- •1 Өндірістік педагогикалық практиканың мазмұны
- •2 Практиканы ұйымдастыру барысындағы жақтардың құқықтары мен міндеттері
- •3 Студенттердің есеп құжаттамасы
- •3.1 Есепке қойылатын талаптар
- •3.2 Есеп құжаттарын ресімдеу талаптары.
- •4 Практиканы қорытындылау тәртібі
- •Сабақты бақылау парағы
- •Оқушының психологиялық-педагогикалық мінездемесі
- •Сынып ұжымының психологиялық-педагогикалық мінездемесі
- •Мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынасы
- •Кесте 1 Сабақтағы қарым-қатынаста мұғалім мінез-құлығының стильдік ерекшеліктері
- •Практика бойынша студенттің есеп үлгісі
- •(Практика түрі) есебі
- •Есептің құрылымы
3 Студенттердің есеп құжаттамасы
3.1 Есепке қойылатын талаптар
Практика кезінде студенттер практиканы өту туралы жазбаша есеп, күнделітер толтырады.
Жұмыс барысында студенттер күнделікке орындаған тапсырмалар туралы қысқаша мәліметтер енгізеді.
Есеп құжаттамасының тізбесі:
- оқу мекемесі туралы ақпарат;
- сабақты бақылау парағы;
- оқушының психологиялық-педагогикалық мінездемесі;
- сынып ұжымының психологиялық-педагогикалық мінездемесі;
- пән мұғалімінің сабақтағы қарым-қатынасының стильдік ерекшеліктерінің сипаттамасын (келісім бойынша) құру, мұғалімнің педагогикалық қарым-қатынасының жалпы анализын орындау;
- сабақтардың пән мұғалімі қолын қойған жоспар-баяндамасы;
- сабақты өзін-өзі талдау парақтары;
- пән мұғалімі мен курстастардың сабақты талдау парағы;
- тәрбие шараларының әдістемелік жұмысы (оларды өткізу есебімен);
- жеке есеп парағы (қосымша 7);
Есеп мазмұны практиканың тапсырмаларын қамтиды. Студенттер есептің негізгі бетін толтырады, есептің мазмұнын құру, құрылымға сәйкес есептің материалын орналастыру (қосымша 8).
3.2 Есеп құжаттарын ресімдеу талаптары.
Барлық құжаттар мұқаба парағы түссіз, титул парағы бар пластикалық скоросшивательде (тезтікпе) тапсырылады. Титул парағын басып шығарып, мұқият түрде көк сиялы қаламмен толтыру керек. Барлық аты-жөнді толық жазып, күні мен қол қойылуы тиіс.
Барлық құжаттар қатаң түрде үлгіге сәйкес толтырылады. Компьтерде теріліп (14 rt, Times New Roman, жоларалық интервал, ені теңестірілген, азат жол - 1,25 см, өрісі: сол жағы - 3 см, оң - 1 см, жоғарғы және төменгі -2 см), А-4 қағазына шығарылып жеке файлдарға салынады және электрондық нысанда (компакт-дискіде, флэш картада) тапсырылады. Студент-практиканттар өткізген шаралар бейнежазбаларға тіркеледі және электронды нұсқада тапсырылады.
Негізгі бет нөмірленбейді. Келесі беттер құжаттың құрылымы бойынша нөмірленеді. Есептің үлгілік құрылымы 8 қосымшада берілген.
4 Практиканы қорытындылау тәртібі
Практика соңында барлық есеп құжаттарын практика жетекшісіне (кафедрадан және педагогика кафедрасынан) тапсыру керек.
Практика соңында студент комиссия мүшелері алдында практика есебін қорғайды.
Студенттің практика бойынша есебін қорғауға жіберілуінің негізі бағдарламаға сәйкес практика бойынша толық әзірленген есеп болып табылады. Есеп жеке, талаптарға сай рәсімделіп, практика біткен соң келесі апта ішінде тапсырылуы қажет.
Есеп мыналардан тұрады:
берілген талаптарға сәйкес ұйымның (практика базалары мен
кәсіпорыннан практика жетекшісінің қолымен) мөрімен заверенный толтырылған практиканың күнделігі;
практика нәтижелері туралы жазбаша есеп;
практика біткен соң практика бойынша есепті кафедра меңгерушісінің
бұйрығымен құрылатын комиссия мүшелері алдында қорғау өткізіледі.
Есептерді қорғау үстінде комиссия мүшелері практика бағдарламасын толық орындалуын анықтайтын сұрақтар студентке қойылады.
Практика есебін қорғау мен тексеру нәтижесінде студент оқу жетістіктерін бағалаудың баллдық-рейтингтік жүйесі бойынша дифференциалды сынақты (бағаны) алады.
Бағалау кезінде орындаған практика барысында студент орындаған жұмыстар сапасы; студенттің күнделігі және практика бойынша есепті рәсімдеуі; практика жетекшілерінің пікірлері есепке алынады. Практика бойынша баға тізімдемеде (ведомость), студенттің сынақ кітапшасында және транскрипте тіркеледі.
Практика нәтижелерінің бағасы төмен болған жағдайда комиссия оның себептерін талдайды. Сонымен қоса, комисся мыналарды есепке алады:
есептің толығымен болмауы (мысалы, міндетті есеп құжаттарының болмауы);
студенттің практикаға бейжай қарауы;
практика өту орнында тәртіп бұзушылықтың орын алу фактілері.
Анализ қорытындылары бойынша комиссия келесі ұсыныстарды дайындауы мүмкін:
практиканы қайтадан өту;
студенттер арасынан шығару.
Практика бағдарламасын орындамаған, жұмысы туралы теріс пікір немесе есепті қорғау барысында қанағаттанарлықсыз баға алған студент оқудан бос кезде практикаға қайтадан жіберіледі. Сонымен қоса, оқу жоспарымен белгіленген практиканың ұзақтығы сақталады.
Кәсіптік практика бойынша есепті қорғау барысында қанағаттанарлықсыз баға алған студент мемлекеттік емтихандарға жіберілмейді.
Қосымша 1
