Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
1178_MT_1178__Avtosokhranenny.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
114.49 Кб
Скачать

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: 1,2,3,4 цифрлары туралы өткенді пысықтау.Солға, Оңға.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ҚМТҚ.

Мақсаты: 4 саны мен цифры туралы өткенді пысықтау 1,2,3,4 цифрларын заттың санымен сәйкестендіру жалғастыру; үшбұрыш, төртбұрыш сияқты геомертиялық фигуралар туралы өткенді пысықтау.

Әдіс- тәсілдер: сұрақ- жауап,ойын.

Қолданылатын көрнекі құралдар: Цифрлар карточкасы, заттық суреттер.

Оқу іс - әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотевациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Жарқырайды қаламыз,

Жайнай түсті даламыз.

Қайырлы таң,балалар!

Қайырлы таң,апайлар!

Сәлем саған алтын Күн!

Балалар бірге айтып, жаттығулар жасайды.

Ұйымдастырушылық - ізденістік

«Цифрды тап» дидактикалық жаттығуы.

Балалардан 1 – ден 10 – ға дейін санап ретімен орналастырту.

Сұрақ – жауап:

- Шырша қандай геомертиялық фигурадан құрылған?

- Бөлмедегі төртбұрышты заттарды атайық?

Сергіту сәті

Біздер санай білеміз,

Білмегенге күлеміз.

Біреу, екеу, үш, төрт деп,

Бес, алты ... деп жүреміз.

«Шыршаны құрастыр» дидактикалық ойын

Балалар цифрды айтады.

- Үшбұрыш

- Теледидар, тақта, үстел, терезе, т.б.

Балалар өлең жолдарын қайталайды.

Ойынға белсене қатысады.

Рефлексиялық – түзетушілік

Балаларды белсенділік танытқаны үшін мақтау.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: 4 саны мен цифры туралы;

Игереді: 1,2,3,4 цифрларын заттық санмен салыстыруды.;

Меңгереді: заттың орналасқан орнын анықтауды (оңға, солға)

Толтырған тәрбиеші: Латаева А.Т

Тексерген әдіскер: Секенова Г.Қ

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: «Таным»

Тақырыбы: 1,2,3,4 цифрлары туралы өткенді пысықтау. Үлгі бойынша санау,аралас сандарды салыстыру. Алыс, жақын.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: ҚМТҚ.

Мақсаты: үлгі бойынша және аталған сан бойынша санауды үйрету; сандар арасындағы байланысты түсінуге үйрету (3-4); сандары бар жұмбақтарды шешуді үйрету; цифрды заттың санымен сәйкестендіре білу; кеңістікті бағдарлау түсініктерін қалыптастыру (жақын-алыс).

Әдіс- тәсілдер: сұрақ- жауап,ойын.

Қолданылатын көрнекі құралдар: балалардың әрқайсысына 12-18 см ұзындыққа дейін жететін 3 жолақ.

Оқу іс - әрекетінің кезеңдері

Тәрбиешінің іс- әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Мотевациялық қозғаушылық

Балаларға жұмбақ жасыру.

  • Балалар,жұмбақтарды мұқиат тыңдаңдар.

Оны шешуге жұмбақтың ішіндегі сандар көмектеседі.

Екі қарауыл,

Екі тыңшы,

Бір жыршы.

Төрт қырлы, өзі аппақ,

Тақтадағы ізі аппақ.

Екі атым бар тынбайтын

Өзімді ғана тыңдайтын.

Балалар жұмбақтарды шешеді:

Екі көз,екі құлақ, бір тіл.

Бор

Аяқ

Ұйымдастырушылық - ізденістік

Үлестірмелі материал мен жұмыс.

Балалармен бірге жолақшаларды бір- біріне қойып салыстыру. Балаларға неше жолақша барын анықтауға көмектесу және олардың көлемі туралы айтып береу. Балалардан сол қолға ең қысқа жолақшаны, ал оң қолға ең ұзынын алуын сұрау. Содан соң тапсырма беру.

  • Енді бір- біріне қойып, ең ұзыны қайсысы

ең қысқасы қайсысы екенін анықтаңдар.

Сергіту сәті

Біздер санай білеміз,

Білмегенге күлеміз.

Біреу, екеу, үш, төрт деп,

Бес, алты ... деп жүреміз.

Әр карточкадағы шыршаның ойыншықтарын санап, солардың санына сәйкес келетін цифрды бояуға тапсырма беру.

-Әр карточкада қандай цифр боялды және неге ол цифрды боядыңдар?

Балалармен суреті қарап шығып тапсырма беру.

Балалар, Аязата өте асығыс. Ол ормандағы аңдарға тез жетуі тиіс. Ол жол айрығында тұр бірақ кай жолмен жүрерін білмейді. Әрине, тезірек жету үшін ол ең қысқа жолмен жүруі керек.

( қайсысы ұзын, қайсысы қысқа және ең қысқасы қайысысы екендігін табады).

Балалар саусақтарымен санды көрсетіп, жаттығу жасайды.

Балалар тапсырманы орындайды және сұраққа жауап береді.

2 шардың суреті бар карточкада 2 цифрын боядық және т.б.

Балалар жолды бағыт сызығымен көрсетеді.

Рефлексиялық – түзетушілік

Балаларды белсенділік танытқаны үшін мақтау.

Күтілетін нәтиже:

Біледі: 1,2,3,4 цифрларын, «алыс- жақын» ұғымдарын;

Игереді: үлгі бойынша санауды, аралас сандарды салыстыруды;

Меңгереді: «Ұзында, қысқалау» ұғымдарын; шеңбер, шаршы, үшбұрыш санды геометрилық фигуралар туралы түсінікті.

Толтырған тәрбиеші: Жакупбекова А.Е

Тексерген әдіскер: Секенова Г.Қ

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]