Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
MU_proiz_ped_praktiki_kaz.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
189.95 Кб
Скачать

Кесте 1 Сабақтағы қарым-қатынаста мұғалім мінез-құлығының стильдік ерекшеліктері

Жағымсыз

1

2

3

4

5

6

Орташа

Жағымды

1

Жай ғана тақырыпты хабарлайды, оқушыларды қызықтыруға тырыспайды

Қызықтырады, тақырыпты біліктілікпен түсіндіреді

2

Талқылау барысын қадағаламайды, көп сөзділікке жол береді

Тақырыптан ауытқымайды

3

Қайталауды бөле алмайды

Айтылған қайталанса тоқтатады

4

Сабақ барысында қорытындылар жүргізбейді

Сабақтың әр кезеңін қорытындылайды

5

Сабақты толық қорытындыламайды, қойылған мақсатпен оны салыстырмайды

Сабақты дәлелді түрде қорытындылайды

6

Сөзді мым ерте бөледі, мұқият тыңдай алмайды

Алдын ала бөлмей мұқият тыңдай алады

7

Селқос оқушыларды жеткілікті түрде белсендірмейді

Селқос оқушыларды белсендіреді

8

Шиеленістердің алдын ала алмайды және оларды шеше алмайды

Шиеленістің алдын алып, оны шеше алады

9

Барлық оқушыларды сабаққа араластырмайды

Барлық оқушыларды сабаққа араластырады

10

Іскерлік ахуалды құра алмайды

Іскерлік жағдайды қамтамасыз ете алады

11

Өзі көп сөйлейді, аз сұрайды және тыңдайды

Пікірлерін сұрап, өзі қажет болғанда ғана сөйлейді

12

Дөрекі, әдепсіз, тұрпайы

Әдепті, сыпайы, ибалы

Нұсқау:

  • бланк бір мұғалімнің сабақтарына қатысу барысында толтырылады;

  • бланктегі 1, 2, 3, 4, 5, 6 сандары сабақтын нөмірін білдіреді;

  • қарым-қатынастың әрбір сипаты үшін бағалар тігінен қойылады (1 ден 7 баллға дейін);

  • егер де сабақтың сапасы әділ түрде бақыланса, 0 балл қойылады (мысалы, бақылау сабағындағы тыңдау сапасы, диктант жазғанда);

  • егер де сапа теріс бағаланса, 1 ден 3 баллға дейін бағалар қойылады, дұрыс 5 тен 7 баллға дейін;

  • соңғы бағанада 12 сипаттаманың әрбіреуі бойынша орташа арифметикалық сан саналады (барлық баллдарды қосып оны 6 бөлу);

  • егер де ойлаған сапа бақыланбаса, онда ол бағаланбайды (0 балл), бұл жағдайда орташа арифметикалық сан бар бағалардан алынады;

  • №8 пункте жоғары баллдар шиеленіс орын алмаған жағдайда қойылады.

Мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынасының жалпы анализы жеке бетте орындалып, сабақты бақылаудан алынған мысалдармен бірге барлық сабақтардағы қарым-қатынас сипаттамалары бойынша қорытындылардан тұрады. Жалпы анализдың соңында берілген мұғалімнің қарым-қатынас стилінің даралығына тән сипаты анықталады.

Қосымша 7

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]