қатары оның толықты.

- Далада неше түйе жайылып жүр?

Балалар суреттегі түйелерді санайды.

Екі түйе жайылып жүр.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

Өлең оқу.

Басында бар ілмегі,

Ортасында тірегі,

Толқып қанша жүзсе де,

Тұрады екінші үнемі.

Сергіту минуты.

«Кім бірінші?»

Балаларға екі түрлі лента беру

Бір баланың қолындағы лентаның қысқа, екіншісінің қолындағы ұзын екендігін еске салу.

- Лентаның бірі неліктен тез оралды?

Өлең оқу.

Шөл даланың серкесі,

Өзінің бар өркеші.

Анда – санда шөлдейтің

Түйеге жол көрсетші.

Балаларға ұзын жолды сары қарандашпен, ал қысқасын жасыл түспен бояуды тапсыру.

- Сары түсті жолдың ұзындығы қандай?

- Жасыл түсті жолдың ұзындығы қандай?

- Түйе қайсы жолмен жүрсе баратын жеріне тезірек жетеді?

Балалар өлеңді тындайды.

Балалар лентаны қолдарына айналдырып бірнеше рет орайды. Содан соң қысқа лентаның тез, ал ұзын лентаның баяу оратылатының ұғынады.

- Сары ұзын жол.

- Жасыл қысқа жол.

- Жасыл жолмен жүрсе тез жетеді.

Рефлексиялық – түзетушілік

Балалар өздері атқарған жұмысқа баға береді.

Балаларды жасаған жұмыс үшін мадақтау.

Балалар өз жұмыстарын салыстырады.

Күтілетін нәтиже:

біледі: 2 цифрын , сопақшаны;

игереді: 2 цифрды өзге цифрлардың арасынан табуды, сұрақтарға жауап беруді, өзіне таныс заттарды көлеміне, ұзындығына (ұзын, қысқа) қарай салыстыра білуді ;

меңгереді: сопақша туралы түсінікті, соған ұқсас пішіндегі заттарды таба білуді.

Толтырған тәрбиеші: Жакупбекова А.Е

Тексерген әдіскер: Секенова Г.Қ

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ҚМТҚ

Тақырыбы: 2 цифры туралы білімдерін бекіту. Сан мен заттың саны арасындағы сәйкестікті табу. Алыс – жақын.

Мақсаты: 2 цифры туралы алған білімдерін бекіту; цифрды заттың санымен сәйкестендіре білуге үйрету: жұмбақтарды көрген мәліметтерге сүйене отырып шешу; 1,2,3 цифрларын заттың санымен салыстыруды әрі қарай жалғастыру; «алыс», «жақын» ұғымдарын мағына жағынан айыра білуге үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар: санау материалдар, сюжетті суреттер.

Әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, ойын, көрнекілік.

Оқу іс - әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Баланың іс – әрекеті

Мотевациялық қозғаушылық

Балаларға жұмбақ жасыру:

Далада жүр шапқылап,

Керемет, тым саққұлақ.

Тек есектен басқада

Оған ұқсар жоқ құлақ.

Басы жерде бұғып тұрады,

Жап – жасыл сақалы

Жерге шығып тұрады.

Балалар жұмбақтардың шешуін табады.

Қоян.

Сәбіз.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

Балалардан суретте неше сәбі, неше қоян бар екенің сұрау. Суреттегі заттарды санату арқылы 2 саны және цифры туралы алған білімдерін бекітеді.

Сергіту минуты.

Ойнақтаған орқоян,

Түлкіні көріп орманда

Орғып – орғып секірді

Бұтаға барып тығылды.

Сұрақ қою:

- 1 цифрын қай қарточкамен қостыңдар?

- 2 цифрын ше?

- 3 цифрын ше?

Балаларға тапсырмалар беру:

- Қоянға жақын тұрған сәбізді бояндар.

- Сәбізден қашық тұрған қоянды бояндар.

Балалар сұраққа жауап береді

Орамжапырақтың суреті бар карточкамен.

Екі алманың суреті салынған карточкамен.

Рефлексиялық – түзетушілік

Өзін-өзі бағалау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Тапсырманы орындаған үшін мадақтау.

Тапсырманы орындаған үшін мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

біледі: 2 цифрын, «жақын мен алыс» ұғымдарын дұрыс пайдалануды.

игереді: 2 цифрды өзге цифрлардың арасынан табуды, сұрақтарға жауап беруді және 1,2,3 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді;

меңгереді: 2 цифры туралы түсінікті. Алыс пен жақынды ажыратуды.

Толтырған тәрбиеші: Латаева А.Т

Тексерген әдіскер: Секенова Г.Қ

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ҚМТҚ

Тақырыбы: 3 цифрымен таныстыру. Цифрды заттың санымен салыстыру. «Кеше», «бүгін», «ертең», Жыл мезгілдері(күз).

Мақсаты: 3 цифрын 3санының таңбасы ретінде таныстыру; 3санын өзге цифрлардың арасынан табу; «кеше», «бүгін», «ертең», ұғымдарын айыруға үйрету; балалардың жыл мезгілдері (күз) туралы білімін дамыту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: 2 бос жолағы бар карточка мен балалардың әрқайсысына әр түстен 4 үшбұрыштан.

Әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап,көрнекілік, түсіндіру.

Оқу іс - әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Баланың іс – әрекеті

Мотевациялық қозғаушылық

Балаларға бос жолақтарға үшбұрыш салу қажеттігін түсіндіру. Балаларға тапсырма: жоғарғы жолаққа1 қызыл үшбұрыш, ал төменгісіне 2 көк үшбұрыш салады.

-Сендер жоғарғы (төменгі) жолаққа неше үшбұрыш салдыңдар?

Балалар үшбұрыштары бар жолақтармен жұмыс істейді.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

Балаларға жұмбақ жасыру.

Айгүл келді бірінші боп баұшаға,

Қосылды оған Бибігүл мен Маратта,

Балғындарды ойнап жүрген топтағы

Санап берші сен бізге бір ойлан да.

Өлең оқу.

Үш дегенім екі ілмек,

Тұратын қармағын сермеп.

Үшінші боп тұратын,

Мұны әркім білмек.

Балалардан 3цифрының сандар қатарындағы орнын табуды және оны бояуды өтіну.

Сергіту сәті:

Желменен ағаштар,

Тербеледі әрдайым.

Бір иілді, екі иілді,

Сыңғырлады жапырақтар.

-Қазір жылдың қай мезгілі?(Күз)

Балалар күз туралы білетін тақпақтарын айтады. Күзді күнгі ағаш бұтақтарын тауып, бояйды.

Балалар жұмбақты шешеді.

3 дөңгелек салады.

Сандар қатарындағы 3 цифры мен 3 моншақты бояйды.

Рефлексиялық - түзетушілік

Өзін –өзі бақылау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

-Балалар енді 3 саны туралы тақпақ айтып беріңдер.

Балалар өз жұмыстарын үлгімен салыстырады.

Күтілетін нәтиже:

біледі: 3 цифрын; «кеше,бүгін ,ертең», ұғымдарды дұрыс қолдана білуді, жыл мезгілдерін (күз) білу;

игереді: сандар қатарынан 3 цифрының орнын табуды;

меңгереді: «кеше,бүгін,ертең», ұғымдардымен сөйлем құрастыра білуді.

Толтырған тәрбиеші: Жакупбекова А.Е

Тексерген әдіскер: Секенова Г.Қ

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ҚМТҚ

Тақырыбы:1, 2,3 цифрылары туралы білімдерін бекіту. Биік – аласа. Баланың зейінін дамыту.

Мақсаты: 3 саны мен цифры туралы өткенді пысықтау; цифрды заттың санымен сәйкестендіруді жалғастыру;1,2,3 цифрларын дұрыс жазу дағдыларын қалыптастыру; өзіне таныс заттарды биіктігіне (биік – аласа) қарай салыстырып, оларды сол белгілері арқылы салыстыру қабілетін дамыту; бір-біріне ұқсас екі затты салыстыру арқылы баланың зейінін дамыту.

Қолданылатын көрнекі құралдар: заттық суреттер, ойынға қажетті материалдар,

Әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, ойын, әңгімелесу.

Оқу іс - әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Баланың іс – әрекеті

Мотевациялық қозғаушылық

Үстелде 1-ден 10-ға дейінгі сандар жатыр. Таныс цифрды тауып, ол туралы өлең оқып беру.

Балалар цифр туралы өлеңдер айтады...

Ұйымдастырушылық - ізденістік

Балаларға 3 цифрына сәйкес келетін заттарды бояуға тапсырма беру.

Балалардан сұрау:

-Қымыз құятын неше ыдыс боядыңдар?

-Қанша кесе боядыңдар?

Үлестірмелі материалмен жұмыс.

-Бағандардың түсі қандай?

Қайсысы биік (аласа)? Оны қалай білеміз?

Содан соң биік бағанға шырша, ал аласасына саңырауқұлақ салыңдар деп тапсырма беру.

Сергіту минуты. « Бәріміз біргеміз».

Оңға бір қадам

Солға бір қадам

Шапалақ ұрамыз.

Алға бір қадам

Артқа бір қадам

Шапалақ ұрамыз.

Балаларға өлең оқып беру.

Үй жанында байланған,

Бар ғой әсем күшігім.

Бұлғаңдатып құйрығын,

Күзетеді үйшігін.

Балалар сұраққа жауап береді.

Үш торсық.

Үш кесе.

Балалар бағандарды биіктігіне қарай салыстырады.

Рефлексиялық – түзетушілік

Өзін-өзі бағалау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

-Бойы биік киіз үйдің қасына қандай ағаштың суретін салдыңдар?

Тапсырманы орындаған үшін мадақтау.

Күтілетін нәтиже:

біледі: 1,2,3 цифрларын, «биік», «аласа» түсініктерін;

игереді: 2 суретті салыстырып, айырмашылығын таба білуді;

меңгереді: 1,2,3 цифрларын заттың санымен сәйкестендіруді.

Толтырған тәрбиеші: Латаева А.Т

Тексерген әдіскер: Секенова Г.Қ

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ҚМТҚ

Тақырыбы:Заттың санын цифрмен сәйкестендіру. 3-4 сандарын салыстыру. Кең – тар. Тіктөртбұрыш (өзге фигуралардың арасынан табу).

Мақсаты: математикалық жұмбақтарды шешу дағдыларын арттыру; заттың санын цифрмен сәйкестендіруді жалғастыру; екі топтағы заттарды салыстыруға жаттығу; заттар тобының тең немесе тең еместігін анықтау; өзіне таныс заттарды еніне қарай салыстыру (кең,тар); тіктөртбұрыш туралы білімін пысықтау, оны өзге геометриялық фиуралардың ішінен табу.

Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер.

Әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, ойын, әңгімелесу.

Оқу іс - әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Баланың іс – әрекеті

Мотевациялық қозғаушылық

«Жұмбақтар және оның шешуі» ойыны.

Балаларға жұмбақ жасыру.

Бұл жұмбақтарда айтылатын сандар балалардың жұмбақты шешуіне көмектеседі.

Екі дөңгелегі, екі басқышы бар,

Бір орындық, екі мүйізі бар.

Ол не?

Үшеуінің тұратын орманда бар үйшігі,

Ертегіге арқау болған, кейіпкерлер ғой ізгі.

Ойланбай – ақ, балақай, сен де тауып көрші енді.

Үш көзінде жалын – от,

Ал бірақ та жаны жоқ.

Кезекпенен ашылар,

Кезекпенен жабылар.

Балалар жұмбақтардың шешуін табады.

Велосипед.

Үш аю.

Бағдаршам.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

«Машина жеткілікті ме?» ойыны

Балаларға суреттерді көрсете отырып, сұрақ қою.

- Балалар нешеу?

- Машина нешеу?

- Ойыншық балаларға жете ме?

- Неге?

- Балалардың саны мен ойыншық машиналардың саны туралы не айтуға болады?

- Қанша машина болса, сонша машинаны бояндар. Қане, балалар, нешеуін боядыңдар?

Сергіту сәті.

Бағындырар талай жолды,

Көлік шіркін керек болды.

Жолдағыдай қатарласып,

Ұстап көрейік бізде рульді.

Балаларға суретті мұқият қарап шығып, сұрақтарға жауап береді.

Үшеу.

Төртеу.

Жетпейді.

Өйткені төрт үштен үлкен.

Машинаға қарағанда баланың саны кем, ал балаға қарағанда машина артық.

Үш машинаны боядық.

Балалар сергіту жаттығуын орындайды.

Рефлексиялық – түзетушілік

Өзін-өзі бағалау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мақтайды.

Балалар өз жұмыстарын үлгімен салыстырады.

Күтілетін нәтиже:

біледі: 4 цифрын, геометриялық фигура – тіктөртбұрышты;

игереді: ; заттың санын цифрмен сәйкестендіруді, таныс заттарды еніне қарай (кең,тар) сәйкестендіруді;

меңгереді: заттар тобының тең немесе тең еместігі туралы түсінікіті.

Толтырған тәрбиеші: Жакупбекова А.Е

Тексерген әдіскер: Секенова Г.Қ

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ҚМТҚ

Тақырыбы: заттардың кеңістікте ораналасуына санның тәуелсіздігі, үлгі бойынша санау, аралас сандарды салыстыру, заттардың теңдігін анықтау. Заттың орналасқан орнын анықтау және сөзбен баяндау. Шеңбер, сопақша.

Мақсаты: өзгеше орналасқан(шеңбер, шаршы ішінде) заттар тобын теңестіруді үйрету; заттарды үлгі бойынша санауға үйрету; әртүрлі арақашықтықта орналасқан заттардың тең немесе тең еместігін анықтау; заттың орналасқан орнын анықтау.

Қолданылатын көрнекі құралдар: әр балаға тәрелкеге салып қызыл, жасыл және көк түсті 3 жолақ береміз.

Әдіс – тәсілі: сұрақ – жауап, ойын, әңгімелесу.

Оқу іс - әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Баланың іс – әрекеті

Мотевациялық қозғаушылық

-Балалар, үстелде геометриялық фигуралар жатыр. Кез келген фигураны алып, сол туралы білгендеріңді айтып беріңдер

Балалар фигуралар туралы айтады:

Тіктөртбұрыш дегеніміз - ...

Шаршы дегеніміз-...

Ұйымдастырушылық - ізденістік

Үлестірмелі материалмен жұмыс.

Балаларға таяқшалар салынған тәрелкені жақындатып, «Таяқшалардың түсі қандай? Әр түстен неше таяқша бар?» деп сұрайды. Ол балаларға әр түсті өз алдына бөліп алып, оларды әртүрлі фигуралар шығатындай етіп қойып шығуды тапсырады.

«Олардың саны тең екенін қалай дәлелдейміз?»

-Шеңбердің ішінде неше кесе бар?

-Шаршының ішінде неше кесе бар?

-Ол туралы не айтуға болады?

-Балалар дөңгелектердің саны туралы не айтасыңдар?

-Жоғары жолақта төмендегіге қарағанда бір дөңгелек артық болуы үшін не істеу керек?

-Енді жолақтар ішіндегі дөңгелектер туралы не деуге болады?

Балаларға сұрақ қою және тапсырма беру:

-Сол жақтағы аюдың шарлары қандай геометриялық фигураларға ұқсайды?

-Оң жақтағы аюдың сол қолына сопақша және оң қолына дөңгелек суретін салыңдар.

Сергіту минуты.

Бәріміз біргеміз.

Оңға бір қадам, солға бір қадам

Шапалақ ұрамыз.

-Балалар, суретші бес аюдың суретін салды. Бірақ кейбір бөлшектерін ұмыт қалдырды. Кәне, жоғарыда отырған аюды мұқият қарап шығайық.

-Бірінші аюдың суретіне не қостыңдар?

-Ал төртіншісіне ше?

Балалар әртүрлі фигуралар құрастырады. Балалар таяқшаларды бір қатарға қойып шығады.

Төрт

Шеңбер мен шаршыдағы кеселердің саны бірдей, төрт-төрттен.

Балалар 4 дөңгелектің суретін салады.

Жоғары және төменгі жолақтағы дөңгелек саны теңдей, төрт – төрттен.

Жоғарғы жолаққа тағы бір дөңгелек керек. Жоғары жолақта төменгіге қарағанда бір дөңгелек артық.

Балалар суреттің жетіспей тұрған жерін толқтырады

Рефлексиялық – түзетушілік

Өзін-өзі бағалау және өзі атқарған жұмысқа баға беру.

Балаларды сабақта белсенділік танытқаны үшін мақтайды.

Балалар өз жұмыстарын үлгімен салыстырады.

Күтілетін нәтиже:

біледі: заттардың кеңістікте ораналасуына санның тәуелсіздігін;

игереді: орналасқан екі топтағы заттардытеңестіру; заттың орналасқан орнын анықтау;

меңгереді: тобтағы заттардың тең немесе тең еместігін анықтауды.

Толтырған тәрбиеші: Латаева А.Т

Тексерген әдіскер: Секенова Г.Қ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]